Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының ұстанымы 3 часть



Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларды қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай толқулар Верный, Семей қалаларында болды. Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы және қаналушы таптар арасындағы қарама-қарсылық, бір-біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды.

 

 

Лекция-8

І және ІІ жалпықазақ съездері. Алаш партиясымен Алашорда (Ұлт Кеңесі) Үкіметінің құрылуы

1. І(шілде) жалпықазақ съезі. «Алаш» партиясының құрылуы және оның қоғамдық қызметі.

ІІ (желтоқсан) Жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметінің құрылуы.

Қазақтардың демократ жетекшілері 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда "Алаш" партиясының кезекті (үшінші) съзін өткізді. Съезде Алашорда автономиясының орнағанын және кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі Ә.Бөкейханов бастаған үкімет құрылғанын хабарлады, программалық документтер қабылдады. Ол 25 мың адамнан түратын милиция формасындағы ұлтгық қарулы күш ұйымдастыруды белгіледі.

Алаш өкіметін құру мәселесі 1917 жылы шідденің 21-28-інде Орынбор қаласында жалпы қазақтық I съезінде қаралған болатын, съезде 14 мәселе талқыға түсті. Аддымен мемлекет қүрылысы қаралды: "Русиядемократическая, парламентар-ская республика болып, қазақ облыстары қоныс-ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс" деп ең негізгі мәселені шешкеннен соң, жер проблемасы жайында 14 баптан тұратын қаулы қабылдады. Ең мықтап айта алғандары: "қазақ халқы өзінің еншілі жеріне орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін". Осындай дұрыс ой- пікір күні бүгінге дейін күшін жойған жоқ.



ІІ (желтоқсан) Жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметінің құрылуы.

1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл сиезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:

· 1) Мемлекет билеу түрі;

· 2) Қазақ облыстарында автономия;

· 3) Жер мәселесі;

· 4) Оқу мәселесі және т.б.

Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында [6]. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды [7]. Бірақ бұл сиезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай сиезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі («Народный сот») таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары да айтылған.



Ал қазақтың ұлтгық-территориялық мәселесін Алашорда автономиясы 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласындағы жалпықазақтың II съөзінде занды түрде бекітті.

Алашорда автономиясын оның конституциясын бүкілроссиялық құрылтай съезі бекітуге тиіс. "Алаш" партиясы Программасының жобасы 1917 жылы "Қазақ" газетінің 251 санында жарияланды. 10 баптан түратын саяси құжатта қазақ елінің ұлтгық, тілек-мақсатының негізгілері баяңдалды, онда: "Алаш Орда" үкіметінің бағдарламасында автономияның мемлекетгік үкімет билігінің түрі "федерациялық республика құрамындағы дербес мемлекет" ретінде анықталды. Ол республиканың Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Думасы болады, атқарушы механизм міндетін Президент пен Министрлер кеңесі атқарады деп көрсетілді. Бұл бағдарлама сонымен қатар сайлау жүйесін де, дінді мемлекетген бөлуді де, сот істерін белгілі бір жерде жинақылап, көпшілік болыптабылатын халықтың тілінде жүргізу, әскер құру мен салық салу ісін ұйымдастыру, "түземдіктердің"жерді пайдаланудағы құқығын анықтау және жерге мемлекеттік меншікті орнату сияқты тағы басқа шараларды да қамтыды.

Осы жалпықазақтық II съезіңце: "Алаш облыстарын қазіргі бұліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша ұлт кеңесі күрылды, оның аты "Алашорда" деп аталды. "Алашорданың" өкімет қүрамы 25 адам болып, 10 орын қазақтар арасындағы басқа халықтарға қалдырылды.

Алаш авгономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) ұлт кеңесінің құрамына 15 қазақ азаматы сайланды. Уәлитхан Танашев (Бөкей ордасы), Халел Досмұ-хамедов (Орал облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Сыдық Аманжолов (Жетісу облысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы), облыстардан тыс Алашорда қүрамына Әлихан Бокейханов, Жаһанша Досмүхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды. Үкіметтің осы 15 мүшелеріне орынбасарлар болып қазақ өлкесінің әр түрлі өңірлерінен тағы да 15 кісінің кавндидатуралары бекітіледі. Әлихан Бөкейханов Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып сайланды.

Сол кездегі Алашорда автономиялык мемлекетінің жері Россия империясының бес әкімшілік (административных) қүрамы болып кірген еді. Сырдария мен Жетісу облыстары — Түркістан генерал губернаторлығына, Торғай облысы Орынбор губерниясына, Орал облысы тікелей Россия мемлекетінің қүрамына кірді.

Алашорданың уақытша ұлт кеңесінің басшы қүрамына сайланғавдар, 1918 жылғы көкектің екісіне дейін Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар Москвада автономия алу жөнінде В.И.Лениннің қабылдауында болды. Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, Ә.Ермековтер В.И.Ленин және И.В.Сталинмен Қазақ автономиясыньщ жер көлемі, шекарасы туралы келіссөз жүргізді. "Қазақ" газетінің 1918 жылғы 30 шідцеде шыққан 262 санында "Заречная слободада Алаш орда хүкумәтінің іске кіріскені" туралы телеграмма басылған. Сонымен қатар 1918 жьшы майда Оралда өткен қазақ съөзінде Жаһанша және Халел Досмұхамедовтер бастаған "Ойыл уәлаятының" уақытша үкіметі (провинциальное правительство) жарияланды. Ол сол жылы 26 шілдеде Жымпиты қаласына барып орналасқан. Бірақ Алаш орданың батыс бөлігі жеке ұйым деп есептелмеген. Алашорда автономиясының төрағасы Ә.Бөкейханов "Алашорданың батыс белімін құру жайын іс кағазына қол қойған, бірақ Алашордада заңды түрде мүвдай бөлінуі болмаған1". Осының бәрін ескере отырып, Алашорданың батыс бөлімін жеке ұйым деп есептеуге болмайды2 — деп жазды Қырғыз өлкесін басқарушы Пестковскийге 1920 жылы 23 ақпанда жазған есебінде.

"Алаш Орда" үкіметі өзінің әскерін құруға және Қазақстан аумағында өкілеггі өкімет биліктерін ұйымдастыруға кірісті, "ресей патриотизміне" ақырына дейін адал болып қалған әскер бөлімдерінің атамандарымен әскери одақ құрып, олардан қару-жарақ алмак, болды.

Алаш үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов 1919 жыддың басывда Омбыда Колчактан қару-жарақ сүрау ниетімен барғавда Алаш Орда үкіметіне бағынышты өскердің қүрамын, тұрған жерін санын айтады: солардың ішінде:

Жетісу майданында - 700 адам, Тройцкіде — 540 адам, Орал облысында 2000 адамнан күрылған 2 әскери бригада болғанын көреміз. Колчак Қазақ автономиясын мойыңдаудан бас тартқан соң Алаш Орда үкіметінің басшылары Совет өкіметімен келісімге келеді. Ал А.Байтүрсынов 1919 жылы 25 шілдеде Кирревкомның мүшесі болып В.И.Ленин қолынан мандат адды. Батыс Алашорданың басшысы Жаһанша Досмұхамедов өзінің 1919 жылы 21 желтоқсанда Орынбордағы Кирревкомға жазған қүпия хатывда атгы казактардың қыстағанына қара-мастан Алаш соддатгарының қызылдарға қарсы соғыспағанын, тек тым болмай бара жатқан жағдайларда ғана ақтардың қатарывда кара беріп кейін қашып кетіп жүргендерін, қазіргі кезде ақтардың бастықтары Алашқа анығынан сенбей қарап, қысымын күшейтіп отырғанын, сондыктан Түркістан майданының Оралдағы соғыс-революция советінің мүшесі Лежава-Мюратпен байланыс жасап, ақтарға қарсы әрекетгерін тездетіл, қазақ даласын ақтардан тазартуларын өтінгендерін хабарлайды, өзара келісіп сөйлесу үшін ревкомның бір адамын жіберулерін өтінеді.

Батыс Алаш Орда басшылары Қызыл Армияның Ойыл қаласына келген татар атқыштар полкінің командирі Мәулю-дов және коммиссары Қасымовпен тығыз байланыс жасайды. Бұл жөнінде татар полк командирінің 3-ші Түркістан атгы дивизиясының бастығына жазған ақпарында: "Қызыл қоға-дағы Алашорда отряды біздің нүсқауымыз бойынша, 1919 жылы 27 желтоқсанда таң аддында бідцірмей шабуыл жасап, Елек корпусының барлық штабын, бастығы корпус комавдирі генерал Акутинді, оның көмекшісі полковник Марковты, штаб бастығы Шадринді, полковник Ершовты қарусыздан-дырып ұстап адды. Біздің отряд Қызыл қоғаға 28 желтоқсанда кірді," - деп хабарлайды. Батыс Алаштың қызылдарға берілгені женінде майдан қолбасшысы М.В.Фрунзе 1919 жылы 21 желтоқсанда В.И.Ленинге берген телеграммасында: "... Алашорданың Каспий жағалауына дейінгі диктатурасын негізге алған болыішвиктерге қарама-қарсы еді. Сондықтан да Алаш кесемдері мен Алашорда үкіметінің басшылығы 1917 жылғы Қазан революциясының ұрандарын, кеңес өкіметінің идеялары мен нақтылы іс-әрекеттерін қабылдамады, оларға қарсышықты.Азамат соғысы жылдарында (1918-1920) Алашорда Кеңес өкіметіне жау күштермен одақтас болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес екіметі Алаш пен Алаш-орданы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінен аластауда аддау мен арбау әдістерін де, қару жүмсап күштеу жолын да қодданды. Көзінде (1919 және 1920 жылдары) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан азамат соғысынан кейінгі 7-8 жылда Қазақстан ғылымының, оқу-ағарту ісінің, әдебиеті мен өнері-нің халық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан ұлтгық-демократиялық интеллигенция өкілдері, ең алдымен Алаш пен Алашордаға жетекшілік жасаған қайраткерлер, түгелге дерлік жалған жаламен "халық жауы" аталып, сталиндік өкімшіл-әміршіл жүйенің қүрбандары болды., ал олардың ғылыми және әдеби мүрасы халықтан жасырын жағдайда ұсталды немесе жойыұлды.

Тек соңғы 15 жыдцың жүзінде ұлттық-демократиялық интеллигенцияның халық таныған косемдерінің есімдері халыққа қайтарылып, олар қалдырған рухани мұра қалың жұртшылықтың игілігіне айналды.

"Алаш Орда" үкіметінің Қазақставдағы 4 жыддық басқару кезеңі, міне осылай аяқтадды. Кеңестік социализм идеолог-тары "Алаш Орданы" буржуазиялық ұлтшылдық қозғалыстан озге ешнәрсе емес деп бағалайды. Алайда біздің жоғарьща атап көрсеткеніміздей оның қызметі мен бағдарламасында "буржуазияшылдықтьщ" ешқавдай да белгісі жоқ. "Алаш" — "ұлтгық-демократиялық" партия болды. Ал оның өмір сүрген уақытын қазақ халқының ез тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің маңызды бір кезеңі деп бағалау керек.

Үкімет билігін қолына алған большевиктік-марксистік партия ұлттардың бөлініп кетуге дейінгі өзін-өзі басқару үранын "интернационалдық бірлік" және "сепаратизмге жол бермеу" ұрандарымен ауыстырды. Ал өз идеяларын оздеріне дейінгі патшалы Ресейдегіден әлдеқайда қатал және қатып-семіп қалған догмалық нұсқада жүзеге асыра бастады. Сонымен патшалық Ресейдің отарлау кезеңі "Алаш Орда" автономиясының уақытша жүргізген ұлттық басқаруы кезе-ңімен алмасты. Ал "Алаш Орда" үкіметін Кеңес өкіметі 1920 жылы құлатты да, Қазақстан аумағында жаңа мемлекетгілік орнады. Ол іс жүзінде өзінің басқару тәсілдері жағынан ұлттық дербестікке, өздерінің этникалық тарихы мен салт-дәстүрлерін одан әрі жалғастыруға үмтылған халықтарды идеялық жағынан басып-жаныштап отыратын жүйесі болған патшалы Ресейдің тьш қатал тәсілдерінен де асып түсті.

Сонымен қорыта келгенде Ақпан көтерілісінен кейін ұлттық қозғалыс жаңа серпін алды. 1918 жылы 22 қаңтарда Кеңес өкіметіне балама ретінде Қоқанда Түркістан автоно-миялы республикасы, ал 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орын-борда Алаш автономиясы жарияланды. Алайда әуелі Қоқан, кейін "Алаш" өкіметгері ұлттық мемлекетгік идеяны жүзеге толық асырып болмай-ақ, тарих саханасынан аластатыдды. Қазақ ұлттық мемлекетгігін құру идеясы тек кеңестік түсінік тұрғысында ғана үстем бодды.

1920 жылы 9 мартта Қырғыз (қазақ) ревкомы Алашорданың және оның барлық мекемелерінің жойылғаны туралы хабарлады.

1917 жылы 25 қазанда Ресей империясының астанасы Петроград қаласында Қазан төңкерісінің нәтижесінде мемлекет билігі Кеңестердің қолына көшті. Қазан төңкерісінің идеологы, яғни басшысы В.И. Ульянов (Ленин) болды. Қазан төңкерісінен кейін билікті қолына алған Кеңеcтер «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын» қабылдады. Осыдан кейін Кеңестердің «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» үндеуі жарияланды. Аталған үндеуде халықтардың діни сенімдері мен ұлттық мүдделеріне ешкім тиіспейтіні, барлық халықтың құқықтары бірдей болатыны туралы айтылған. 1917-1918 жылдары Қазақстанда Кеңестер өкіметі кейбір өңірлерде күрес нәтижесінде, ал енді бір жерлерде бейбіт түрде орнады.
1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған бүкіл түркістандық IV съезде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басшы қызметін Мұстафа Шоқай атқарды.

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды.Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрылды.Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды.

Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.

«Алаш» партиясының багдарламасы:

1. басқару түрі;

2. автономия;

3. азаматтың негізгі құқықтары;

4. дін ұстану туралы мәселе;

5. соттар туралы;

6. қорғаныс;

7. салық;

8. жұмысшы мәселесі;

9. халықағарту;

10. 10.жер

“Қазақ ” газетінің 1917 ж 21 қарашадағы санында “Алаш ” партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жобаны жасаушылар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Елдес Омаров, Е. Тұрмұхамедов, Ғ. Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов деп көрсетілген. Бұдан көріп отырғанымыздай ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы, әрі идеялық басшылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтың аты-жөндері бірінші тұр. Ұдайы саяси қуғын –сүргінге ұшырағанына түрмеге жабылып, жазаға тартылғандарына қарамастан, олар өздерінің туған халқына шексіз берілгендігін көрсетті және оны іс жүзінде дәлелдеді. Олар қатәгез отаршылдық пен полицейлік езгі жағдайында туған халқының мүддесін қорғады, оның өмір сүру құқын ғана емес, сонымен қатар дербес саяси даму құқығын да ғылыми дәйектілікпен айқындап партия бағдарламасының жобасын түзді.

Ұйымдасып көмеген қазақ зиялылары бостандық жарияланғаннан кейін алғашқы кезде әрқайсысы әр жақта ұйым ашты, олардың көбі ұйым деген аты болмаса, ен істеу керектігін өздері де білмеді, жалпы жергілікті жерде мәдени ағарту жұмыстарынан (сауық кештерін қою, жазба газет шығару,т.с) әрі аспады.Мысалы Омбыда “Бірлік”, Қызылордада “Талап ”, Зайсанда “Қазақ жәрдемі ” т.б. ұйымдар болды. Орынборда бір топ қазақ жастары 1917 жылдың жазында “Еркін дала ” деген ұйым ашып, “Қазақ ” газетінің 17 шілдедегі санында халыққа мынадай үндеу жариялапты: “Бірінші тамызда оқытушылардың Орынборда жиыны болады.Учредительное собрание келіп қалады.Болатын өзгерістің жайын ұйымдасып кеңксуіміз қажет. Оның үстіне, жаңа туған қауымның көптің талқысына салатын сөздері бар. Соның үшін күш біріктіріп қызмет етуге сендерді біз шақырып күтеміз”.

Ресей демократиялық федеративтік республикаға енген әрбір мемлекет тәуелсіз болып табылады. Үкімет басында Учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г.Дума алдында жауапты болу.

Депутаттар тегіс, тең төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында дін, еркек, әйел талғаусыз болады.

Законда жалғыз ғана Г.Дума шығару һәм Г.Дума үкімет үстінен қарап ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г.Думада болу мемлекет салығы Г.Думасыз салынбау.

II Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстарының бәрі бір байланып өз тізгіні өзінде болып Россия республикасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу. “Алаш ” партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид қылады. Земестволардың управаларында милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады. “Алаш ” партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарақи (дамуына) ету жағына бастайды.

III. Негізгі хұқық. Россия республикасында дінге, қанға қарамай еркек әйел демей адам баласы тең болу.-жиылыс жасауға,қауым ашуға, жария сөйлеуг, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік, үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығынт атамаушылық;законсыз жолмен ешкімді өкімет адамдары ұстамаушылық, сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық, қылмысты болған адам судья бар жерде бір жетідей қалмай судьяға тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқанға –айып, оқығанға жаза болу.

IV.Дін ісі.

Дін ісі мемлекет ісінен айырулы балу. Дін біткенге тең хұқық. Дін жоюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық.

Муфтілік қазақта өз алдына болу.Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер молдада болу, жесір дауы сотта қаралу.

V. Билік һәм сот. Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болу; Құдайдан соңғы күшті би һәм судья болып, кімде болса, олардың үкіміне мойын сұну. Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присежный сотпен қаралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присежныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билікпен сот жұрт ұйғарған ерепсе жолмен атқарылу.

VI. Ел қорғау . ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету, әскер тобына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.

VII.Салық.
Салық әл-ауқат табысқа қарай байға –байша, кедейге –кедейше әділ жолмен тарату.

VIII.Жұмысшылар.
Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод –фабрикалар аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. “Алаш” партиясы жұмысшылар турасында социал –демократтардың меньшевик табының програмасын жақтайды.)

IX.Ғылым–білім,үйрету.
Оқу ордаларының есігі кімде кім болса ашық һәм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жацылу.Бастауыш мектептерде ана-тілінде оқу, қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу, оқу жолы өз алдына автономия түрінде болу;үкімет оқу ісін е кіріспеу; Мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.
X.Жер мәселесі. Учредительное собрание негізгі заң жасағанда жер сыбағасы алдамен жергілікті жұртқа берілсін деу;қазақ жер сыба ғасын отырғ ан жерлерденалып орналасқанша қазақ жеріне ауған мұжық келмеу; бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесу; Сыбаға өлшеу норма жердің топырағы мен шаруалық түріне қарай жасалу; Сыбағадан артылған жер земество қолында болу; артық туған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп беру; Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу; жерді қазақ үй басына иленбей ауыл-аймақ, туысқан тобына меншіктеп алу; өзара әділдік жолмен пайдалану.Жер законынде жер сату деген болма, әркім өзі пайдалану.Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені астыңғы байлығы қазынанікі болып, билігі земество қолында болу.Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көл байлықтары земество мүлкіне саналу.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!