Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Халықаралық экономикалық интеграция



Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы – ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Елдің мұндай жақындасуы мен бірлесуін экономикалық интеграция деп атайды.

Еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) - кейбір аймақтағы аудандарға экономикалық-әлеуметтік ғылыми техникалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыруды өздері шешуге берілген еркіндік. Осы мәселелерді қолайлы, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін арнайы кеден және сауда тәртібі, тауарлар, еңбек ресурстары, капитал мен пайданың ауысуы, салық жеңілдіктері, инвестицияны қолдау шаралары қолданылады.

ЕЭА-ның негізгі мақсаттары:Осы аймақты дамыту; Әлемдік тәжірибе алу; Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту; Экономикалық, ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізу.

Мақсаттың нақты түріне байланысты ЕЭЗ-ның әртүрлі түрлері болуы мүмкін:

еркін кедендік зона; еркін сауда зонасы; өндіріс экспорты зонасы; ғылыми-техникалық зона (технопарк, технополис т.б.); ашық аудандар мен қалалар.

Ғаламдық проблемалар дегеніміз - жер шарындағы көкейкесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады. Оған жататындар: дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау, қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою, энергетикалық, ішкі заттық, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт жағдайда космосты игеру, ауруларды жою және т.б.

Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол - оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын төмендету болып табылмақ.



Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процестердің әсеріне ұшырап отырады:

- милитаризация мен қару-жарақтану;

- қоршаған ортаның төзімсіз ластануы;

- қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б.

- дамушы елдердегі демографиялық процестердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы;

- ұлттық мәдениеттің жойылуы;

- дүниежүзілік мұхитты бақылаусыз қанау.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады. Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда. Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде.

Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп қана қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экспорттық өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруды көздеп, ішкі нарықты өзімізде шығарылған тауар мен толтыруды мақсат етеді.



Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеді.

Ел басшылығының негізгі сыртқы саяси мәселесі — Қазақстан Республикасын әлемдік қауымдастықта бейбітшілікті жақтаушы және тату көрші мемлекет ретінде интеграциялауға ұмтылу. Қазіргі халықаралық қатынастарға айтарлықтай ықпал тигізетін фактор мемлекеттердің милитарлануы болып саналады. Олардың бюджетінің көп бөлігі әскери шығындарға жүмсалынады. Кең көлемдегі қару-жарақ өндірісі жолға қойылып, заңды және заңсыз қару-жарақ саудасы дамиды және қызмет етеді. Кару-жарақ шығару мен сату көптеген елдер бюджетінің басты кіріс көзі болып саналады. Байқалып отырған милитаризм саяси мәдениетке елеулі ықпалын тигізеді. Адамзат зорлық-зомбылыққа, қару қолдануға бейім тұрады. Халықаралық келісімдерде келісім жүргізуші елдер соғыстың, зорлық-зомбылықтың көмегімен өз позицияларын нығайтуды көздейді. Милитаризм өмірге тиімділігі жоғары қару өндірісін алып келді. Бұл адамдарды жаппай жоюға арналған ядролық, химиялық, бактериологиялық және т.б. карулар. Қару-жарақ өндірісіне араластырылған адамзат жасампаздығы бүдан да қатерлі жаңа қаруларды ойлап табуы да мүмкін. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының халықаралық позициясын орнықтыра түсуде оның үкіметінің бейбітшілікті жақтайтын саясатқа принципті ұстанымдары, бірінші болып қарулы күш қолданудан бас тарту, барлық халықаралық мәселелерді келісім жолымен шешуге бағытталынуын, өз территориясында ядролық қаруды сақтамау туралы жарияланымын айтуға болады. Ел үкіметінің осы және басқа жарияланымдары мен акциялары біздің көршілеріміз бен әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын тату көршілікке ұмтылушы, ешкімге территориялық және басқа да айыптар тақпайтын, барлығымен бейбітшілік және келісім жағдайында өмір сүруші мемлекет екендігін танытады. Қазақстан Республикасының Конституциясында оның халықаралық саясатының негізгі принциптері көрсетілген 8-бапта былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасы халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-катынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады».

Орытынды

Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен, осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, әр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады.

Казіргі адамзаттың өмірі үшін шаруашылық байланыстардың болуы және қарқынды дамуы, тауар мен қызметтің әлемдік нарығының калыптасуы, мемлекеттердің экономикалық өзара тәуелдігіне, олардың мүдделерінің өзара түйісуіне алып келетін жалпығаламдық шаруашылық кешенінің біртіндеп калыптасуы аса өзекті. Осы негізде әлемдік сауда дамиды, қаржы инвестициялары жүзеге асады, казіргі заманға сай технологиялар игеріледі және ендіріледі, коммуникация мен ақпараттық камтамасыз етудің қазіргі заманғы құралдары жасалады және т.б., яғни постиндустриалды өркениетке тән сипаттағы істер атқарылады.

Дебиеттер

1. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. – Алматы, 2003. – Б. 264-292,400-428.

2. Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: ОФППИ «Интерлигал», 2005 ж.

3. Шеденов Ө.К. және т.б. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. 2-ші басылым. - Ақтөбе, 2004. - Б. 415-443.

4. М.Ы.Жүкібай «Экономикалық теория». Оқу құралы, Астана 2009 ж.

5. Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең – жаңа экономика //Егемендi Қазақстан.- 16.12.2004

6. Мемлекеттік бағдарламалар «100 нақты қадам. 5 институциалдық реформалар». 2016 ж.

Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:

1. Халықаралық қатынастар және оның негізгі көріну нысандары

2. Әлемдік шаруашылық.

3. Дүниежүзілік сауданың мәні, түрлері және құрылымы. ҚР-ның әлемдік экономикаға енуінің мәселері.

4. Еркін экономикалық аймақ.

5. Қазіргі кездегі әлемдік валюта нарығы.

6. Валюталық курстың түсінігі.

7. Валюталық курстың халықаралық жүйесі.

8. Ғаламдық проблемалардың мағынасы.

9. Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау бағыттары.

10.Халықаралық еңбек бөлінісі және елдің бәсекеге қабілеттілігі.

11.Халықаралық экономикалық интеграция

СӨЖ тапсырмалары:

1. Әлемдік шаруашылықтың мазмұның, құрылымы

2. Абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы

 

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Сыртқы сауда айналымы қалай анықталады:

A) Экспорт плюс импорт.

B) Пайданың мөлшерімен.

C) Пайыз деңгейімен.

D) Өндіріс ауданымен.

E) Біріккен кәсіпорындар пайдасымен.

 

2. Сыртқа капитал шығару – бұл:

A) Өндірістің тиімділігін ұйымдастыру.

B) Басқа елдерге тиімді орналастыру және пайдалану мақсатындағы капитал экспорты.

C) Басқа елдер экономикасына көмек беру.

D) Халықаралық несиені көбейту мақсаты.

E) Ақша қаражатын банктерде жасыру.

 

3. Халықаралық жұмыс күші миграциясы:

A) Халықты басқа мемлекеттерге жұмысқа қабылдамау.

B) Жұмыс күшінің формасы.

C) Жұмысқа қабілетті халықтың ұлттық шекарадан тыс жерлерге тиімді орналасуы.

D) Мемлекетке маманданған қызметкерлердің келуі.

E) Жалақыдағы мемлекетаралық айырмашылықтар.

 

4. Валюта бағымы (курсы) деп:

A) Ұлттық валютаны.

B) Европалық валютаны (евро).

C) Долларды.

D) Басқа валютаның ақша бірлігімен көрсетілетін ұлттық валюта бірлігі құны.

E) Алтын мен күміс жиынтығын.

 

5. Қазақстан Республикасында қай жылы ұлттық теңгенің еркін құбылатын ауыстыру бағамы режиміне өтуі басталды:

A) 1 мамыр 1998 жыл.

B) 1 сәуір 1998 жыл.

C) 25 наурыз 2000 жыл.

D) 1 сәуір 1999 жыл.

E) 13 ақпан 1999 жыл.

 

6. Дүниежүзілік сауда ұйымына мемлекеттің кіруіндегі кемшілігі төмендегілердің қайсысы:

A) экономикалық қауіпсіздік

B) сыртқы сауда көлемінің өсуі

C) төлем балансының құрылымының жақсаруы

D) әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеттілігі бар тауарлардың сапасын көтеру

E) ауылшаруашылығының мүмкін дағдарысы

 

7. Әлемдік экономиканың негізгі сферасына төмендегілердің қайсысы кірмейді

A) сыртқы сауда

B) валюталы несиелі операциялар

C) өндірістік кооперация

D) ғылыми-техникалық одақтастық

E) ішкі цехтық мамандану

8. Экономиканы мемлекеттік реттеу идеясын кім ұсынды?

F) Дж. М. Кейнс

G) А. Смит

H) К. Маркс

I) Д. Рикардо

J) М. Фридмен

 

9.Салыстырмалы мүмкіншілік принципін алғаш қалыптастырған:

A) Томас Мальтус.

B) Адам Смит.

C) Пол Самуэльсон.

D) Давид Рикардо.

E) Альфред Маршалл.

10. Экономикалық тиімділік:

A) Өндірістің тиімді ұйымдастырылуы.

B) Өндірістің нәтижесі.

C) Қолданылатын ресурстардың мөлшері.

D) Алынатын нәтижелер мен өндірістік шығындардың қатынасы.

E) Өндірістің шоғырлануы.

 

11. Жеке бір елдің қандай да бір өнім түрін өндіруге мамандануы қалай аталады:

A) Халықаралық шарт жасау.

B) Халықаралық сауда.

C) Халықаралық байланыс.

D) Халықаралық алмасу.

E) Халықаралық еңбек бөлінісі.

 

12. Жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты:

A) Ақша-несие саясаты

B) Салық саясаты

C) Фритредерстік саясат

D) Инвестициялық саясат

E) Протекционизм

 

13. Ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау:

A) Ақша-несие саясаты

B) Салық саясаты

C) Фритредерстік саясат

D) Инвестициялық саясат

E) Протекционизм

 

Тәжірибелік/семинар және зертханалық/студялық сабақтарды өткізу жоспары және тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

 

1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.

 

Сабақтың мақсаты:

-экономикалық теория пәнінің мәнін және экономикалық теорияның әдістерін оқыту.

-экономикалық теорияның басқа ғылымдармен байланысын түсіндіру.

-экономикалық білімнің негізгі бағыттарымен таныстыру.

 

Талдау сұрақтары:

1. Экономикалық теория пәні ғылым болып қай ғасырда қалыптасты.

2. Экономикалық теорияның даму кезеңдері:

-меркантилизм; физиократтар; классикалық саяси экономия; маркстік.

3. Экономикалық теорияның негізгі зерттеу әдістері (8 әдіс): деректерді жинау және байқау; тарихи логикалық; анализ синтез; индукция дедукция; ғылыми абстракция; эксперименттік; модельдеу; графикалық.

Категориялар бойынша сұрау.Студенттерге төмендегі негізгі экономикалық категориялар бойынша анықтама беру керек.

Микроэкономика; Макроэкономика; Позитивтік және нормативтік экономикалық теория; Анализ және синтез; Индукция және дедукция; Экономикалық модельдер; Функционалдық анализ, Меркантилистер; Физиократтар; Классикалық саяси мектеп; Маржинализм; Кейнсиандық мектеп; Неоклассиктер; Институционализм; Неоинституционализм.

Дискуссия тақырыбы : «Экономикалық мектептер және қазіргі кездегі экономикалық теория»

Дискуссияныңмақсаты:

· негізгі теориялармен және экономикалық мектептердің өкілдерімен танысу.

· экономикалық мектептердің айырмашылығын анықтау,осы мектептердің және қазіргі кездегі экономикалық теорияның өзара байланысытылығын анықтау.

Дискуссияны жүргізу тәртібі:

Топ экономикалық мектептерге байланысты бірнеше топшаға бөлінеді. Әрбір топша алдын-ала бір мектеп туралы ақпарат жинап келеді. Олар экономикалық мектептердің өкілдерін, зерттеу обьектісін және негізгі бағыттарын қарастыру керек. Ойының процессінде студенттер қандай экономикалық мектеп қазіргі кездегі экономикаға көзқарастары сай келетінін дәлелдеуі керек.

Сабақтың аяғында оқытушы қай топша осы тапсырманы дұрыс орындап шыққанын анықтайды.

2-тақырып. Қоғамдық өндіріс негіздері.

 

Сабақтың мақсаты: экономиканың негізгі түсініктерін, ұғымдарын жалпы түрде қарастыру арқылы, оның әрүрлі жүйелерде қалай ұйымдастырылатыңдығын, негізгі принциперін жан-жақты қарастыру болып табылады. Экономикалық жүйені және оның түрлерін талқылау арқылы экономикалық дамудың қазіргі үлгілерін түсіну керек, әсіресе Қазақстандағы қалыптасқан нарықтық жүйенің ерекшеліктерін меңгеру. Экономикалық жүйелердің жіктеу өлшемдері арқылы олардың әртүрлі болатындығын түсіну керек

Талдау сұрақтары:

  1. Қоғамдық өндіріс. Өндіріс. Бөлу. Айырбас. Тұтыну. Адам және оның шаруашылық іс-әрекеті.
  2. Маслоудың «қажеттліктер пирамидасын» пайдалану арқылы «қажеттіліктер» түсінігін талдаңыз. Неліктен адамдардың қажеттіліктері шексіз болады?
  3. Экономикалық ресурстар. Өндіріс факторлары. Экономиканың негізгі сұрақтары. Өндіріс ресурстарының шектеулілігі мен экономикалық таңдау. Тиімділік түсінігі. Өндіріс мүмкіншіліктерінің қисығы.
  4. Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың негізгі принциптері (рационалдылық, шектілік, максималды пайда). Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың мазмұны және түрлері.

5. Экономикалық жүйенiң мәнi, өлшемдері және түрлері және негізгі белгілері

6. Экономикалық дамудың қазiргi заманғы модельдерi. Әлеуметтiк бағытталған рыноктық экономика концепциясы.

  1. Экономикалық жүйелерді жіктеу өлшемі. Нарықтық жүйенің қазіргі кезеңдегі модельдері.
  2. Экономиканың түрлі типтеріндегі мемлекеттің ролі.

Қайталау сұрақтары:

1. Қажеттіліктері мен тілектерін қанағаттандыру үшін экономикалық субъектілер өздерінің шектеулі мүмкіндіктерін қалай таңдап, қалай пайдаланады?

2. Экономикадағы адамның ролі туралы атақты экономист ғалымдардың қандай көзқарастары бар?

3. Экономикалық ресурстарға / қорларға/ нелер жатады?

4. Әр түрлі экономикалық жүйелерде таңдау проблемасы қалай шешіледі?

5. Барлық қажетті тауарлар қай экономикалық жүйеде молырақ өндіріледі?

6. Өндіріс экономикалық тиімділікте деп қандай жағдайда айтылады.

 

3-тақырып: Меншік қатынастары.

Сабақтың мақсаты :Қоғамда меншік формаларының көп түрлі болуының заңды қажеттілігін түсіну. Меншік категориясын жан-жақты талдауға тырысу керек, әсіресе жеке меншіктің нарықтық шаруашылықтағы орны мен рөлін терең түсіну қажет. Сонымен қатар, нарықтық экономиканың қазақстандық моделінің қалыптасуының негізгі кезеңдері мен оның ерекшеліктерін қарастыру.

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Меншіктің түрлері және шаруашылық жүргізудің формалары

2. Меншік теориясы. Меншік экономикалық және құқықтық категория ретінде;

3. Нарықтық экономиканың қазақстандық моделінің қалыптасуының негізгі кезеңдері және оның ерекшеліктері;

4. Қазақстанда жеке меншік институтының қалыптасуы мен дамуының мәселелері.

Категориялар бойынша сұрау.Студенттерге төмендегі

негізгі экономикалық категориялар бойынша анықтама беру керек.

Экономика; Өндiрiс; Ресурстардың сиректiгi;

Өндiрiс факторлары; Қажеттiлiктер; Игiлiктер; Байлық;

Айырбас; Қайта бөлу; Тұтыну; Өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығы.

4-тақырып. Экономикалық жүйелердің нысандары.

 

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Экономикалық жүйе дегеніміз не?

2. Негізгі экономикалық проблемаларды атаңыз?

3. Әртүрлі экономикалық жүйелерде таңдау проблемасы қалай шешілуде?

4. Дәстүрлі жүйе дегеніміз не?

5. Әкімшіл-әміршіл жүйенің ерекшеліктері қандай?

6. Нарықтық экономиканың мәні неде? Неліктен Қазақстан нарықтық экономикаға бет бұрды?

7. Нарықтық экономикаға өтумен байланысты қандай реформалар жүзеге асырылды?

 

5-тақырып. Нарық және оны реттеу механизмдері.

 

Семинар жүргізу жоспары:

Семинар сабағы «дөңгелек үстел» түрінде жүргізіледі. Студенттік топ санына байланысты 3-тен 6-ға дейін шағын топтарға бөлінеді. Әр топ 1-2 сұрақты дайындайды және басқа бір топтың жауаптарына оппонент болады. Ал арнайы құрылған топ қорытынды жасап, әр топтың жауаптарына баға береді. Ал 5-ші сұрақ бойынша СӨЖ-да берілген мысалдарды келтіре отырып, әр топ өздерінің жауаптарын беру керек.

Талдау сұрақтары:

1. Еркін бәсекелік шаруашылығы және ұйымдастырылған нарық. Тауар айырбасы. Еңбек құн теориясы тауардың қасиеттері туралы.

2. Субъективті бағалау теориясы салыстырмалы құндылық негізінде тауар айырбасы туралы. Шекті құндылық ұғымы.

3. Тауар, оның қасиеттері және функционалдық формалары.

4. Тауарлар мен қызметтер құндарының қалыптасуы туралы балама теориялар.

5. Ақша-тауарлық қатынастардың дамыған формасы. Ақшаның қызметтері. Ақша жүйелері.

6. Тауарлық өндірістің экономикалқ заңдары. Бағалар мен тарифтер.

Қайталау сұрақтары:

1.Тауар, оның қасиеттері және функционалдық формалары;

2. Тауарлар мен қызметтер құндарының қалыптасуы туралы балама теориялар;

3. Ақша-тауарлық қатынастардың дамыған формасы.

4. Ақшаның қызметтері. Ақша жүйелері;

5. Тауарлық өндірістің экономикалық заңдары. Бағалар мен тарифтер.

6-тақырып. Бәсеке және монополия. Сұраныс пен ұсыныс.

 

1.Тақырып бойынша логикалық схема құрастыру керек;

2. Экономикалық сөздік жасау қажет;

3. Қайталауға арналған сұрақтар

1.Рынок дегеніміз не?

2. Сұраныс заңын анықтамасын беріңіз және түсіңдіріңіз.

3. Ұсыныс заңынын анықтамасын беріңіз және түсіңдіріңіз.

4. Рыноктың бәсекелестіктен туған негізгі сипаттамасын беріңіз.

5. Монополистік бәсекелестіктің негізгі сипаттамасын беріңіз.

6. Олигополия және оның негізгі модельдерін қарастырыңыз.

7. Монополия дегеніміз не?

8. Табиғи монополияны қалай түсінесіз?

9. ҚР-да күшінде тұрған антимонополиялық заңдарды атаңыз.

10. Экономиканы мемлекеттік реттеуде антимонополиялык заңнаманың рөлі қандай?

11. ҚР-сы мен АҚШ-тағы антимонополиялық заңнамалардың ортақ кескіндері мен айырмашылықтары.

 

7-тақырып. Фирма және кәсіпкерлік теориясы.

Сабақтың мақсаты: Семинар сабағы «дөнгелек үстел» түрінде өткізіледі. Ол үшін 3-5 топқа студенттерді бөлу керек. Әр топ бір немесе екі сұраққа дайындалуы қажет. Сонымен қатар барлық топ 4 пен 5 тапсырманы орындап, семинар кезінде талдауға даяр болулалары керек.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Кәсіпкерлікке жалпы сипаттама.

2. Кәсіпкерлік қабілеттіліктің функциялары.

3. Кәсіпкерліктің экономикалық-әлеуметтік жағдайы.

4. Кәсіпкерліктің түрлері.

5. Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі түрлері.

6. Шағын және орта кәсіпкерліктің ерекшеліктері.

7. Негізгі және айнымалы капитал. Негізгі капиталдың табиғи және экономикалық құнсыздануы. Амортизация.

8. Кәсіпорынның айнымалы қорлары.

 

8-тақырып. Фирманың өндіріс шығындары және табысы. Капитал айналымы.

Сабақтың мақсаты:Фирманың өндіріс шығындарымен мен табысының мән-мағынасын, түрлерін талдау арқылы олардың тәжірибелік рөлін қарастыру және нарықтың әртүрлі үлгілеріндегі пайданы (табысты) барынша ұлғайту мүмкіндіктерін көрсету. Сонымен қатар, Коуз-дің трансакциондық шығындар теориясына жеке тоқталу.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Өндiрiс шығындарының түсiнiгi, түрлері. Коуздің трансакциондық шығындар теориясы.

2. Экономикалық және бухгалтерлiк шығындар.

3. Фирманың қысқа және ұзақ мерзiмдi қызметiндегi өндiрiс шығындары.

4. Фирманың табысы мен оның түрлерi.

5. Әртүрлі нарықтық құрылымдар жағдайындағы фирманың іс-әрекеттері. Фирманың даму стратегиясы

6. Отбасы экономиканың ерекшіліктері.

9-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және табыстарды бөлу.

Сабақтың мақсаты: Өндіріс факторларының нарығының ерекшіліктерін қарастыру, олардағы қалыптасатын табыстардың бір бірімен айырмашылықтарын көрсету.

Семинар сабағы «дөгелек үстел» түрінде өткізіледі. Ол үшін 3- 5 топқа студенттерді бөлу керек. Әр топ бір немесе екі сұраққа дайындалуы қажет. Сонымен қатар барлық топ 4 пен 5 тапсырманы орындап, семинар кезінде талдауға даяр болулалары керек.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Өндіріс факторлары және олардың ерекшеліктері. Еңбек рыногы және жалақы. Кәсіподақтардың міндеттері.

2. Экономикалық теорияның негізгі бағыттарының капитал туралы тұжырымдары. Капиталдың ауыспалы айналымы және айналымы. Инвестициялар.

3. Капитал рыногы және пайыз. Дисконтталау.

4. Пайда теориясы. Жер рыногы және жер рентасы.

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Өндіріс факторлары мен олардың жасайтын табыс түрлерін атаңыз.

2. Өндіріс факторларының рыноктарына ортақ қандай қағидат бар?

3. Еңбек рыногының қандай ерекшеліктері бар?

4. Еңбектің шекті өнімі деген не?

5. Жалақының мәнін түсіндіріңіз.

6. Еңбекақының қандай түрлерін ажыратуға болады?

7. Дамыған елдердегі еңбекақы төлеуде қандай ерекшеліктер бар?

8. Қазақстандағы еңбек рыногы жағдайын сипаттап беріңіз.

9. ҚР-ның әлеуметтік еңбек қатынастарын реттейтін заң актілерін атаңыз.

10-тақырып. Жүйе ретіндегі ұлттық экономика.

Сабақтың мақсаты

- ұлттық экономиканың дамуының негізгі мақсаты.

- негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және оларды есептеу әдістерін оқу.

- экономикалық қрлеу мен экономикалық тұрақтылықты сипаттау.

Талдау сұрақтары:

1. Ұлттық экономиканың қалыптасу есебі және негізгі мақсаты.

2.Макроэкономикалық есептеу негізгі экономикалық тиімділік және өсу ретінде.

3.Тұрақты экономикалық өрлеуді анықтаудың шарттары.

4.Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және оларды өлшеу.

5.Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері.

11-тақырып. Экономикалық өсу және нарықтың экономиканың циклдылығы.

Сабақтың мақсаты:Экономикалық өсудің мән-мағынасын, өлшемдерін, негізгі факторларын және модельдерін білу және түсіндіре алу.

Талдау сұрақтары

1. Экономикалық өсу түрлері және себептері.

2. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.

3. Экономикалық өсудің критерийлері (өлшемдері) факторлары және көрсеткіштері

4. Экономикалық өсу мен ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП).

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Кез келген ұлттық табыстың көбейуін экономиканың өсуі деп санауға болама?

2. Экономиканың өсуінің негізгі өлшемдеріне нелер жатады?

3. Экономиканың өсудің негізгі көздерінің құрылымы қандай?

4. Әртүрлі елдерде экономиканың өсудің әркелкі болуы қандай факторлармен анықталады?

5. Солоудың экономикалық моделіндегі ҒТП-тің рөлі қандай?

12-тақырып. Инфляция және жұмыссыздық экономиканың тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.

Сабақтың мақсаты:

1. Жұмыссыздық және инфляцияның салдары және себептерін аңықтау.

2. Мемлекеттің тұрақтандырушы саясаттарының анықтау.

3. Инфляцияның қарқынын және жұмысқа байланысты ЖҰӨ-ді жоғалтуды есептей алу.

Талдау сұрақтары

1. Эканомикалық циклдың пайда болу себептері оның сипаттамасы.

2. Жұмыссыздықтың циклдық, құрылымдық фрикциондықформаларының айрмашылықтары.

3. Эканомикалық талудаудағы Оукен заңының орны.

4. Инфляция денгейін есепке алудың түрлері мен әдістері.

5. Сұраныс пен өндіріс шығындарын инфляцияның күтілмеген және жоспарланған инфляцияның айырмашылығы.

6. Инфляция нақты табысқа жұмыспен қамту калай әсер етеді.

Категориялар бойынша сұрау.Студенттерге төмендегі негізгі экономикалық категориялар бойынша анықтама беру керек:

Эканомикалық цикл; Дағдарыс; Гүлдену;

Құлдырау; Өрлеу; Жұмыссыздық;

Инфляция; Оукен заңы; Тұрақтандырушы саясат.

13-тақырып. Ұлттық экономикадағы ақша-несие жүйесі.

Сабақтың мақсаты:

- Ақшаның түрлерi мен функцияларымен танысу.

- Ақша нарығындағы тепе-теңдiктi орнату механизмiне мiнездеме беру.

- Мемлекеттiң ақша-несие саясатының құралдарын оқу.

Талқылау сұрақтары:

1. Ақша және олардың функциялары.Ақша жүйесiнiң мәнi және типтерi.

2. Ақша массасы және оның құрылымы. Ақша агрегаттары.

3. Банктiк моделiн ұлғайту.

4. Ақшаға сұраныс, ақшаға ұсыныс. Ақша нарығындағы тепе-теңдiк.

5. Қазiргi кездегi ақша-несие жүйесiнiң құрылымы. Қаржылық жүйе.

6. Ақша-несие саясатының мақсаттары және тиiмдiлiгi.

Төмендегi пiкiрлер дұрыс па ?

1. Ақша – қоғамның ақша деп жарияланатын заты.

2. Ақша мультипликаторын айналымға қажеттi ақша мөлшерiн көбейту

үшiн қолдануға болады.

3. Жазылған чектер ақша болып табылады.

4. Ақша нарығы бұл тауар ретiнде қолма-қол ақша және қолма қолсыз ақшалар жүретiн нарық.

5. Нарықтағы ақша ұсынымы оған сұранымға байланысты.

14-тақырып. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу. Қаржы, бюджет-салық саясаты және әлеүметтік саясаты.

Сабақтың мақсаты: Қаржының қажеттілігін, мәнін, қызметтерін жете түсіну. Фискалды саясаттың құралдарын және ықпал ету механизмін талдау.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Қаржының қажеттілігі, мәні, қызметтері.

2. Мемлекеттік бюджет.

3. Салықтар. Лаффердің қисық сызығы

4. Үкімет шығындары және жиынтық сұраныс

5. Мемлекеттік борыш

6. Өтпелі экономикадағы фискалды саясат.

Қайталау сұрақтары:

1. Мемлекеттiң нарықтық экономикаға араласуының қажеттiгi және мәнi. Қазіргі экономикалық теориядағы әр түрлі көзқарастар.

2.Экономикалық саясат: түсінігі, негізгі принциптерi және қызметтерi. Экономикалық теория – экономикалық саясаттың негiзi.

3.Экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары және тиiмдiлiгі. Экономиканы реттеу құралдарының жүйесі.

4. ҚР- ның қазіргі кезеңдегі экономикалық саясатының негізгі бағыттары және мәселелері.

15-тақырып. Әлемдік экономика қызмет етуінің экономикалық негіздері. Халықаралық экономикалық қатынастар.

Сабақтың мақсаты:

Әлемдік шаруашылықтың мазмұның, құрылымын, негізгі теорияларын қажет, алған білімді Қазақстан экономикасының әлемдік экономикаға кіруінің мәселелерін талдауда қолдана алуға дағдылану.

Талқылау сұрақтары:

1. Халықаралық қатынастар және оның негізгі көріну нысандары

2. Әлемдік шаруашылық.

3. Дүниежүзілік сауданың мәні, түрлері және құрылымы. ҚР-ның әлемдік экономикаға енуінің мәселері.

4. Еркін экономикалық аймақ.

5. Қазіргі кездегі әлемдік валюта нарығы.

Категориялар бойынша сұрау.Студенттерге төмендегі негізгі экономикалық категориялар бойынша анықтама беру керек: Валюталық курс; Ғаламдық проблемалар; Еркін сауда (фритредерство); Еркін экономикалық зона; Әлемдік шаруашылық; Протекционизм; Сауда балансы; Халықаралық сауда; Халықаралық экономикалық интеграция.

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!