Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Экономиканың негізгі проблемалары және оларды әртүрлі экономикалық жүйелердегі шешу тәртібі



Экономикалық теорияның басты проблемасы – адамзаттың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін шектеулі экономикалық ресурстарды мейлінше тиімді пайдалану мәселесін зерттеу болып табылады. Қай қоғамның да негізгі экономикалық проблемалары: не өндіру керек?, қалай өндіру керек?, кім үшін өндіру керек? Экономикалық ресурстар сирек және шектеулі. Нақтылы өнім шығару үшін қандай да болмасын қорды пайдаланған кезде ол қорларды басқа бір тәсілмен игерудің мүмкіндігі жойылады.

Экономикалық мәселелерді шешу үшін әрбір қоғам әртүрлі құрылымдар мен механизмдерді пайдалана алады.

Дәстүрлі экономикалық жүйе әдет-ғұрыпқа, дәстүрлерге негізделеді. Өндіріс процесі, айырбас, бөлу және тұтыну уақыт қалыптастырған әдет-ғұрыпқа сүйенеді. Бұл жүйе мемлекеттілікке дейінгі алғашқы қауым кезеңіне ұқсас келеді. Қазіргі уақытта ол амазондық үнділерге, австралияның тұрғындарына, африка тайпаларына тән.

Дәстүрлі экономиканың өзіндік ерекшеліктері мынадай:

1. Өндіру, бөлу, және айырбастау үрдістері әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге, наным-сенімдерге негізделген;

2. Мұрагерлік пен сатылық бөлініс жеке адамның экономикалық ролін анықтайды;

3. Әлеуметтік-экономикалық тоқырау анық байқалады, өйткені ұдайы өндіріс қарқыны тек он жыл барысында ғана көрініс береді;

4. Техникалық прогресс дәстүрлі қоғамның бастамаларына қауіп төндіретіндіктен барынша шектеледі;

5. Діни, касталық және мәдени құндылықтар экономикалық қызметтің жаңа түрлеріне қарағанда басым тұрады;

6. Индустриялық өндірістің даму қарқынына қарағанда халықтың өсу қарқыны артып отырады;



7. Халықтың сауатсыздығы, шамадан тыс тығыздығы, еңбек өнімділігінің төмендігі және жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі.

Дәстүрлі жүйеге тән елдер әлемдік шаруашылықты шикізаттармен және материалдармен қамтамасыз етеді, дайын өнім өткізетін нарыққа айналады және бұрыңғы метрополиялардың, қазіргі индустриясы дамыған капиталистік елдердің ауыл шаруашылық шикізаттарын шығаратын орталық ретінде қызмет атқарады.

Әкімшіл-әміршіл жүйе мемлекеттік монополиялық меншіктің және оның монополиялық мемлекет өкіметі тудырған үстемдігімен сипатталынады. Бұл жүйеге басқарудың қатаң типтік иерархиясы тән. Дәлірек айтсақ жоспарлаушылар бұл жүйеде қандай тауарлар өндіріліп және қандай қызметтер көрсетілуі керектігін анықтап алады.

Әміршіл-әкімшіл жүйеге тән ерекшеліктер мыналар:

1. Өндіріс факторлары жалпы халықтың немесе мемлекеттің меншігінде болады;

2. Экономикалық қызметті жоспарлай отырып, бір орталықтан шаруашылыққа қатысты жалпы шешім қабылдау процесі барынша күшейеді;

3. Кәсіпорындар мемлекеттік жоспарларды орындауға қажетті ресурстармен орталықтандырылған қорлар арқылы қамтамасыз етіледі;

4. Өндіріс құрал-жабдықтары мен халықтық тұтыну тауарлары өндірісі арасындағы халықшаруашылық қатынас бір орталықтан анықталып бекітіледі;



5. Бәсеке жағдайы мүлдем болмайды, нәтижеде өндірушілер монополиясы туындайды;

6. Өндірушілерді ынталандыруға бағытталған нарық жүйесі жоқ;

7. Өндірушінің тұтынушы алдындағы үстемдігі, билігі, абыройы артады, өйткені тек өндірілген тауарлар ғана сатып алынады, яғни тұтынушының таңдау мүмкіндігі жоқ.

Бұл жүйеде өндірушінің еңбегі қоғамдық бағалауға бұрмаланып, жалған, субьективті бағалау түріне айналады. Нәтижесінде жүйенің тиімділігі кемиді. Бұл жүйе бұрыңғы КСРО және социалистік елдерде үстемдік еткен.

Нарықтық экономикалық жүйе жеке меншік құқығының анықталуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталуына орай жеке меншіктікке және экономикалық мәселелерді шешуге негізделеді. Ол ресурстарды тиімді пайдалануға және экономиканың тез көтерілуіне ықпал етеді, алайда табыс жөнінен қоғамның бөлшектенуіне ықпал етеді.

Нарықтық жүйенің ерекшеліктері:

1. Өндіріс факторлары жекешелендірілген;

2. Адамдардың шаруашылық қызметін басқару және үйлестіру нарықтық жүйеге негізделген;

3. Жүйеге қатысушылардың іс-әрекетін олардың жеке, өзіндік мүдделерін қорғау арқылы ынталандыру, соның негізінде қоғамдық мүддені қамтамасыз ету үрдісі күшейген;

4. Капитал иесіне кәсіпкерлікпен емін-еркін айналысу және капиталын қашан, қай жерде және қандай қызметке салу керектігін таңдауға құқық берілген

5. Әрбір шаруашылық субъект өздігінше шешім қабылдап, пайда табуға ұмтылады

6. Жекелеген өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық билігінің әлсіздігі соншалықты, олардың белгілі бір бөлігінің шынайы экономикалық билігі жоқ десе де болады, яғни олар нарықтағы жағдайды өзгертуге дәрменсіз қалады;

7. Таза немесе дамыған бәсеке нәтижесінде өндірушілер тарапынан ресурстар барынша тиімді, әрі үнемді қолданылады және "ең аз шығын жұмсап, ең көп пайда табу" қағидасы жүзеге асырылады;

8. Тұтынушының өндіруші алдындағы үстемдігі, билігі, абыройы артады. Өйткені тек сұраныс білдірілген тауарлар ғана өндірілетін болады.

Аралас экономикалық жүйе.Аралас экономика идеясы ХІХ ғасырда әлеуметтік мәселені шешу қажеттігі туындап, мемлекеттің шаруашылық өмірге араласуы нәтижесінде пайда болған, яғни аралас экономика теорияларында ең алғаш рет экономика ілімінде мемлекеттің экономикаға араласу қажеттігі турасында ой-тұжырымдар айтылған. Ол мемлекеттік реттеу арқылы нарықты толықтыруға негізделінеді. Нарықтық механизм мынадай проблемаларды шеше алмайды: қоғамдық игіліктерді жасау, әлеуметтік мәселелер, экономикалық тұрақтылық, технологиялық қайта құрылу, қоршаған ортаны қорғау және т.б. Экономикалық мәселелер жеке өндірушілер деңгейінде нарық арқылы шешіледі. Қоғамдық сипаттағы мәселелер мемлекетпен шешіледі. Мемлекеттік реттеу дәрежесі әр елде әр басқа. Жоспарлы жүйені басқарудан бас тарту және өз бетімен саналы нарықтық экономикаға өту елімізде аралас экономикаға өтудің басты бағыты болып табылады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!