Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Сабақтың барысы: Биге тіл бітірген Үнділер



Үнді билерінің шығу тарихын шолып қарасақ, бұл үлкен шеберлікті талап ететін үлкен өнер. Үнді биі б.з.д 400 жылдары бастау алып, ең алғаш бұл биді Шива құдайы билеген деген аңыз бар. Түрлі қимылдардан құралған би өнерімен ол астан-кестені шыққан әлемді қайтап жинақтап, осы әлемді құрған-мыс. Үнді билері - театр өнерін жан-жақты түсіндіріп, қойылымдарды бөлшектеп қарастыратын 36 томнан тұратын Натья-шастра шығармасы бойынша қалыптасқан екен. Қазірде Натья-шастраға негізделген билер ең ежелгі болып саналады. Олардың: Бхаратанатьям, Одисси, Мохиниаттам, Кучипуди, Манипури, Сатрия, Катхакали, Катхак деген түрлері бар. Әрбір би абхинаямен, яғни мимикамен адамның не айтқысы келетінін, ойларын жеткізіп отырады. Және де мудра– саусақтардың орналасу салтын қадағалағау де үлкен шеберлікті талап етеді.

Үнділіктер өз фильмдерін биден кенде қалдырмауға тырысқанымен, осы үлкен өнерді көрсете алатын шеберлер азайып кетті. Әлбетте, заманауилық оларға да әсер етпей қоймағаны анық, бірақ осындай құнды дүниелерін миллиондаған аудиториясына насихаттаса дейсің... Бұл тұрғыдан оларға корейлерден үйрену керек


Музыкалық шығарманы тыңдау: Абыл (шын аты – Абылай) Тарақұлы (1820, Оймауыт-Желтау мекені – 1892, сонда) – күйші, Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы. Бала кезінде еркелетіп Абылатанған; жастайынан ән мен күйді серік етіп, Боғда, Қошқар сынды күйшілерді өзіне ұстаз тұтқан. Олардың күйлерін үйреніп қана қоймай, бертін келе өзі де күй шығарып, орындаушылық-күйшілік өнерімен танылған. Абылдың «Абыл», «Ақжелең» (А. нұсқасы), «Нар ату», «Ақсақ құлан» «Кеңес», «Аранжанның шалқымасы» аталатын күйлері сақталған. Стильдік жағынан оған шалқыма пошымы, нәзік қайырымдар, күрделі үндестік тән. Абыл Қазақстанның батыс аймағын, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Хиуа аумағын аралап, сан рет күйшілер өнерінің сайысына түскен. Есбай (Тазбала), Алтынай, Сәулебай, Өскенбай, Арал, Құлшар, Қауен, Есір, т.б. күйшілер өздерін Абылдың шәкірті санаған әрі оның күйшілік өнерін, орындаушылық дәстүрін жалғастырып, кейінгі ұрпаққа жеткізген



Музыкалық сауат ашу: Екпін түрлері. Әрбір музыкалық шығарманың өзіне лайық жылдамдығы болады. Шығарманың орындалу барысындағы осы жылдамдық екпін деп аталады. Әр шығарманың нота жазбасының басында екпіні көрсетіледі.

Музыкалық екпіндер: негізі үш топқа бөлінеді :жай, орташа, жылдам. Жай екпіндер - өте жай,созыла; - жай, кең; асықпай, жай; ауыр, мұңды. Орташа екпіндер - асықпай, орташа; сәл жылдамырақ;- орташа, бір қалыпты. Жылдам екпіндершапшаң, жылдам ;ширақ, қыздыра; өте тез, өте жылдам; - үлкен жылдамдықпен. Музыкалық екпін белгілері көбінесе итальян тілінде белгіленеді. Дауыс ашу жаттығулары: * Әннің әуенін таза , дыбыс құбылуын анық сезініп орында . * Үйретілген әнді сүйемелдеусіз – ақ айтып үйрену кезінде өз дауысынды есіте біл. * Әнді салу кезінде екі иығынды көтермей , иегінді көтеріп дұрыс тыныс ал. * Музыкалық ән- әуендегі құбылысты үзбей толық орында Әндету:АуылымӘнін жазған. Т.Базарбаев. Өлеңін жазған Ж.Бейсенов.



Кіндігімнің жас қаны Жастығымның куәсі, Тамған жерім – ауылым. Шұрқыраған ауылым. Шабытымның асқары, Жусаны мен жуасы 2 рет Самғау жерім – ауылым. Бұрқыраған ауылым

Биік-биік шың-құзға Тоймен таңды атырып, Құмар қылған ауылым. Ән салдырған ауылым, Бүлдіршіндей бір қызға Сары қымыз сапырып, 2 рет Сыңар қылған ауылым . Тамсандырған ауылым.

Көк түтінін шұбалтып, Көк торғындай көктемде Жібек созған ауылым. Сағым буған ауылым. Ай көрмесем құмартып Алыс сапар шеккенде 2 рет Жүрек қозған ауылым. Сағындырған ауылым.

Сабақтың тақырыбы Үндінің сұлу сазды рагасы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Үнді халқының музыка өнерімен таныстыру. Барлық өнердің қайнар көзі халықта екендігін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрісін, шығармашалығын дамыту. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, өнерге тәрбиелеу . Үй тапсырмасын сұрау: «Ауылым»әнін жатқа сұрау Сабақтың барысы:Үндінің сұлу сазды рагасы Музыкалық шығарманы тыңдау: «Көкіл» – белгілі күйші бабамыз Қазанғаптың күйінің атауы. Зерттеушілердің айтуынша, «Көкіл» Қазанғап шығармаларының ішіндегі ең шоқтығы биік туындысы екен. Бұл күйдің шығу тарихы жайлы зерттеуші С.Балмағамбетов былай дейді: «Қазанғап жасында сал-серілік ғұмыр кешіп, жүріңкіреп қалып кештеу үйленеді. Сол себепті баланы да зарығып көреді. Тұла бойы тұңғышы Ақшыбық деген қыз бала екен. Осы баласын еркелетіп, «Көкілім менің, кекілім менің», – деп атаса керек. Ақшыбық көкірек ауруынан жастай қайтыс болады. Сүйікті баласын жоқтап, тағдырға мұңын шағып, «Көкіл» күйін шығарады. Бұл – Қазанғаптың терең мағыналы, ойлы, философиялық күйлерінің бірі. Күйшінің өзі де «күй төресі – «Көкіл» деп тартқан екен», – деп жазады. Қазанғаптың мол мұрасы күйшінің көзін көріп, дәмдес болған шәкірттері арқылы бізге жетіп, қазақ музыкасының алтын қорына қосылған баға жетпес құнды дүниеге айналды


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!