Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Рмелі аспапты, сонымен қатар, әскербасылар қолданған. Ол сарбаздарды бір жерге жинап, шайқас алдында олардың рухын көтерген



Зге халықтарда да бұғышақ аспабына ұқсас аспап кездеседі. Алтай халқында аспапты «абырға», хақас халқы «пырғы» деп атайды. Сазсырнай - қоңыр үнге толы аспап Сазсырнай – сопақша келген, үлкендігі қаздың жұмыртқасындай саздан жасалған үрмелі аспап. Бұл аспапты кішкентай балалар мен жасөспірімдер ермек үшін пайдаланған, диапозоны аса үлкен емес. Сазсырнайда ойнай отырып, балалар аң-құстар мен табиғат дыбыстарын шығарған.

Шеңбер аумағы 15-18 см, жалпы ұзындығы 10-12 см болады. Ертеде 3-4 ойығы болса, қазіргі таңда 5-6 ойықтары салынады. Ойықтарды саусақпен басып, ерінге қиыстау тақап, үрлеп ойнайды. Сазсырнай үні жағымды, қоңыр әрі жұмсақ болады. Сондай-ақ, аспап дыбыс тембрі, күші, әуезділігі ауа толқынының дұрыс жетуіне байланысты.

Аспапты сапалы саз-балшықтан жасайды. Сазды илеген соң, оны біркелкі пішінге келтіріп, кептіреді. Кептірілген саз белгілі бір температурда қызған пеш ішіне салынып, күйдіріледі. Кейін дыбыс ойығы салынып, сыртқы жағын оюлармен өрнектейді. 1971 жылы Отырар қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілгенде табылған болатын.

Азақ жерінің көп аймақтарында кең таралған. Үскірік - табиғат құбылыстарының үні Үскірік – қазақ халқының ертеден келе жатқан музыкалық аспабы. Ол сазсырнай, бұғышақ, керней, желбуаз, сыбызғы т.с.с. қазақтың ұлттық үрмелі аспаптарының қатарына жатады. Аса таяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады. Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды. Дауылпаз - ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен, қапталады. Иыққа асып алып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар әр түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында - «Тәбльбасс», Қырғызда « Доолбас» деп аталады. Жетіген - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтседе, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылады. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады.





Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айрылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен деседі. Бізге «жетіген» деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.
Желбуаз – үрлемелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспабының бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны болады.Әуен шығаратын екі сырнай түтікше бекітеді. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. «Желбуаз» аспабын белгілі компазитор Н. Тілендиев « Отырар сазы» оркестрінде қолданды.
Қыл қобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы – балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.
Сақпан - өзіндік үнімен ерекшеленетін сілкімелі қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі.

Ертеде үй тұрмысында, әсіресе мал шаруашылығында кеңінен қолданылған. Қойшылар көктемгі төл кезінде бұл аспаптың дыбысымен қой қайырған. Шаруалар егістікке қонған құстарды үркіту үшін де пайдаланған. Кейбір өнерпаздар сақпанмен өзінің әуенін сүйемелдеген.Сөйтіп, сақпан музыкалық аспап дәрежесіне көтерілді.
Шаң қобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады.Аспапта жеке ән- күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаң қобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.
Саз сырнай – алты тесікті үрлеп ойналатын аспап. Саз балшықтан күйдіріліп жасалады. Мұның бетіне өрнек ойылып, ол жыланкөзбен көмкерілген
Үскірік – үрлеп ойнайтын аспаптардың ескі түрі. Саусақпен басып дыбыс шығаратын үш тесігі бар. Саз балшықтан күйдіріліп жасалады. Аспаптың дыбысы үскіріп соққан боран мен қатты желдің уіліне ұқсас болғандықтан – үскірік, кей жерлерде уілдік деп аталады.
Сыбызғы- үрмелі аспаптардың ішінде кең тарағаны. Бұл аспап бақташы-малшылардың өмірімен тығыз байланысты болғандықтан, ел ішіндегі қариялар оны «жылқы малының азаны» деп атаған. Сырты жылтыр сары қурайдан жасалатын сыбызғының сырты малдың ішегімен кейде мал өңешінің ақ шелімен қапталады. Бұл оның жауын-шашынға төзімді болып сақталуына, қурайдың жарылып кетпеуіне және үнінің таза сақталуына байланысты қолданылатын әдіс-тәсіл. Сыбызғы аспабының үні самал желдей майда, тембрі жұмсақ, ерекше әсерлі.
Бұғышақ – сүйек пен мүйізден жасалатын аспаптардың бір түрі. Аспаптың дыбысы марал мен бұғылардың даусына ұқсас болғандықтан, жайылып жүрген маралдарды бір жерге жинау үшін қолданылады. Аспаптың бұғышақ аталуы «бұғы шақырғыш», «бұғы сыбызғы» деген түсініктерден туындаған.
Шертер – ішекті-шертпелі аспаптардың ішінде беті терімен қапталып жасалатын үш ішекті, шертіп ойнайтын көне аспап. Ішегі жылқы қылынан тағылғандықтан, ертеде ол «шертпе қыл» деп аталған. Осы нұсқасында ол қылқобызға ұқсас, алайда ол ыспалы емес, шертпелі аспап. Қазіргі кезде шертер ең көне (архаикалық), және дамыған нұсқа деп бөлінеді.
Керней тұтасымен металдан жасалады. Кернейге дыбыс ойықтар салынбайды, үрлеу арқылы дыбыс шығарылады. Кернейдің жез металынан жасалатын үлгісінің жалпы ұзыны 1 метр 50 см, ені 30-35 см болып жасалса, ағаштан жасалатын кернейдің ұзындығы 1 метр, шеңбер аумағы 20-25 см етіліп, сыртына түйе өңешін қаптап жасайды. Бұл – ағаштың жарылып кетпеуі үшін қолданылатын халықтық әдіс. Керней этнографиялық аспап ретінде сирек кездеседі.
Ұран – өзегі алынып, қаққа бөлінген іші қуыс екі ағашты қайта біріктіріп, сырты қайыспен орап жасалады. Дауысы күшті, жуан, алайда 1-2 дыбыстан артық дыбыс бермейді. Ертеде жаугершілікте ұран шақырып, құс салып, аң қамауға қолданылған. Түрік тілдес халықтар арасында ол ұлттық мереке, діни-салт жораларда, мешіт-мазар төбесіне шығып белгі беруге қолданылады.
Дабыл– ұрып ойнайтын аспап. Оның екі жағы да терімен қапталады. Құлақшалары бар. Ол теріні керіп тұру үшін жасалады. Дабылды саусақпен немесе арнайы жасалатын басы жұмыр шағын таяқшамен ұрып ойнайды. Даусы – терінің жұқа немесе қалыңдығына, терінің қатты немесе орташа керілуіне және арнайы жасалған қорапта сақталуына байланысты болып келеді. Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді иілуге көнетін ағаштардан жасалады.
Шыңдауылды ертеде аң-құстарды үркітіп, көптеп үйіріп, қаумалап аулау үшін немесе қуып тосынға түсіру үшін қолданылған. Шыңдауылдың шанағы тұтасымен металдан жасалып, бір жақ беті мал терісімен қапталады. Тері қапталмас бұрын шанақтың ішіне шулы үн беретін сылдырмақ-қоңыраулар немесе темір шығыршақтар тағылады. Адырна- қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады Дауылпаз – халықтық нұсқада жасалатын көне аспап. Ертеде аңшылық, саятшылық, құсбегілік салт-дәстүрлерде қолданылған. Шанағы өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан жасалып, сыртына ғаныштау әдісімен ою-өрнектер салынады. Аспапты таяқпен ұрып ойнайды. Көбінесе халықтық мерекелерде және үлкен оркестр құрамында ойналады

.Үйретілетін ән:Бабалар

1.Арғы атамыз Ерімбетей бабадан Жиырма алтаудың ұрпақтары тараға Аталардың ерлігімен өрлігі Текті ұрпағы мұратына балаған

Қ – сы Кір келтірмей Ерімбетей асылға Ұрпақтары айналыңдар жасынға Жаны жайсаң қаны текті бабалар Даңқы жетсін ғасырлардан ғасырға

Бекен деген қарт торғайдың даласын Аққу қонған айдын ақ көл жағасын Алты алашы ардақтаған елміз біз, Ұлт көсемі Ахметтей данасы


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!