Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Сабақ тақырыбы: Бұқар жыраудың халыққа айтқан сөзі



Қалқаманұлы, Бұқар жырау Дүниеге келгені: 1668

Мансабы: жырауҚайтыс болғаны: 1781

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Жырау толғауларын түрлі тақырыбы бойынша топтап, талдау барысында оқушыларға толғауларның өзекті тақырыбы мен идеясын аңғарту, түсіндіру. ә) Тәрбиелік: Жырау толғауларындағы ақыл – нақылдарды негіз ете отырып оқушыларды адамгершілікке, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Елін сүюге, қорғауға шақырыу. б) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал сөз байлығын арттыру; есте сақтау қабілетін дамыту. Сабақтың әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап, карточкамен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: Бұқар жыраудың сөзі жазылған плакат, Абылайдың портреті, Үш бидің суреті бар буклет және жыраудың арғы аталары мен ұрпақтары туралы схема. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Пәнаралық байланыс: тарих. Сабақтың барысы:а) Ұйымдастыру: Сыныпты сабаққа әзірлеу; Сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын сабаққа аудару; ол үшін:

Ел бастау қиын емес, Қонақты жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ. – деген кім айтып еді?

– Бұқар жырау Қалқаманұлы. – Дұрыс айтасындар? Онда үйге қандай тапсырма беріледі?

Й тапсырмасын сұрау: Үйге берілген тапсырма: Ақтамберді жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы және өлеңдерін жатқа оқу. Ақтамберді жайындағы ел аузындағы аңыздарды тауып, дайындалып келу. Сұрақ – жауап әдісі бойынша өмірі мен шығармашылығы туралы сұрау Аңыздарды дайындалып келгендер болса сұрау. Бір – екі оқушылардан жатқа сұрау. Білімді тексеру: Ол үшін: үй тапсырмасы сұралып жатқанда, жалпы жыраулар поэзиясынан білімдерін анықтау. Жыраулар поэзиясынан қандай ой аңғарылады?. Ерекшелігі қандай? Жыраулар толғауларынан бәрінің де халқының қамын ойлағаның, бейбіт, тыныш заманды аңсағанын, елді бірлікке шақырғанын аңғарамыз. Сөздері ақыл – нақылға толы болып келеді. Мақсат қою: Ал балалар, біз қазір жырдың өмірі мен шығармашылығы туралы айттық. Өлеңдерін жатқа оқып жатырмыз. Енді жырау толғауларының негізгі тақырыбы, идеясы не екеніне назар аударайық. Жырау толғауларына, мағынасына саяхат жасаймыз. Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазып қояйық. Бұқар жыраудың халыққа айтқан сөзі. Жаңа білімді түсіндіру, меңгерту.



 

Әуелі мына тақтада тұрған сөзді жазып алайық. Бұл сөз бүгінгі сабағымыздың эпиграфы болады: «Айнала алмай ат өлсін, Айыра алмай жат өлсін, Жат бойынан түңілсін, Бәріңіз де бір енеден туғандай болыңыз». 1.Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693-1787) – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне-көп Абылай ханның өтінішімен,«сәуе айтшы» деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен, бұлары дәлме-дәл келіп отырған. Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналған.Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған. Бұқар жыраудың толғаулары, шын мәнінде Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел «Көмекей әулие» Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі Қытай мен Ресей аты қос алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасаған. Мысалы, «Қилы заман» толғауындағы мына бір жайлар «Күнбатыстан бір дұшпан, Ел қамын айтқан жақсыны, Ақырында шығар сол тұстан. Бауыздамай ішер қаныңды, Өзі сары, көзі көк, Өлтірмей алар жаныңды, Діндарының аты боп, Қағазға жазар малыңды. Күншығысқа қарайды. Есен алар пұлыңмен, Шашын алмай, тарайды, Солдат алар ұлыңнан, Қүдайды білмес, діні жоқ, Күндердің күні, Абылай, Жамандықта міні жок, Жаяулап келер жұртыңа, Затсыз, тексіз бір кәпір, Жағалы шекпен кигізіп, Аузы-басы жүн кәпір, Балды май жағар мұртыңа, Жемқорларға жем беріп, Есе тимес өзіңе, Азды көпке теңгеріп, Есіктегі құлыңнан», Сөйлетпей ұрар ұртына.табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді. Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұқардың қай талғауын алсақ та, елді бірлікке шақыру идеясы аңғарылады. Ел бірлігін, ел тыныштығын, тәуелсіздігін, бейбіт өмірін жырына арқау еткен жыраудың бұл тақырыптағы өлеңдері «Керей, қайда барасың», «Бірі етек, бірі жең болған», «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» т.б. көптеген өлендерін атауға болады.



«Ағайынның арызы, елдің сәнін кетірер» Абысынның арызы, ауыл сәнін кетірер,

Бірі етек, бірі жең болған, Ежелден саған ел болған, Орта жүзден кісің жоқ Найзасының ұшы алтын. Кіші жүзден кісің жоқ, - деп оны басқа шығармаларында одан әрі тереңдетеді.

«Айнала алмай ат өлсін Айыра алмай жат өлсін, Жат бойынан түнілсін, Бәріңіз де бір енеден туғандай болыңыз», - деп өсиет айтады. Ел бірлігін сақтап қалу үшін не керек екенің анық айтып береді. Ел бірлігі болса, алынбайтың қамал жоқ екеніне көз жеткізеді. «Тірек», «Кедей, қайда барасың?» деген өлеңдерінде айтылатын ой да ел бірлігін сақтаудан туған. Абылай есімімен байланысты өлендерінен де ел бірлігін көздеген ойымен қатар, ханға айтқан ақылын, ханның ел басқарудағы жақсы істері мен кемшіліктерін жырлағаның көреміз. Қырық беске келгенде, Жақсы мен жаман демедің. Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының Атының басын бір кезеңге тіредің. Абылайды Абылай еткен, оған бақ – абырай әперген, бір жағынан, «елдігі болса», екіншіден «бар күшін қазақтың абыройы мен ары үшін сарп етіп» ел қамын ойлаған қаһарлы батырлары еді деген әділ пікір айтқан. Абылайға көп өлеңдер арналуының бір себебі – қазақ елін хан айналасына топтастыру еді.

Жалпы, жыраудың толғауларын бірінен – бірін бөліп қарау мүмкін емес. Себебі әр өлеңінде тақырып мен идея ел бірлігі, татулығын дәріптей келіп, бір бірімен сабақтасып жатқан үлгі өнегеге толы жырлар екенін көреміз.

Сабақты түсінгендігін тексеру. Бұқар жырау толғауларындағы негізгі тақырып пен идея қандай? Адам өмірінің кезендерін суреттеген қандай өлеңдер бар? Ел бірлігін сақтау идеясы жырау толғауларынан қалай көрініс береді? Бекіту: Бұқар жырау шығармаларынан ел бірлігін көздеген сұңғылалықты, татулықты аңсаған ақыл иесі екенің көреміз . Адам баласының кей кездегі пендешіліктерін, барға қанағат етпей, шүкіршілік жасамай, тәубеден тайып кететін сәттерін мына жырында әдемі өрнектеп берген. «Үмітсіз шайтан»

Лемді түгел көрсе де, Қалжырап, көңілі қарайып, Алтын үйге кірсе де, Жақындап ажал тұрса да, Аспанда жұлдыз аралап, Қарауытып көзі тұрса да Ай нұрын ұстап мінсе де –Үмітін қоймас адамзат! –Қызыққа тоймас адамзат! түгел білсе де Қызығын қолмен бөлсе де, Қызықты күні қырындап, Қисынсыз күйге түссе де –Өмірге тоймас адамзат!

Үйге тапсырма; бағалауБұқар талғауларының басты тақырыбы мен идеясы. Жыраудың жырларынан нақыл сөздерін теріп жазып келу. Өлеңдерін мағынасына қарай айқындау.

5 сыныбы. Музыка. 25.10.2013ж. 26.10.2013ж.Сабақ тақырыбы:- Базар жырау» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға қазақ өлкесінде ғасырлар бойы қалыптасқан ақындар мен әншілер, жыршылар мен күйшілерді таныстыра отырып, толғау тарланы-Базар жырау, жайлы мағлұмат беру. Дамутышылық: Қазақстанда жыршылық-термешілік өнермен сусындағандардың бірі – Базар жырау жайлы түсініктерін қалыптастыру. Термендегіні тыңдата отырып, жақсы мен жаманды айыра білу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: «Сыр елі – жыр еліне» саяхат жасай отырып, сан ғасыр тарихы бар, қазақ халқының мәдени дәстүрін танып білуге, термені дұрыс тыңдай білуге, әнді ырғағына сай айта білуге, балаларды Отанын, туып өскен жерін сүюге, ардақтап, құрметтеугетәрбиелеу. Сабақтың түрі: Дәстүрлі Сабақтың типі: Аралас сабақ Көрнекіліктер:Диско, үнтаспа, Базар жырау, композиторлар жайлы қысқаша мағлұмат портрет, мақал-мәтелдер. Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі. Ә) Үй тапсырмасын сұрау. (Бұқар жырау термесі, ○ (бүтін нота) II. Жаңа сабақ Базар жырау» (өмірмен таныстыру) 2. Тыңдату бөлімі. а) Кіріспе әңгіме ( «Жақсы мен жаман» термесі) Сабақтың барысы: II.1.а) –Балалар, бүгін біз сабақта «Сыр елі-жыр еліне» сапар шегеміз.«Сыр елі-жыр елі» дегеніміз не дейсіңдер ғой? Онда мен сендерге ол туралы айтып берейін.

Қазақстанның әр өлкесінде, тарихында, мәдени дәстүріне, түрлі басқа ерекшелігіне байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан ақындық, әншілік, жыршылық, күйшілік мектептер бар. Балалар сендер осы уақытқа дейін Арқаның Біржан, Ақан, Жетісудың Кенен сияқты ақындарымен және Батыс Қазақстандағы Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей секілді ірі күйшілердің орындаушылық дәстүрімен таныстыңдар. Енді Қазақстанның жыршылық-термешілік өнертепкен жерінің бірі- Сыр елімен танысасыңдар. Сыр елінің ақындық-жыраулық, жыршылық мектептеріне, оның терме, толғау үлгілеріне тоқталамыз.

Енді солардың ішінде заманы Абаймен тұстас, өз еліне кезінде ерекше дарынмен аты шыққан ақынның бірі – Базар жырауОндасұлымен Базар Ондасұлы қазіргі Қызылорда облысынын Қармақшы ауданы 1843 жылы дүниеге келген. Енді Базар жыраудың балалық шағына көз салсақ : Базар бала кезінде қозы бағып жүріп, далада ұйықтап қалса керек. Ақ денелі, ақ таяқты, ақ сақалды бір кісі бұған келіп «Балам, мандайыңа берейін бе, таңдайына берейін бе?» – депті. Қарны ашып, шөлдеп жатқан бала: «Ата, таңдайыма бер», – дейді.Содан бала Базар өлең айтып ояныпты. Табиғатынан дарынды, зерек бала ақын – жыраулардың жырларын, халық мақал – мәтелдерін көңіліне түйіп өседі. Базар жырауЖақсы мен жаманның, Мырза менен сараңды- Арасы жермен аспандай. Өлшестіріп қарасаң. Басқарсың бір күн басыңа, Ғалым менен наданды, Іс түскен кезде, сескенде-ай. Салыстырсаң білерсің, дария шіреп асқандай

Ол өзінің жүрек тебіренткен толғауларымен Сыр бойынан бастап Еділ, Жайық, Үстірт, Қарақалпақ өңіріне жақсы танымалы. 1925 жылы Ташкенттен шыққан «Терме» жинағында және 1931 жылы Сәкен Сейфуллин құрастырған «Ескі әдебиет нұсқаларында» Базардың бір топ өлеңдері тұңғыш рет жарық көрді.

1965 жылы «Үш ғасыр жырлайды» жинағында жыраудың сегіз жүз жолдай термелері мен толғаулары жарияланды. Ал, кейінгі жылдары орыс тілінде басылған «Поэты Казахстана» (Ленинград, 1978) антологиясында Базар көрнекті ақындар қатарында аталса, 1984 жылы шыққан «Бес ғасыр жырлайды» кітабына бір топ шығармалары енгізілді. Ақынның туған жері-Сыр бойы десек те, кейінгі ат жалын тартып мініп, атағы жайылған мекені-қазіргі Өзбек жерінде қалып қойған Навоий облысы, Тамдыбұлақ ауданы болған. Бейіті сондағы Жалпақтау деген жерде. Базардың ескіше ата-тегі: Кіші жүздің Шөмекей тайпасы, Балқы руы. Шөмекей төртке бөлінеді: Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғыл. Бозғылдың бес баласының біреуі-Қайқы. Қайқының Балқия деген әйелінен үш ұл: Қыдыр, Темір, Полат туады. Осы үшеуінен тараған ұрпақтарының бәрі Балқия шешелерінің атымен Балқы аталып, Шөмекейдің Балқы руы қалыптасады. Жоғарыдағы Қайқының үш ұлының біреуі Полаттан-Жауқашты, Жауқаштыдан-Отарбай, Отарбайдан-Байсейіт, Байсеіттен-Қарақұл, Қарақұлдан-Ермек, Ермектен-Базардың әкесі Оңдас туады. 1965 жылы шыққан «Үш ғасыр жырлайды» жинағында, басқа да кейбір басылымдарда Базар жыраудың әкесі Өтеміс, нағашысы Оңдас деп жаңсақ кеткен. Базар он жасқа жетпестен жетім қалып, нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленген. Әкесінің Өтеміс болып кетуі содан. Ақын болып халыққа танылған соң, өз руының атымен Балқы Базар аталып кеткен. Оны ақынның өзі былай түсіндіреді: ...Сөйле, тілім, жалпыдан, дариядай тасып шалқыған. Тіл жексұрын көрінер, тимеске тиіп шарпыған.. Елі-жұртың бұзылар, қиянат етсең зарпын Таусылмас қайнар кен едім, кешегі жүйрік мен едім. Жүлде алған байрақ алдынан,Кіші жүздің кенжесі.«Дөйт» ұранды Шөмекей-шыққан бір Базар Балқыдан. Бүкіл өмірі --өлеңге, өлеңі--өмірге айналған жырау жарық дүниеге жыр болып келгендей. Ол туралы ақиқатқа қоса аңыз да көп. Соның бірі төменгідей: Базар жастай жетім қалып, Тәспен деген байдың қозысын бағып жүреді. Шөмекейдің Аспан руында Айпара атты ақын қыз болады. Бір күні сол ақын қыз қасына жеңгесін ертіп, он шақты түйемен су әкелуге «қаққа» барады. Оған ғашық жігіттер аз болмайды. Өзі сұлу, өзі өнерлі қызға кім қызықпасын? Алайда олар Айпараның ақындығынан, от ауыз, орақ тілді шешендігінен сескеніп, маңайлай алмайды екен. Қыздың үнемі соңынан еріп, үнемі дәмелі болып жүрген жігіттер бұл жолы да жақындауға тәуекел етпейді. Он шақты түйеге жүк болар суды ыдыстарға құйып толтыру, арту жас қызбен жеңгесіне оңай соқсын ба? Екеуі де әбден шаршайды. Суды түйеге артыспаған жасық жігіттерге ыза болып тұрған Айпараның қасына сол маңда қозы бағып жүрген жасөспірім бала Базар келеді. «Апа, шелегіңді артысайын ба?»--депті. Содан соң, жасын да сұрап білгісі келген сияқты. Оған ашуланған Айпара былай дейді: «Бастаған жұғысың ба сөздің басын, Бұл жерде саған мені кез қылғасын .Айтыпты бұрынғылар деген қайда, Сұрама аттың тісін, ердің жасын. Одан да емін неге сұрамайсың, Күте алмай бір басыңды таз қылғансың...»

Мезгілінде ас ішіп, ұйықтамайтын, жылы алақан көрмейтін жетім балада қайбір күй болсын? Расында да Базардың басы таз болса керек. Мірдің оғындай сөз сүйегінен өткен Базар жауап сөз қайыра алмағанына намыстанып, ызаланып жылап жіберіпті...Осы бір оқиға Базардың есінде мәңгі қалады. Өйткені ол осы жолы бұрынғыдан да қатты ширығады. Сөзден есесі кеткенге күйінеді. Ақындықты, шешендікті арман етеді. Шамасы, бұл болашақ ақиық ақынның тұңғыш рет жер тарпуы, қанат сілкуі болса керек. Жастай жетім қалған Базар оқып, білім алған емес. Табиғатынан дарынды зерек бала бұрынғы ақын-жыраулардың жырларын, халық мақал-мәтелдерін есіне сақтап, көңіліне түйіп, халықтың бай ауыз әдебиетінен

сусындап өскен. Өзінен бұрынғы және тұстас ақындардан да тәлім алған. Базар өз заманындағы әлеуметтік мәселелерді тани білген дәуір қайшылықтарының бетін ашып, келелі ой қозғаған. Әрине, әлеуметтік мәселерді танып-білу барлық жырауларға тән қасиет. Олар қай жерде де тыңдаушыларын таң қалдырып, ерлікті, елдікті дәріптеген. Керек жерінде кімнің де болса бет-жүзіне қарамай, айтарын бүкпей, батыл айтып, адам бойындағы жасық қасиеттерді өлтіре сынап, тілімен турап тастайтын болған. Өмірді босқа өткізіп, қапы қалмау үшін әрбір кісі ақыл-парасаты мен күш-қайратын пайдалы іске жұмсап, нағыз азаматтарша мәнді өмір сүруге міндетті.

Қарғадан қарға туар қарқылдаған, Алаштың адамының бәрі мәлім Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған. -Кім қалды таразыға тартылмаған. Дегендер: «Мен жақсымын» толып жатыр, Тақылдап, пысықсынып сөйлейтін көп Пайдасы өз басынан артылмаған! Екпіндеп ұшқыр аттай қарқындаған.

Базар жыраудыңПірлібек, Нұрлыбек, Әмзебек, Нақыпбек деген төрт ұлы, Балзада, Күлзада деген қызы болған. Жыраудың өнер қонған балалары Әмзебек пен Балзадасы екен. Олар өнерімен халыққа танылмай тұрып, жастай өліп кетеді. Әмзебек әкесі Базардан үш жыл бұрын, яғни 1908 жылы қайтыс болады. 1911 жылы 12 қазан күні жыр дүлдүлі Балқы Базар Тамдыбұлақ ауданына қарасты Жалпақтау деген жерде қайтыс болады. Қабірі басына кейінгі жылдары ескеркіш құлпытас қойылған. Жалпақтаудағы мектепке, Ақтақырдағы кітапханаға, Тамдыбұлақтың бір көшесіне Базар есімі берілген. Базар атамның бейітінің басында үш құлақ етіп кесене салынған. Сонда домбыра ілулі тұр. Кей күндері түнделетіп желдің ызыңымен домбыраның құлаққа жағымды әуен естіледі. Бабамыз әлі күнге дейін домбыра мен жыраулық дәстүрінің қасиетін бізге жеткізгісі келетін сияқты. Келешек ұрпақтан қандай баға алатыны белгісіз пендені есі дұрыс адамның арты ұялатын атақ-даңқпен жарылқап, жағымпаздық жасай бергенше саңлақтарымызды ұлықтасақ келер ұрпақ алдында жемқорлық пен жағымпаздықтан баттасқан бетімізге кішкене су жүгіртер едік

1) Термені орындайтын адам? 2) Жыр мазмұнын қара сөзбен, түрлі қимыл-қозғалыстарымен беруді не деп атайды? 3) Жыраудың ішкі ойын, сезімін, өмірге, табиғат құбылыстарына көзқарастарын білдіруді не деп атайды? 4) Бұқар жыраудың туған жері. Үйретілетін ән: «Елім - ай» Қаратаудың басынан көш келеді Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,Елім-ай, Елім-ай. Ел-жұртынан айрылған жаман екен ,Қара көзден мөлтілдеп жас келеді,Елім-ай, Елім-ай.
Мына заман қай заман? Бағы заман, Баяғьідай болсайшы тағы заман, Елім-ай, Елім-ай.
Атадан үл, енеден қыз айрылды,
Көздің жасын көлғылып ағызамын, Елім-ай, Елім-ай.
Мына заман қай заман? Қысқан заман,
Бақыт құсы алаштан үшқан заман, Елім-ай, Елім-ай.
Көк аспаннан топырақ, шаң борады,
Күні суық қаңтардан, қыстан жаман, Елім-ай, Елім-ай

Балалар үйге. Базар жыраудың өмірбаяның кітаптан оқып, мазмұндап келу. Терменің сөзін жаттау және жақсы мен жаман термесін жаттау.

 

5 сыныбы. Музыка. II – токсан. 15.11.2013ж. 16.11.2013ж. Сабақтың тақырыбы: Көнеден жеткен аспап- домбыра,дудар,сазСабақтың мақсаты: Білімділік: Мақсаты: Сал, сері, ақын сазгерлер туралы таныстыру. Ақындардың әнін орындап, білімдерін жинақтау. Тәрбиелік: Шешен адамдардың өмірін үлгі тұту,шешендік сөздерін түсініп оқып, өміріне сабақ қылу.Адамгершілік, шыншылдық, туған елді, жерді сүюге тәрбиелеу. Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, ой-өрісін, орындаушылық қабілеттерін, қызығушылықтарын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет. Сабақ көрнекілігі: сызбалар, үнтаспа, домбыра

Сабақ барысы І. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыруІІ Үй тапсырмасын сұрау:.Cуреттер көрсетіп, таныс аспаптардың аттарын, қалай ойналатынын және қандай түріне жататынын атау. Базар жырау жійлі түсінік.
ІІІ. Жаңа сабақ Адамның жан дүниесін түсінетін ол – музыка, әуенді жеткізетін ол – аспап, аспаптың түр – түрі болады: Ата бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен қылдан тағы басқа дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым аспаптар жасап алады екен.Солардың бірі ең көне түрі:көне шертер.

Шертер – қазақ халқының көне шекті музыкалық аспабы. Кей деректерге сүйенсек, бұл аспап домбыра мен қобыздың арғы тегі болып саналады Қазақ халқының үрлемелі музыкалық аспаптар

Саз сырнай Мүйіз сырнай Ұран Ұран - әскерлер қолданатын үрмелі музыкалық аспап. Ұзындығы әртүрлі екі түтікшенің әрқайсысында үш саңылау бар.

 

Бұғышақ (бұғашақ) – көне саз аспабыБұғышақ (бұғашақ) – көне саз аспабы. Марал және бұғы мүйізі не сүйектерінен жасалады. Мүйізді үңгіп, үрлейтін жағындағы ұшына дыбыс шығару үшін тілше салынады. Ол дыбыстың еркін, күшті шығуына ықпал етеді. Ұзындығы 28-30см.Бұғышақ аспабын шеберлер әр түрлі етіп жасайды. Мүйіз ішін тазартып, сыртқы жағын оюлармен өрнектейді.

Аспап ертеде аңшылар арасында кең таралған. Марал мен бұғы өсірушілер аңдарды бір жерге жинау үшін аспапты пайдаланған. Аспаптан шығатын үн бұғы мен марал дауысына ұқсайды. Сондай-ақ, аспапты аңшылар бір-бірінен адасып қалғанда не болмаса аң-құстың қайда тұрғанын білдіру үшін қолданған. Бұл аспапты ел арасында «бұғы шақырғыш», «бұғы сыбызғы» деп те атайды.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!