Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Сыныбы. Музыка.13.09.13ж. 14.09.13ж. Сабақтың мақсаты: Қысқа қағыспа айтыс



Сыныбы. Музыка.06.09.3013ж. 07.09.13ж.

Сабақтың тақырыбы: Айтыс өнері,айтыс түрлері

Сабақтың мақсаты:Айтыс өнерін терең танытып, жаңа ақпарат бере отырып музыкалық танымдарын кеңейту, оның өмірмен байланысын, эстетикалық, рухани байлығын және музыкалық маңыздылығын түсіндіру арқылы қазақ музыкасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: : музыкалық аспаптар.DVD(дискі)

Пәнаралық байланыс:тарих Сабақтың түрі: Қазіргі дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі:Жаңа білім игеру.

Сабақтың әдісі:Түсіндірмелі.

Сабақтың кезеңдік мақсаттары:

1.Сабақтың басталуы:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып,оларды білім игеруге дайындау.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

3.Дауыс жаттығуы:Дауыс жаттығуы оқушылардың дауыс бояуын ашып алу үшін жасалады.

4.Жаңа білім игеру. Музыкалық материал:
1. Б. Ғизатов «Біздің ән»- дауыс жаттығу ретінде
2. О. Әубәкіров «Оқушылар айтысы»- үйрену
3. «Ақындар айтысы» (үзінді)- тыңдау
4. «Жар - жар айтысы» (үзінді)- тыңдау

Тақырыбы: «Айтыс өнері дегеніміз не?»
Сабақтың мақсаты:

Айтыс өнері – қазақтың ауызекі әдеби - музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салалардың бірі. Суырып салма ақындық өнерінің желісі болып табылады. Айтыста халықтың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, дүниетанымы, эстетикалық рухани және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу байқалады. Айтыс атауы - айтысу деген сөзден шыққан. Ол өлең сөзбен жарысу, сайысу, дауласу, тартысу, сынасу, мағынасында қолданылады. Айтысу қара сөзбен де, күй тарту арқылы да, суырып салма өлеңмен де болуы мүмкін.
Айтыс өнерінің бірнеше түрлері бар.
Ең ежелгі, көне түрі «Бәдік» айтысы. Белгісі бір аурудан малды емдеу үшін, айтылатын арбау өлең.
Жар - жар»айтысы – қыз бен жігіттің үйлену тойы кезінде орындалады.
«Ақындар» айтысы – атақты белгілі ақындар арасындағы айтыс.
«Қыз бен жігіт» айтысы көбінесе ойын - тойларда айтылады
ІІ - Мағынаны тану.
Қазір балалар осы бір үстелде отырғандарымыз 1, 2, 3, 4, санына саналып 4топқа бөлініп отырайық. Барлық 1 сандар, 2сандар, 3сандар, 4сандар. Әр топқа мәтін беріледі. Осы мәтіндерді мұқият оқып, маңызды, керек мағлұматтарды жазып аламыз. Содан кейін өз орындарыңа барған кезде алған білімдеріңді өз топтарыңа жеткізе білу керексіздер.
Енді балалар бүгінгі сабағымызда айтыстар туралы не білдік? (әр топтан өздері тұрып - жауап береді, 4 топтың жауабын алу, келесі екі топтан сұрақ жауап арқылы бағалау) Абай:
"Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй"
- деген.
Сондықтан бүгінгі танысатын жаңа әніміз О. Әубәкіровтың «Оқушылар айтысы». Жаңа әнмен танысар алдында дауыс жаттығуымызды орындайық
Дауыс жаттығуы:
1. До мажор гаммасын орындау.
2. Б. Ғизатов «Біздің ән»- дауыс жаттығу ретінде:
Үйренсең нотаны, Барлығын оп - оңай Сен де қосыл жасқанба,



Әнде саласың. Жаттап аласың. Әнің жетсін аспанға



Оқушылар айтысы»(мұғалім орындап көрсетеді, содан кейін үйретеді) Әні мен сөзің жазған О. Әубәкіров “Оқушылар айтысы” 1-оқушы: Айтып қойшы қарағым Қандай боп жүр сабағың? Жайын біліп қояйын, Сендей салақ баланың. 2-оқушы: Сөзін тыңда, қарағым Мен секілді баланың. Сен осында қаласың, Мен лагерьге барамын. 1-оқушы: Қайда барсаң, онда бар, Семіргенің жөн болар. Тәртібіңнен, алайда, Болмай тұр - ау оң хабар. 2-оқушы: Айналайын, көкешім Тәртіпті айтып не етесің? Сендердегі Серікбай Неге жарды шекесін? 1-оқушы: Қай өнегең асып жүр, Қай тәртібің тасып жүр? Сендердегі Сембай да Сабағынан қашып жүр. Орындаған әнінде «қарағым» сөзіндегі буындар созылып айтылады. Өйткені ноталар арасында доға белгісі тұр. Ол белгініЛига деп атайды. Яғни «дыбыстарды бірінен соң бірін сабақтастырып байланыстырушы» деген ұғымды білдіреді. ІІІ Толғаныс І Енді сұрақтарға жауап берейік, бір - бірімізді тыңдап, қайталамай толықтырып отырамыз. 1. Қазақ музыка жанрларын ата 2. Айтыс деген не? 3. “Көш - көш”деп қандай жағдайда айтылады? 4. Айтыстың түрлерін ата? 5. Қазіргі уақытта айтыстың қай түрі кеңірек дамыған? 6. Өзің білетін ақындарды ата. 7. Білетін айтыскерлеріді ата. 8. Айтыскерлер нені жырлайды, қандай тақырыптарды қамтиды? 9. “Біржан мен Сара айтысы”қандай айтысқа жатады? Ендеше осы жауаптар арқылы төмендегі кестені толықтырайық. Тақырыбы Жанры Орындау мақсаты Орындау ерекшелігі Кейіпкері «Бәдік» «Жар - жар» «Ақындар» «Қызбен жігіт» Бағалау: сабаққа жақсы қатысып жауап қайтара отырған оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: «Оқушылар айтысы»( жаттау, және өлең шумақтарын ойдан шығарып аттар орындарына өз сыныптағы оқушылар аттарына ауыстыруға болады. Айтыс деген өлеңнің майданындай, Сынға тілді болмайды найза қылмай. Берекесіз көп сөздің жұғымы жоқ, Іріген салақ әйел айранындай. Нәрлі сөзің нұрланып бой балқытсын, Азанғы қой сүтінің айранындай - деп сабағымызды аяқталады.

Үйретілетін ән: «Атамекен» Қ Мырзалиев. Е. Хасанғалиев.

«Біздің Елтаңба» әні:Ә.Нұрымов. өлеңі:Е.Өтетілеов.

сыныбы. Музыка.13.09.13ж. 14.09.13ж. Сабақтың мақсаты: Қысқа қағыспа айтыс

Сынып оқушыларына аталған тақырып жайлы

жан-жақты мысалдар арқылы түсініктер беру. Сынып оқушыларының ойын орамдылыққа баулу

Сынып оқушыларын өнерлі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Суреттер,музыкалық аспаптар.

Пәнаралық байланыс:Әдебиет,өнер пәндері

Сабақтың түрі: Қазіргі дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі:Жаңа білім игеру.

Сабақтың әдісі:Түсіндірмелі.

Сабақтың кезеңдік мақсаттары:

1.Сабақтың басталуы:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып,оларды білім игеруге дайындау.

2.Үй тапсырмасын тексеру:Сынып оқушыларынан үйге берілген айтыс өнері тақырыбы жайлы олардың түсініктері сұралады.Тақырып көлемінде сынып оқушыларына түрлі сұрақтар қойылып,тиісінше олардың жауаптары алынады.

3.Дауыс жаттығуы:Дауыс жаттығуы оқушылардың дауыс бояуын ашып алу үшін жасалады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!