Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Жылы жәй шаруашылығындағы еңбек гигиенасы



Тұрғындарды азық түлікпен қамтуда, дала өнімдерін көбейту, алу, пайдалану тиімділігін тудыру мақсатында ұйымдастырылатын шараларда жылы жәй шаруашылығын өркендету ең маңызды мәселе. Жеміс, көкөніс өнімдерін көбейтудегі негізгі жылы жәй шаруашылығы тиімді. Жаңа көкөніс алуда алынатын өнім жылына 2-3 есе көп.

Қазіргі жылы жәй комбинаттарының өндірісін ұйымдастыру, өндіріс қуатына байланысты, негізгі қаржыны шоғырландыру, жұмысшы күшін пайдалану және өндірістік орындарда осы тектес өнімдерді алу.

Жылы жәйдағы еңбек үдерістері, ауылшаруашылығындағы еңбек ерекшеліктерін сақтау. Жабық жерлерде егілетін өсімдіктерді имараттар аумағында өсіру, арнайы үдерістерді кеңейту, алдынғы озық агротехниканы ендіру, механикаландыру негізінде және өз бетімен ауылшаруашылық өндірісінің салаларын химияландыру, еңбектің гигиеналық сипатын кеңірек байланыстыру.

Жабық ғимараттарды конструкциялық шешімге сәйкес және берілген технологиялық бөлімдер – п а р н и к т е р, ж ы л ы т ы л а т ы н ө с і м д і к ө с і р е т і н и м а р а т т а р және жылы жайлар (теплица).

Парниктер мен жылытылатын имараттарда өсіретін жерлерде, бұл қарапайым агротехникалық құрылыстар, онда температура жоғарылатып топырақ және ашық грунтқа қарағанда өнімді көп алу үшін жылдамдатылып өсіріледі. Осындай имараттарда маусымдық сипатта, механикаландырылуы аз, көпшілік жағдайда қол жұмыстарымен атқарылады.

Жаңа әдістерімен жетілдіріліп салынған жабық грунт имараттары - теплица деп аталады. Тұрқты етіп салынып, қоршалған, агротехникалық негіздегі шаралар, кең көлемді мағынада, әртүрлі механизмдермен механикаландырылуымен орындалатын орын.

Ө з м а қ с а т ы н д а ж ы л ы ж ә й л а р көкөністік, көшеттік, гүл өсіретіндер деп бөлінеді. Жылы жәй шаруашылығы негізінді көкөніс өсіру, ірі қалалар мен ірі өндірістер маңында болады.



Ж ы л ы ж ә й л а р д ы ң п а й д а л а н у м е р з і м і н е ж ә н е ж ы л ы т у ә д і с т е р і н е б а й л а н ы с т ы - маусымдық - көктем – жазғы, жыл бойы өсірілетін қыстық жылы жәйлар деп бөлінеді. Одан басқада тұрақты, жылжымалы дейтіндері көшет отырғызу үшін жасалынады.

Ө с і м д і к т е р д і ө с і р у т е х н о л о г и я с ы н а қарай төменгі, грунттық, гидропонды және шампиньион өсіруге арналып деп те бөлінеді. Ө з і н і ң а р х и т е к т у р а л ы қ – ж о с п а р л а у шешімдерімен ангарлық, блоктық, ал көлденең қима бойынша тегіс, көлбеу, бір, екі ылдилы деп те бөлінеді. Мөлдірлігі бойынша шынылы, пленкалы немесе жарық өткізгіш пленкалы метериалдарымен жабдықталады. Жылы жәй құрлысы арнаулы типті жобамен жасалынады. Технологиялық жобалаудағы норма бойынша жекеленген жылы жәйлар бірнеше блоктармен біріктіріледі, онда жылытылатын пункт, тұрмыстық және қосымша бөлмелер болады. Ангарлы жылы жәйлардың көлемі - 3 га; блоктары - 6 га.

Қазіргі уақыттағы жылы жәй шаруашылықтарында көп адам жұмыс атқаратындай етіп жасалған, көлемі ондаған немесе жүздеген га алып жатады. Жұмыс күшінің негізін (75 %) әйелдер атқарады.



Жылы жәйлардағы санитарлық, гигиеналық жұмыс жағдайы– бір қатар ерекше сипатта. Оған: өзіне арналған микроклимат, кең көлемде қолданылатын минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтер, ауа газдануына арналған орта, кейбір шараларды механикаландыру жағдайының кемшіліктері орын алады.

М и к р о к л и м а т – жылы жәйларындағы өсімдік өсіру технологиясымен анықталады. Гигиеналық жағдайда (позицияда) жоғары температура, ауаның көп ылғалдылығы және аз қозғалыстық жағдайларда өзіндік көзқарастар болады. Микроклимат жылы жәйдың жабық және жылыту тәсіліне де байланысты болады.

Жабынды жабдықтардың су сүзгілері көмегімен, жылытылғанда тұрақты циркуляцияда су температурасы, салыстырмалы температура деңгейін дегідей, ішкі жәй көлемімен бірдей етіп жеткізілуі керек.

Салыстырмалы бірдейлік микроклимат параметрлері, ол кәдімгі су немесе бумен жылытылатын жылы жәйларда болады.

Ауалы-колиферлі жылытқыштардан біртекті емес ауа бөлінгіштерімен берілетін жылыту жүйесінде, тәуліктік және апталық – температураның ауытқуы болады, тіпті жұмыс аймағындағы температураның ауытқуы (15-25 0 С) да болады.

Осының бәрі пленкалы және үлкен көлемді жылы жәйда, көзге көрінетін және инфрақызыл сәулелер спектрлері өтеді. Күн спектрінің ультракүлгін сәулелерін мөлдір пленка болған соң өткізеді, оның жылы жәй ішіндегілері 18-25 % деңгейден кем болады.

Жылы жәйдағы ылғалдылық кең көлемді аралықта, жылытылатын мезгілдерде 65-75 % - ды, ал жылытылмаған уақытта 80-90 %, кейде 100 % құрайды.

А у а о р т а с ы н ы ң қ ұ р а м ы жабық грунтты имараттарда жылытылуы, жылыту тәсіліне байланысты. Ауаны жылыту газбен жылытылса, ауаның құрамында көмірқышқыл газы, азот, формальдигид және басқада қоспалармен ластанады.

Жылу генераторларын қолдануда сұйық отынмен жұмыс істеуде аталған токсикалық заттар көмір сутегі және бенз (а)пирен шектен тыс асып кетеді. Көмірқышқыл газының (1,2-1,8% көлемде) құрамы жоғарылайтыны байқалған. Берілген концентрациядан токсикалық заттар бірнеше еседен артуы мүмкін. жылы жәйды орталықтан ауалы ортаны сумен қыздырылса, көрсетілген ластану бос болады. Көкөніс шаруа-шылығындағы қорғалған грунт міндетті түрде х и м и я л ы қ з а т т а р минералды тыңайтқыш, пестицидтер өсу стимуляторлары және дезенфекция кең қолданылады.

Минералды тыңайтқыштар: суперфосфат, каллий сульфаты, мочевина, микротыңайтқыштар қолдануда құрамында бор қышқылы, күкірт қышқыл марганец, мырыш, мыс, магний, молибден т.б.. Топыраққа минералдық тыңайтқыштар құрғақ күйінде (себілетін) немесе 0,1-0,5 % ертінді түрінде ендіріледі, ол үшін арнаулы қондырғылар (бүріккіш, себелегіш немесе қолмен суғару ) пайдаланылады.

Ауа температурасы, оның жоғарғы ылғалдылығы негізгі заттары мен жылы жәй ортасын ластандыруға ықпал етеді, оның диструкциялық өнімі (аммиак, азот тотығы, ангидрит, фтор); олардың концентрациясы шектеулі шектен төмен болады.

Көкөністермен басқа дақылдарға, зиянкестермен аурулардың кең таралылуына қолайсыздықтың жылы жәйда тууына қарсы, өсімдіктерді қорғау заттары қолданылуы міндетті түрде қажет. Жылы жәй орындарын пайдалану алдында дезинфекциялы ерітінділер: карботал, формалин, тиофос; шынылы жабуда – күкіртті газ пайдаланылады. Себу алдында кезекпен-кезек өсімдіктер тұқымын уландырады, жалпы вегетациялық кезеңдерде пестицидтермен өңдейді. Осы мақсатта фосфоорганикалық қосылыстар (рогор, карбофос), карбомитті өнімдер (цинеб, морестан), финолдық нейтроөнімдері (каратан, акрекс), хлорорганикалық (кельтон, немагон) пайдаланады.

Жабық грунтты имараттағы өсімдіктерді химиялық қорғау заттарының гигиеналық теріс әсеріне, жоғарғы температура мен ылғалдылық, өте әлсіз желдетуде, бір немесе бірнеше препараттарды ұзақ уақыт пестицидтерді қолдануды жатқызуға болады.

Жылы жәйдағы жұмыс орындарында пестицид құрамы, көп жағдайда сирек болмасада шектеулі шектен концентрациясы аспауы керек. Осы уақыттарда пестицид препараттары ауалық ортаны ластап қоймайды, киімді, өсімдіктің өзін, ашық терініде ластайды.

Препараттардың физикалық, химиялық қасиетіне қарай, ядохимикаттар концентрациясы өңдеуден соң 1-3 тәулікке дейін төмендейді, оларды қолдану тәсілдері микроклиматтық жағдайда өтеді. Сонымен, көкөніс шаруа-шылығындағы жылы жәйда пестицидтермен уландыру қауіптілік әрекеттеріде өтеді.

Пайдаланатын жылы жәй мен парниктерде топырақ қоспалары, органикалық тыңайтқыш, биоотындар, жұмыс орындардағы көкөніс өнімдерінде бактериялық микрофлора, құрттар жұмыртқалары да ластайды.

Жабық грунтта өсірілетін көкөніс дақылдарының агротехникасы мынандай кезеңдерден тұрады: имараттарды дайындау, өсімдіктерді отырғызу, көшет өсіру, оларды грунтқа қондыру, өсімдіктерді күту, өнімді жинау, өсімдік қалдықтарын жинастыру.

Қазіргі жылы жәйларында механикаландыру шараларында грунтты жырту, өсімдік қалдықтарын жинау, минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді үстеме қоретендіріу, үдерісті бөлмелерді бөлектеп болсада микроклиматын реттеуді автоматтандыру. Осымен қатар, агротехникалық шараларда сеппелерді күту, өнімді жинау қолмен атқарылады. Еңбек етудегі қиындығы суғару , өсімдіктерді қалыптастыру, егінін жинау.

Өсімдікте бұта қалыптастыруда және өнімді жинауда әсіресе тым өсіп кеткендері мен жұмыс істеу кезіндегі, адамның кейіпінің еңкейіп, бұталарды қолмен көтеру, аяқ, қол, бел, иық белдеулеріне ауыртпалық түсіреді. Ауыр заттарды бір орыннан екінші орынға аудару ауыртпалық, сондықтан, жұмысшылар еңбегін ауыр және жүктемелік категорияларына жатқызады.

Жабық грунттағы көкөніс шаруашылығы ауылшаруашылығы өндірі-сіндегі ауыр сала.

Көкөністер мен көшеттерді гидропонды әдістермен өсіру жұм-ыстарының көлемі аздау болса да ерекшелігі бар, әсіресе өсіру кезінде қорек ерітінділерді автоматты беру, бұл прогрессивті әдіс деп есептеледі.

Кешенді қолайсыз еңбек жағдайында жылы жәйларда істейтін жұмысшыларға теріс зиянды әсерлер бар. Шаруашылықтағы кәсіби топтарға қарағанда аурушаңдықтың жұмысшы еңбегін қиындығында келтіретін айырма бар. Аурушаңдық құрылымында, суық тиіп ауру этиологиясы ( ЖРА, бронхит, ангина); перифериялық нерв жүйесі (радикулит, аяқ, қол полиневралгиясы); аллергиялық тыныс мүшелері ауруы (астмалы бронхит) және тері (аллергиялық дерматит) аурулары.

Жылы жәйда істейтін әйелдерде гинекологиялық патологияның деңгейі жоғары ( эндомитртит, жіті және созылмалы аденоксит, менструальді бұзылушылық ), жүктіліктің асқынуы (токсикоз, түсік тастау) болады.

С а у ы қ т ы р у ш а р а л а р ы. Жылы жәйда жұмыс атқаратындардың зиянды әрекетерін шектеу және жою, жұмысшылар организмдеріне зиян келтіретін қолайсыз факторлар өндірістік орта және жұмыс үдерістері кешенді профилактикалық шаралармен, ұйымдық – техникалық, санитарлық, гигиеналық және емдеу профилактикалық жоспар, оны одан әрі жетілдіру, үдерістерді механикаландыру және агротехникалық автоматтандыру шаралары (грунтты өңдеу, тыңайтқыштарды, пестицидтерді ендіру, егінді жинау) қажет. Жұмыс ортасына дизильді және карбюраторлы қозғалтқыштардан шыққан газдардан арылу, мүмкіндігінше электрлі-тартқыштарды (электрокар, электротрактор) пайдалану. Профилактикалық шаралар ішінде қажуды, зорығуды, шаршауды болдырмау, жұмысшылар еңбек режиміндегі ұтымдылық демалысты ұйымдастыру ең маңыздысы.

Микроклиматты қалыпқа келтіру, қарқынды желдету булы салқындату жүйесін қолдану, күннің ыстық кездерінде көлеңке түсіретін механи-каландырылған қондырғыларды орнатып, оны қолдануға қол жеткізу. Тәжірибеге калориферлік және сумен жылытуды ендіру арқылы жылы жәй микроклиматына қолайлы жағдай жасау. Тұрмыстық бөлмелердің қызып кетпеуін ескертуде, арнаулы демалыс бөлмелері қажет. Әрине, ең маңыздысы қолайлы, ыңғайлы арнаулы киімдер кию, дұрыс тамақтану режимі керек.

Жылы жәйлар орындарын да қазіргі талапқа сай қондырғы болуы керек, яғни, ауа ортасы ластанбауы үшін сұйық отынмен жұмыс істейтін қондырғыларды пайдалану.

Жабық грунттағы зиянкестер мен өсімдіктерге зиянды ауру тудыратын химиялық заттар мен күресуде қатаң жұмыс ережелерін сақтау керек. Оған жататындар: жылы жәй орындарында міндетті түрде орталықтандырылған дайын жүйе және пестицидтер мен минералды тыңайтқыштардың берілуінде; ядохимикатты препараттардың қолдану мерзімі қатаң көрсетілуі; жұмыс аймағындағы ауадағы пестицидтер құрамының көкөністер, құрал жабдықтар, технологиялық қалдықтарды тұрақты бақылануда болуы тиіс.

Пестицидтерді пайдалануда міндетті түрде химиялық және биоло-гиялық заттар тізімін басшылыққа алып, ауылшаруашылығында қолдану рұқсаты болуы керек. Барлық өңдеу жұмыстарында пестицидтерді, өсімдіктерді, химиялық қорғаныстарында қолдану әрекеттері арнаулы звеноларда өткізіледі. Жылы жәйларда өсімдіктерді өңдеуді ыстық күндерде өткізу, таңертеңгі немесе кешкі уақыттарда төменгі температураларда, күн көзі аз түсетін мезгілдерде жүргізіледі.

18 жастағы жасөспірімдер, ауыр-аяқты әйелдер және медициналық көрсеткіші бар адамдарда жылы жәйда жұмыс істеуге тиым салынады. Ұзақ жұмыс күндерінде күшті әсер ететін және жоғарғы токсиакалы пестицидтер 4 сағаттан, қалғандары 6 сағаттан артық қолданылмайды. Пестицидтермен уланудан қорғану, ол жеке қорғану құралдары, арнаулы киім, аяқ киім, қолғаптар, жеңді киім, қорғанышты көзілдірік, респираторлар, противогаздарды пайдалану ең маңызды профилактикалық шара. Жеке қорғаныс құралдарын жұмысшылардың жылы жәйларда қолдануларында ережелерді білуі қажет.

Барлық жылы жәй шаруашылығында істейтін жұмысшылар арнаулы үкімет бұйрығымен, медициналық куәландырылуымен, медициналық тексерулерімен бақылаулардан өтуі керек.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!