Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Электрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету



ЭЕМ-ның барлық қондырғылары жататын, электрлік қондырғылар адамға үлкен потенциалды қауіп туғызады, өйткені пайдалану кезінде немесе алдын алу жұмыстарын жүргізуде адам кернеулікте түрған бөліктеріне қолын тигізіп алуы мүмкін. Электрлі қондырғылардың арнайы қауіптілігі: ток әкелуші өткізгіштер, ЭЕМ-ның түғырлары корпусының оқшаулығының зақымдалуы нәтижесінде жоғары кернеулікте болуы мүмкін, олар адамды қауіп туралы сақтандыратын ешбір белгі бермейді. Адамның электр тоғына жауабы тек соңғысының адам денесі арқылы жүріп өткенінде ғана пайда болады. Электрлік жарақаттануларды болдармаудағы ең маңыздысы ЕО-ның жұмыс істеп тұрған қондырғыларымен жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыру, жөндеу, монтаждық және алдын алу шараларын жүргізу. Бұл кезде дұрыс ұйымдастыру түсінігіне қолдануда бар «Тұтынушылардың электрлік қондырғыларды пайдаланудың техникалық ережелері және тұтынушылардың электрлік қондырғыларды пайдалануындағы техникалық қауіпсіздік ережелерінде» (ТЭЕ және ТҚЕ) және «Электрлік қондырғыларды орнату ережелерінде» (ЭОЕ) қалыптастырылған бірқатар ұйымдастырушылық және техникалық шараларды және заттарды орындау жатады. Бөлмелердің категориясына байланысты электрлік қондырғыларды пайдалануда және жөндеуде жеткілікті түрде электрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін белгілі бір шараларды қабылдау қажет. Жоғары қауіпті бөлмелерде электрлік құрал-жабдықта, тасымалданатын жарықшамдар екі кабатталған оқшаулағыштан жасалуы тиіс немесе қоректену кернеулігі 42 В-тан аспауы керек. ЕО-да мұндай ғимараттарға машиналық, ал ғимараты, сервистік және шеткері аппаратураларға арналған ғимараттар жатқызылады. Аса қауіпті ғимараттарда тасымалданатын жарықшамдардың қоректену кернеулігі 12 В-тан аспауы керек, ал 42 В-тан көп емес электр тасымалдаушы кернеулікпен жұмыс істеу тек ЖҚЗ-н (диэлектрлік кілемшелер және т.с.с.) пайдаланғанда ғана рүқсат етіледі Ток әкелуші бөлімдерде және оларға жақын жерлерде жұмыс істеу, осы бөлімдерде жүргізілетін жұмыстар немесе ЭОЕ-де қалыптастырылған аралықтан аз жақындатылған кездегі жұмыстар. Бұл жұмыстарға жекелеген түйіндерді, блоктарды жөндеу жұмыстарын жатқызса болады. 1000 В-қа дейін болатын электрлік қондырғыларда мұндай текті жұмыстарды атқаруда белгілі бір техникалық ұйымдастырушылық шараларды қолдану керек, мысалы: адам аңдаусызда тиіп кетуі мүмкін жұмыс орнына жақын орналасқан және басқа да тоқ әкелуші бөліктерді қоршау; диэлектрлік қолғаптармен жұмыс істеу немесе диэлектрлік кілемшеде тұрып жұмыс істеу; оқшаулағыш тұткасы бар құралдарды пайдалану, мұндай құрал болмаған жағдайда диэлектрлік қолғаптарды қолдану керек. Бұл түрге жататын жұмыстарды екі адамнан кем емес жұмысшылар атқаруы тиіс.



ТЭЕ, ТҚЕ- не сәйкес электрлі қондырғыларды тұтынушылар және олармен жұмыс істейтіндерге келесі талаптар қойылады:

• 18 жасқа толмағандар электрлік қондырғыларда жұмыс істемейді.



• өндірістік жұмысқа кедергі келтіретін шағымдары және аурулары болмауы керек.

• адамдар, сәйкес теориялық және тәжірибелік дайындықтан өткеннен кейін білімі тексерілуі тиіс және электрлі қондырғыларда жұмыс істеуге жіберілетін куәлігі болуы керек.

ЕО-да статикалык электрліктік разрядты тоқтары ЭЕМ-ның кез келген элементеріне жанасқанда пайда болады. Мұндай разрядтар адамға кауіпті емес, бірақ жағымсыз сезімдерден басқа олар ЭЕМ-ның істен шығуына алып келуі мүмкін. ЕО-дағы пайда болған статикалық электрлік разрядтарының шамасын төмендету үшін технологиялық едендердің жабындысын бір қабатты поливинилхлорлы антистастикалық линолеуммен орындау қажет. Басқа қорғау әдістеріне статикалық электрлік зарядын ионданған газдармен бейтараптау жатады. Өнеркәсіптерде радиоактивті бейтараптағыштар кен қолданылады. Статикалық злектрліктен қорғанудың жалпы шараларына ауаны жалпы және жергілікті ылғалдандыру жатады.

ЕО-ның ғимараттарына қойылатын санитарлык-гигиеналық талаптарды қамтамасыз ету.ЕО-ның бөлмелері, олардың өлшемдері (ауданы, көлемі) ең бірінші кезекте жұмысшылар санына және оларда орналастырылатын техникалық заттардың жинағына сәйкес келуі керек. Оларда сәйкес ауа температурасының, жарықтандырудың, ауа тазалығының көрсеткіштері қарастырылады, өндірістік шудан оқшаулауды қамтамасыз етеді және т.с.с. Қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормалар келесі талаптарды калыптастырады:

3. 1. Т. ВДТ, ПК және ЭС пайдалануға арналған барлық бөлмелер жеке жерлендіру контурымен жабдықталуы тиіс;

3. 2. Т. ВДТ, ПЭЕМ және ПК жертөлелік бөлмелерде орналастыруға тыйым салынады. Балалардың мектепке дейінгі, орта және орта арнайы оқу орындарында ВДТ, ПЭЕМ, және ПК-ді орналастыру үшін цокольды бөлмелерді пайдалануға рұқсат етілмейді;

3. 3. Т Оқу орындарында компьютерлерді тек периметральды орналастыру ;

3. 4. Т. Кеңселерде, әкімшіліктік-өндірістік бөлмелерде және басқа да мекемелерде периметральды орналастыру кезінде ВДТ және ПЭЕМ- жұмыс орнына бөлінетін аудан 4, 0 м2 кем болмауы керек, қатарлатып немесе ортасына орналастыруда – 6 м2, оқу орындарында 1 жұмыс орнының 5 м2 кем болмауы керек. Мектепке дейінгі мекемелерде – 6 м2 кем емес, ал көлемі 20 м2 кем емес болуы керек. Осымен байланысты, дамытылған мониторларда жоғары жиілікті электромагниттік сәулеленулер жоғары және жартылай артқа әкетілуі тиіс, компьютерлерді қ а т а р л а т ы п немесе о р т а л ы қ т а н д ы р ы п емес, п е р и - м е т р ал ь д ы орналастыру ұсынылады.

ЭЕМ-н пайдалану үшін келесі бөлмелерді қарастыру керек:

• Машиналық дәліз, сервистік және шеткері аппаратураларды орналастыруға, қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандарды, жабдықтарды сақтауға арналған бөлмелер;

• Үрмелі-сормалы желдеткіштерді орналастыру бөлмелелері;

• Қызметкерлер бөлмесі;

• Ақпараттарды кабылдау және тарату бөлмесі.

ЕО-ның негізгі бөлмелері бір-біріне тікелей жақындықта орналастырылады. Оларды жалпы алмасулық желдендірумен және жасанды жарыктандырумен жабдықтайды. Машиналық дәліз және ақпараттардың магниттік тасымалдағыштарын сактау бөлмелеріне ерекше талаптар қойылады. Машиналық залдың ауданы ЭЕМ-сының берілген түрінің зауыттық техникалық шарттары бойынша, қажетті ауданына сәйкес келуі керек.

Залдың технологиялық еден үстінен аспалы төбеге дейінгі биіктігі 3-3, 5 м болуы керек. Аспалы және негізгі төбе арасындағы қашықтық бұл кезде 0, 5-0, 8 м болуы керек. Еден асты кеңістіктің биіктігін 0, 2-0, 6 м-ға тең қабылдайды.

ЕО-да ереже бойынша бүйірлік табиғи жарықтандыру қолданылады СанЕмН талаптарына сәйкес келуі керек; бөлмелері және кабинеттері табиғи жарықпен жарықтандырылуы тиіс. Басқа қалған бөлмелерде жасанды жарықтандыру рұқсат етіледі. Табиғи жарықтандырудың бір өзі жеткіліксіз болғанда бірлестірілген жарықтандыру орнатылады. Бұл кезде қосымша жасанды жарықтандыру тәуліктің қараңғы бөлігінде ғана емес, сонымен бірге күндіз де қолданылады. Үстелдің көлденең құжаттармен жұмыс істеу аумағында үйлестірілген жарықтандыру 500 кем болмауы тиіс (бұл кезде жалпы жүйемен жарықтандыру үлесі 300 лк-тен кем болмауы керек)

Жасанды жарыктандыру атқаратын міндеттерінің сипатына қарай жұмыстық, апаттық, эвакуациялық болып бөлінеді. Дискомфорт көрсеткіші 25 тен аспауы керек, жарықтанудың пульсациялану коэффициенті ғимараттарда – 10% көп емес, мектепке дейінгі және барлық оқу орындарында – 5% көп емес болуы керек, өндірістік бөлмелердегі жалпы жасанды жарықтандыру көздерінінен көзқарықтыру көрсеткіші 20-дан көп болмауы тиіс. Тікелей жарқырауықты шектеу керек, бұл кезде жарқырайтын беткейлердің жарықтығы 200 кд/м2 аспауы керек. Шағылысқан жарықтандыру жүйесін қолдануда төбенің жарықтығы 200 кд/ м2 –тан аспауы керек. ПЭЕМ тұтынушының көру алаңында жарықтандырудың біркелкі емес таралуын шектеу қажет, бұл кезде жұмыс беткейлері арасындағы (үстел жарықтықтардың карым қатынасы 3:1 және 5:1, ал жұмыс беткейлері мен қабырғалар және қондырғылар арасында -10:1 аспауы тиіс.

Бөлмелерді ұтымды түрлі түсті көрнекілеу еңбек жағдайының санитарлық- гигиеналық жағдайларын жақсартуға, оның өнімділігін және қауіпсіз жоғарылатуға бағытталған. Бөлмелердің боялуы адамның жүйке жүйесіне тигізеді, оның көңіл- күйіне және ақырғы есепте еңбек өнімділігіне де әсер етеді. Негізгі өндірістік бөлмелерді техникалық затгардың түсіне келтіріп бояйды. Бөлмелердің жарық-тандырылуы және жабдықталуы жайлы жарқырауықсыз болуы керек. ВДТ және ПЭЕМ бар бөлмелердің ішкі өңделулері үшін шағылыстыру коэффициенті төбе үшін – 0, 7-0, 8; қабырғалар үшін – 0, 5-0, 6 еден үшін – 0, 3-0, 5 болатын диффузды-шағылыстырушы материалдар қолданылуы қажет.

ЕО-ның жұмыс орындарында ішкі көздермен туғызылатын, сонымен катар, сырттан келетін шуларды төмендету аса маңызды міндет болып табылады. Сәулелену кезінде шуды төмендетуді машинаның, жабдықтың негізімен тіректік беткей арасына серпімді төсеніштерді қолданумен камтамасыздауға болады. Төсеніштер ретінде резина, киіз, тығын, әртүрлі құрастырылымдағы амортизаторлар қолданылады. Үстел үстілік шулы аппараттар астына жасанды материалдан істелінген кілемшелерді төсеуге болады, ал үстелдерді орнатқан аяқшаларының астына – жұмсақ резинадан, киізден қалыңдығы 6-8 мм болатын төсеніштер төсеуге болады. Төсеніштерді тіректік бөліктерге жабыстыру жолымен бекітуге болады.

Сонымен бірге, технологаялық үдеріске кедергі келтірмейтін дыбыс окшаулағыш қаптарды пайдалануға болады. Пайдалану барысында шуды төмендетуде шу шығарушы жабдықты уақтылы және дұрыс түзеу, майлау және механикалық түйіндерін ауыстыру да аз емес. ЕО-да бөлмелерді ұтымды жоспарлау, қондырғыларды орналастыру ЭЕМ бар жағдайда шуды төмендетуге қол жеткізетін маңызды фактор болып табылады. ЕО-н жоспарлауда машиналық зал мен сервистік аппаратураларға арналған бөлмелерді шу бөлуші және дірілдеуші қондырғылардан алыста орналастырған дұрыс. СанЕмН-да – ВДТ және ПЭЕМ-ның жұмысы негізі болып табылатын бөлмелерде (диспетчерлік, операторлық, есептік, басқару тұрақтары, есептеу техникасының залдары, кеңселер және т. б. ), барлық орындарында (ЖОО косқанда ) және мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс орнындағы шу деңгейі 50 дБА-дан аспауы тиіс. Инженерлік-техникалық жұмыстарды орындауда, зертханалык, аналитикалық және өлшемдік бакылау жүргізуде шу деңгейі ВДТ және ПЭЕМ бар бөлмелерде 60 дБА-дан аспауы керек. ЭЕМ операторларының бөлмелерінде (дисплейлерсіз) шу деңгейі 65дБА жоғарыламауы тиіс. Есептеу машиналарының (АЦПУ және т.с.с.) агрегаттары орналасқан бөлмелердегі жұмыс орындарында шу денгейі 75 дБА-дан жоғары болмауы керек. Шудың нормаланатын деңгейлеріне сәйкес келетін спектральды сипаттамалары СанЕмН-ның келтірілген. Өндірістік бөлмелерге сырттан енетін шу деңгейін төмендету, қоршамалы құрастырылымдардың дыбыс оқшаулауын жоғарлатумен, терезелер мен есіктердің айналымдарын периметрі бойынша нығыздаумен қол жеткізілуі мүмкін. ВДТ-мен және ПЭМ-мен жұмыс істеу кезінде өндірістік бөлмелердегі дірілдің деңгейі 3 категорияның «в» типіне арналған МЕСТ «Дірілдік қауіпсіздік. Жалпы талаптар» шектік рұқсат етілген мәндерден жоғары болмауы керек, қалған жұмыс орындары үшін – келтірілген мәндерден аспауы тиіс. Шу деңгейлері берілген жұмыс түрі үшін рұқсат етілген шамалардан жоғары болатын шу шығарушы қондырғылар (АЦПУ, принтерлер, және т. Б. ) ВДТ және ПЭЕМ-ы бар бөлмелерден тыс орналастырылуы тиіс. Шуды төмендету мақсатында бөлмелердің ішкі өңделулері үшін максимальды дыбыс жұту коэффициенті 63-8000 Гц жиілік ауданында болатын, дыбыс жұтушы материалдарды, алдын ала шаралардың тиімділігін акустикалық есептеулермен дәлелдей отырып, қолдануға болады . Қосымша дыбыс жұткыштар ретінде қатты матадан рындалған біркелкі, қабырғалардың бояуымен үйлесетін және қоршамадан 15-20 см аралыкта ілінген перделер пайдалануға болады. Перденің ені терезенің енінен 2 есе үлкен болуы қажет.

Осылайша, ішкі көздермен жұмыс орындарында тудырылатын шуды, сондай-ақ, сырттан енетін шуды т өмендету үшін мыналарды орындау қажет:

• Шу көздерінің өзінің шуын азайту керек (экрандарда, дыбыс оқшаулайтын қаптарды қолдану);

• Шағылысқан дыбыс толқындарының қосындылық әсер ету эффектісін төмендету (құрастырылымдардың дыбыс жұтушы беткейлері);

• Қондырғыларды ұтымды орналастыру;

• Шу көздерін оқшаулаудың сәулеттік-жоспарлық және технологиялық шешімдерін пайдалану.

Ртке қарсы қорғаныс

ЕО-дағы өрт өте аса қауіп төндіреді, өйткені үлкен материалдық шығындармен байланысты. ЕО-ның өзіне тән ерекшелігі - бөлмелерінің ауданының кішігірім болуы. Өрт жанғыш заттардың өзара әсерлесуі, тотығуы және жану көздері болғанда пайда болатыны белгілі. ЕО-ның бөлмелерінде өрттің болуына қажетті осы үш фактордың үшеуі де бар. ЕО-дағы жанғыш құрамдастарға жатаыны: бөлмелерді акустикалық және әдемілік үшін өңдеуге арналған құрылыс, қалқалар, есіктер, едендер, перфокарталар және перфоленталар, к абельдерді оқшаулау және т.б.

Өртке қарсы қорғаныс - адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өртті болдырмауға, таралуын шектеуге, сонымен қатар өртті ойдағыдай сөндіруге жағдайлар жасауға бағытталған болуы керек .

ЕО-да жану көздеріне ЭЕМ-ның электронды сызбалары, техникалық қызмет көрсетуге арналған құралдар, электрлік қоректендіру құрылымдары, ауаны кондиционерлеу жатады, онда әртүрлі ережелерді сақтамағандықтан жанғыш материалдардың тұтануына алып келетін, қатты қызған элементтер, электрлік ұшқындар және доғалар түзіледі.

Дамытылған ЭЕМ-да электронды сызба элементтерін орналастыру тығыздығы өте жоғары. Бір біріне тікелей жақындықта жалғастырушы сымдар, кабельдер орналасады. Олармен электр тогы жүріп өткенде біршама мөлшерде жылу бөлінеді. Бұл кезде, оқшаулығыштың балқуы мүмкін. ЭЕМ-нан бөлінген артық мөлшерін басу үшін ауаны желдендіру және кондиционерлеу жүйесі қолданылады. Үнемі жұмыс істеп тұрғанда бұл жүйелер де қосымша өртке қауіпті.

ЕО-н электрмен қамтамасыз ету трансформаторлық бекетпен және қозғағыш- генераторлы агрегаттармен іске асырылады. Трансформаторлы бекеттерде майлы суытулы трансформаторлар аса қауіп төндіреді. Осымен байланысты трансформаторларды пайдалану дұрыс болып табылады.

Қозғағыш-генераторлы агрегаттардың өрт қауіптілігі қысқа түйықталулармен шамадан тыс жүктемелермен, электрлік ұшқындаумен қамтамасыз етіледі. Қауіпсіз жұмыс істеу үшін агрегаттарды дұрыс есептеу және қорғаныс аппараттарын дұрыс таңдау қажет. Қызмет көрсететін, жөндеу және алдын алу жұмыстарын жүргізуде әртүрлі майлағыш заттар, жеңіл тұтанатын сұйықтықтар қолданылады, уақытша электрлік сымдар төселінеді, жекелеген түйіндерді дәнекерлеу және тазалау жүргізеді. Қосымша өрттен қорғану шараларын талап ететін қосымша өрт қауіптілігі пайда болады. Атап айтқанда, паяльникпен (дәнекерлегіш) жұмыс істегенде, жұмыс істемей тұрғанда колданылатын қуаттылықты азайту үшін күрделі емес саймандарды бар жанбайтын, ыстыққа төзімді астына қойғыштарды қолдану керек.

ЕО-ның басым көп бөлмелеріне өрт кауіптілігінің В категориясы калып-тастырылған.

Өрттен қорғанудың ең маңызды міндеттерінің бірі құрылыстық бөлмелердің қүлауынан сақтану және өрт кезінде жоғары температуралар әсер ету жағдайында, олардың жеткілікті түрде мықтылығын қамтамасыз ету. ЕО-дағы электронды кондырғыларының құнының жоғарылығын, с онымен қатар, оның өрт қауіптілік категориясын ескергенде, ЕО-на арналған ғимараттар және ЭЕМ-н орналастыру қарастырылған басқа мақсаттағы ғимараттардың бір бөлігі 1 және 2 дәрежелі өртке төзімді болуы керек.

Құрылыстық құрастырылымдарды дайындау үшін, ереже бойынша, кірпіш, темірбетон, әйнек, металл және басқа да жанбайтын материалдар қолданылады. Ағаштың қолданылуы шектелуі тиіс , ал қолданылған жағдайда оған өрт қорғайтын қоспалармен сіңдіру қажет. ЕО-да қалқа іспетті өртке қарсы бөгеттерді жанбайтын материалдардан машиналық заддар арасына орнатады.

Кішігірім өртті сөндіруге арналған заттарға өрттік бағаңдар, ішкі өрттік құбырлары, өрт сөндіргіштер, құрғақ қүм, асбестті көрпешелер және т. с. с.

ЕО-ның ғимараттарында өрттік крандар дәліздерде, баспалдақтардың кіре беріс алаңдарда орнатылады. Су өрт сөндіру үшін бағдарламашылардың бөлмелерінде, кітапханада, қосалқы және қызметкерлер бөлмелер қолданылады. ЭЕМ-ның машиналық залдарында, ақпараттарды тасымалдау бақылаулық-өлшеулік жабдықтар бөлмесінде өрт сөндіру үшін суды коймалар қондырғылардың зақымдалу немесе толық істен шығып қалу қаупіне байланысты өте сирек, өрт үрей туғызардай үлкен көлемде болған жағдайларда ғана қолданылады. Бұл кезде судың мөлшері ең аз болуы керек, ал ЭЕМ-н брезент немесе матамен жауып, су тиюден қорғау керек. Алғашқы кезеңде өртті сөндіруде, өрт сөндіргіштер қолданылады.

Қолданылатын өрт сөндіретін затының түріне байланысты өрт сөндіргіштердің келесі негізгі түрлерін ажыратады: көпіршікті өрт сөндіргіштер кернеулікте тұратын электрлік қондырғылардан басқа жанып жатқан сұйықтықтарды, әртүрлі материалдарды, кұрастырылымдық элементтерді және қондырғыларды сөндіру үшін қолданылады.

Газды өрт сөндіргіштер жанып жаткан сұйык және қатты заттарды, сонымен бірге, кернеулікте болатын электрлік қондырғыларды сөндіру үшін қолданылады.

ЕО-ның өндірістік бөлмелерінде ең басты көміркышқылды өрт сөндіргіштер қолданылады, олардың артықшылығы өртті сөндірудің жоғары тиімділігі, электрлік қондырғылардың сақталуы, көмірқышқыл газының диэлектрлік қасиеті электрлік қондырғыны бірден сөндіру мүмкін болмаған жағдайда да қолдануға қол жеткізеді. Өртенудің алғашқы кезеңін анықтау және өрттен қорғау қызметін хабардар ету үшін автоматты түрде іске қосылатын өрттік сигнализация жүйесі қолданылады (АӨС). Бұдан басқа, олар өрт әлі үлкен көлемдерді алмаған кезде, өздігінен өрт сөндіру қондырғыларын іске косуы мүмкін. АӨС жүйесі өртті хабарлаушылардан, байланыс торабынан және қабылдау тетіктерінен (бекеттерінен) тұрады.

АӨС жүйесін қолдану тиімділігі хабарлаушы түрін және оларды орнату орындарын дұрыс таңдаумен анықталады. Өртті хабарлаушыларды таңдауда олардың пайдаланудың нақты жағдайларын: бөлмелер мен ауа ортасының ерекшеліктерін, өрттенетін материалдардың болуын, мүмкін болатын жану сипатын, технологиялық үрдістің арнайылығын және т. б. ескеру қажет.

«Өнеркөсіп орындары үшін өртке қауіпсіздіктің типтік ережелеріне» сәйкес ЭЕМ залы, сыртқы есте сақтаушы құрылымдарға арналған бөлмелер, мәліметтерді, сервистік аппараттарды дайындау, архивтер, көшіріп-көбейтетін жабдықтар бөлмесі және т. б. түтіндік өрттік хабарлағыштармен жабдыктау керек. Бұл бөлмелерде өрт басталған кезде әртүрлі пластмасс, оқшаулағыш материалдар және қағаз бұйымдар бастағанда түтін едәуір көп бөлінеді және жылу аз болады.

Е0-ның басқа бөлмелерінде, соның ішінде машиналық залда генераторлар мен лифтілерде, трансформаторлық және кабельдік өзектерде, ауа жолдарында дизельдер болғандықтан жылулық өртті хабарлаушыларды қолданған дұрыс.

ЕО-ның объектілерінде АӨС-ден басқа стационарлы автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтау қажет. ЕО-да өртті газдық сөндіру қондырғыларын қолданған мақсатты, олардың әсері бөлме ішін ауада оттегі мөлшерін бірден төмендететін өрт сөндіретін газды затпен тез толтыруға негізделген.

Рдайым өрт қауіпсіздігіне тиісті көңіл аударылуы керек, өйткені ЕО-дағы өрт адам өмірімен және үлкен материалдық шығындармен байланысты .


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!