Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Имыл-қозғалыстар сергітеді және көңіл күйіңізді көтереді!



Қиылыспалы қимылдар – ол бір мезгілде ми, көздер және дене «іске қосылатын» қимыл-қозғалыстық стереотип.

Қиылыспалы қозғалыстар: мидың жарты шарларының екеуін де бір мезетте белсендіреді; көз бен көру жүйкесінің өзара байланысып әсерлесуін жақсартады; жұмысқа қабілеттілікті жоғарлатады және оқу материалының меңгерілуін жақсартады; кез келген ақыл-ой еңбегінің орындалуын жеңілдетеді; жаңа тағылымдарды меңгеруге, шығармашылық қабілеттерінің дамуына және тез реакция беруіне ықпал жасайды; мидың екі жарты шарының да белсенді жұмыс істеуі есебінен ойлау үрдісінің бір тұтастығына әсерін тигізеді.

Мидың сол жақ жарты шары логикалық-аналитикалық ойлауына, амалдардың орындалуына, тапсырмалардың бөлінуіне, олардың орындалуының кезектілігінің сақталуына және тұжырымдар жасауға жауапты.

Оң жақ жарты шар шығармашылыққа және жетілдіруге, өз ойын айта білуіи жауапты, біртұтас алғанда қиылыспалы қозғалыстар дененің оң және сол жартыларының, төменгі және жоғарғы бөліктерінің, екі жарты шармен және екі көзбен гормонды және динамикалы өзара әсерлесуді қамтамасыз етеді.

Қиылыспалы қимыл-қозғалыстар – ол бұлшықеттердің құрысуын басатын; бір мезгілде рахатқа бөлейтін дене жаттығулары. Егер жұмыс орнында немесе үйде сіз шаршағандықтан өзіңізді «сығылған лимон» сияқты сезінсеңіз, сіздің жүйкелеріңіз әбден жұқарса, сізді үйқы және енжарлық басса, сіздін ойыңыз бытыраңқы және сізге ойыңызды жинақтау қиынға соқса, тұрған бойда немесе жүріп бара жатып бірнеше қиылыспалы қозғалыстар істеңіз, мүмкіндік болса музыкамен шұғылданыңыз, сол кезде сіз әндетсеніз, ысқырсаңыз немесе жабық ауызбен жай ғана «ыңылдасаңыз» болды.



Ал ол былай істелінеді:

• Тік тұрыңыз және бір мезгілде оң қолыңызды алға қарай созыңыз және сол колыңызды көтеріңіз, тізеңізді бүгіңіз.

• Енді қолдарыңыз бен аяқтарыңыздың қалыптарын өзгертіңіз: бір мезгілде алға сол қолынызды созыңыз және оң қолыңызды көтеріңіз, тізеңізді бүгіңіз.

• Бұл кезде көз қарасыңызды солға жоғары сағат тіліне қарама- қарсы тастай отырып, көздеріңізбен айналмалы қозғалыстар жасауға тырысыңыз. Ол мидың оң жақ жарты шарының жұмысын ынталандырады. Содан кейін, көзқарасыңызды оңға жоғары сағат тілі бағытында орын ауыстыра отырып, көз алмаларымен айналмалы қозғалыстар жасаңыз. Ол мидың сол жақ жарты шарының жұмысын ынталандырады.

Мидың жарты шарларының екеуін де белсендіру және интеграциялау бойынша ұқсас әрекеттерді «көлденең сегіздік» жаттығуы орындайды.

 

«Көлденең сегіздік»


«Көлденең сегіздік» жаттығуын орындау кезінде мидың екі жарты шарыда іске қосылады.

 

· Алға созылған сол қолыңызбен ауада «жатқан» сегіздікті «жазыңыз».

· Қозғалысты кескіннін барлық сызықтарының ортаңғы қиылысу нүктесінен бастаңыз, содан соң сағат тіліне қарсы шеңберді бейнелей және орталы нүктеге қайта орала отырып, қолыңызды солға жүргізіңіз.



· Одан қолыңызды сағат тілі бойымен оңға жоғары жүргізіңіз және алғашқы орталық нүктеге қайта оралыңыз.

· Дәл сондай жаттығулардың оң қолыңызбен істеңіз.

· Ең соңында жаттығуды екі қолыңызбен де бір мезгілде істеуге тырысып көріңіз.

Мидың оң жақ жарты шарын белсендіру

Компьютерде жұмыс істейтін адамдардың басым көпшілігінде, негізгі миының сол жақ жарты шары жұмыс істейді.

Мидың оң жақ жарты шары компьютерде жұмыстар атқару кезінде іс жүзінде «іске қосылмаған», «өшірілген» болып шығады. Егер оң жақ жарты шар сол жаққа көмек көрсетпесе және онымен бірге жұмыс істемесе, онда сол жарты шарға үлкен салмақ түседі.

Бұл ағзаның жалпы жағдайына, шаршағандықпен, зейіннің төмендеуімен, шығармашылық потенциалының ашығуымен көрініс береді.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!