Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Көз зорығуы және жалпы зорығу



1. Алдын алу

Көздің және жалпы зорығудың алдын алу туралы айтқанда, бірінші орынға компьютердің мониторынан көзге дейінгі қашықтықты (60-70 см, бірақ 50 см-ден кем емес) және экранмен жұмыс істеу ұзақтығын (жасқа байланысты) қатаң қадағалауды қою қажет. Жұмыс үдерісі кезінде экранға жақын келмеуді қадағалап отыру керек (әсіресе балалар мен жеткіншек жастағы балаларға).

Көздің зорығуын төмендету және дамуының алдын алу үшін барлық көрулік-күштенулі жұмыстарды атқаратын (соның ішінде ВДТ-мен жұмыс жасауда) адамдарға көз алмаларында қан айналымды жақсарту үшін жаттығуларды жасау пайдалы. Жаттығулар жұмыс орнында, орындықта отырып жасалынады.

2.Көздер жабық. Екі қолдың айналмалы қозғалыстарымен көз алмаларын сипалау керектігі – 10 сек.

3.Көзқарасты тура алдыңа, содан соң оңға, солға, жоғары, төмен тастау – 10 сек.

4.Көзді бар күшімен жұмып және ашу — 10 сек.

5.Көздерді жан жаққа аударып, содан кейін 10 сек жұму. Мұндайда, жаттығуларды күнделікті ауысымына 2-3 реттен жасау керек.

Көрудің физиологиялық көрсеткіштерін жақсарту және жақыннан көргіштіктің дамуы мен өсуін болдырмау үшін (балалар мен жас адамдарға) аккомодация мен конвергенцияны Э. С. Аветисов бойынша әйнектегі белгілер көмегімен шынықтыру.

Жаттығуды жүргізу үшін терезе әйнегінде көз деңгейінде диаметрі 2 мм С әріпін бейңеленген белгіні бекіту керек.

Жаттығушы белгіден 30 см қашықтықта орналасып, 3-4 сек. Бойына белгіге қарап отырады, көз тастауының сол бағытындағы терезеден ары затқа қарайды (3-4 сек), содан сон, қайта әйнектегі белгіге қарайды және т. с. с. – 3 мин.

Жаттығуларды күннің жарық мезгілінде жұмыс уақытында үзілістер кезінде жүргізген дұрыс.



Аккомодация мен конвергенцияны шынықтыру үшін ракетка қолданылады. Ол үшін ұзындығы 50-60 см сызғыш және тест-объект ( диаметрі 2мм болатын С әріпі) болуы керек. Тест-обьектіні, дөңгелек жағының диаметрі 10 см болатын ақ түсті картоннан немесе басқа бір қатты материалдан ракетка пішінінде жасап экранда орналастырған дұрыс. Экранды тұтқасымен істеген ыңғайлы (ракетка сияқты). Тұтқаның үстінен сызғышқа тесік жасау керек. Сызғышты тесікке қояды, тест-обьект сызғыштан 5 м биіктікте орналасуы керек. Содан кейін сызғышты жоғарғы еріннің ортасына қойын, ал басқа қолмен С әрпінен көз алмай қадағалап отырып экранды ерінге жақындату керек. Экранды обьект екеуленіп немесе бұлдырлай бастағанша жақындата береді. Содан соң шынығушы ракетканы ақырындап С әрпін көзбен қадағалай отырып көзден сызғыштың соңына дейін жылжыта бастайды. Жаттығуды 3 минут қайталайды. Әсіресе, бұл жаттығулар жақыннан көргіш адамдармен алғашқы пресбиопиялары барлар үшін өте пайдалы. Жақыннан көргіштікте келесі нүкте сызғыштың жиегіне қарай шеттеуіне, ал пресбиопияда – жақын арадағы нүкте көздерге жақындауына ұмтылу керек.

Көз тастаудың алмасуы

Жаңа көру тағлымдарын меңгеруде: көзді бір нүктеде ұстама!



Көзге жасалатын бұл жаттығу көз бұлшықеттерін босатады және бір нүктеге көзді жыпылықтатпай кадалып қараудан тыяды.

Көз қарасты, бөлмеде тұрган барлық заттарға қарай отырып ауыстыру: бұл өте маңызды шешуші үдеріс, көздерге тынығуға және босаңсуға мүмкіндік береді.

Сіз, осы жолдарды оқыған кезде сіздің көзқарасыңыз секундына 3-5 мәрте, яғни, минутына 250 мәрте өзінің орнын ауыстырады. Көз қарас, бір нысанадан келесіге ретімен сырғиды, ал бір сәтте көргенді қабылдау үшін бір нүктеде қатып қалады, содан соң алға жүреді, артқа жылжиды, тағы да келесі насанаға ауысады және т.с.с. Көздер үнемі қозғалыста болады және көз түсетін кез келген қашықтықтағы нысанаға автоматты түрде «бейімделеді» (аккомодация).


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!