Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Мұнай өңдеудегі еңбек жағдайы



Мұнайды өңдеу технологиясы. Қазіргі кезде мұнай өңдеу зауыттарының өзіндік мұнай өңдеу бөлімі технологиялык, үдерістің негізгісі болып табылады. Ол әртүрі химиялық өндірістерден тұрады: спирттер, майлы қышқылдардың, баска өндірістерге шикізат болатын синтезі. Мұнай өңдеу, отынды және майлы блоктардан және де сұйық өнім, парафин, битум өндірістерінен тұрады.

Мұнайды өңдеуге дайындау.Мұнай зауытқа, мұнай құбырлары, су және темір жол арқылы жеткізіледі де насос көмегімен шикізат резервуарына құйылады, Резервуарларда мұнай тұндырылады, лас заттардан тазартылады және сусызданады. Сусызданған мұнай өндеуге түсер алдында тұзсыздандырылады, себебі ерітілген тұздар қондырғыларды істен шығарады. Тұзсыздану электртұзсыздандыру қондырғыларында (ЭЛТҚ) өтеді. ЭЛТҚ-нан ауаға жеңіл көмірсутектердің булары бөлінуі мүмкін, ал күкіртті мұнайды өңдегенде күкіртсутек шығады.

Мұнайды өңдеу жоғары температурада және жоғары қысымда 50-60 атм, әртүрлі катализаторларды қолданып әсер етумен жүргізіледі. Мұнайдың көмірсутек молекулаларын радиоактивті изотоп көмегімен өңдеу әдістері зерттелуде.

Мұнайды термиялық өңдеу. Мұнайды термиялық өңдеу - мұнайды фракциялар қатарына бөлу, яғни, әрқайсысы өзінің физикалық құрылысы жөнінен (тік айыру) ұқсас көмірсутектер және жаңа өнім алу үшін молекулалардың ыдырауы (крекинг).

Тік айыру және крекинг келесі шаралардан тұрады: белгілі температураға дейін пештерде және жылу алмастырғыштарда қыздыру және түзілген бу - газ қоспаларын бөлу аппараттарында жеке фракцияларға айыру (ректификация); белгілі температурада қайнайтын буларды конденсациясы; алынған дистиллятторды салқындату; салқындап жатқан өнімнің жылуын басқа өнімдерді ысытуға пайдалану; мұнай өнімдерін қажетсіз қоспадан тазарту; шикізатты және алынған өнімді құйып алу.



Тік айыру. Тік айыру бұл физикалық үдеріс, мұнай құрамындағы әртүрлі көмірсутектер әртүрлі температурада қайнайды, соған байланысты белгіленген температурада көмірсутек буларын айырып, оларды конденсациялайды да әртүрлі фракциялар алады (дистилляттор,су айдау ).

Қазіргі кезде мұнайды тік айыру кұбырлы қондырғыларда жүргізіледі. Мұнайды қалдық - гудронға дейін терең айыру қондырғысы екі бөліктен тұрады: атмосфералық және вакуумды; осыны «атмосфералық-вакуумды құбырлы" қондырғы деп аталды (АВК).

Пеште, қондырғының атмосфералық бөлігінде, қыздырылу 32,5°С және қондырғы ішіндегі қысым 3-25 атм. ұсталады. Мұнда газ, бензин, лигроин, газойль, соляр және қалдық мазут алынады. Мазутты одан ары айыру онда май алынады, вакуумды бөлікте өтеді; қалдығы гудрон - нефтебитум алуда шикізат немесе қалдық майлар үшін. Ретификация тізбегіндегі вакуум барометрлік конденсатормен байланысқан сорғалап ағатын бу эжекторы көмегімен алынады.

Тік айыру бу және газ бөлінуімен жүреді. Құрамында жеңіл және ауыр қаныққан көмірсутектер бар; ал қанықпаған көмірсутектердің бөлінуі кездейсоқ. Күкіртті мүнайды айыру кезінде күкіртсутек ауаға бөлінеді.



Тік айыру және тұзсыздандыру үрдістері екі блоктада өтеді, ал басқа технологиялық үрдістер бір-бірінен ерекшеленеді.

Отынды блок. Тік айыруда, тек шикі мұнай құрамындағы көмірсутектер бөлінеді. Ал бағалы өнімдердің шығуын көбейту және олардың сапасын өзгертуде мұнайды өңдеудің химиялық жолы қолданылады. Қазіргі кезде крекинг әдісімен жүргізілуде.

Крекинг (термиялық) үдерісі мұнай өнімдерінің қысымы 40-60 атм. және температурасы 450-5000 С дейін қыздырылғанда іске асады. Крекинг нәтижесінде ауыр көмірсутектерден жеңіл қаныққан , қанықпаған көмірсутектер түзіледі және көп мөлшерде газ бөлінумен жүреді (шикізаттың 10-20 %).

Каталитикалық крекинг бензинді ароматтау мақсатында, ароматты көмірсутектерді 40%-ға дейін көтереді (термиялық крекингте 5-7%); каталитикалық крекингтегі бензин құрамындағы қанықпаған көмірсутектер мөлшері аз 5-10%. Каталитикалық крекинг алюмосиликатты катализатор қатысуымен іске асады және термиялық крекингпн салыстырғанда анағұрлым аз қысым қажет (0,5-1атм). Каталитикалық крекингте ауыр көмірсутектердің молекулаларының ыдырауы реакторда өтеді. Регенератордағы инактивирленген катализаторды ыстық ауамен үрлеу арқылы регенерациялайды.

Термиялықпен салыстырғанда, каталитикалық крекинг үдерісінде газдардың түзілуі аз (5%), бірақ шикізаттан кокстың (4-5%) түзілуі жоғары.

Газды фракциялау. Термиялық жәнө каталитикалық крекингтегі газдар гаэды фракциялаушы қондырғыға (ГФК) немесе абсорбциялы газды фракциялаушы қондырғыға (АГФҚ) жеке фракцияларға бөлу түседі. Қондырғының бірінші блогында газдар абсорбент бетіне шөгеді (керосин-гаэойлы фракция), ал екінші блогында 10 атм. қысым астындағы десорбердегі абсорбенттен жіңішке газ фракциялары бөлінеді, олар одан әрі өңдеуге түседі. Қалдық газды-бензин-тоңазытқыш арқылы тауарлы резервуар (қоймалы паркіне жіберіледі.АГФҚ-газ және қопарылыс қаупі бар қондырғы.

Алкилдеу. Мұнай өңдеу заытттарында қанықпаған көмірсутектерді күкірт қышқылымен алкелдеу барысында авиабензин алкилат компонентін алады.

Қондырғыға түсетін бутан-бутилен фракциясы меркаптаннан босау үшін сілтіленеді. Газ алынған шикізат контакторға түседі, күкірт қышқылымен араластырылады, да контактор ішіне аммиак беріледі. Араластырғыштың, контакторға ену орнының тығыздығы кем жерлерінен газ бөлінеді.

Алынған алкилат күкірт қышқылынан қышқыл тұндырғыштарда тұндырылады, кейін сілтілі тұндырғыштарда сілтімен араластырылады және тұндырылады.

Кейін өнімдерді қоспалардан тазарту колонналарда өтеді, онда 2—16 атм. қысым сақталады.

Майлы блок. Май өндірісі үшін, яғни, мұнайдың жоғары температурада қайнайтын тұтқыр және қажетсіз компоненттерден тазарту жүреді. Майларды әртүрлі еріткіштер көмегімен тазартады. Жаллы тазарту сызбасы еріткішпен майды экстракциялау, еріткішті қалпына келтіру және оны экстракция жүйесіне қайтару. Майларды асфальттан, шайырдан тазартуда пайдаланатын еріткіш - пропан; қондырғылардағы қысым 40 атм. дейін; 800С-қа дейін қыздырады; еріткіштің регенерациясы температурасы 130-150°С және қысымы 20-24 атм. дейін ерітіндіні қыздырғанда жүреді.

Деасфальтталған майлар фенолды қондырғыға бағытталады, онда асфальтерден, шайырдан және ароматтарды көмірсутектерден тазарады. Экстракция атмосфералық қысымда және температурасы 60-70 0С өтеді. Фенолдың регенерациясы температурасы 300°С және қысымы 2,7 атм өтеді. Парафиннен одан ары тазарту депарафинизация қондырғысында үштік ерітінді көмегінсіз өтеді, ол ацетон (25-30), толуол (10-25) және бензол (40-50) қоспасы болып табылады.

Майлар ерітіндісін қоспадан сүзу. Парафинсізденген майларды кристализаторға салқындатады. Майларды қондырғыларынан ауаға жылу көмірсутектер және еріткіштер булары бөлінуі мүмкін.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!