Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Химия өндірісіндегі жұмыс бөлмелердегі ауа сапасын бақылауды ұйымдастыру



 

Жұмыс аймағы ауасы зиянды және қауіпті заттар болуына санитариялық бақылау бірқатар заңды және нормативті құжаттар негізінде жүргізіледі:

Жұмыс аймағы ауасындағы қауіпті және зиянды заттарды бақылауға жоспар бір жылға құрылады. Зиянды заттардың фактілік концентрациясының ШРЕК және ОБУВ-қа сәйкес екендігін бекіту үшін бақылау жүргізіледі.

Жұмыс аймағы ауасының жағдайына жүйелі санитарлық бақылауды өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық лабораториялары жүргізеді. СЭС жоспарлы таңдамалы бақылау жүргізеді, өндіріс ерекшелігі, заттың қауіптілік класы, еңбек жағдайын ескеріп, еңбек гигиенасы дәрігері бақылаудың көлемін және жиілігін анықтайды.

Қазіргі уақытта максимальды бір реттік ШРЕК м.р. басқа, 1 және 2 класс қауіптілікті, жоғары куммулятивті заттар үшін орта ауыспалы ШРЕК шектеу енгізілген. ШРЕК орташа ауыспалы – ауыспалы кезеңінде орташаланған немесе 75%-дан кем емес ұзақтығының, жұмысшылардың дем алу аймағындағы заттардың шектік рұқсат етілген мөлшері. Жеделбағытты әсері бар (тітіркендіргіш, антиферментті т.б.) заттар үшін басты регламент - ШРЕК м.р. Ауадағы өндірістік уларды химиялық зерттеу үш кезеңнен тұрады: ауа сынамасын алу, алынған сынамадан зерттелетін затты алу және оның санын анықтау. Сынама алу еңбек гигиенасы дәрігерінің тікелей басшылығымен жүргізіледі. Зиянды заттарға бақылау жүргізу екі элементтен тұрады: 1) зиянды затты химиялық зерттеу; 2) алынған нәтижелерді талдау, сосын (қажет болғанда) еңбек жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар беру; Химия кәсіпорынын- дағы ауаның сынамасын алу жоспарын еңбек гигиенасы дәрігері белгілейді. Бұл кезде мына жағдайлар ескеріледі: технологиялық процесс, оның үздіксіздігі, кезеңділігі, қол жұмысы бар шаралардың болуы, температуралық тәртіп, түрлі кезеңде зиянды заттардың бөліну мүмкіндігі, бөлінген зиянды заттардың биологиялық әсері және қауіптілік класы, олардың физико-химиялық қаситеттері, агрегаттық күйі, тығыздығы, бу қосылысы т.б.заттардың айналу реакциялар мүмкіндігі - тотығу, деструкция, гидролиз және т.б. Бұл кезде жабдықтың жұмысы және орналасуы, бөлменің ауа алмасу желісі, жоспарлау ) қабаттылық, қабатаралық қуыс болуы және т.б.) жұмыс орындарының саны және түрі (тұрақты, уақытша ) ескеріледі.



Зиянды затты 0.5 ШРЕК-тен көп емес деңгейде қоспалар болғанда сомалық қателік +-25% аспайтын деңгейде таңдамалы анықтауды бақылау әдістері қамтамасыз етуі тиіс. ШРЕК м.р. және ШРЕК о.с. шектелетіндіктен, максимальды - бір реттік және орта ауыспалы концентрация да бақылануы тиіс. Өндірістік бөлмелердің жұмыс аймағы ауасына жеделбағытты әсер ету механизмі (1 тобы) заттар түсуі мүмкін болғанда сынама алу автоматты құралдар жүйесін, яғни, үздіксіз бақылау құралдарын пайдаланып жүргізіледі. Бұндай құралдар жоқ болса үздікті бақылау жүргізу рұқсат етіледі (уақытша шара ретінде), бұның кезеңділігі МСЭҚ органдарымен келісілуі тиіс.

Жеделбағытты механизмді әсері жоқ басқа заттар үшін бақылау кезеңділігі зиянды заттың қауіптілік класына тәуелді бекітіледі:



-1 класс заттары үшін – 10 күнде 1 реттен жиі емес;

-2 класс заттары үшін – айына 1 реттен жиі емес;

-3,4 класс заттары үшін – кварталына 1 реттен жиі емес.

Өндірістің нақты жағдайына тәуелді бақылау кезеңділігі МСЭҚ органдарының келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін. 3 – 4 класс қауіптілікті зиянды заттар болуы ШРЕК м.р. деңгейге сәйкестігі анықталса, бақылауды жылына бір реттен жиі емес жүргізу рұқсат етіледі.

Орташа ауыспалы концентрацияларды бақылау кезеңділігі кезеңдік медициналық тексеру жүргізу реттілігінен жиі емес болуы тиіс, яғни 12 немесе 24 айда 1 рет және МСЭҚ мекемелермен келісіп өзгертілуі мүмкін. Дұрыс нәтижелер алу үшін технологиялық үдеріс кезеңдерінің белгеленген нүктесінен зиянды заттардың концентрациясын бірретік өлшеу кезінде ауадан 3-5-тен кем емес сынама алу қажет. Зиянды заттардың концентрациясын бір реттік өлшеуді жұмыс аймағының қандай да бір нүктесінен 15-минутты стандартты уақыт бөлігінде үздіксіз немесе кезекті сынама алу кезінде жүргізеді. Егер бұл әдіс бойынша, 15 минут ішінде алынған заттың мөлшерінде 0.5 ШРЕК-ті табу мүмкін болмаса, онда сынама алу уақытын 30 минутқа созуға болады. Жедел бағытты механизмді әсері бар заттар үшін сынама алу және концентрацияны тіркеу уақыты 5 минуттан аспауы керек.

Алынған сынамалар бойынша орта арифметикалық және оның сенімді интервалын (аралық) мына формулалар бойынша есептейді:

 

; Е= (К макс.+К мин.) х 60%;

 

мұнда: Х-орта арифметикалық, мг/м куб;Е-сенімді интервал, %;К1, К2, К3,К4, К5- жеке сынамалардағы концентрация; Кмакс. және Кмин. - алынған сынамалардағы максимальды және минимальды концентрация.

 

40%-ға тең немесе аз сенімді интервалда орта арифметикалық өлшем шынайы деп саналады.

ШРЕКоа – ауысым бойына бөлінген немесе оның ұзақтығынан 75%-тен аз емес, жұмысшылардың демалу аймағындағы заттардың шекті рұқсат етілген құрамы. Бір кәсіптік топ жұмысшыларына әсер ететін орта ауысымды концентрацияның мөлшерін алу үшін 3-5 адам-ауысымнан кем емес, норманың орындалуы 80% кем емес сынаманы алу қажет. Орта ауысымды концентрацияны ШРЕК-тің нормативі орнатылған заттар үшін анықталады. Өлшеулерді жеке бақылау құралдарымен немесе жеке өлшеулер нәтижесі бойынша жүргізеді.

Тұрақты жұмыс орны бар және бір типті операцияларды орындайтын жұмысшылар үшін орта ауысымды концентрацияны (Коа) бір реттік өлшеу нәтижесінен өлшеудің нөлдік мәндерін ескере отырып, орта арифметикалық өлшемдер ретінде есептейді.

Тұрақты жұмыс орны жоқ жұмысшылар үшін орта ауысымды концентрацияны жұмысшылардың жеке орындарда болуының бір реттік өлшеу нәтижелерінен хронометражды мәліметтерді ескере отырып, мына формула бойынша анықтайды:

 

,

мұндағы: Коа – орта ауысымды концентрация, мг/м31, К2, ... Кn – зиянды заттардың концен-трациясын технологиялық үрдістің жеке кезеңдерінде бір реттік өлшеудің орта арифметикалық өлшемдері, мг/м3

t1, t2, ... tn – технологиялық процестің жеке кезеңдерінің (операциялардың) ұзақтығы, мин. Коа нәтижелері сіңірілген дозаны есептегенде, жеке экспозицияны бағалайды .


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!