Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Химия өндірісіндегі желдету жүйесіне қойылатын талаптар



 

Химиялық өндірісте еңбек жағдайын сауықтыруда желдету басты рөлді атқарады.

Химия өнеркәсібі кәсіпорындарында механикалық үрмелі-сормалы желдету жүйесі қажет (жергілікті және де жалпы алмасулық), өйткені аэрация шығарылатын ауаны тазалауға мүмкіндік бермейді.

Химия өндірісінің желдету жүйесін құру принциптерін таңдағанда бөлінетін зиянды заттардың құрамы және күйі туралы, шығу көздерінің орналасуы туралы дұрыс және толық мәлімет болуы аса маңызды. Химия өндірісі цехтарында бірінші кезекте жергілікті сормалы желдету жүйесі қарастырылады. Оны зиянды заттар бөлінуі мүмкін жерлерде, олардың бүкіл бөлмеге тарауын болдырмас үшін құру тиімді. Үздіксіз технологиялық үдеріс және қымтамалық аппаратура қолданған кезде реагенттерді түсіру және технологиялық сынама алу орындарында, аса қауіпті газ, бу, шаң бөлетін жабдықтардан – синтез реакторы, электролитикалық ванна т.б. сорып алғыш құрылым қажет.

Газ, бу және шаң бөлінуі біршама көп, үздіксіз үрдістердегіге қарағанда және де зиянды зат бөліну интенсивтілігі жоғары кезеңдік үрдістерде жергілікті сорулары бар радикалды жабындылар (укрытия) құру аса маңызды. Мұндай зияндылықтың шығу кезеңдеріне тиеу, түсіру люктері, кубтық қалдықтарды түсіру орындары т.б.

Зиянды бу және газдармен күресу үшін құрылатын жергілікті сормалы қондырғылар зиянды газ тәрізді және бу тәрізді бөлінділердің локализациясына (орнығуына) ықпал етуі тиіс. Бұл үшін әртүрлі тиісті жабындылар қолданылады: сормалы шкафтар, шатырлар, борттық сорғыштар т.б. Сорғыштардың келесі жылдамдығы ұсынылады:

а) сормалы шкаф қалдығында – газ және бу ШРЕК-ке тәуелді: 100 мг/м асатын коонцентрацияда – 0,5-0,7 м/с шамасында; 100 мг/м тең немесе аз концентрацияда – 0,7-1,0 м/с;



б) зонтты пайдаланған кезде – 0,5-тен 1,25 м/с дейін.

Жабындыларда сіңірілу жылдамдығы ауаны шаңсыздандыру кезінде әдетте 1,5-тен 4 м/с-ке дейін. Ауаның шығару жылдамдығы – 0,5-1 м/с.

Желдету жүйесіне бақылау жүргізу келесі мерзімдерде болады:

- 1 және 2 қауіптілік кластың зиянды заттары бөлінуі мүмкін бөлмелерде – айына 1 рет;

- механикалық жалпы алмасу және табиғи желдету жүйелеріне – 3 жылда 1рет;

- жергілікті сормалы және үрмелі желдету жүйелеріне – жылына 1 рет.

Аса қауіпті және қауіпті заттар бөлінетін бөлмеде жергілікті желдету қондырғылары технологиялық жабдықпен блокталуы тиіс, технологиялық агрегат жергілікті сормалы желдету жүйесі өшіп тұрғанда немесе резервті желдету қондырғысы қосылмай тұрғанда жұмыс істей алмайтындай болуы тиіс.

Кейбір жағдайда жергілікті сормалы желдетуді қолдану мүмкін болмаса немесе ол тиімсіз болса, жалпы алмасулық үрмелі-сормалы желдетуді зиянды заттарды араластыру және шығару, бөлмеде берілген қысымды құру мақсатында қолданады.

1 және 2 қауіптілік заттар және жарылыс қаупі бар қосылыстардың кенет бөлінуімен болатын технологиялық процестің бұзылуы мүмкін бөлмеде апаттық желдету жүйесі құрылуы тиіс. Бұл жалпы алмасулық сормалы желдету болып табылады. Апаттық желдетудің қуаты өндіріс ерекшелігімен анықталады, бірақ барлық кезде ол тұрақты жұмыс істеп тұрған сормалы желдетумен бірігіп сағатына 8-10 мәрте ауа алмасуын қамтамасыз етуі тиіс. Конструктивті апаттық желдету әдетте қуатты осьтік желдеткіш көмегімен орындалады. Осыған байланысты апаттық желдету арқылы шығарылатын ауа тасталуы кондиционерлер және үрлемелі жүйе үшін ауаны алу орнының қасында жүргізілмеуі тиіс.



Апаттық сормалы желдету арқылы шығатын ауа терезе, есік және басқа қуыстар арқылы енетін сыртқы ауа есебінен толықтырылып отыруы тиіс. Бұл кезде жылдың суық мерзімінде бөлменің уақытша салқындауы рұқсат етіледі.

Апаттық желдеткішті қосу және енетін ауаға қуыстарды ашу жеңіл бөлме ішінде және сыртқы орындардан дистанционды болса, бұл өте маңызды.

Шаң және жеңіл конденсирленуші буларды және де зиянды немесе өрт қаупі бар қоспаны түзетін заттарды немесе жаңа химиялық қосылыстарды көрсетілген қасиеттері бар әкететін жергілікті сорғыштарды жалпы жергілікті қондырғыға қосуға рұқсат етілмейді. Мұндай жергілікті сорғыштар жүйесін жалпы алмасулық сормалы желдету жүйелерімен де біріктіруге болмайды.

3 және 4 қауіптілікті біреуден артық емес зиянды заттың бөлінуі, егер бұл зат концентрациясы жұмыс аймағы ауасында 30% ШРЕК-тен аспаған жағдайда, бөлмеде ауа рециркуляциясы рұқсат етіледі. Рециркуляция көлемі үрмелі ауаның барлық көлемінің 90%-нfн аспауы тиіс, яғни адамға 50 м/сағ мөлшердегі сыртқы ауаның 10%-дан кем емес қамтамасыз етілуі тиіс.

Жобалау кезінде зиянды заттар бар болса, рециркуляцияны қолдану рұқсат етілмейді.

Ғимараттан тыс орналасқан аппараттардан шығатын ауалық құбырлар алаң деңгейінен 5 м биіктікте болуы тиіс.

Технологиялық қолдануы мүмкін емес жағдайда, кейбір жану кезінде аса улы зиянды заттар түзілген жағдайлардан басқа, зиянды жанғыш газ және буларды атмосфераға тастамастан бұрын жағып жіберуге рұқсат етіледі,

Тасталынатын ауаны тиімді тазалау үшін биіктігі 75-120 м құбырларды, тазалау қондырғылар жүйесін т.б. қолдану қажет.

Нашар иісі бар қосылыстарды қолданатын өндіріс жабдықтарын толығымен қымтаулау және озонмен технологиялық қалдықтарды желдету жүйесін құрастырғанда сору үрлеуден асып тұруы керек.

Улану қаупі әдетте жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу апаттық жағдайларда өсетінін есте сақтау керек. Бұл жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатынд аппарат және коммуникацияларды сапалы дайындауды (булау, үрлеу, желдету) ұйымдастыру, аппаратты ашу және тазалау үрдістерін кешенді механикаландыру жабдықты тазалаудың химиялық жөндеу жұмыстарына аса көп көңіл бөлінуі тиіс. Жөндеу жұмыстарын жүргізгенде апаттық желдету тоқтаусыз жұмыс істеуін, жұмыс орындарындағы жарықтандыру тасымалданатын шамдармен және таза ауаны тікелей жұмысшының демалу аймағына берілуін қамтамасыз ету керек. Тұйық кеңістіктерде, қауіпті аймақта жұмысшылардың болу уақытын шектеу маңызды болып табылады.

Желдету жүйесі жұмысының тиімді болуы үшін, оны жобалау кезінде бірқатар санитарлық-гигиеналық және техникалық талаптардың орындалуын қарастыру керек. Тұтынылатын ауа көлемі жеткілікті болуы тиіс. Өндірістік бөлменің желдетілуі және жұмыс аймағында ауаның талап етілетін параметр-лерін қамтамасыз ету үшін қажетті ауаның саны есептеу әдісі арқылы бекітіледі. Жылу немесе ылғалдың артықтығы немесе бөлінетін зияндылықтардың мөлшері бойынша (газ, бу, шаң), соған сәйкес есептеу жүргізіледі. Бөлмеде бір уақытта жылу, ылғал, зиянды заттар (немесе түрлі заттардың бірлесуі) үшін қажетті ауа алмасу көп бөлінетін зияндылық бойынша бекітіледі.

Бірқатар заттардың организмге бір бағытта әсері туралы мәлімет болса, жалпы алмасулық желдетудің есебін әрбір затты оның ШРЕК-на жеткенге дейін сұйытылуға қажетті ауаның шығынын қосу жолымен жүргізу тиіс.

Санитарлық нормаға сәйкес бөлмеге енетін сыртқы ауаның саны бір жұмысшыға 30 м3/сағ аз болмауы керек, 20 м3 аз бір адамға болатын бөлмеде жұмыс істегенде және бөлме көлемі 20 м3 көп болса бір адамға онда 20 м3/сағ кем емес. Табиғи желдету жүйесі жоқ бөлмеде бір адамға ауаның келуі - 60 м3/ сағ кем болмауы керек.

Бөлмеден шығарылатын ауа көлемі, ауаны кондиционерлеу қондырғылары пайдалану кезінде 7 сағат бойы үздіксіз және жөндеусіз дұрыс жұмыс істеген соң, МСЭҚ ұйымдарының қорытындысы бар болса беріледі. Бұл кездегі технологиялық жабдық және үрдістерді кешенді сынау жұмыстарының ұзақтығы пайдалану тәртібі, үздіксіз жұмыс істеуі – 72 сағаттан аспауы керек.

Химия өндіріс жұмысшыларына санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

 

Химия өндірісіндегі жұмысшыларға қызмет көрсетуге арналған бөлмелерге негізгі құрылыстық талаптар СНменЕ-ге сәйкес жобаларда көрсетіледі, ал санитарлық-гигиеналық талаптар және жеке арнайы құрылыстық талаптар – СН және ведомстволық нормалар бойынша анықталады. Санитариялық-тұрмыстық бөлмелер құрамына: киім ілгіштер, жуынатын жер, дәретханалар, душтар, қол және аяқ ванналары, әйелдердің жеке гигиена бөлмелері, темекі тарту бөлмесі, кір жуу, химиялық тазалау, кептіру, жұмыс киім және аяқ киімдерді зарарсыздандыру, шаңсыздандыру бөлмелері, фотарийлер, респираторлық бөлмелер, тамақтану пункттері кіреді.

Санитарлық-тұрмыстық бөлмелер құрамы өндірістік процестер тобымен сәйкес (4 топ) анықталады.

Өндірісте күшті және нашар иісті заттар болғанда, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер басқа өндірістің өндірістік және санитарлық-тұрмыстық бөлмелерінен оқшауланып орналастырылуы тиіс. Тұрмыстық бөлмелерді санитарлық өткізгіш типі сияқты құрады, олардың әрқайсысының тамбур жылжымалы қақпа (шлюзге) шығатын есігі бар. Жұмыс киімін сақтайтын шкафтардан ауа механикалық желдету арқылы шығарылады.

Кәсіпорындарда механикалық кір жуу, химиялық тазалау, кептіру, арнайы киім және аяқ-киімді жөндеу және зарарсыздандыру, шаңсыздандыруға арналған бөлмелер қарастырылуы тиіс.

Дене және арнайы киімнің заттармен ластануы болатын, арнайы жуғыш заттар қолданып тазалап отыратын өндірістік процестер топтары үшін үй киім-дері және арнайы киімге арналған гардеробтар (киім ілгіш) жеке болуы керек.

Арнайы киім ілгіштер, душтар, жуынатын жер, кептіру, арнайы киімді зарарсыздандыру және шаңсыздандыру, әйелдердің жеке гигиена бөлмелері, дәретханаларды жуғыш заттар қолданып жуу және тазалауға жеңіл, әрі төзімді материалдармен қабырғалары және арасындағы қалқалары жабдықталуы және де төбесі ылғалға төзімді бояумен боялуы тиіс.

Өндірістік ғимараттан тұрмыстық бөлмеге дейінгі ара қашықтығы 300 м-ден аспауы керек. Бұл бөлмелер өндірістік ғимаратпен жылы коридор арқылы қосылуы керек немесе ғимаратта орналасуы мүмкін.

Әрбір цехта демалуға арналған бөлмелер болуы керек, олардың қасында су ішетін кішкентай фонтандар және газсуы бар сатураторлы қондырғылар орналастырылуы тиіс. Жұмыс бөлмесінде тамақ ішуге болмайды. Тамақ ішу үшін зауыттың асханадан бөлек, қол жуғышы және титаны бар бөлмелері болады.

Химиялық өндірісті жобалау кезінде тамақ ішу пункттері, медициналық алдын алу комплекстері, әлеуметтік-еңбек реабилитация (жарамдылық) және сауықтыруға арналған кешендер қарастырылуы тиіс.

Жұмысшыларды санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз ету бойынша жобалық материалдарды тағамтану және коммуналды гигиена мамандарымен бірігіп жүргізу керек.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!