Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Санитарлық қорғаныс алаңы (СҚА) және бас жоспарға қойылатын талаптар



 

Химия өндірісінің арнайы ерекшеліктері (әртүрлі зиянды заттардың бөлінуі, жоғары өрт және жарылыс қаупі және т.б.) МСЭҚ ұйымдарының химия өндірісінің немесе химия кәсіпорындарының бас жоспарын бағалауда, СҚА ұйымдастыру және бекітуге өнеркәсіптік алаңдарды таңдауға дейін қойылуын талап етеді. Барлық химиялық кәсіпорындарға тән маңызды гигиеналық мәселе, бұл тек өнеркәсіптік алаң ауасының ғана емес, басқа да алаңдар ауасының зиянды заттармен ластануы және де айналасындағы аумақ, тұрғын массивтің ауа бассейнінің ластануы.

Химиялық кәсіпорынның алаңын жоспарлау «Өндіріс орындарының бас жоспары.Жобалау нормасы» СНмен Е-ге сәйкес жүргізіледі. Өнеркәсіптік алаңды жоспарлауға қойылатын гигиеналық талап ең алдымен өндірістің қуаты және сипатымен, атмосфераға шығатын тастамалар және өнеркәсіптік қалдықтардың сандық және сапалық құрамымен анықталады. Химиялық кәсіпорындарды тұрғын аудандардың тікелей қасында орналастыруға рұқсат етілмейді. Кейбір химиялық өндірісте қажет болған кезде санитарлық қорғаныс алаңын үш есе кеңейтуге болады, мысалы, жаңа жеткіліксіз зерттелген өндірістің құрылысын салу кезінде, шығарылатын ластанған ауаны тазалауға арналған қондырғылардың тиімділігінің жеткіліксіздігі кезінде СҚА тұрғылықты аумақ немесе химиялық кәсіпорынның өнеркәсіптік алаңын кеңейтуге арналған резервті аумақ бола алмайтынын есте сақтау қажет.

Химиялық өндірістің құрылысын салу үшін жер учаскесін таңдау кезінде жел өті және ауа райы туралы мәліметтерді есепке алу қажет. Химиялық кәсіпорындар тұрғын массивке қарағанда жел жағынан орналаспауы қажет. Зиянды заттар қалдықтары көп болатын кәсіпорынды әлсіз желді, атмосфераның ұзақ инверсия жағдайы болатын, з иянды заттармен атмосфераның фондық ластануы бар аудандарда салуға болмайды. Бұдан басқа бір өндірістің басқа өндіріске теріс әсері болмауы тиіс.



Жаңа және қайта құрылып жатқан нысандарды орналастыру, жобалау, құрылысын салу, пайдалануға беру кезінде, жұмыс істеп жатқан нысандардың пайдаға асыру және техникалық қайта өңделуі кезінде селитебті ауммағының атмосфералық ауасында ластанушы заттардың ШРЕК-ң сақталуын және халықтың жалпы демалу орындарындағы 0,8 ШРЕК сақталуын қамтамасыз ететін шаралар қолданылуы тиіс. ШРЕК немесе 0,8 ШРЕК-ң сақталуы заттардың биологиялық әсері немесе олардың атмосферадағы трансформациялы өнімдерінің қосындысы және де атмосфераның жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан және салынуға белгіленген нысандардың нәтижесінде ластануы есепке алынып бағаланады. 1 және 2 класқа жататын өндірісті сейсмоқауіпті және қанағаттанарлықсыз аэроклиматтық жағдайы бар алаңдарда орналастыруға тыйым салынады. СҚА кеңдігін жоғары жел бағытын (3>12,5%) есепке алып корректирлеу кезінде, Р <12,5% болатын бағыттар бойынша қысқартуға тыйым салынады. СҚА жайластыру және ұйымдастыру жобасы химиялық зерзат жобасымен біруақытта дайындалуы тиіс.



Химиялық кәсіпорындардың бас жоспарына баға берген кезде кәсіпорын аумағыының аймақтануына, аумақтың салыну пайызы, аймақ және өндірістің орналасуы, ғимарат осінің бағытына, олардың арасындағы үзіліске көңіл аудару маңызды. Химия кәсіпорындарында келесі аймақтарын ажыратады: өндірістік, қоймалық, қосалқы цехтар және әкімшілік-шаруашылық. Өнеркәсіптік зиянды заттардың көзін (өндірістік ғимарат және ашық алаңдардағы қондырғылар) әкімшілік-шаруашылық аймағы және зиянды зат шығармайтын өндірістік нысанға қарағанда леп соғатын жағына орналастыру гигиеналық көзқарас бойынша ұтымды болып табылады. Химиялық кәсіпорындардың бөлек ғимарат және құрылыстарын кәсіпорын алаңдарында желдету жүйесі арқылы келетін және келмейтін ауаны сору және ауаны кондиционерлеу орнында сыртқы ауадағы зиянды зат болуы өндірістік бөлменің жұмыс аймағы үшін ШРЕК-дан 30% аспайтындай етіп орналастыру қажет.

Алаңдарды желдету кезінде циркуляциондық аймақтардың маңызы ерекше, бұл ғимараттар және бөлек жабдығы бар сыртқы қондырғылардың жанында түзіледі. Циркуляциялық аймақтарда тұйық нашар желденетін аймақтар жатады. Циркуляциялық аймақтар (жел жағынан, желдің ық жағынан, бірыңғай және ғимараттар аралық) мөлшері – биіктігі 1,8 м ғимараттың биіктігі, маңдай алды бойынша ғимараттың ұзындығы (кеңдігі), тереңдігі – 4-тен 10-ға дейінгі ғимарат биіктігі. Циркуляциялық аймақта ауаға түсетін, оны ластайтын заттардың ұзақ циркуляциялануы және жиналуы болады. 11-89-80 СНменЕ-ге сәйкес қосалқы ғимараттарды 1 және 2 қауіптілік класқа жататын заттармен ластану көзі бар ғимараттар мен құрылыстардың жанында түзілетін циркуляциялы аймақтан тыс орналастыру қажет. Химиялық өндіріс нысандарында әкімшілік-шаруашылық және қосалқы алаңдарды өндірістік және көлік-қойма аймағынан үзіліс арқылы бөлу керек.

Бас жоспардың салыстырмалы гигиеналық сипаттамасы келесі көрсеткіштерді ескеруі тиіс: аймақтар арасындағы үзілістің аумақтық ауданы, жыл бойы өндірістік ғимарат және жабдығы бар сыртқы қондырғылардың циркуляциялық аймағыынан тыс болатын; жыл бойы желдетуге ұшырайтын және құрылыстан бос аумақ ауданы; ауданы негізгі ластағыш көзі болып табылатын өндіріске қарағанда жыл бойы желдің ық жағында болатын аумақ ауданы; жыл бойы циркуляциялық аймақтан тыс орналасқан жабдығы бар ашық алаңдар ауданы; пайыз бойынша циркуляциялық аймақтан жоғары түсетін желдеткіштің қалдықтардың көлемі.

Химия кәсіпорындарының бас жоспарын дайындағанда көгалдандыру (көп ауысымда 1 жұмысшыға 3 м-ден кем емес немесе кәсіпорын ауданының 15%-тен кем емес) және зауыт аумағына жайластыру, санитарлық қорғаныс аймағын қарастыру қажет.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!