Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы



 

Химиялық өнеркәсіп орындарына әртүрлі шикізат және материалдарды өңдеудің химиялық әдістері басым болатын өндірістер кешені жатады. Химиялық өнеркәсіптің келесі негізгі өндірістерін ажыратады:

- бейорганикалық қышқылдар, негіздер, тұздар және басқа да бейорганикалық қосылыстар шығаратын негізгі химия өндірісі;

- органикалық синтез кәсіпорындары, бұнда органикалық заттардың көптеген түрін өндіреді: қышқылдар, спирттер, еріткіштер;

- жасанды және синтетикалық талшықтар, жіптер – лавсан, капрон, вискоз және т.б. өндірістері;

- синтетикалық каучук, пластмасса, синтетикалық шайыр шығаратын өндірістер;

- резиналық аяқ-киімдер, резинатехникалық бұйымдар және шиналар өндіретін кәсіпорындар;

-анилин бояулары, лакбояу материалдарын шығаратын өндірістер;

- дәрі-дәрмек және басқа препараттар шығаратын химико-фармацевтикалық зауыттар;

- минералды тыңайтқыштар және пестицидтер өндіретін зауыттар мен комбинаттар.

Химиялық өндірістің көп түрлілігіне қарамастан олардың ортақ қасиеттері көп. Гигиеналық жағынан сәтті жіктеу бойынша барлық технологиялық үдерістер:

1.Дайындық операциялары (ұсақтау, дозалау, бастапқы материалдарды фракцияларға бөлу және елеу, тасымалдау).

2.Химиялық үдерістер (тотығу, тотықсыздану, хлорлау, нитраттау, электрохимиялық үдерістер және т.б.).

3.Химиялық компоненттерін бөлу ( ректификация, центрифугалау, фильтрация, экстракция, кристаллизация және т.б.).

4.Қорытынды операциялар (кептіру, ұсақтау, орап қаптау және сақтау).

5.Қосымша операциялар (технологиялық сынамалар алу, катализаторларды ауыстыру, алдын алу және апаттық жөндеу жұмыстары және т.с.с.).

Технологиялық үдерістер өзінің сипаты бойынша кезеңдік және үздіксіз, көп кезеңді және аз кезеңді, горизонтальды және вертикальды болып бөлінеді. Қазіргі заманғы ірі тонналық өндірістің көбіне тұйық үздіксіз циклдар тән, бұл цикл, қоршаған орта және жұмыс аймағы ауасына зиянды зат бөлінуін болдырмайды.



Кезеңдік үдерістер әлі де аз тонналық өндірісте қолданылады. Бұл үдерістер аппаратураларды ашу, шикізат реакциондық масса, жартылай өнімдер және соңғы өнімді түсіру және тиеумен байланысты, яғни, өндірістік бөлме ауасына зиянды заттар түсу қаупі болады. Бұл процестер көп жағдайда нашар механикаландырылған және автоматтандырылған, көп жұмысшы санын қажет етеді, көптеген ауыр қол жұмыстарының болуымен ерекшеленеді және жұмыс аймағы ауасының арнайы киім және жұмысшылардың тері жабындыларының ластануымен бірге жүреді, нәтижесінде оларға зиянды заттар әсер етеді.

Өндірістегі үздіксіз үдерістердің прогрессивті және кезеңді үдерістерімен салыстырғанда технико-экономикалық және гигиеналық артықшылығы бар: кешенді механикаландыру және автоматтандыру, қызмет етуші жұмысшы санының қысқаруы, жабдықтардың өнімділігінің жоғарылау мүмкіндігі және шығарылатын өнімнің сапасының жоғарылауы. Технологиялық үдерісті алыстан басқару және автоматтандыру мүмкіндігінің маңызы ерекше, бұл жұмысшылардың зиянды заттармен жанасуын біршама қысқартады. Бұдан басқа, үздіксіз үдеріс аппараттардағы тұрақты технологиялық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді (температура, қысым), нәтижесінде аппаратураның сақталуын жеңілдетеді және зиянды заттардың шығуы азаяды.



Төменгі температуралы, жоғары температуралы, каталитикалық, каталитикалық емес, электрохимиялық және т.б. процестерді ажыратады. Гигиеналық жағынан жоғары атмосфералық қысыммен жүргізілетін үдерістер қолайсыз болып келеді. Мұндай үдерістер кезінде аппаратураның тығыз еместігінен зиянды заттар бөлінуі жиі байқалады. Бұған аппараттардағы реакциялы массаның температурасының жоғарылауы көп дәрежеде ықпал етеді. Қазіргі заманға сай химиялық үдерістер, бұл атмосфералық қысымнан төмен қысымды аппаратурада немесе төмен температурада және вакуумда жүргізілетін үдерістер болып табылады.

Соңғы жылдарда, химиялық және мұнай химиялық өнеркәсібінде каталитикалық үдерістер қолданылуда. Катализатор ретінде көптеген металдар қолданылады – платина, күміс, никель, кобальт, молибден, хром, вольфрам және т.б. Каталитикалық үдерістердің жоғары жылдамдықта өтуі соңғы өнімдердің шығуын көбейтеді және жабдықтардың өнімділігін жоғарылатады: бұл үрдістердің гигиеналық артықшылығы олардың қарапайымдылығында (бастапқы материалдардың санын және аралық шараларды шеттеу). Бірақ, бұл үдерістегі қолайсыз операцияларға жұмыс аймақ ауасына зиянды заттар түсуімен және аппаратураны ашумен байланысты операциялар, катализаторды тасу және түсіру жатады.

Химиялық өнеркәсіпте пайдаланылатын әртүрлі шикізаттар былай жіктеледі:

а) шығу тегі бойынша – минералды, өсімдік тектес, жануар тектес;

б) химиялық құрамы бойынша – органикалық және бейорганикалық;

в) агрегаттық құрамы бойынша – қатты, сұйық және газ тәрізді.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!