Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Рылыстық өнеркәсіптік материалдар және құрылыс өндірісінің еңбек гигиенасы



Рылыстық материалдар

Құрылыстық өнеркәсіптік материалдар еліміздің материалдық-техникалық базасын жасауда, халқымыздың өмірінде мәдениет деңгейін қамтамасыз етеді.

Қазіргі кездегі құрылыс қарқынының дамуы,құрлыс материалдарын шығару,өсудің абсолютті өнімдерін арттыру үлкен күрес мәселесі.

Біздің елімізде цемент өндіру,құрылыстық известь,темірбетон жинау,асбесті-цемент өнімдерін және терезелік шыны щығару үлкен орын алады.

Құрылыс материалдарынын қоданыс аясы,кәдімгі шикізат және технологиялық тәсілдермен алынуда. Қүрылыс материалдарының технологиялық белгілер мынадай негізгі топтарға бөлінеді:тасты табиғи материалдар жеке шығарылатын өнімдер(тас,плита), бос материалдар (құм,гравийщебень);неорганикалық өрме материалдар-табиғи шикізат өртенетіп алынатын өнім,одан олар майдаланатындар;керамикалық материалдар және өнімдері; теплозиялық және акустикалық материалдар және өнімдері;органикалық өріледі заттар жіне өнімдері;жабындық гидрозалиялық материалдар; пластмасалық құрылыс материалдары;лакты бояғыш материалдар;металдық материалдар;орман материалдары.

Қазіргі замаңғы құрылыс материалдарының даму кезеңдері интенсификациялық үдерістер технологиясы,кешенді механикаландырылған және автоматтандырылған өндірістер.

Цемент өндірісі

 

Цемент- гидравликалық (ылғалды ортада қатайатын) бырыстырылған минералды материал,сумен қосылғаньтасты күйге көшеді.Әртүрлі цементтерді шикізаттан дайындайды,химиялық құрамы жағынан бір-бірінен ажыратылады: портландцемент, пуццоланды,мергальды (бос,құмтәрізді) саз жынысты және құрамын тұз етуші қосындылар (шлак,гипс,боксит,және т.б.)дан тұрады.

Зауытта цемент шикі затына майдаланады,тартады және араластырады.Цемент үшін қоспалар құрғақ немесе ылғалдау әдісімен дайындалады.Ылғалдық әдісте жұқа майдаланған шикізат қоспасы сумен шихтада дайындалады,ол майдаланған құрғақ порошок одан ары шахтада пешке беріледі,онда 1300-1400̊С де күйдіріледі,булану аймағынан өтіп,кальций қосылады және пісіреді,қатты түйіршік алынады.Алынған клинкер қоймаға жіберіледі,одан суынған соң минералдық қоспа енгізіп ауада өндірістің орындарында цементті диірменге ұн сияқты тартылып дайын цемент шығады.



Еңбек жағдайы. Цемент өндірісінде ортада негізгі қолайсыз фактор шикізат шаңы,гигиеналық талаптарды сақтамаудан 1м3 ауада,ондаған жүздеген миллиграмға цехтағы ұнтақтарға дейін максималды түрде ауытқиды. Цемент цех өндірісінде,20 дан 80%-ға дейін тұнған шаңда кремнийдің қос тотығы зауыттағы өңдеулі құрмамына байланысты,қоспа жіне негізгі шикізат 3,2% пуццоланды 67%-ға дейін қышқылға төзімді цемент болады.

Алты валентті хром ерітіндісі шаң құрамына енеді,оның құрамы С2 О3

-тің есебінен 0,004-тен 0,008 мг/м3 дейін ауытқиды.Цемент шикізаты хромдық қосылыспен енуі мүмкін,сонымен отқа төзімді төселген кірпішті футеровкалы күйдірілетін пеште,құрамында С2 О3 FeO болады.Осы соңғысы жоғары температурада алтывалентті қосылысқа айналады,ал кірпіштің үгітілуінен цементтің полуфабрикатымен –клинкері дайын цементке түседі.



Өндірістік цех микроклиматы сәулелік жылумен қыздырылады,оның көзі болып табылатын сыртқы беттік қондырғы:пеш,құрғататын барабан,рекуператорлар.

Жұмыс кезінде жоғары жиіліктегі шудың орташа жиілігі туындайды.Шикізат цехында машина диірмен майдалағыш жұмыс кезінде орташа жоғары жиіліктегі гүрсілдер туындайды.

Шудың дыбыстық деңгейі 90-110 дБА жетеді. Күйдіру цехында шудың негізгі көзі газ ағыны,ол қысыммен айналса пешке берілгенде болады.Пештің бас бөлігінің айналуы жұмыс алаңында,дыбыс деңгейі 110-120дБА жетеді. Диірмен цехында,цементті диірменнің жұмыс жіне шудың редукторындағы дыбыс деңгейі 100дБА,оның максимумдық дыбыстық энергия жиілігі 800ден 1200 Гц жетеді.

Цемент зауыттарындағы кәсіби аурулардың таралатыны тері,пневмакониоз және ету нервісінің невриті кең таралған.Тері ауруына себепкерлер-хром,кобальт,сирек никель цемент құрамында қоспа түріндее болуы мүмкін.Кәсіби аурулардан тыныс мүшелерінің ауруы созылмалы және демікпелер.

 

Темір бетонды өнімдер мен бетон өндірісі

Бетон - құрлыстық таста материалдардың жасанды түрі,ұтымды таңдалған өрімді материалдық қоспа нәтижесінде және инертті толтырымдар-құм,гравия,щебень т.б. қатаяды.

Өрімді материалдар түрінің өзі цементті,силикатты,гипсті,полумербетондар,олар әртүрлі цементтерден дайындалады.Силикаттар негізгі известь,полимербетондар-оның негізі синтетикалық смола (полиэфирлі,эноксидті,карболидті және т.б.)онда қатты ( құм,гравий,щебень) және жасанды уақ тесіктермен (керамит,аглонорит,термозит) жабылады.Соңғы кездерде кеңінен,бетонға химиялық қоспалар: кальций хлориді,кремний,органикалық сұйықтық,синтетикалық полимерлі қоспа-супрапластификатор қосылады.

Бетондарды дайындау,үлкен бетондық зауыттардағы бетбарастырғыш цехтарда іске асырылады,онда жүйелі түрде дайындау және мөлшерленуі жартылай автоматты таразыда және бетонараластырғыш қондырғыларға тиеді,онда материалдармен сумен араластырылады.Бетонның негізгі массасы темірбетондық өнімдер өндірілуі жүреді.

Темірбетон- қоршалған болатты арматура темірбетонды өнімдердің өндірістік технологиясына бетонды араластырғыштар алу,дәлдік әдістермен арматура дайындау,өнімдерді қалыптастыру,өнімдерді жылы ылғалдылықпе өңдеу.

Қалыптастыру шаралары құрамында:жинау және форманы майлау,арматураны қондыру және тетіктерді отырғызу, қағу формада аралас бетонды тығыздау,жылулы ылғалды өңдеуден соң дайын өнімдерді қыздыру.

Бетонараластырғыш әртүрлі тығыздау әдісі дірілді қолдану кең таралған қолданыста.Дірілдік алаңда өнімді қалыптастыру әрекеті немесе оны бетімен тереңдігімен жне төбесінде вибратор қолданылады.Соңғы кездерде төменгі жиіліктегі ассихронды тербелістер және бетон араластырғыштарды соққылау әдісі қолданылады,ол энергияны үнемдеуге жұмысшыларға діріл әсерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Сонымен қатар бетон өнімдерін: құйма әдісі;центифугалы престеу әдістерін қолдану дамып келеді.Жылдам бекіген бетон қалыптасқан соң, жылумен ылғалдау әдісінде буландыру,автоклавтау немесе электрлі қыздырады.Темірбетон өнімдерінің стендті,касеталы,ағындық агрегат жіне ағынды конвейрлі бірнеше әдістермен әске асырылады.Темірбетонды жинастыру өндірісі стендті соқбалы үдерістер,қозғалмайтын стендті формада орындалады.

Бетон өнімдеріне алынғанға дейін,оның беріктілігі сол орында қалады, жеке шараларда жүйелі түрде бір формадан екіншісіне ауыстырылады.Әртүрлілік стендтеу касетті әдіспен бірнеше өнімдер дайындалады,ол тік формалы-касет.

Арнаулы жұмыс орнына,аңын-агрегатты тәсілмен қалыптард ауыстырып салу шаралары орындалады.Осындай әдіс жоғарғы деңгейлі механикаландыру үдерісі жіберіледі.Ағынды агрегатты конвейерлі темірбетон өнімдерінің өндірістік үдерісінің сипатынан,ал максималды бөлшектеу шаралары мен ағындық линиялар қозғалысының мәжбүллеу ритмінен ерекше.

Еңбек жағдайы .Темірбетонды өнім өндірісіндегі негізгі зияндылық ол шу,діріл,қолайсыз микроклимат және жұмыс аймағындағы шаңмен ( цементті,силикатты,металдық)ластануы, сондай-ақ пісірудегі аэрозоль және аралас зиянды заттар құрамы алдын-ала кесілген материалдар олар сапалы өрмелі толбырлау

Темірбетонды өнімдеріндегі шаң сипатына жоғары дисперсті бөлшектер (70-97,5% дан шаң бөлшектерінің көлемі 5 мк дейін) сонымен қатар кремний қос тотығы ( 20 дан 70%ға дейін) болады. Бөлшектеу,елеу,тасымалдау,төгілмелі материалдарды тиеу кезіндегі шараларда шаң бөлінеді.

Арматура цехтарында темірдің тот қақтарынан механикаландыру кезінде жіне тазалау үдерістерде шаң бөлінеді.

Зиянды химиялық заттар (синтетикалық смоланың мономерлері,қатайтып және жасты фикатормен буынада) синтетикалық смоланы қолданғанда бетонға қоспа жіне майлау формаларында шығарылады.

Қолдан жұмыс істеуде терідегі зиянды заттардың жіне шаңның жанасуы болады.

Жылытылмайтын көлік-шикізат цехында,шикізат қоймасында микроклимат ауа райы жағдайына байланысты.

Қалыптандыру цехында температура мен ылғалды ауа қатаюкамераларының жұмысшы орындарында жақын орналасуымен анықталады,өйткені өнімдерді түсіру,тиеу кезінде –жылу және ылғал болудың көзі.

Цехтардағы шу,үздіксіз агрегат қондырғылары ( шар диірмені,прокат станы,бетонараластырғыш қондырғылар)біртекті тұрақты алып жүру сипаты.

Цехтардағы шу режиміғ штамп жіне престердің үзілісті әсеріғол біртекті импульсті сипатта қалыптандыру цехында,ұондырғылардың 2-4 одан да көп діріл алаңдарында шу біртекті уақытына қарай бірден тербелу деңгеймен айырылады.

Дірілдің діріл қалыптастыру үдерісі серпімділікте сұйық бетонда жеңіл таралады, ол жұмыс орнына немесе қол жұмысты сайсанда берілуі мүмкін. Діріл параметрлері виброгрегаттардың дірілдің сапасы және токсикалық күйіне байланысты.

Бетон мен темір бетон зауыттар жұмыскерлер арасында кәсіби аурулардың түрі болуы мүмкін,кәсіби дерматоз және пневмокониоз,ал қалыптаушы бетоншыларда-дірілдік аурулар,есту нервісінің невриті

 

Асбесті өнімдер өндірісі

 

Асбестоцемент- жасанды материалдар,ол біртекті цемент материалдарының қатаюынан асбест пен бетоннан шығады.Асбестен қабырға,жабындылық (шифер) өнімдері,труба,электроизолияциялық таңбалар шығады.

Асбестцемент өндірісіндегі шикізат материалдары-асбест,цемент,су,бояғыштар.Асбест талшықты құрылысты материалдар,өте жіңішке серпімді талшық.Ал бояғыш заттары темірлі сутек,охра,хром тотығы,ультра марин т.б.

Асбестцемент өндірісі дайындалатын және фабрикациялық бөлімдерден тұрады.

Асбестің дайындау бөлімінде,асбест расиушка,алдымен жүрмелік,содан соң турбулентті сұйық ағыны (гидропушитель) немесе ауада (дезинтегратор). Одан соң асбест арнаулы аппараттарда (галендаханеме немесе турбоалаластырғыш) цементпен,сумен,бояғыштармен араласады.

Фабрикациялық бөлімде асбестцемент сузпензиясымен сүзіледі;қалыпты өнімдер дапрақты-трубоформобты машиналарда өндіріледі. Полуфабрикаттар арнаулы камерада қатайған соң өндірісте жиналады,іріктеледі және механикалық өңдеуден өтеді.

Асбестцемент өнімдерін негізгі дайындау үдерісі кешенді механикаландырылған: басқарылуымен іске асырылуы оқшауланбаған пультте алыстан іске асырылады. Механикаландырудың жетілмеуі себепті, кейбір жұмыстары қолмен істеледі.Жұмыстың ең ауыры

Еңбек жағдайы.Асбестоцемент өндірісіндегі негізгі қолайсыз факторлары-шамадан тыс ауаның шаңдануы өнім материалдарының сұйықтықпен жанасуы,соның ішіндегі сілтілі алтывалентті хром қосылыстары,метеорологиялық қолайсыз жағдайлар,механикалық бөлімдердегі ауа ортасымен араласқан майлы аэрозольдер,қарқынды шу.

Шаңның асбест пен цементке оның концентрациясы қолмен тиеу жұмыстарына қатынасқан жұмысшыларға әсері,асбест пен цементтің мөлщері (дозировка) әсері,тіпті қайрау,жону кезіндегі токарь станоктардан құрғақ шыққан өнімдерде ерекше әсер етеді.

Өндірістің негізгі цехтарында ауа температурасымен салыстырмалы ылғалдылық метеорологиялық жағдайымен қосылып қолайсыздық туғызады.

Трубофеормевкалы машиналармен жұмыс істеудегі туатын шудың дыбыс деңгейі 95дБА дейін дыбыстық энергиялық жиілігі 200-2500 Гц ке дейін.

Ұзақ уақыт жұмыс істеуде жұмысшыларға асбест құрамды шаң,жоғарғы тыныс жолдарына тудыратын аурулар-созылмалы бронхит,асбестоз және бөлшек плеврит сияқты плевралық өзгеріс кальцификат. Сонымен бірге соңғы жазбалық сипаттамаларда терінің кәсіби аурулары асбесті сүйел, тіпті асбесттен туатын онкологиялық қауіптің көптеген түрлеріде кездеседі.

Керамикалық өнімдер өндірісі

Құрылыстық керамика- күйген тастәрізді күйінде саз немесе аралас қосынды минералдар.Оның саналы шикізаты керамикалық өнімдер өндірісінде әртүрлі саздармен оның қосындыларын (кварц,дала шпаты,пегматит,шормот)алады кірпіштің және басқа әртүрлі керамикалық өнімдердің дайындалу әдістері көптүрлі,бірақ көп жағдайда оның құрамына мынадай үдерістер кіреді:шикізатты шығару, шикізат араласқан өңдеуі мен құрамын қаліптендіру немесе пресстеу,кептіру және күйдіру.

Сазды шығару,қазіргі кезі толық механикаландырылған.Олар экскаватор басқа механизмді машиналар көмегімен өндіріледі. Керамикалық өнімдерді дайындаудың 3 түрлі әдісі бар:сазды пластикамен өңдеу және жылжымалы ылғалды майдалау (тарту);сазды порошоктар дайындау және саз ұнтағын кептіру; ұнталған ылғал сулы сазды араластыру.

Штамповка әдісімен өнімді қаліпке келтіру арнаулы престе және формалы гипсті каліптеу.Қатты сұйық отынмен формовкадасы соң,өнімді қаліпке келтіру немесе туннелді кептіргішке салу,

Ең соңғы жұмыс өнімді 850-1350 ̊С температурада күйдіру.Туннелдік пештер тек үздіксіз күйдіру тиімді көп кеі таралған санаулы электрлі,таспалы және көп каналды пештер.

Еңбек жағдайы.Құрылыстық керамикалық өндірісте өнеркәсібінде,өндіріске негізгі қолайсыздықтар: шамоттың (саздан жасал5ан бұйым)сауа шаңымен ластануы,жоғары температура және инфрақызылды сәулеленуі;қарқынды шу,қол жұмысына байланысты денеде түсетін ауыртпалық.

Ауаның шаңмен ластануы барлық өндірістік шаралардың үдерісінде,әсіресе шикізат өнімдерін шығаруда (майдалау,үгіт,елеу). Шаң 1м3 ондаған,жүздеген миллиграмм концентрацияда болуы мүмкін. Зауыттағы ауа шаңының ластануы себебі: құрал-жабдықтардың қымталып жабылмауы (ұнтақтағыш,диірмендік, эеванттар,бункелердің):дұрыс оларды пайдаланылмауынан порошок,ұнтақтардың шашылуы,құлап кетуі;жабдықтардың өте жоғары қысымда жұмыс істеуі.Шаң түзілуде,әрине қолмен орындалатын жұмыстардың тиеу түсіруде ауыр болуы.Саз шаңы және шомор өз мөлшерінде 67-70% болуы,1 ден 20 % ке дейін ,кейде 30-40% бос кремнийдің қос тотығының болуы,шаң жоғары дисперстілігінен сипатталады. Керамикалық қос тотығының болуы,отынның толық жанып кетпеуі оның құрамында көміртегінің қос тотығы,күкірт газының болуы.Негізгі өндірістік қызған цехтардағы радиациялық жылудың ба болуы микроклимат жалпы дайындау,пайдалану цехтардағы жабдықтардың жұмысында шу туады,ол өз құрамына қарай жоғарғы орта,төменгі жиілікте болады. Кейбір жеке жұмыс орындары бөлшектеу,диірмендердегі шу рұхсат ерілген деңгейден асып кетеді.

Табиғи радионуклидтер құрамының көп болуы,ол жергілікті шикізат өнімдерін қолданудан оның радиоактивтілігі жоғары.Кірпіштің радиоактивтілігі К-40-мен анықталады,концентрациясы 3,5 Бк/кг.

Өндіріс көрсеткіштері бойынша жоғарғы деңгейлік аурушаңдық шеткі аурушаңдық шеткі нерв жүйкелеріндеғ тірек-қимыл аппараттарында, тыныс алу мүшелерінде. Өндірістегі мүмкін болатын жағдайларда тыныс мүшелерінің кәсіби аурулары.

Сауықтыру шаралары

 

Құрылыстық материалдар өнеркәсібінде сауықтыру шараларының негізі технология мен кешенді механикаландыруды автоматты режимдегі технологиялық салаға көшіру

Шуға қарсы тиімді шаралар,шуды,шу көздерін төмендету және дыбыс оқшаулайтын құралдарды қолдану.МӘК беретін шу агрегаттары мен қондырғылары барынша аздау қолдану,тозығы жеткен құрал-жабдықтарды ( көлденең тербеліс тудыратын діріл алаңдар,тербеуге мүмкіндік беретін сырғымалы қолдану) ауыстыру. Шудың өндірістік мәнін төмендету мақсатында дыбыс оқшаулайтындарды пайдаланып оның концентрациясына қаптамалар мен жабылғыны енгізу.Қаптамалар ендіруде тақтайлы металдың қабырғалары қатты және ішкі бет қапталын өңделген дыбыс оқшаулағыш материалдармен тиімді етіп жабылған(минералды мақта ұсақ талшықты плитка т.б.) бояуы қажет.

Дыбыс оқшаулайтын цех араларында болатын постыларда ағашты-жоңғыш плиткалар,темір бетонды немесе шлокобетонды панель, шлака блок, дыбыс жұтылатын материалдарды сіңіретін тиімді, қосымша ретінде құралдар қолдану қарастырылады.Дыбыс сіңіретін тиімді, қаптамалар белгілі мақсатта пайдаланады, яғни олар шу көздеріне жақын болуы қажет.

Шуды кемітудің дірілдің ұзақ жұмыс істеудің қысқарту, ол жұмысшы организміне әсерін кеміту.Технологиялық салада, цех ішінде бірнеше жабдықтарда діріл агрегаттарда бірмезгілде қосу, шу әрекетін ұзақ тығын қысқартады.Шу құралдарын кеңінен пайдаланудан қорғану- ол антифондар және т.б пайдалану.

Дірілдің зияндылығын төмендету ол өндірістегі тиімді жолмен технологиялық сызбаға таңдау ұтымды жол, ал жаңа діріл жабдықтарда ендіру. Діріл деңгкйін жұмыс орнында төмендету үшін діріл тудыратын машинаны қолдану қажет, жұмыс орындарын төбесін, люктерді, көретін саңлауларды жаппай дәрілік оқшаулау.Қоспалардың діріл көзінде біркелкі болуы автоматтандырылған құрылғымен өндірілуі қажет, оған жұмысшылыар ондай шараларға қатыстырылмайды.

Жұмыс аймағындағы өндірістік жұмыс орындарда ауа құрамы жағдайына қарай, істелетін іс- шаралар таланты қамтуы керек, оған жататындар;

- технологиялық және көлік құрал жабдықтары мүмкіндігінше толық қымталуы болуы керек және құрлымы арнаулы шаң түзетін орындары жабылуы керек;

- пневматикалық немесе басқада жабық көлік түрлері (шнек, діріл конвейрлер т.б ) пайдаланылуы керек;

- сумен немесе арнаулы гигроскопиялық заттармен (калий хлориді ) және жабысқақ қоспалармен ( сульфитті спиртті бардамен ) материалдар ылғалдануы керек;

- атмосфераға шығу алдында, аспирациялық ауа тазалайтын тиімді құрылым болуы керек;

- жұмыс орындарын және шаң құрылғылары, шанды реттеп жинағыштар қолданылуы керек;

- тиімді ауаны бөлетін жалпы желдеткіш құрылым болуы керек.

Жылу бөліну және сәулелік жылумен күресуде, жабын бетін жылу оқшаулағышты пайдалану, қалқандар, сәулеленетін бетін жоғарғы лиспесерлі суды шашырату қолдану.

Өндірістік құрылыс материалдармен жұмысшылырды сенімді және жоғары дәрежелі тиімді индивидуальды қорғаныс құралдарымен және арнаулы киімдермен қамтамасыз ету қажет. Еңбек жағдайына байланысты сол еңбек салаларындағылар: шаңнан қорғанатын, ылғал сілтілі, майлы - мұнайдан қорғанатын және басқада әртүрлі киімдермен, жалпы қорғаныштармен қамтылады. Кең көлемде медициналық алдын-алу шаралары, кәсіби аурулардан қорғанатын, әсіресе тері ауруларының болмауына сақтандыру жұмыстары жүргізіледі.

 

Рылыстық өндіріс

 

Құрылыс- материалдық өндірістік саласы, соның негізінде өндіріс және өндірісті емес фондысы қалыптасады құрылыстың негізгі мәселесі-тұлғындық ғимараттар және өнеркәсіп, коммуналдық тұрмыстық тұрмыстық және басқада арналған нысаналар кіреді.

Құрлыстық өндірістің негізгі даму бағытын индустрияландыру, қолдану және кең көлемде құралдарды механикаландыру және құрлыстық үдерістерді автоматтандыру.

Құрылыс жұмысшыларының еңбек әрекеттерінің, басқа еңбек салаларында істейтіндерінен айырмасы, қозғалымдылығы, тұрақты жұмыс орындарының болмауы, әр кәсіпкерлік еңбек сипатының орындалатын жұмысында орынында бірлесіп жұмыс істеу қажетсіздік сипатталады.Бұл кешенді мәселелерді шешу ерекше жағдайды керек етеді, тиімді құрылыста құрылысшылардың еңбек жағдайын жақсартуды талап етеді.

 

Құрылыстың өндірістік технологиясы

Әртүрлі құрылыс түрлеріндегі келесі құрылыс технологиясы:

- жер асты бөлімінде құрылымды (нольдік цикл): жердегі; бұрғылардағы, қопарудағы, кессонды, тиеу-түсіру, көліктегі жұмыстар;

- жер бетіндегі ғимараттарды салу: жөндеу, тасты, бетонды және темір бетонды, ағаштық, антикоррозияды, жабынды, жылу-, дыбыс гидро-изоляциялы жұмыстар;

- өңдейтін (қорытынды) циклдар: штукатура, малярлы, шынылау, қаптамалау, жапсырма жұмыстар.

Жерде орындалатын жұмыстарға аумақтықтық, қабаттарды, грунтты тазарту, тіреу, қада қағу (свай), бөгет салу, сеппе, қазандық, ор қазу, каналдар жасау. Грунтты (жердің қатты қабаты) өңдеуде көбінде мехаикалық әдістер жер қазатын көліктер (бульдозер, скрепер, грейдер-экскаваторлар және ор қазатындар) және жер қазатын машиналармен орындалады. Сирек гидро-механикалық және қопару жұмыстары пайдаланылады.

Машинистер жұмысында экскватор және бульдозер, басқарылатын, ағымдағы жөндеуде, сонымен қатар, жабдықтау және машиналарды қайта құруда техникалық жабдықтауда қамтылады. Құрылыстық машиналар мен басқару тұрақты бақылаумен байланысты, жұмыс қауіпсіздігін, байқау ол құрал көрсет-кішімен машинамен жұмыс радиусы әрекетін байқау. Еңбекті ұйымдастыру үдерісінде күрделі өндірістік жағдай да, жұмысшылырдың нерв-эмоциялық ауыртпалығы болғанда тез шешім қабылдауда жауапкершілікте болуы керек. Арнаулы машинамен жер қазудың технологиялардың жұмыстар әдісінің соңы, басқару бөлімінде ұтымсыздық пен машинистердің жұмыс кейпі статикалық ауыртпалық, мәжбүрлі дене жағдайымен сипатталады.

Машинамен жер қазу жұмысында, діріл, шудың туындауы, концтрукциялықтың кемістігмен байланысты .Өз сипатында шу, дыбыстық энергияның басымдылығымен орта және төменгі жиіліктегі аймақта болады.

Грунт пен құмды шаң жұмыс аумағында оның ластануы деңгейі кабиналардың және атмосфера жағдайындағы оқшаулануына байланысты.

Машинистер кабинасындағы отынның газ өнімдерінің жанып кетуі, оның ішіндегі көміртегінің қос тотығы,азоттың қос тотығы,акролеин т.б. ауа ластауы мүмкін.

Жаз айларында машина кабинасындағы мотордың жылу қорғанысының жоқтығы нәтижесінде ауа температурасы 38-45̊0 С, ал қоршауларында – 46-50̊0С болады. Қыс жағдайында, кабиналардың нашар жылу өткізгіш оқшаулануында кабинадағы ауа 4-12̊0С төмендейді.

Қол жұмысымен айналысатын жер қазатын жұмысшыларда,г рунт пен құмды шаңнан зиянды газ түзілуші заттар, ылғал әсеріне ұшырайды.Олардың, радиациялық суынуы жер бетінің суықтануынан, діріл және шу соққылы балғалар зиянды әрекеттер тудырады.

Бұрғылау жұмыстары. Тесіп бұрғылау жұмыстар қол машиналарымен орындалады. Ондағы негізгі өндірістік зиянды факторлар,бұрғышылар әрекетінде бұлшық еттерге күш түседі, діріл және шу машиналардан туындайды.

Қол жұмысымен жұмыс істейтіндер кейпі ,амалсыздан , ондағы дірілдің берілуі қолға ғана емес, дененің барлығында өтеді. Бұрғылау үдерісінде жұмыс аймағында ауа шаңмен ластанады, ол бұрғылап тесуде болады. Кристалдық кремнийдің қос тотығы және жыныс түрлеріне байланысты. Бұрғылаудың арналуына байланысты цементация, битумда, силикаттану немесе грунттың тоңдануы, ол ауа зиянды заттардың қолданатын құрамға қарай енеді.

Жарылыстық жұмыс, ол бұрғылап тесу және бұрғылаудағы жарылыс заттардың салынуы және содан соңғы жарылыс (отполка).

Жарылыстан соң, жұмыс аймағындағы ауа жарылыс өнімдерімен ластанады, нәтижесінде жарылыс заттары ыдырайды және бқлшектенген материалдар шаңданады, ал тоннелдерде және жабық кеңістіктерде оттегінің жетіспеушілігі білінеді.

Қада қадау (свай) жұмыстары -Имараттар мен ғимараттар ірге тасын (фундамент) құрлысында орындалатын жұмыстар. Ағаштың, болаты темірбетон гунтқа қада қадау әртүрлі қолданатын дірілдік өзегін тұндыру немесе өзегін пайдалануда, свайдын жоғарғы бөлігіне вибраторды кигізеді.Свай қағуда, грунтты импульсті шу, свай соңында жоғарыда соққыларда туындайды. Дірілдік тұндыруда, діріл және қарқынды шу ерекшеленеді.

Кессондық жұмыстар- тоннелді салу, қазандықты қазу, егер жұмыс орнына су толып қауіп төндірсе шахтаны аударып қазу жұмыстарымен атқарылады. Кесссондық жұмыстардың атқарылуы ауаның биометриялық жоғарғы қысым жағдайында орындалады. Кессонның ауа ортасы шаңмен, кешенді зиянды заттармен, сиретілген қысымда ластанады. Ластанатын ауаның негізгі көздері: грунттан (метан, күкіртті суттегі және т.б) шыққан ластанған газдар, пісірілген аэроэльдер, жарылыс газы, майлайтын май аэроэльдер. Шаралардың бірқатар технологиясы, пневмо саймандар жұмысы , қарқынды орташа-, жоғарғы жиіліктегі шудың жабдықтар қозғалысынан туындайды.

Жинау, құрастыру (монтаж)жұмыстары - индустриялы құрылыс үдерісінде, кең қолданылатын әртүрлі машиналар мен механизмдер. Монтажға кран, такелаж (кеме жабдықтарының жинағы), сонымен қол жұмыстарындағы саймандарды механикаландыру кіреді. Монтаждау үдерісіне конструкция, көтер, орнату, құрастырудағы тіреу, тексеру және бекіту жұмыстарын қамтиды. Бекіту жұмыстарында кеңінен қолданылатыны қалау кезінде металлды теріктерді бекіту үшін құяды. Жинау, құрастыру жұмыстарында жиірек, ондаған, тіпті жүздеген метрлерде биік жерлермен , ол жұмыстар эмоциялы нервті ауыртпалық түсіреді.

Монтажниктердің жұмыстық кейпінің, ыңғайсыздығы: оларға жиі жоғарғы жақта конструкциялық, еңкею, алға және артқа жылжуға, тұрыпта, кейде жатып істеуге тура келеді. Осындай кейіпте монтажниктер жұмыс уақытының 45% -ын өткізеді. Осындай жұмыс кейпімен амалсыз ыңғайсыздық жұмыс атқаруымен монтажниктерге түсетін статикалық ауыртпалық 10%-ы құрайды, оған көтеру, орын ауыстыру , төмен, жоғары сатымен шығу сияқты әрекеттер кіреді. Монтажник органдарының белгіл і динамикалық жүктеме түседі.

Монтажниктердің жұмыс атқарылуы сол құрлыс орындардағы метсорологиялық жағдайда климат, ауа райы байланысты болады, өйткені жоғарыда температура бірде төмендейді, кейде артып кетуі ауа қозғалыс жылдамдығына қарай болады.

Электрлі пісіру және газдармен кесу жұмыстарында жұмыс аймағындағы ауа мен шаң кіреді және зиянды заттар (цинк тотығы, көміртегі т.б) белгілі концентрацияда енеді. Одан басқада, монтаждық жұмыста тағы да шаң түзіледі, оның көзі ағғашқа қонған шаң штукатуркада, малярлауда және басқа жұмыс атқарылуында енеді.

Қол жұмыстарындағы саймандар мен монтаждық жұмыс орындалуында діріл және шу белгісі қарқындылықпен туындайды.

Тас қалау жұмыстары – бұл конструкторлық имараттар мен ғимараттарды тұрғызу кезіндегі жұмыстар. Тас қалау жұмыстарына кірпіш қалау, табиғи тас беттерін әрлеу және тас футеровка жұмыстары. Ол кезде табиғи тастар (бут, гранит, туф, т.б ) және жасанды тастар (сазды, силикатты кірпіштер, бетонды блоктар т.б) қолданылады. Тастар құрылыстық ерітінділермен бекітіледі, оның құрамында тұтқырлы материалдар мен ( цемент, известь, гипс) толтырылада ( құм, шлак, графит, щебень) және су болады. Ерітінділерді арнаулы зауыттарда немесе құрлыс алаңдарындағы ерітінді бетонды орындардан дайындайды.

К і р п і ш т і қ а л а у д а мынандай шаралар: күректеу, араластыру оны қабырғаны тегістеу ертінділермен сылау кірпіштерді қалау, кірпішті кесу және қысу, жігін тігістіру, қаланудың дұрыстығын тексеру үшін істелінеді. Тас қалаушылар көптеген қол саймандармен жұмыс атқарады.

Құрылыста кірпіш қалау ең ауыр еңбек. Осындай үдерісте тас қалаушылар, амалсыздан ыңғайсыз жағдайда, кейіпсіз қалпында тұрады еңкейеді, шалқанды, денесі әр кейіпте жұмыс атқарады.Тас қалаушылардың қимылы біртекті сипатта, монотонды үлкен ерекшелікпен болған соң, шаршайды, тірек-қимыл аппаратарына әсіресе, жекелеген бұлшық еттеріне, саусақтарына көптеген жүктеме түседі, Бір ауысымды жұмыста тас қалаушының оң қолына 4000 біртекті қимыл жасайды, қалау кезінде ертінділерді жаюда, артық ертінділерді тегістеу, қаланған сыртқы бетті тегістеп қалауды реттейді, сол қолымен кірпішті қояды, тас қалашылар бір ауысымды 6000 кг жүк , қолымен жүктеме - 8000 кг ейін барады.

Тас қалаушылар жұмысы ашық ауада өтеді, сондықтан метеорологиялық жағдай қолайсыздық туғызады. Жылдың суық мезгілінде радиациялық суынуға ұшырайды, оның қоршаған сыртқы беттермен жанасып жұмыс істеуі адам денесі суық, төменгі температурасының әсері болады. Тас қалаушылыар организміне шу, шаңдану және ауаның газдануы әсер етеді, олардың шығу көзі жұмыспен байланысты машиналар немесе механизмдер.

Арнаулы сылақпен жағуды қолданғанда жұмыс аймағының ауасына органикалық ертінділер фенол, фармальдегид буы шығады. Барлық тас қалау жұмыстарында тұтқырлы материалдар кіретін зиянды заттардың терімен жанасуы мүмкін.

Бетондық жұмыстар. Имараттардағы монолитті бетон және темірбетон конструкциясында кешенді үдеріске дайындық және құрлыстық үдерістер жатады.

Дайындық үдерістерге (шегенден бекіту және арматура, бетон қоспасын дайындау) жұмыстары зауытта немесе құрлыс алаңынынан тыс жүргізілетін орын (полигон) дар жатады.

Қ ұ р л ы с т ы қ ж ұ м ы с т а р (шегендеп бекіту құрылғысы, арматуралық монтаждық құрылым, тасымалдау, қалау, бетон қоспаны тығыздау, бекітілмені формадан ағаштарды алу) , құрылыс алаңдарында тікелей орындалатындар, олар біткен технологиялық циклі, ол монолитті бетон өнімдері.

Нысана ішіндегі тасымалдау және бетондық қоспамен машиналар мен механизмдер ( бағыттаушы, мұнара краны, бетонқалаушы, бетонды насос, пневмотығыздаушы, көліктер т.б). Бірақ жұмыстың бір бөлігі дайындау, берілу, қалау, бетонды қоспаны беру, жұмыстары қолмен атқарылады.

Бетоншылардың еңбек сипатында қол жұмыстарымен істелінетін жұмысы, жұмысшылардың бұлшық еттері мен буындарына үлкен ауыртпашылық тудырады.

Пневматикалық балға пневмометаллдар, электр-пневмотығыздаулармен, бетон қоспаларына тығыздау жұмыстары, жұмысшылыарды діріл, белгілі қарқынды шу әрекетін тудырады.

Ауаға бетон бетін тазалауда шығады. Бетондау кезінде анықталғандай микроклимат, төменгі температура, инсоляция, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы, орта бетінде радиациялық суыну туады.

Ағашпен жұмыс істеу– балташы, ағаш ұста істейтін жұмыстары кіреді. Құрылыс алаңдары жағдайында өндіріс шығуына, тығыстыруға, ағаш конструкциясын, тетіктерді жинау, ағашөңдеуші мекемелерде дайындау жұмыстары енеді. Ағаш пен жұмыс істеуде балташы және ағаш ұсталары механикаландырылған, мехникаландырылмаған қол саймандары мен атқарылады. Бұл жұмыстар денеге түсетін ауыртпалықты талап етеді. Жұмыс аймағындағы ауаға құрлыстық жұмыс кезінде, аралауда, ағаш бедерін тегістеуде шаң түседі. Ауа, глистыға қарсы, антисептикалық жабындылар құрамы: кремнифтор натрий, кальциленген сода,органикалық ертінділер (ацетон, ксилол,толуол және т.б.) заттармен ластануы мүмкін.

Антикоррозиялы және оқшаулар жұмыстары бұл металлдық, бетондық және темірбетондық құрлыс конструкциясы және технологиялық жабдықтармен жұмыс атқару. Антикоррозиялық қорғану бұл лакты бояу жабындылау, химиялық төзімді полимерлік материалынан алынған оқшауланудағы желімдеу, химиялық тұтқы төзімді жеке материалдар футеровкасы; термопласты порошок тәрізді газ жалымыма тозаңдату.

Антикоррозиялық жұмыс өндіріс кешенді технологиялық үдеріс, оның кезең-дері: беттерін дайындау, жұмысшылар құрамасы дайындау, жабындау.

Антикоррозиялық жұмыс,жұмысшыларға дене ауыртпа түсіреді, ол ауырзаттарды көтеру, орнын ауыстыру, кең көлемде қол еңбегін пайдаланады, статикалық ауыртпалық, сөйтіп жұмысшыны әртүрлі кейіпке түсіруге байланысты болады.Жұмыс орнына зиянды заттар, шаң, дискомфорттылық, микроклимат, шу туғызады. Дайындау жабынға төзімді химиялық заттар мен жалғасуда, құрамында анықталған рецептуралық комиозиялы зиянды зыттыр жұмыс аймағындағы ауаға енеді. Бояулакты заттармен жабындау жұмысын орындауда, ерітінділердің, қатайтып, мономерлі смола; ал пластмасса бетіне- этилацетат, бензин енді.

Ж ы л у л ы қ о қ ш а у л а у ж ұ м ы с ы н д а негізгі қолайсыз фактор, ол ауаның жоғарғы дәрежеде шаңдануы. Оның негізгі көзі: әртүрлі шаралардағы жылулық оқшалаудаған материалдар (хризотил - асбест, шыны және минералдық мақта, диатомды ұнтақтар).

Антикоррозиялыт және оқшаулау жұмыстарында орындауда және күрделі жөндеуде құрлысында, маусыдық аутқулар сипаты білінеді.

Антикоррозиялы жұмыстары жүргізіледі. Шу режимі жұмыс орындарда өзгеріс болады, ол жұмысшылардың машина мен механизмдер бір мезгілде жүруі кезімен тұстас келеді.

Антикоррозиялы жұмыспен шұғылданатын- құрылысшыларда кәсіби дерматоздың жайлау болуы мүмкін.

Жабын жұмыстары- көп еңбекті керек ететін өңдеу үдерісі. Ширшықтап жасалынатын сапасы еріп ұсталынатын жабын материалдарында (рулон) кең қолданылады, ондай материалдар рубероид, толь, гидроизол. Жабын шиыршықталынып ұсталатын (рулон) материалдар6 әртүрлі жапсырылып желімденуге (мастик): ыстық битум, қара май (деготь) жапсырмалары, сондай-ақ суық қара майлы жапсырма жатады.

Соңғы уақыттарда кеңінен рулонсыз гидроизоляциялы материалдар қолданылады, оның негізіне полгистирол, стирол және т.б. органикалық ертінділер гольвент және ксилол материалдары пайдаланады.

Жабындық жабу рулон құрлысы жеке өңдеу үдерісінде: пароизоляция, жылытқыш қаптама, құмды-цемент немесе асфальтты тартыпжәне рулонды кілемшелерді желімдеу жапсырулардан тұрады.

Жабындаушылар еңбегі әртүрлі үдерістерді орындайды, ал оның механикаландыру жұмыстары толық емес, көбінде дене жұмыстары ауыртпалығы арқылы жүргізіледі. Ал жабындаушылар жұмыс үдерісінде ыңғайсыздық тудырады: тұрып тұру, еңкею, төмен түсу, бір тізесімен тұру, көлденең тіректерді қолданып көлденең жұмыс істеу.

Орындалатын жұмыстар биік жерлерде, шардық жұмыс орындары жел соғу әрекеті, ортаның төменгі, жоғарғы температурасынан және атмосфералық жауын- шашыннан қауіпсіздіг қорғалмаған.

Желімдерді қызу үдерісінде, оның құйылып алынуда, оны рулондық кілемшені желімдеуде ауа ортасына токсикалық заттар: көміртегі қос тотығы, көмірсутегі, бенз (а) пирен шығады.

Сылақшылар жұмыстарыішкі қабырғаларды сылақтау үдерісі мынандай шараларды: сылауға қабырға беттерін тегістеуге дайындау, қабатты және жерді бүрку жүргізеді, оған сылақ жағып және жабын бағананы сүрту .Көп жағдайда бұндай жұмыстар механикаландырылған әдіспен бүріккіш немесе ерітінді насоспен орындайды. Сылақ жұмысы аз істелетін кезде, қолмен орындалады. Жабынық қабаттарды сылап сүрту, сылақтың сүртілуі машинамен немесе қолмен үккіштейді.

Жұмысшылардың сылаудағы қолданысындағы негізгі сипаты біртекті және көп қырлы қозғалыстар, ол көп дене жүктемелігін және көп энергия шығатынын туғызады. Жұмысшы кейіпінің өзгерістерде болуы ол өндірістік жұмыс сипатына байланысты , яғни, беткі беттерін әртүрлі өңдеу, ол бөлме, жұмыс істелетін орынның көлемі өлшеміндегі шараларға қарай атқарылады. Жұмыста тұрып тұру, саты қойып істеу, жүріп тұрып істеу, қолды көтеріп істеу сияқты кейіпте болады. Жиі орындалатын жұмыс көбінде статикалық жүктемеге байланысты.

Сыртқы сылақ жұмыстарындағы қолайсыздық факторлар сапалылығына, жұмыс аймағында ауаның цемент, гипс т.б шаңдармен ластануы, микроклиматы қанағаттандырмайтын жағдайлары, кейбір кезде жұмыс орнымен, радиациалық суыну, жел өтінде қалуы ыңғайсыздық тудырады.

Қолмен істелетін шаралар қол терісінің сылау кезіндегі, құрамында тұз қышқылы және хлор қосылыстары бар шашыраңқы ертіндімен жанасады.

Сылақ жұмыстарын жүргізу кезеңінде, жұмыс орнын жылытатын қыздырыну және кептіруде әртүрлі газбен жылыту, газогенератор, тіпті от қызуының ашық болуында, сол ортаға ауа жылту бөлінуінен, отын жағудан иіс бту газының бөлінуі қауіптілік тудырады.

Сылау жұмыстарында да көп шу еріткіш насос, тегістегіш, үгіткіш машиналар мен басқа да құрал жабдықтардан түү,шу көзі болып саналады. Қол машиналары мен жұмыс атқарылуында жергілікті діріл жері қолға да берілуі мүмкін.

Бояу(малярлар) жұмыстары. Бояу жұмыстары үшін қолданылатын лакты бояу материалдары, негізгі сапасы көп компонентті қоспа, оның құрамына енетін пленка түзетін заттар, пигменттер, еріткіштер, пластификаторлар, толтырғыштар мен қаттайтын материалдар болады.

Бояу жұмыстары шараларына кіретіндер беткі беттерін тазалау, тегістеу, бояу қабырғаларды тесіктерін сылап бітеу жұмыстары жатады.

Сылап бітеу заттары, сыртқы бетке негізінен қолмен жағу, бояу-механикаландыру әдісімен (электр пульт, пневматикалық қармақша, тозаңдатқыш пистолет) және қолмен жағылады.

Есік, терезелерді бояу, өте қиын қол жетпейтіндер жерлерді бояп, толтыру жұмыстарының барлығы қолмен атқарылатын шаралар.

Малярлардың жұмысы ыңғайсыздық пен еңбек қиындығын тудырады, өйткені ол жұмысшының әр түрлі кейіпт істеуін мәжбүрлейді. Жоғарғы биіктікте, жабық орындарда көптеген нервтік эмоциялық ауыртпалық тудырады.

Жұмыс аймағы ауасына көшенді зиянды заттар жабындық жұмысындағы дайындық кезінде көбінде органикалық еріткіштермен түседі. Механи-каландырылған, қол жұмысымен бояуда, бояғыш аэрозольдер белгілі концентрацияда оның өзі жүргізетін жұмысшылар санына, микроклимат жағдайында желденуге байланысты ластану жүреді. Малярлық жұмыста шаң үдерісі беттікті механикалық тазалау шараларында болады. Ол кездегі аралас шаң қоспаларында цемент, известь бөлінеді. Жылдың суық мезгілінде субнормальды температура және салыстырмалы ылғалдылық, ал жылы кезеңдерде климат пен жергілікті ауа райына қарай, микроклимат болады.

Құрылыста сапалық өңдеу жұмыстарында кеңінен қолданылатын материалдарға, соңғы онжылдықтарда синтетикалық полимерлер. Құрлыс қажеттілігіне жылсайып тұтынатын полимерлік материалдар менсинтетикалық смола шамамен 25%. Бұлар, ағашты-жаңқалы, плитка, пленкалы материалдар негізінен синтетикалық смола, жабындық желім , әртүрлі еденге арналған рулонды материалдар.

Полимерлерді қолдануда ауаға бөлінетін шаң, пластмасса басқа зиянды кешенді заттар қолайсыздық факторларды басымды, оның композициялы құрам мен полимерлерді ендіру технологиясымен қатар жүреді.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!