Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Еңбек жағдайларының сипаты



Көмір шахталарындағы негізгі еңбектің ерекшелігі метеорологиялық жағдайдың қолайсыздығы, көзге зиян келтіретін рудалық атмосфераның ластануы; технологиялық үдерістен бөлінетін шаңдар; күн жарығының түспеуі; шу, діріл, өндірістік комплекстермен бірігіп кетуі; жарақат қауіпсіздігінің жоғары болуы; сумен жабдықталу мен ассенизация (қоқыстан тазартылуы) қиындауына байланысты кемістігі.

Микроклимат. Жер астының тереңіндегі ауа температурасының ұлғаюы, ауаның сиреуі, көмір өндіруді қиындатады, мысалы, әр 100м-де 10 С де ауаның сиреуінен жоғарылауы. Сонымен қатар, жер асты температурасының өзгерісі тау жыныстар температурасына әсер етеді. 25-30 м-дегі тереңдіктегі тау жынысының жыл бойындағы температурасы, оңтүстік ендікте 7-ден 90С-ге дейін, ал солтүстікте – 3-тен 50 С-ға дейін ауытқиды. Тау жынысының орташа температурасы, әр 30-35 м тереңдікте 10С дейін жоғарылайды. Ауа температурасы, берілетін ауаның көлемі, ылғалдылығы, шахтаның жоғарғы қабатына байланысты.

Шахтаға түсетін сыртқы ауаның ылғалдылығы рудалық алаңның микроклиматына өте күшті әсер етеді. Жылы кезеңдерде, мұнда температура суық уақытқа қарағанда жоғары. Забойға түскен ауа өз шамасына қарай тұрақты. Арнаулы зерттеулер көрсеткендей, 96м тереңдіктегі ауа температурасының орташасы 13,80 С, жазда 14,50С. Лава қабаты 860 м-де ауа температурасы әртүрлі 300С, 1000м-де 400С дейін барады, ал терең шахталарда ауа температурасы жұмыс уақытында тұрақтылық сипатта болады.

Қарағанды шахтасында көмір бассейндерінде көмір өндіру аса көп тереңдікте емес 70-120 м-де ауа температурасы 12-150С , қыста 7-110С.

Шахтадағы салыстырмалы ауа ылғалдылығы, сумен қоса өндірілетіндерге байланысты, онда ылғалдылық жоғары 80-90%-і, лава, забойда 95-98%, тазаланатын және дайындалып өндірілетін орындарда салыстырмалы ылғалдылық шахта тереңдігіне, жыл мезгілінде тұрақты, байланыссыз болады. Ауа қозғалысының жылдамдығының ауытқуы шамалы, кен бойымен қазылған (штрек), желдеткіш (штрек), кен шығарылатын орындардың бағаналарында оның жылдамдығы 3-5м/сек, ал забойларда 0,5м/сек дейін төмендейді.



Сонымен, шахтада өзіндік метеожағдайлары болады, қолайсыздық болатыны мынандай компоненттерден: жоғарғы температура, жоғарғы салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының шектелуі; төменгі температура, жоғары ылғалдылық, ол өндірілетіндер қабырғаларынан шығатын теріс радиация т.б. осындай жағдайлар жұмысшылар денсаулығын жылу алмасуы қолайсыздық туғызады.

Шахталық ауа құрамы. Шахтаның жер бетінен келетін атмосфералық ауа және жер астынан өндірілетіндерден өтіп, тау жыныстарымен бөлінетін газдармен қосылып, қосылыспен араласып кетеді. Рудалық атмосфера, көмірқышқыл газын жоғарылатады, оттегі құрамын төмендетеді, сөйтіп газдармен ластануы, СО, NO2, CH4, көміртегі, оттекті азот, метан, күкіртті сутегі, күкірт газдармен сипатталады. Оттегінің азаюы, ауада көміртегі, азот және басқа газдардың жиналуы мүмкін тау жыныстарын өндіруде, қопарылыс жұмыстарында, газ қопарылысында және шаңмен ластануынан болады. Қауіпсіздік ережеге сәйкес, ауаның құрамында 20% оттегінің кем болуынан депте түсіндіріледі.



К ө м і р қ ы ш қ ы л ы, қопарылыс жұмысы кезінде көмірдің тотығуынан пайда болады, ол ауадан 1,5 есе ауыр, сондықтан, оның жиналуы төменгі қабатты өндірілуде әртүрлі тереңдікте де жүреді.

К ү к і р т т і сутегі, ол көбінде шіру үдерісі кезінде, қопарылыс шала болғанда көмір пластыларынан шығады.

К ү к і р т т і г а з көбінде қопарылыс пен өрт болғанда көмір пластылар, тау жыныстарынан шығады.

К ө м і р т е гі шахтадағы қопарылыс, өрт, метан көмір шаңдарынан қопарылуынан шығады.

М е т а н (т а б и ғ и г а з), терең шахталарда болады, негізінен көмір мен тау жыныстарының араласуынан шығады, ол шахтада қауіптілік тудырады, ол кезде олар оттегін ауадан ығыстырады. Ең басты қауіптілік метанның жануы, ол ауадағы оттегімен араласып қопарылыс қоспасын тудырады. Метан концентрациясы 4,6-16% болса, онда ашық жалын болса, ол өте қауіпті қопарылыс. Ауадағы метан 2%-тен аспауы ережеге сай болады.

Елімізде соңғы кездерде полимерлік синтетикалық материалдар қолданыла бастады. Ол көбінде жылу-, гидроизояциялық қолданыс құралдары ретінде жер астында қазбалар өндірісінде, шахталық трубопровод, жылу алмастырғыш аппаратуралар рудалық кондиционерлеу жүйесінде пайдаланатын болды. Өте жоғары қосылысты полиуретан, полистрилол, мочивиноформальдегид, фенолформальдегид, эпоксидті смола т.б. заттар кеңірек қолданыла бастады, потенциалды қауіпті токсикалық заттардың ескертулерді елемеуге қарсы, жұмысшылардың санитарлық ережелерді қадағалауға мүмкіндік берді.

Бөлінген заттың белгілі болғандай, терімен кері сарылатын әсері, көп жағдайда, осындай өнімдер (смола, пластификатор, стабилизатор, жинағыш) ұшпалы, толық сыртқы ортаға шығады. Кейбір жағдайда жылуды ыдырататын полимерлік материалдардың ыдырауынан жоғарғы токсинді заттар пайда болатын болды. Мұның өзі с анитарлық ережелерді қатаң сақтауды мәжбүрлейтін болды.

Таулы өндірістегі жарық. Шахтерлар тұрақты жұмысы үнемі жарықсыз орындарда өтеді. Жер асты жұмыстарында тұрақты немесе көшпелі жарық жүйесі тұрақты жұмыс орындарында электрлі жарық және люминесцентті лампалар, электрлі лампалар көмегімен іске асырылады. Олар, негізінен ұңғымалық алаңдарда, жер асты шеберханаларда, гаражда, депода, қоймаларда, медпунктте, желдеткіш штректе, квершлагта, адамдар жүретін жерлерде қолданылады. Өндірілетін орында жарық жағдайын жақсарту үшін ол жерді ағартып әктейді, себебі беткі бетке түсетін жарық шағылысы жоғарылайды. Электрлік жарықты қолдану әсіресе қопарылысты қауіпсіздік арматурасын пайдалануда керек.

Көшпелі жарық, көшпелі лампаларымен іске асырылады. Қазіргі уақытта негізінен аккумуляторлы және жеке бөлек бензинді қауіпсіз лампалар пайдаланылады. Электрлі шырағдандар қолда алып жүретін және маңдайда тағатындар. Көшпелі шамдар толық жарықты қамтиды және жарығы төмен деңгейде. Қауіпсіздік ережеге сәйкес шахтаға түсуде, өндірістің көшпелі және қандайда жер асты жұмыстарында алып жүретін лампалар қорғанышы жоқ болса қолданылмайды, оған рұқсат жоқ. 15,5лк жарық беретін деңгейі жоғары, басқа киетін аккумуляторлы лампалар қолданылады.

Ішетін сумен және ассеназациямен (микробсыз) қамтамасыз ету жер асты жұмыстарында ең бірінші қажеттілік, оның негізгі жіті ішек асқазан, құрт ауруларынан сақтандыру. Судың шаруашылық үшін пайдаланатындары МЕМСТ-та «Ішетін су. Сапалық нормасына» сай болуы керек. Әрбір шахтада ішетін су станциясы қарастырылады, ол шахтадағы адамдардың жүру жолдарында орналастырылады.

Жер асты жұмыстарында әрбір шахтаға кірер, су ішетін жерлерге жалауша ілінеді, ондағы ыдыстар сиымдылығы 0,75 л. Забойдағы жоғарғы температуралы жұмыс орнында ішетін су, сусындар термоизоляциялы ыдыстармен беріледі. Терең таулы шахталық жұмыс орындарында арнаулы сусындар, витаминді, қантты қоспалары бар шәймен қамтылуы керек.

Ассенизациялы (микробсыз) өндірілетін жерлерде тұрақты немесе көшпелі әжетханалар орналастырылады. Жер асты өндірілуінде ассенизациялы вагонеткалардың әжетханалары бір аптаның ішінде екі рет реттелетіп тұрады, сумен шайылады, оны тазалап дизенорекция жасайды.

Шахтерлар денсаулығы және аурушаңдықтан сақтану профилактикасында санитарлық тұрмыстық қызмет атқарудың үлкен маңызы бар. Санитарлық тұрмыстық бөлмелерді кәдімгі шахталар жанындағы жылы ғимараттарда, әкімшіліктер жанында орналастырады. Санитарлық тұрмыстық бөлмелерді жоспарлағанда, типті санитарлық жіберілу (пропусник) орнында киім ілгіштер, жеке үй, өндірістік киім ілетін, кептіргіштері бар, ылғалды киімдерді кептіру үшін, орындар ескеріледі. Арнаулы киімдерді шаңсыздандыратын, аяқ киімдерді тазалайтын, жуатын, кір жуғыш, дезакамера, ішетін су камералық бөлмелер болуы да қаралады. Су сепкіш (душ) 5-6 адамға біреу, ол кез келген ауысымдық жұмыс істейтіндерге арналады. Су сепкіштің жанында таза шешінетін жерге баратын жолында шахтерларды ультрафиолетті және инфрақызыл сәуле шашатын фотарии (сәуле шашатын) орналастырылады. Сәулелендіру, емдік, профилактикалық шаралар. Жұмысшылар дәрігер нұсқауымен іріктеліп сәулеленуге алынады, ол қадағалынылуын медбикелер жүргізеді, өйткені, сәулелену жиілігі, ұзақтығы қатаң түрде сызба арқылы бақыланады. Қазіргі кездегі шахталарда фотарийлер жобаланған санпускниктерде ингаляторлар бар, оны көпшілік сілтілі ерітінділерді ингаляцияны жоғарғы тыныс мүшелерін аурушаңдылығының профилактикасы үшін жасалынады. Жеке тұлғаларға ингаляторлар денсаулық пунктерінде болады.

Медициналық, санитарлық қызмет шахтерлар үшін медициналық, санитарлық бөлімдерде, денсаулық пунктерінде, басқада медициналық мекемелерде орындалады. 800-ден астам адамы бар шахтада жұмыс істейтіндерге жерасты денсаулық пункттері ескеріледі.

Рудниктегі метеожағдай (температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы) негізінен климаттық белдеулер, өндірілетін тереңдік, желдету жағдайымен анықталады.

Көмір шахтасына қарағанда көптеген рудниктерде тереңдігі аздау, ауа температурасы төмен, тіпті жазда температуралық ауытқу 5-тен 180С дейін .22-кесте .


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!