Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Медициналық симуляциясының сценариясы



Клиникалық жағдай: «Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ-»

Ситуация:Сіз – қалалық клиникалық ауруханасының пульмонология бөлімінің дәрігерісіз. Жедел көмек көрсету каретасымен 28 жастағы еркек жатқызылды.

- пациенттен анамнез жинаңыз, қарап тексеру жүргізіңіз және аурудың ауырлығын бағалаңыз;

- клиникалық, зертханалық, аспапты зерттеу анализдерінен алынған мәліметтерге талдау жүргізіңіз;

- клиникалық және және анықталған аурудың жағдайының жіктелуіне сәйкес болжама диагнозды қойыңыз;

- науқасты жүргізу тактикасын және емін анықтаңыз.

Қорытынды нәтижесі:

- өкпенің инфильтраты туберкулезімен ауырған науқасқа сұрау және физикальды зерттеу жүргізіңіз;

- зерттеулерден алынған мәліметтерге талдау жүргізіңіз: қанның, зәрдің жалпы анализы, биохимиялық анализ, қақырықтың микроскопиялық зертеуі (бактериоскопия, G-xpert,BACTEC) кеуде торша ағзаларының рентгенограммасының нәтижесі, компьютерлі томография.

- пациентты жүргізу тактикасын және емін анықтаңыз, емнің мониторингісі.

 

Бағалау парағы (чек-парақ)

Клиникалық жағдайы бойынша:«Өкпенің инфильтратты туберкулезі»

 

№№ Қадамдарды бағалау Баллмен бағалау
Дұрыс орындады Қатемен орындады орындамады
Шағым және анамнез жинау 1,0 0,5
Аурудың ауырлық критериясын анықтау 1,0 0,5
Физикальды зерттеуді жүргізу – жалпы қарап тексеру 1,0 0,5
Физикальды зерттеуді жүргізу -тыныс алу жүйесін зерттеу 1,0 0,5
Физикальды зерттеуді жүргізу -жүрек тамыр жүйесін зерттеу 1,0 0,5
Болжама диагноз 1,0 0,5
Зерттеу жоспарын белгілеу 1,0 0,5
Дифференциальды ажырату диаг-ностикасының жоспары 1,0 0,5
Микробиологиялық диагностика-сын жүргізу 1,0 0,5
Зертханалық әдіспен зерттеу тәсілдеріне талдау беру 1,0 0,5
СТФ/ФВД ,ФБС талдау 1,0 1,0
ЭКГ талдау 2,0 1,0
Кеуде торша рентгенограммасын талдау 2,0 0,5
Пациенттің типін және категориясын анықтау 1,0 0,5
Химиотерапияны тағайындау 1,0 0,5
Емнің нәтижелігін бақылау 1,0 0,5
Пациентпен оңтайлы қарым қатынасты құру және үрейін жою 2,0 1,5
  Баллдың жиынтығы      

 



Максимальды балл -20,0

 

Стандартталған актерге (пациентке) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлі жазылған:28 жастағы еркек, ол оқтын-оқтын денесінің температурасы 38ºС жоғарлауына, тәбетінің төмендеуіне, тез шаршауына, әлсіздікке, мардымсыз жөтел шырышты іріңді қақырықпен шыққанға, қан түкіруге шағымданады.

 

Сауалдың мәні сауалдарды рәсімдеу жауап
Аурудың басталуы, симптомдар Осы жағдайыңызды немен байланыстырасыз?   Суық тигенмен байланыстырамын.  
Ауру қалай басталды? Ауру әлсіздіктен, дімкәстіктен, соңғы 2 айда 3кг жүдеуден, тәбеттің бұзылуымен, дененің температурасы субфебрильды болуымен басталды. Соңғы аптаның ішінде жалпы жағдайы, көңіл күйі нашарлады, дене температурасы 38ºС көтерілді, әлсіздік күшейді, жөтелмен бірге мол шырышты іріңді қақырық түсті, қан түкіру байқалды.
Сізде жөтел алғашқы рет қашан пайда болды? Алғашқы рет үш апта бұрын жөтел басталды.
Жөтел қақырықпен қоса жүрді ме? Қақырық шырышты іріңді, иіссіз.
Терлейсіз бе? күндіз терлеймін.
Ауыртпалы фактор-дың анализы Сіз темекі шегесіз бе? Ия, 12 жасымнан шегімін.
Амбулаториялық ем Сіз дәрігерге қашан қаралды-ңыз? Ем тағайындады ма? Емделген жоқпын және дәрігерге қаралмадым. Кешке қатты жөтелден кейін қан түкірдім. Жедел жәрдем шақырдым.  
Қосарланған аурулар Гепатитпен, туберкулезбен, плевритпен ауырған жоқсыз ба? Жоқ, ауырған жоқпын.
Кәсіби, әлеуметтік тұрмыстық факторлар Сіздің тұрмыс жағдайыңыз және жұмысыныз қандай? 2-бөлмелі пәтерде тұрамын. Монтаж бригадысында жұмыс істеймін.

 



 

Анамнезінде: суық тигеннен кейін үш аптадан астам өзін аурумын деп санайды. Дімкәстіктен, әлсіздіктен, бас ауруынан, ұйқысының бұзылуынан, тәбетінің төмендеуінен, денесінің субфебрильды температурасынан басталды. Тығыз жұмысқа байланысты емделмеген және дәрігерге қаралмаған. Жалпы жағдайы нашарлады, дене температурасы 38ºС көтерілді, жалпы әлсіздік үдей бастады, терледі, жөтел шырынды қақырықпен бөлінді және қан түкірді.

«Пневмония» деген диагнозбен қалалық клиникалық ауруханаға пульмонология бөліміне жедел көмек каретасымен әкеп жатқызылады. Ауруханада кең спектрлі антибиотиктармен 10 күн емдейді. Цефамед тәулігіне 500г 2 рет, метрогил 200мл көк тамырға тамшылап жіберді, солютаб тәулігіне 500мг 2 рет, микосист 100мл күніне 1 рет №5, гемостатикалық терапия қабылдады. Қабылдаған ем нәтиже бермеді.

12 жасынан темекі шегеді, күніне 1 пачка. Науқастын сөзіне қарағанда алкогол ішпейді. Наркотикалық дәрілерді қабылдамайды. Кеуде торша ағзаларының соңғы ФГ 2014 жылы жасалған, патология анықталмаған (амбулаториялық картасында нәтижесі жазылған).

Қарап тексергенде/объективты: Интоксикацияға байланысты жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, дене бітімі астеникалық. Тері жабындысы құрғақ, түсі бозғылт, тері эластикасы төмендеген, дене температурасы 38ºС, перифериялық лимфа бездері пальпацияланбайды.

Кеуде торшасы нормостеникалық, деформация жоқ, ауырмайды, тыныс алуда кеуде торшасының қозғаламы симметриялы, ТҚС- минутына18. Салыстырмалы перкуссияда оң жақтын 2 қабырға аралығында бұғанының ортаңғы сызығы бойынша перкуторлы дыбыс қысқарған, ал басқа қалған өкпе алаңында симметриялы ашық өкпелік дыбыс. Өкпенің аускультациясында өкпенің оң жағында бірен саран майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тоны ашық, дыбысты, үні жай, ритмі дұрыс. ЖСС –минутына 68 соғу. АҚ – 110/70 мм с.б.. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауыр, көк бауыр палпацияланбайды, зәр шығару өзгеріссіз.

 

Жалпы қан анализы

 

Көрсеткіштері нәтижесі
Эритроциттер 4,3 млн.
Гемоглобин 138 г/л
Түсті көрсеткіш 0,89
Лейкоциттер 10,8*109
Нейтрофильдер: таяқшаядерлы
Сегментоядерлы
Эозинофилдер
Лимфоциттер
Моноциттер
Тромбоциттер 195*109
ЭЖШ 36 мм/час

 

Қанның биохимиялық анализы

Көрсеткештері нәтижесі
жалпы протеин 64 г/л
Альбуминдер 42,0 г/л
Мочевина 4,2 ммоль/л
Креатинин 82 ммоль/л
Глюкоза 4,8 ммоль/л
АЛТ 43 Ед/л
АСТ 27 Ед/л
Билирубин 16 ммоль/л
Холестерин 4,3 ммоль/л
   

 

Зәрдің жалпы анализы

мөлшері – 120 мл

түсі – сабан түсті сары

мөлдірлігі – мөлдір

салыстырмалы тығыздылығы - 1012

протеин - теріс

қант - теріс

жалпақ эпителий – 0-1-2 көру аймағында

лейкоциттер – 0-1 көру аймағында

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!