Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






сұрақ. Мұхиттардағы Орталық мұхиттық жоталарды сипаттаңыз



Мұхиттардың геологиялық және геоморфологиялық ерекшеліктері. Мұхиттық рифт аймағы – литосфералық тақталардың дивергенттік шекаралары ретінде. Мұхиттардың геологиялық көнелігі және олардың жаралу тегі.

Мазмұны: Әлемдік мұхиттар алабы өздерінің геологиялық және геоморфологиялық ерекшеліктері тұрғысынан үлкен екі бөлікке жіктеледі, олар – Орталық-мұхиттық жоталар және аймақтық көтерілімдермен және жоталармен күрделілене түскен абиссальдық жазықтар. Соңғыларын кейде «мұхиттық үмтірт», немесе «мұхит төсеніші» деп те атайды. Мұхит түптерінде тағы да екі түрлі тектоникалық құрылым кеңінен етек алған, бірақ олар ауқымды құрылымдар емес, жыртылыс құрылымдары. Бұларды мұхиттық рифт және трансформдық жарылымдар деп атайды.

Орталық-мұхиттық жоталар (ОМЖ) – жалпыпланеталық құрылым. Кейінірек «Орталық Атлант жотасы» деген атауды иеленген, ұзынынан-ұзақ созыла сағаланатын осындай жоталар Атлант мұхиты алабында бар екендігі ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында белгілі болған болатын. Мұндай жоталар тек Атлант мұхитында ғана емес, барлық мұхиттар түбінде де болатындығын ХХ ғасырдың 50-ші жылдары М.Юинг және Б.Хейзен деген ғалымдар дәлелдеді. Бұл жоталарды континенттер өңіріндегі кәдімгі таулы белдеулермен салыстыруға болады, себебі олар бүкіл мұхиттар алабының нақ орта тұсын қуалай созыла отырып, жалпы ұзындығы 64 мың км-ге жететін жалпыплпнеталық құрылым құрайды. Су астындағы мұндай таулар континенттердегі тау жүйелерімен салыстырғанда аласалау болып келеді, олардың мұхит төсенішінен есептегендегі орташа салыстырмалы биіктігі 1000-3000 м аралығында өзгереді. ОМЖ-ның ені жүздеген км-ден 2000-4000 км-ге дейінгі аралықта өзгереді. Соңғы көрсеткіштер (мыңдаған км) негізінен Тынық мұхит алабындағы жоталарға тән, бұл мұхит түбіндегі жоталар енді болып келеді, олар «Шығыс Тынықмұхиттық көтерілімдер» деген атауға ие.



ОМЖ-лардың «орталық» деп аталу себебі олардың көп жағдайда расынан да мұхит алабының нақ орта тұсын «тілгілей» созылатындығында. Бұл әсіресе Атлант мұхитындағы жоталарға тән қасиет, яғни бұл мұхиттағы жоталар мұхитты жиектейтін континенттердің жағалауларынан бірдей қашықтықта сағаланады (жағалауларға параллель бағытта созылады). Бұл жоталар жүйесі «Орталық Атлант жотасы» деп аталады. Атлант мұхиты алабын «тілгілейтін» ОМЖ-ның солтүстіктегі жалғасы Солтүстік Мұзды мұхит албында «Геккель жотасы» деген атауды иеленген жоталар жүйесіне жалғасады. Орталық Атлант жотасы оңтүстік жартышарда Үнді мұхитына тиесілі жоталарға ұласады. Үнді мұхиты алабындағы жоталар жүйесінің екі тармағы бар, олардың біріншісі «Араб-Үндістан жотасы», ал екіншісі «Оңтүстік-Шығыс Үндіммұхит жотасы» деп аталады. Араб-Үндістан жотасы Африка мен Арабстанды бір-бірінен даралай отырып, Аден бұғазы арқылы Қызыл теңіз алабына барып сұғынады. Үнді мұхитындағы жоталар жүйесінің Оңтүстік-Шығыс Үндімұхит тармағы аталған мұхит аумағының шығыс жақ бөлігінде «Астралия-Антарктика жотасына» ұлсады, ал бұл жота, өз кезегінде Шығыс Тынықмұхиттық көтерілімдерге барып жалғасады.



Шығыс Тынықмұхиттық көтерілімдер мұхит алабының орта тұсына орналаспаған, яғни бұл жоталар жүйесі мұхиттың шығыс жағалауларына (Америка континенттеріне) жақынырақ орналасқан. Ол аз десеңіз, аталған жоталар жүйесі өзінің солтүстік бөлігінде Калифорний бұғазы аймағында Солтүстік Америка континентінің «астына қарай сұғынып кетеді».

ОМЖ-ның көлденең қимасында үш түрлі белдем оқшауланады, олар: а) ОМЖ-ның нақ орта тұсын қуалай созылатын өстік белдем; бұл белдем мұхиттық рифтге сәйкес келе отырып, терең-терең шатқалдармен сипатталады; ә) айдарлы белдем рифтінің екі жақ қапталдарында орналасады, бұл белем жербедердің мейілінше ойдымдылығымен сипатталады; б) жота баурайларының белдемі айдарлы белдемнен басталып абиссальдық жазықтарға дейінгі аралықты алып жататын біршама енді белдем; бұл белдемнің бедері абиссальдық жазыққа жақындаған сайын бірте-бірте аласара береді.

ОМЖ-ның өстік белдемі, немесе мұхиттық рифт аймағы ОМЖ-ның созылу бағытын қуалай орналасқан, ол жылу ағымының өте жоғары көрсеткіштерімен, магматизмнің кеңінен етек алуымен және саязфокусты жерсілкіністермен (гипоцентр тереңдігі 30 км-ден аспайды) ерекшеленеді: Бұл аймақта базальт лавалары ұдайы мұхит түбіне төгіліп жатады, бұл лавалар астеносфера заттарының қысымның күрт азайып кетуі жағдайында балқуы салдарынан туындайтын балқымалар қимасының беткі бөлігін құрайды. Екінші сөзбен айтқанда, нақ осы мұхиттық рифт аймағында астеносфера заттары есебінен жаңа мұхиттық литосфера қалыптасады, бұл литосфераның төменгі ¾ бөлігі ультрабазиттерден, беткі ¼ бөлігі габбро-базальттардан тұруы тиістілігін Рингвуд деген ғалымның арнаулы зерттеулері болжамдаған. Рифт аймағында геологиялық әдебиетте «қара шылымшылар» және «ақшыл шылымшылар» деген атауды иеленген (черные и белые курильщики) өте ұсақ тозаңды сульфаттардың бұлттары дәйім аспандап жатады. Мұндай бұлттар ыстық лаваның мұхит суымен әрекеттесуі нәтижесінде туындайтын гидротермалармен байланысты туындайды. Аталған гидротермалар алуан түрлі металдардың сульфидтерін, сульфаттарын және оксидтерін түзеді, бұлардың шоғырларын өнеркәсіптік тұрғыдан игеру мүмкіндігі туған жағдайда, олар пайдалы түрбөлшектерге (компоненттерге) өте бай кенорын рөлін атқарған болар еді. Өстік белдем ауқымында шөгінділер болып жарымайды, яғни бұл өңірдің базальттары шөгінділермен көмкеріліп үлгермеген. Мұхиттық рифт литосфералық тақталардың дивергенттік шекарасы рөлін атқарады, яғни рифт аймағы жаңа мұхиттық литосфераның жаңадан қалыптасу аймағы ғана емес, осылайша қалыптасқан литосфералардың бір-бірінен ажырау шекарасы болып табылады. Сондықтан да бұл аймаққа созылу кернеулері тән, сондықтан бұл шекара жыртылу деформацияларымен ерекшеленеді.

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!