Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Сұрақ. Хром және титан кенорындарының өнеркәсіптік мысалдары



Билет.

Сұрақ.

Гидротермалық кенорындар негiзiнен жер қыртысының жоғарғы бөлiгiнде айналымданатын және суыған магма денелерінiң туындылары болып табылатын, минералданған ыстық газдық-сулық ерiтiндiлерден қалыптасады. Пайдалы қазбаларды жасайтын минералдық заттар көпшiлiк жағдайда сулық ерiтiндiлерде тасымалданады. Олар физикалық-химиялық құрамы бойынша жүзгiн, коллоид және молекулалық (шынайы) ерiтiндiлерге жатады. Жүзгiндер немесе суспензиялар – дисперсиялық фаза бөлшектерiнiң өлшемi 0,1 мкм- ден асатын ерiтiндiлер. Гидротермалық руда жаралуда олар елеулi роль атқара қоймайды. Коллоид ерiтiндiлер (дисперсиялық фаза бөлшектерiнiң өлшемi 0,1–1 мкм аралығында) гидротермалық процестерде үлкен роль атқарады. Олардың коагуляциялануынан гель пайда болады да ары қарай метаколлоид минералдық массаларға айналады. Шынайы немесе молекулалық ерiтiндiлер (иондар мен молекулалардың өлшемi 0,1–1 нм аралығында) гидротермалық руда жаралудың негiзгi көзi болып табылады. Пайдалы қазбалардың шоғырлары минералдық массалардың таужыныстар қуыстарында түзiлуi салдарынан немесе олардың алмасуына байланысты қалыптасады. Сондықтан гидротермалық кенорындардың денелерi руда сыйыстырушы қуыстардың морфологиясына немесе алмасатын таужыныстар шекарасының конфигурациясына байланысты болады. Кен денелерiне тән пiшiндер: желi, шток, ұя, штокверк, линза, қабат тәрiздi жатындар мен күрделi құрама денелер. Денелердiң өлшемi әр түрлi – ұзындығы небәрi 2–3 м болатын қысқа желiлерден (алтынды кварц желi кенорындары) бастап, өте ұзын (200 км-ге дейiн) денелерге (Калифорниядағы Аналық желi) дейiн. Еңiстiгi бойынша желiлер ондаған-жүздеген метрден, кейде бiрнеше километрге дейiн байқалады. Гидротермалық кенорындар жаралу жағдайлары бойынша плутоногендiк немесе тереңдiк және вулканогендiк немесе жербеттiк түрлерге бөлiнедi. Плутоногендiк және вулканогендiк кенорындар 400-ден 50°С-қа дейiнгi температура аралығында қалыптасып, көбiнесе жоғары температуралық (400–300°С), орташа температуралық (300–200°С) және төмен температуралық (200–50°С) түрлерге бөлiнедi.



Плутоногендiктерге кенорындардың мынадай типтерi жатады: алтын-кварцты, вольфрамит-молибденит-кварцты, касситерит-кварцты, никель-кобальт-арсениттi, молиденит-халькопириттi (мысты порфир), галенит-сфалериттi, алтын-сульфидтi, касситерит-силикат-сульфидтi, тальктi, магнезиттi, хризотил-асбесттi, флюориттi және киноварь-антимонит-кварцты.

Кендердің маңында пайда болған өзгерістерге сүйене отырып, вулканогенді тобының ішінде келесідей үш класты бөлуге болады: 1) серицитолит-аргиллизитті; 2) гейзерит-опалитті; 3) пропилитті мен туынды кварцитті (колчеданды тобы). Гидротермалық жанартау тектi (вулканогендiк) кенорындар негiзiнен геосинклиндердiң жербеттiк андезит-дацит вулканизмiмен, сонымен қатар белсендiрілген платформалардың сiлтiлi және трапп магматизмiмен байланысты. Ең көп таралғаны – вулкан таскөмейлерi мен олардың шеттерiнде орналасқан кенорындар.

Орал (Кочкар). Өзбекстан (Мұрынтау), Сiбiр (Коммунар, “Советский” кенiшi), Швеция (Болиден), Индия (Колар), Қазақстанда (Шалқия, Жоғарғы Қайрақты) және Россиядағы Забайкальеде (Джида, Белуха, Букука, Шактама) бар. Кенорындар Португалия, Норвегия (Кнабан), ҚХР (Ляндушань, Шанпин), Маңғолия, Мьянме, Австралия, АҚШ (Квеста) мен Канадада (Ред-Роуз, Босс-Маунтин) дамыған



 

сұрақ. Хром және титан кенорындарының өнеркәсіптік мысалдары

Хромит кенорындары арасында мынадай типтер бөлінеді: бастапқымагмалық, соңғымагмалық және шашылымдық (олар мардымсыз).

Бастапқымагмалық кенорындар қабатталған ультранегізді интрузиялық таужыныс массивтерінде хромит рудасының қабат тәрізді денелерінен тұрады. Қоры бойынша бірегейлерге ОАР-дағы Бушвельд массиві (қоры 500 млн т) мен Зимбабведегі Ұлы Дайка кенорындары жатады.

Соңғымагмалық кенорындар дунит, перидотит, пироксенит массивтері мен оларды сыйыстырушы таужыныстар ауқымында орналасады. Кенорындардағы руда қоры ондаған млн т. Кенорындар Мұғалжарда (Кемпірсай), Оралда (Алапаевское, Сарановское) және Кавказда (Шоржинское) дамыған. Шетелде мұндай кенорындар белгілі жерлер: Албания, Греция, Түркия (Гулеман), Индия, Куба (Каледония).

Өнеркәсіптік мәнге титанның магмалық (қорының үлесі 55 %) және жекелеген метаморфогендік (қоры 2 %) кенорындары ие.

Магмалық кенорындары арасында руда мен сиыстырушы таужыныстардың заттық құрамына байланысты бірнеше типтері бөлінеді. Олардың ішінде бастылары мыналар: анортозит пен габбро-анортозит массивтеріндегі ильменит; габбро мен габбро-дунит-перидотит массивтеріндегі титанмагнетит; ультранегізді-сілтілі таужыныстардағы перовскит-титанмагнетит және сілтілі таужыныстардағы лопарит пен ильменит-перовскит-сфенді кенорындар. Ең ірі титан кенорындары анортозит пен габбро-анортозит массивтерімен байланысты. ТМД-да кенорындардың бұл типі Шығыс Саянда (Малотагул, Лысанск, Кручинск) бар. Шетелдерде ең ірілерге жататын кенорындар Канадада (Лак-Тио), АҚШ-та (Тегавус), Танзанияда (Укинга, Уванджи).

Титанды шашылымдар жағалаулық-теңіз пен континенттікке бөлінеді. Жағалау-теңіз шашылымдары әдетте комплексті – ильменит-рутил-цирконды болып табылады. Олар қабат, линза, таспа тәрізді жатындар, TiO2-нің мөлшері 0,5–35 %. Мұндай кенорындар Батыс Австралия, Индия, Шри-Ланка, Съерра-Леон, Бразилия мен АҚШ-та бар. Көне жағалау-теңіз шашылымдары Украина, Ставрополь өлкесі, Зауралье, Торғай ойысы мен Прибайкальеде орналасқан.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!