Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Алтын және күміс кенорындарының өнеркәсіптік типтері



Шашыранды кенорындар

Олар сынықты түзілімдер арасында таужыныстар мен бүрынғы пайдалы қазба кенорындарының физикалық және химиялық моруға үшырап, қирау мен қайта түзілу үдерісінде босап шық- қан қүнды компоненттердің шоғырлануы барысында пайда болады. Түптеп келгенде, генетикалық түрғыдан шашылымдар дербес кенорындар тобына жатпайды. Олардың көпшілігі мору өнімдерінің қайта түзілуі кезінде қалыптасады да шөгінді жаралымдар болып табылады. Дегенмен зерттеушілердің көпшілігі олардың күрамы мен жатые жағдайларының ерекшеліктері бойынша, шашылымдарды оларға жақын басқа кенорындардан оңай ажыратады.

Жаралу жағдайлары бойынша шашылым кенорындары арасында элювийлік, пролювийлік, аллювийлік (немесе өзендік),литоралдық (немесе жағалаулық), гляцийлік және эолдық түрлер бөлінеді. Шашылымдардың қалыптасу механизмі сынықты материалдың ірілігі, тығыздығы мен бөлшектерінің пішіні бойынша іріктелгендігі, сынықтардың уатылуы мен домалануы, матери-алдың тасымалдауға механикалық беріктігі мен эр түрлі дәрежедегі химиялық төзімділігі бойынша дифференциациялануына байланысты.

Аллювийлік шашылымдар су түбіндегі шөгінділердің дифференциациялануы мен шайылып түзілуі арқылы жаралады. Материалдың жиналуы тек қана белгілі бір кездері аллювийдіңоңтайлы режимде жылжуынан жүреді. Бүл режим өзеннің әр түрлі бөліктеріндегі ағыс жыл- дамдығының арақатынасына және аллювийдің фрак- ңиялық қүрамына байланысты. Аллювийлік шашылымдар өздері орналасқан жерлерге байланысты қайыр, арна, аңғар, терраса және атырау шашылымдарына бөлінеді. Олар қүрылысы бойынша қарапайым (қүнды минералдар бір қабат) және күрделі (мүндай қабаттар бірнешеу) болуы мүмкін.

Шашылым кенорындары мынадай типтерге бөлінеді: • алтынды (аллювийлік) - Ресей (Шығыс Сібірде - Алдан, Колыма, Бодайбо өзендерінің аңғары), Австралия (Калгурли), АҚШ (Аляска, Калифорния), Бразилия;



• платиналы (элювийлік жәнө аллювийлік) - Ресей (Орал), Конго, Зимбабве, Эфиопия, АҚШ (Аляска), Колумбия;

• алмасты (шашылымдардың барлың генетикалық типтері) - Ресей (Саха, Орал), Үндістан, ОАР, Намибия, Ангола, Танзания, Конго, Австралия, Венесуэла, Гайана;

• касситерит-вольфрамды (делювийлік және аллювийлік) - Солтүстік-Шығыс Ресей (Иультин, Пыркакай), Саха (Якутия, Омчи-Кандин, Депутатское), Забайкалье (Шерловогорск), Қазақстан (Қараоба, Бүгыты); ҚХР (Ню- шипо), Индонезия (Банка), Мьянма (Бвабин, Хейда), Конго, Австралия, АҚШ (Атолия, Калифорния), Бразилия;

• моноцитті және цирконды (литоралдық) - Үндістан, Шри-Ланка, Австралия, Бразилия;

• колумбит-танталитті - Ресей, Конго, Нигерия, Бразилия;

• магнетит-ильменитті (литоралдық) - Ресей (Батые және Шыгыс Сібір), Орта Азия, Үндістан, Шри-Ланка, Сьерра-Леоне, Мадагаскар, Австралия, АҚШ, Бразилия.

Алтын және күміс кенорындарының өнеркәсіптік типтері

Алтын барлық магматогендiк типте (пегматиттен басқа), сонымен қатар метаморфталған және экзогендiк кенорындарда кездеседi. Өнеркәсiптiк маңызының ең үлкенi гидротермалық (қоры 20%, өндiрiсi 23%),шашылымдық (7,5 және 6,5%) және метаморфталған (58 және 59%) кенорындар үлесiне тиедi.

Гидротермалық плутоногендiк алтынды кварц кенорындары гранитоид батолиттерiмен және гранодиориттiң гипабиссал интрузияларымен байланысты – Кочкар (Орал), Мұрынтау (Өзбекстан), Коммунар, “Советский кенiшi” (Батыс Сiбiр), ал шетелде – Болиден (Швеция),Колар (Индия), Бендиго (Австралия), Колана (Мали), Намойда (Конго), Баомукан (Сьерра-Леоне), Поркьюпайн (Канада), Морру-Велью, Пассагейм (Бразилия) жатады.



Гидротермалық плутоногендiк алтын-кварц-сульфид кенорындарыпалеозой гранитоиды мен жабынындағы шөгiндi таужыныстарда жатқан желiлер түрiнде таралады. Бұл типтi кенорындарға ТМД елдерiнде Березевское (Орал), Степняк (Қазақстан), Берикуль мен Саралин (Батыс Сiбiр), Дарасун (Забайкалье), ал шетелде – Калгурли (Австралия), Аналық Желi мен Грэсс-Велли (АҚШ), сонымен қатар Канада, Гана мен Кенияның кенорындары кiредi.

Гидротермалық вулканогендiк алтын-күмiс кенорындары жас вулканизм алқаптарындағы вулканогендiк таужыныстарда орналасады. ТМД аумағында Балей, Тассеев, Белая Гора (Забайкалье), Зод (Кавказ), ал шетелдерде – Нашаг (Румыния), Крипл-Крик, Комсток (АҚШ), Эль-Оро (Мексика), сондай-ақ Чили, Перу, Жаңа Зеландия, Индонезия мен Жапония кенорындары кiредi.

Метаморфталған кенорындар алтын руда конгломераттардан тұрады. Бұл топтағы кенорындардың бiрегейi – Витватерсранд (ОАР). Мұндай кенорындар Австралияда, Канадада (Блайнд-Ривер), Бразилияда бар.

Алтынды шашылымдар алтын өндiрiсiнде едәуiр роль атқарады. Негiзгi мәнге аллювийлiк шашылымдар ие, теңiз шашылымдары шамалы дамыған. Әлемдегi ең iрi шашылымдар прекембрий таужыныстары морыған кезде жаралады. олар Витватерсранд (ОАР), Калгурли (Австралия), Ном (АҚШ) кенорындары. ТМД аумағында өнеркәсiптiк мәнге ие шашылымдар Лена, Колыма, Алдан, Бодайбо, Енисей өзендерiнiң алабында орналасқан.

Күміс әр түрлі генетикалық типті кенорындарда кездеседі:

1) магмалық мыс-никель кенорындарында; 2) гидротермалық плутоногендік мысты порфирде, қорғасын-мырыш пен алтын кендерінде; 3) гидротермалық вулканогендік алтын-күміс кенорын-дарында; 4) скарндық мыс қорғасын-мырыш кенорындарында; 5) вулканогендік-шөгінді колчедан кенорындарында; 6) вулканогендік-шөгінді (стратиформдық) борнит-хилькопирит пен галенит-сфалерит кенорындарында.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!