Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ық шығармашылығы мен оның түрлері. Құқық шығармашылығының субъектілері



Құқық шығармашылығы құқықтық реттеу жүйесінде негізгі бір орталық орынды алады. Ол қоғам өміріне қажет нормаларды өмірге әкеліп, кемшілік-кемістігі барларын өзгертіп, уақыты жеткенін жаңарта отырып, барлық қоғамдық, мемлекеттік институттардың құқықтық негізін жасайды. Мұның өзі ғылым аддында құқық шығармашылығымен байланысты мәселелерді терең, жан-жақты зерттеу қажеттігін белгілейді. Құқық шығармашылығына байланысты мәселелерді зерттеуге қай кезеңде болмасын ғалымдар кең, мол назар аударып отыр. Құқықтың жалпы теориясы саласында құқық шығармашылығының мазмұнына және жағдайына терең зерттеулерді Кеңес заманында С.С. Алексеев, О.А. Гаврилов, А.В. Мицкевич, Р.О. Халфина т.б. көптеген ғалымдар жүргізсе, бүгінде құқық шығару, оның бір түрі - заң шығару мәселесін кеңінен зерттеп, жетілдіру жолдарын ұсынып отырған ғалымдар да жеткілікті.

Құқықтық шығармашылық күрделі және көпжақты процесс, нәтижелерін құқық нормасын құруға қатысқан субъектілердің ортасына және өздерінің заңдылық күштеріне байланысты айыруға болады.
Құқықтық ұйғарым жеткілікті көлемдегі субъектілермен құрылады, оған сол не басқа кездерде халық, соған арнайы өкілеттігі бар мемлекеттік органдар, өз құзіреттігі көлемінде лауазымды адамдар жатады.
Сондықтан, құқықтық шығармашылық субъектілеріне байланысты мынадай түрлері бөлініп шығады:
• Халықтың тікелей құқықтық шығармашылығы, ол референдум процесінде болады;
• Мемлекеттік органдардың құқықтық-шығармашылық әрекеті құқықтық шығармашылықтың негізі ретінде, онымен жеткілікті мемлекеттік органдар шұғыл-данады (Мемлекеттік Дума, Федерация кеңесі, РФ Президенті, РФ Үкіметі, федералдық министрліктер және басқа ведомстволар, аймақтардың, облыстардың басшылары, өздерінің шегінде өкілеттігіне бай-ланысты кәсіпорындардың және мекемелердің басшылары);
• Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өздерінің құзіреті қалпындағы құқықтық шығармашылығы;
• Локальді нормаларды шығаруға, өкілетті субъекті-лердің әрекеттері жатады, делегаттар не құзіретті негізде іске асырылады және жасауға және белгіленген нормаларды (тәртіп жолын) жалпы сипаттағы қабылдауға бағытталған, олар әр түрлі ортадағы ұйымның әрекетін жариялайды және олардың мүшелерінің арасындағы қалыптаса бастаған қарым-қатынасты көрсетеді (мысалы, ішкі еңбек тәртібінің жолын белгілеу).
Маңыздылығына қарай былай бөлінеді:
• Заң шығармашылық (мемлекеттің жоғарғы өкілетті органдарының заңдарды құру әрекеттері);
• Делегаттық заң шығармашылық (заң шығару органының санкциясы бойынша нормативті-құқықтық актілерді қабылдау, олар заң күші бар, мемлекеттің жоғарғы атқарушы билігі бар орган (президентпен, үкіметпен), пайда болған құқықтық проблемаларды оперативтік жолмен шешуді қамтамасыз ету үшін);
• Қосымша құқықтық-шығармашылық (әрекеттегі заңдардың негізінде атқарушы билік органдарымен және оған өкілеттігі бар лауазымды адамдармен нормативті актілерді құруы (жазуы); санкция берілген құқықтық-шығармашылық (әрекеттер түрінде қалып-тасқан, мемлекетпен рұқсат етілген тәртіп жолы, не оларға рұқсат еткен құқықтық-шығарма-шылықтағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының әрекеттері және жекелеген мемлекеттік емес ұйымдардың әрекеттері);
• Келісім шарт құқықтық-шығармашылық (нормативтік ұйғарымның күші бар екі жақтың келісімге келуі).





Азақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған.

Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.
Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Азақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!