Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ылмыстық заңның жүйесі мен құрылымы



ҚР қылмыстық заң шығарушылық толық кадификациясын ескере отырып қылмыстық заң құрылымын ҚК және оның баптарының құрама ретінде қарастырады.

Қылмыстық кодекс – қандай қоғамдық әрекеттер қылмыс болып табылмайтындығы және осы қылмысты жасаған тұлғаларға қандай жаза қолдану қажет екенін анықтайтын өзара байланысты нормалар жүйесін көрсететін ішкі бірлігімен ерекшеленетін заң шығарушылық акт.

ҚР ҚК 2 бөлімнен тұрады: Жалпы және Ерекше. Жалпы бөлімде жалпы қағидаларымен қылмыстық құқық ережелерімен баяндалған қылмыстық жауапкершіліктің негзі мен шарттары ескерілген, жаза мақсаттары қалыптастырады. Жаза түрлері ескеріледі және қылмыстық құқық заңшығарушылыққа қатысы бар басқа да жалпы мәселелер шешіледі.

Ерекше бөлімде қылмыстардың нақтылы бөлек түрлері және әрбір жасаған қылмыс түріне қолданылатын жаза көрсетілген. ҚК Жалпы және Ерекше бөлімдер өзара байланыста және бірі екіншісіз қолданылмайды. Қылмыс жасалды немесе басқа қоғамдық қауіпті әрекет жасалды ма деген сұрақты шешкен кезде ҚК Жалпы және Ерекше бөлімінің норамлары қолданылады.

ҚР ҚК жалпы бөлімі 7 бөлімнен тұрады: 1. Қылмыстың заң; 2. Қылмыс; 3. Жаза; 4. Жаза тағайындау; 5. Қылмыстың жазадан босату; 6. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі; 7. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.

ҚР ҚК ерекше бөлімі нақты қылмыстар үшін жауапкершілік анықталған 16 тараудан тұрады. ҚР ҚК-нің тарауы тектік объектісі өзара байланысты (туысты) болатын бірқатар баптарды қарастырады.

Қолдануға ынғайлы болу үшін ҚК-нің барлық баптардың реттік санын (нөмері) болады. ҚР ҚК-да 1 ден 393-ке дейін баптар бар.



ҚР ҚК-нің баптарының көбі өзіндін мәні бөлімшелерден және пунктерден тұрады.

Бап бөлімі (сандық) санмен белгіленген, бөлік абзацқа бөлінеді, ал пункте бөлінетін баптар әріптік белгімен белгіленеді (96 б 2 т)

Тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартқанда міндетті түрде қылмыстық кодекстің нақты бабын, ал қажетті жағдайларда оның бөлімі мен пунктен де көрсету керек. Қылмыстық кодекс баптарына сілтеме тек заң мазмұны жағынан ғана емес, сонымен қатар оның нөмірі де нақты көрсетілген болды қажет. Бап нөмірінің және бөлімінің дұрыс қолданылуы заңсыз үкім шығаруға және оның күшін жоюға әкеледі.

ҚК-тің ерекше бөлімінің баптары диспозициядан және санкциядан тұрады.

Диспозиция деп нақтыны жаза (көрсетілген) көзделген әрекетті сипаттайтын, нусқайтын және атайтын қылмыстық заң бабының бөлімі.

Диспозиция түрлерінің маңызды белгілері: жай, сипаттамалы, сілтеме, бланкетті.

Жай диспозиция қылмысты жалпыға мәлім терминмен атын ғана айтып қалды, оның нақты белгілерін аынп көрсетпейді және сипаттамасын бермейді. (Мыс, ҚР ҚК 125 б). Жалпыға мәлім «адам ?» деген түсініктен басқа заң шығарушы диспозицияға бұл терминді түсіндіретін ешқандай белгілер енгізбеген. Мұндай диспозиция түрін заңшығарушының қолдану себебі, қылмыс та, оның атауы да жалпыға мәлім және оны дәлірек сипаттаудың қажетті жоқ деп есептеуге негізінің болғанында.



Сипаттамалы деп заңшығарушы термінді атап қана қоймай, сонымен қатар оны түсіндіретін және осы қылмысты сипаттайтын негізгі белгілер келтірілген диспозицияны айтамыз. Сол сияқты ҚК 257 б. бұзақылық, яғни қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бұлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық – деп анықтайды.

Сілтемелі диспозиция деп қылмыс белгілерін анықтау үшін, қайталауды болдырмау үшін, қайталауды болдырмау үшін ҚК-тің басқа бабына немесе баптың бөлігіне сілтеме жасайтын диспозицияны айтамыз. Содан ҚК 165 бапта мемлекетке опасыздық нысанының бір түрі ретінде шпионаж ескерілген, ал оның белгілерін (анықтау) нақтылау үшін 166 бапты қарау керек. Сол сияқты, 103 және 104 баптарды мысалыға келтіруге болады.

Бланкетті деп ерекше бөлім баптарын, яғни қылмыстық әрекет белгілерін тікелей заңның өзінде анықтамай, оны басқа заңдарға немесе нормативтік актілерге –үкімет қаулылары мен жарлықтарына, министрліктердің бұйрықтары мен ережелері, жүпілікті билік органдарының нұсқаулары және т.б.

Бланкетті диспозицияға мысал болып ҚР ҚК –нің 296 б.табылады – көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы; 245 баптау – кен немесе құрылыс жұмыстарын жүогізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзі; 246 – бап –жарылыс қауіпті бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу және т.б.

Қылмыстың заңда бланкетті диспозициялар немесе оның бөлімдері болмағанда, кейбір әрекеттердің белгілерін сипаттағанда баптардын көлемі, тым ұлғайып, оны пайдалану мүмкін емес болар еді.

Санкция деп – берілген қылмыс жаза түрі мен мөлшерін анықтайтын қылмыстық заң бабының бөлімі.

Санкция абсолютті – айқындалған және салыстырмалы- айқындалған болады.

Абсолютті-айқындалған санкция бір ғана жазалау шарасын орнықтырады, сонымен қатар оның түрін, және жаза мөлшерін де көрсетеді. Мұндай санкциялар сотқа әрбір қылмыс ерекшелігін ескеруге мүмкіндік бермейді және негізінен қылмыскер тұлғасын, сондықтан олар өте сирек қолданылады. Абсолютті-айқындалған санкция өлім жазасы түрінде милиция қызметкерінің немесе халық жасақшылар өміріне ауырлататын мән-жайларда 173-1 бабында көрсетілген. Сонымен қатар 10 жылға бас бостандығынан айыру сияқты минималды (ең аз) шектерін белгілейтін санкциялық баптар бар. Мысал ретінде 160 (геноцид) және 161 (экоцид) баптарын айтуға болады.

Салыстырмалы-айқындалған санкция, деп ең төменгі және ең жоғарғы жаза шектерін белгілейтін санкцияны айтады.

Салыстырмалы-айқындалған санкциялардың 2 түрі бар: 1) жазаның минимумы мен максимумы көрсетілген – бұл жағдайда заңда жазаның төменгі және жоғарғы шектері белгіленеді, жазаның түрі мен мөлшері көрсетіледі. (Мыс, 3-тен 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру); 2) жазаның максимумыныңкөрсетілуімен («дейін» мерзімімен – мыс, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру).

Көптеген санкциялар балама түрде көрсетілген, сондықтан сотқа екі немесе одан көп жазадан таңдау мүмкіндік береді.

Кәзіргі әрекет етіп жатқан қылмыстық заңда балама (альтернатив) санкциялар жиі қолданылады және оны дұрыс деп табамыз, себебі ол бір түрі көлемінде сотқа тек жаза көлемін ғана емес, сонымен қатар (орынды) мақсатқа сәйкес жаза түрін таңдауға мүмкіндік береді.

Қылмыстық заңның кеңістіктегі және уақыт бойынша қолданылуы. ҚК 6 және 7 баптарында қылмыстық заңның кеңістіктегі әректеінің қағидалары анықталған: территориалдылық және азаматтық.

Егеменді мемлекеттің тұрақтылығына негізделген бірінші қағидасына сәйкес (6 бап), ҚР-ның аумағында қылмыс жасаған адам қылмыс жасалған жердегі әрекет ететін қылмыстық заңға сәйкес (жауапкерілікке) жауапқа тартылады.

Азаматтылық қағидасы (7 бап ҚР ҚК) ҚР-ның азаматтарының шет елде жасаған қылмыстары үшін республиканың қылмыстық заңына сәйкес жауапкершілік кезделген. Осыдан келе, территориалдылық қағида азаматтық қағидасымен үйлеседі.

ҚР территориясы болып оның мемлекеттік шеқарасына кіретін құрлық, ішке өзен, көл және теңіз сулар кеңістігі, әуе кеңістігі және су беті шектері жатады (13 қантар 1993 ж «ҚР мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР заңы).

Құрлық территориясы мұхит және сыртқы теңіз суларымен жанасқан жағдайларда, мемлекет территориясына жағалау сулары мен әуе кеңістігінен 12 теңіз милі жоғары қашықтық жатады. Біздің мемлекетіміздің қылмыстық-құқықтық нормалары ҚР континентальдік шельф (Каспий теңізі) кеңістігінде жасалған әрекеттерге де қолданылады.

Шельф-теңіз территориясына жанасатын белгілі тереңдік және теңіз қойнау түбінің тереңдігі.

Сулы және құрлық бетінің территориясының төменгі кеңістігі жатады және ҚР-ның мемлекеттік шекарасымен анықталған қойнау терендігі шектелмеген.

ҚР әуе кеңістігі құрлық пен су аумағы үстіндегі берілген аспан кеңістіктері жатады.

Үшкі теңіз сулары ҚР-ның территориалдық теңіз енің өлшеу қабылданған (белгіленген) бастапқы сызықтан жағалауға қарай жолбыған теңіз сулары.

Территориалдық теңіз – ҚР –ның заңнамаларына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес өлшенген, ені 12 теңіз миль теңіз жағалауындағы теңіз сулары.

Ашық теңіз – рұқсаты халықаралық құқықпен реттелетін ҚР-ның террироалдық теңізіне немесе басқа мемлекеттердің теңіз, мұхиттарына жатпайтын кеңістік.

Континентальдык шельф –

1958 ж. Женева Конвенциясына сәйкес берілген түсінік 200м-ге дейінгі тереңдіктегі территориалдық теңіз шегінен тысқарғы, жағаға жанасып жатқан, жағалау мемлекеттердік жер беті мен жер қойнауы су асты ауданын да алып жатады.

ҚР-ның территориясына болып шетел мемлекетінің территорияда немесе осы территорияда ұшып өтіп жатқан ҚР-мен танылатын жалауы бар, әскери емес ұшақтары табылады.

ҚР-ның ҚК-нің 6 бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы территориясында қылмыс жасаған барлық тұлғалар, сонымен қатар шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар қылмыстың жауапкершілікке қылмыс жасалған жерде әрекет ететін қылмыстық заңмен ҚР-ның азаматтарымен жалпы негіздерде (бірдей құқықтарда) жауапқа тартылады.

Әрекет етіп жатқан заңға және халықаралық келісім шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының соттарының қылмыстық істері бойынша соттылықты емес азаматтары мен шет ел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдерінің қылмыстық жауапкершілік мәселесі, бұл тұлғалар Қазақстан Республикасы территориясында қылмыс жасаған жағдайда дипломатиялық жолмен шешіледі. Жеке қол сұғылмаушылықпен және қылмыстық жауапкершіліктен иммунитетпен әрдайым қолданатындар: дипломатиялық өкілдік басшысы (елші, істерде сенілген), кеңесші, сауда өкілдері және олардың орынбасарлары, әскерилер, әскери теңіз және әскери әуе аттешелері және олардың көмекшілері, бірінші, екінші және үшінші хатшылар, атташе және хатшы-архиваристер, сонымен қатар олармен бірге тұратын, ҚР азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелері. Экстерриториалдылық құқық дипломатиялық өкілдердің көліктері, қызмет және тұрғын үйлеріне таралады. Бірақ бұл дипломатиялық иммунитетті дипломатиялық өкілдік қызметімен байланысты емес мақсатта қолдануға құқық бермейді. Экстерриториалдық құқықты асыра пайдаланатын тұлғалар «персона нон грата» деп жарияланады. Оларға ҚР территориясының тастап кету ұсынылады.

ҚР ҚК-ң 7 б азаматтық қағидасына сәйкес ҚР шегінен тыс жерлердегі қылмыстарға қатысты қолданатын ҚР ҚК әрекеттеі анықтайтын келесі тұлғалар категориясы: ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар және шет елдіктер.

ҚР ҚК 7 б 1 т: «ҚР-ң шегінен тыс жерлерде ҚР азаматтары егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы кодес бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасаған мемлекеттің заңында көзделген санкцияның жоғарғы шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негіздерде жауапты болады» деп белгіленген.

ҚР-ң шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған шет елдіктер қылмысты ҚР-ң мүдделеріне қарсы бағытталған жағдайларда және ҚР халықаралық шарттарында көзделген жағдайында егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және олар ҚР аумағында жауапқа тартылса осы кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Бұл жағдайда ҚР территориясындағы дипломатиялық имунитетпен қолданатын тұлғалардан басқа шет елдіктер ескерілген.

ҚР ҚК-ң 4 б көрсетілгендей: «Әрекеттің қылмсытылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасаған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленді.» Қоғамдық қаіупті іс-әрекет жүзеге асырылға уақыт зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасаған уақыт деп танылады.

Қазақстанда заңдардың әрекеттің енуі мен жариялануының белгіленген тәртібі бар.

Қабылданған заң ресми органда қабылданған күннен бастап 7 күннен кешіктірмей жариялану тиіс. Егер актілерде заңды күшіне енуінің өзге мерзімдері белгіленбесе заңдар мен өзге де актілер ресми органда жарияланған күннен 10 күннен кейін заңды күшіне енеді.

Заңнамаларда қылмыстық заңның күшін жою туралы мәселе шешілмеген, көптеген ғалымдар заңды күшіне енген және әрекет етіп жатқан жоюының дұрыс деп тапқан жағдайларын көрсеткен: 1) күшін жою 2) басқа заңмен алмастыру 3) заңның әрекет ету мерзімі аяқталуы.

Заңның уақыт бойынша қолданылуының жалпы анықтамасын жаңа заңның күшініе енген кезден бастап және қылмыстың аяқталу кезеңдерін салыстыру арқылы айқындаймыз. Егер қылмыс аяқталу мезетте жаңа заң қабылданған кезеңнен бұрын аяқталсы, онда ескі заң қолданылады. Егер қылмыстың аяқталуы мезетті жаңа заңның тұсында болса – жаңа заң қолданылады және ол қылмыстың ұзақтығына, жалғасымдылығына және бір реттігіне болмайды.

Заңның кері күші – берілген заңның ол шығарылғанға дейін әрекетте таралған әрекеті, бұл мәселе ҚР ҚК 5 б қарастырылады.

Жаңа заңның кері күші болады, егер ол: 1) әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын немесе 2) жауаптылықты немесе жазаны жеңілдетсе. Қылмыстық жауаптылықты қайта белгілейтін немесе жазаны күшейтетін заңның кері күші болмайды.

Жаза жаңа заңмен жеңілдетіледі, егер: альтернативті санкциядан ең ауыр жазаны алынып тасталыну немесе оны жеңіл жазамен алмастыру; жоғарғы және төменгі жаза шектерін азайту; қосымша жазаны алып тастау, сакцияға жаңа, аса жеңіл жаза енгізу; соттың көзғарасы шаралары қолдану мүкіндігін регламенттеу; әрекетінің жазалануын жеңілдететін сапалық жағдайын ескеретін жаңа бөлім енгізу.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!