Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Шөгінді таужыныстары. Шөгінді таужыныстардың пайда болу кезеңдері мен құрылыс мақсатындағы маңызы ролі



Шөгінді тау жыныстары - Шөгінді жыныстарға жер бетіндегі әр түрлі экзогендік процестер әрекетінен үгіліп, ысырылып, еріп, сонынан шөккен жыныстар тобы жатады .құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары. Материалдың бөлшегі, салмағы, үлкендігі оның сортталу дәрежесімен сипатталады және қабатты болады, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі. Шығу жағынан химиялық (гипс, тас тұзы, оолитті ізбестасжәне басқалары), жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруінің салдарынан пайда болады (маржандық және қабыршақтық ізбестас, шымтезек, тас көмір) және кесек шөгінді тау жыныстарына бөлінеді.

Шөгінді тау жыныстары жер бетінің 75%-н жауып жатыр. Шөгінді тау жыныстарының түзілу процесі литогенез деп аталып, үш сатыдан өтеді:

· қатты (түпкі) тау жыныстарының мүжілуі, бұзылуынан бастапқы материал пайда болады;

· осы материал су ағыны, жел, мұздыққа байланысты құбылыстар әсерінен көшеді де құрлық немесе су түбіне тұнады;

· әр түрлі бөлшектерден құралған, суға қаныққан борпылдақ тұнба түзіледі.

Әлі тепе-теңдік күйге келмеген, бірақ уақыт өте келе біртіндеп Шөгінді тау жыныстарына айналатын осы тұнба күрделі физика-химиялық жүйе болып саналады. Осы жүйенің тау жыныстарына айналу процесі гипергенез, седиментогенез, диагенез, катагенез, т.б. даму сатыларында жүзеге асады. Шөгінді тау жыныстары бұрын болған эндогендік тау жыныстарының үгілу өнімдерінен пайда болғандықтан олардың химиялық құрамы бір-біріне ұқсас. Айырмашылығы Шөгінді тау жыныстарында темір мен кальций тотығы және су мен көміртектің көбірек болуында. Шөгінді тау жыныстары құраушыларына байланысты аутигендік және аллотигендік деп бөлінеді.



Инженерлік геодезиялық ізденістер

Инженерлік-геодезиялық ізденістер – нысандар мен ландшафтты жобалаудың, аймақтарды абаттандырып көгалдандырудың бастапқы кезеңі. Инженерлік-геодезиялық жұмыстардың мақсаты - бір арнайы аймақтың бедері мен ахуалы жайлы мәлімет алып, кейін осы мәліметті қағазға немесе электрондық тасушыға түсіру. Инженерлік-геодезиялық жұмыстардың нысаны – жоспарлы-биіктік түсірім геодезиялық торабын құру, топографиялық түсірім жасау, жер асты коммуникацияларын түсіру және жер тәлімінің шекараларын анықтау; құрылыстар мен ғимараттарды орнықтыру, туралау жұмыстарының нәтижелеріне және нысанда бұрыннан бері бар темір жолдар мен автожолдардың сипаттамаларына қарай қажетті профильдерді құру және жаңа жолдарды жобалау. Төңіректе жүргізілетін өлшеу жұмыстарының барлығы жоспарға 1:200 – 1:1000 масштабында түсіріледі.

Инженерлік-геодезиялық ізденістер (ҚР ҚН 1.02-02-2008) құрамына келесі жұмыстар кіреді:

  • өткен жылдарда жасалған инженерлік ізденістердің материалдарын, топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірімдік және басқа да материалдар мен деректерді жинау және сараптап өңдеу;
  • аймақты алдын ала тексеріп білу;
  • тірек геодезиялық желілерін, сонымен бірге құрылысқа арналған геодезиялық желілерін құру (дамыту);
  • жоспарлы -биіктік түсірім геодезиялық тораптарын құру;
  • 1:10000-1:200 масштабтарында топографиялық (жер бетіндегі, аэрофототопографиялық, стереофотограмметриялық және т.б.) түсірім, сонымен бірге жер асты және жер үсті құрылыстардың түсірімін жүргізу;
  • топографиялық (инженерлік-топографиялық) және кадастр жоспарларын 1:10000-1:200 масштабтарында, графикалық, сандық, фотографиялық және басқа пішіндерде жаңарту;
  • инженерлік-гидрографиялық жұмыстар жүргізу;
  • таудағы қуыстар мәселесін, геофизикалық нүктелерді және инженерлік ізденістер жүргізу барысында анықталған басқа нүктелерді даладағы нақты жағдаймен байланыстыру;
  • қауіпті табиғи және техно-табиғи үрдістер дамитын аймақтардағы ғимараттар мен құрылыстардың табандарында, сондай-ақ жер беті мен топырақ қабаттарында пайда болатын деформацияларды геодезиялық стационарлық құралдармен бақылау;
  • Қоныс-мекендер мен мемлекеттік (қала құрылысы және т.б.) кадастрлардың геомәліметтік жүйелерінің (ГМЖ) инженерлік-геодезиялық қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
  • инженерлік-топографиялық жоспарларды, кадастрлық және тематикалық карталар мен жоспарларды, арнайы атластарды (графикалық, сандық және басқа пішіндерде) жасау және басып шығару (тарату);
  • далада жиналған мәлеметтерді кеңседе талдап өңдеу (камералық өңдеуден өткізу);
  • техникалық есеп (түсіндірме хат) жасау

Эндогендік үдерістер.



Жер қыртысының қозғалыстары тектоникалық қозғалыстар деп аталады. Ал бұрын айтылғандай жер қыртысының ішкі күштерінің әсерінен пайда болған үдерістердіэндогендік дейді. Аталмыш қозғалыстар жүзеге асырылған уақыттары бойынша жер қыртысының құрылымына және бедеріне әсер етуіне, сондайақ қозғалыс бағытына байланысты жіктеледі. Жүзеге асырылған уақыттары бойынша тектоникалық қозғалыстар ұзақ геологиялық сатыда неогенге дейін дамыса көнелік /палеотектоникалық/, неогенде өтіп және қазіргі уақытта жалғасын тапса жаңа /неотектоникалық/, төртінші кезеңде дамып бүгінгі күнде жалғасып жатса заманауи деп жіктеледі.

Қозғалыстар жылдамдығы, Жер қыртысы құрылымы және бедері өзгеруіне ықпал етуіне байланысты төмендегідей бөлінеді - теңіздің ілгерілеуі /трансгрессия/ немесе шегінуі /регрессия/, қатар жүретін үлкен кеңістіктің баяу тік көтерілуі немесе батуы /тербелуі/. Бұл қозғалыстар эпейрогенетикалық /континенттерді түзуші/ деп аталады Шапшаңдау өтетін, Жер қыртысын және оны құрайтын қабаттарды тектоникалық өзгертетін, күрделі деформацияларға ұшырататын, биік тауларды және терең ойпаңдарды түзетін қозғалыстарды орогендік дейді.

Космос кеңістігінде ұшып жүрген суық шаң-тозаңдар, түйіршіктер, кесектер бір біріне жабысып Жер шары қалыптасқан. Кейін, құраушы заттардың радиоактивтік ыдырауынан Жер бірте бірте ішінен қызады. Мантияның жоғарғы жағында заттар балқуынан жұмсақ қабат- астеносфера пайда болады. Бұл қабаттан жеңіл құрауыштар балқып, бағандар және жолақтар түрінде Жер бетіне көтеріледі Осы жеңіл заттардан Жер қыртысы пайда болады, нақтылап айтқанда граниттік қабат түзіледі, ал ауыр заттар одан төмен түседі. Заттардың орын ауыстыруы Жер бетінде көтерілімдер мен түсірімдер тудырады. Платформалар баяу тербеледі. Платформаларға таяу геосинклиналь аймақтарда қатпарлану қозғалыстары өтеді.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!