Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Аэроғарыштық зерттеулер



Ғарыштық суреттерді дешифрлеу жүйелі түрде қарастырылады. Қарастырып отырған нысан элементтерінің жиынтығын кешен ретінде зерттеуге болады Олардың интерпретациясы көп деңгейлі тақырыптық және түрлі масштабтағы фото талдаудың әр түрлі типтегі суреттерінде көрінеді.

Геологияда ғарыштық әдістер пайдаланудың негізгі бағыттары:

- арнайы ғарыштық геология өнімдерін жасау (ғарыш геологиялық, ғарыш тектоникалық, ғарыш минерагенді және т.б.);

- дәстүрлі әдістер арқылы картаны толықтыру және жаңарту;

- түрлі қазба байлықтарын іздестіру және болжау жұмыстарын жүргізу;

- тарих пен жер құбылысы дамуымен, әсіресе, жер құрылымын тереңдікте зерттелумен байланысты жалпы геология мәселелерін шешу.

. Ғарыштан түсірілген суреттер аймақтық және жаһандық нысандар туралы мәліметтер алуға көмектеседі. Бұл суреттердің ерекшеліктері өте жоғары, себебі, олар ұсақ масштабты көріністерді нақты түрде көрсете алады.

Шолу деңгейінің ауқымды болуы немесе видеоақпараттарды қолдану арқылы, аумақтардың даму тарихын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Көріністің нақты түрін көрсету – бұл ұсақ бөлшектерге тән. Осы екі факторға байланысты дешифрлеудің сапасы артады, яғни, бұрын белгісіз болып келген жарылым, сақиналы құрылым және қозғалмалы зоналар жүйесін анықтау мүмкіншілігі пайда болады.

.

Жергілікті деңгейдегі суреттерде геология құрылымның барлық элементтері көрсетіледі. Ғарыштық ақпаратты пайдалануда геологиялық картографиялауда геология көріністері анық көрсетіледі. Жәнеде жердің топографиялық бедерін түсіреді

Ғарыш суреттерінің геология интерпретациясының негізгі мәселелері арқылы келесі мәселелерді зерттеуге болады:



- тау жыныстардың литология-петрография бөлінуі. Мұнда ауданды геология, тектоника құрылымдары, яғни морфология жағдайлары, элементтік құрылымдардың өзара байланысы айқын көрінеді;

- төрттік шөгінділер генетикалық таралу заңдылықтары, олардың шекаралары, қазіргі түзіліп жатқан шөгінділер көрсетіледі;

- қазіргі геология үрдістерін (сейсмикалық, жанар таулық);

- жер қабатында пайдалы қазбалардың таралуымен (жер асты суларын қосқанда) олардың жер қыртысы құрылымдарымен байланысын;

.

Ғарыштық суреттер көмегімен бірден аймақтық тектоникалық сұлба жасауға болды. Содан кейін масштабтың ұлғаюынан әуесуреттерге көштік. Жаңа тәсіл бойынша жұмыс істеу барысында бұзылған, жарылған жағдайларға көп көңіл бөлінеді. Олар тек эндогенді жағдайды ғана бақылап қоймай, сондай-ақ, шөгінділердің түзілу аумағын бейнелейді.

Ғарыштық ақпараттар негізінде және де геология мәліметтері негізінде, аумақ зерттеунің жаңа түрі дамып келеді - ғарыштық фотогеометрия. Ол мемлекеттік геология түсірілімдерге негізделіп 1:2 500 000 – 1:1 500 000 дейінгі масштабта жасалынады.

Жалпы фотографиялық фонды картада, суретте дешифрленетін негізгі нысандар көрсетіледі. Олардың негізгі элементтері – тау жыныстарының құрамын, олардың тектоникалық позициясы мен орналасу шарттарын көрсету. Ғарыштық фототектоникалық карталар геология негізінде жасалынады. Кен орындары мен ғарыштық геоқұрылымдық нысандар арасындағы байланыс негізінде арнайы ғарыштық минерагендік карталар пайда болды. Бұл карталар зерттелген аумақ үшін өте қажет.



Минералдардың химиялық құрамына байланысты топтарға жіктелуі.

Химиялық жағынан қарағанда минералдарды органикалык және органикалық емес минералдар деп бөлуге болады.
Органикалық минералдардың барлығы көміртектің қосындылары. Кәміртек косындыларының ішінде органикалық топқа жатпайтын екі түрлі минералдар бар. Оның бірі —карбонаттар, яғни көмір қышқылының тұздары (мысалы, кальцит, доломит т. б.), екіншісі— карбидтер, яғни көміртектің металдармен косындысы (мысалы, кальций мен кеміртек қосылса кальций карбиды, көміртек пен кремний қосылса карборунд деген қатты зат шығады).
Органикалық минералдардың түрлері де көп болу керек. Бірақ олар әлі күнге дейін зерттеліп талданған жоқ . Оның себебі органикалық қосындылар аса күрделі құрылысты келеді. Тек кейінгі кездерде ғана, минералдардың ішкі кұрылыстарын зерттеудің техникасы жетілумен байланысты, органикалық заттардың түрлерін талдау өркендей бастады. Біз әзірше органикалық қосыпдыларды бір ғана топ ретінде қарастырамыз.
Орғаникалық емес минералдар кебірек талданған. С

 

Селдер.

Сел (арабша сайль — жойқын тасқын) — таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерд14. . ен артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.

 

Тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен ағыла қүлауымен сипатталатын, кенеттен басталып, барынша қарқынды өтетін мейлінше залалды құбылыс; әдетте нөсер жауындар әсерінен, кейде тау шатқалдарындағы қардың не мұздықтың жаппай еруінен туындап, шағын өзенше аңғарлары мен жылғалар бойын қуалай құлайды.

Сел тасқыны құрамына қарай саз-балшықты, тастыбалшықты және сулы-тасты селдер болып үш түрге бөлінеді.

Сел жолындағы борпылдақ шөгінділерді шайып, қатты тау жыныстарын бұзып, ағаштарды түбірімен қопарып, салмағы ондаған тонналық үйтастарды ағызып әкетеді. Сел Қазақстанның Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларындағы Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаскелең, Есік, Талғар, Текелі, Сарқант, тағы басқа өзендердің алаптарында жиі болып тұрады.

Сел болған жылдар

1887 жылы жер сілкіну әсерінен Алматы қаласында нда көлемі 440 млн. м3 болатын ірі тастарды ағызып әкелген күшті, лайлы сел болды.

1928 жылы қатты нөсер жауын салдарынан Іле Алатауының терістік беткейінде 20-дан астам сел болып өтті.

Нөсер жауындардан соң 1921 жылы, 1941 жылы Кіші Алматы, 1950 жылы Үлкен Алматы, 1959 жылы.

Текелі өзендерінде жойқын селдер болды.

Сел алдын алу

1963 жылы шілде айында бірнеше тәулікке созылған ыстық аптаптың әсерінен мұздық пен қардың мол еруінен Жарсай мұздығындағы көл суы ернеуінен асып, жарты сағат шамасында Есік көліне шамамен 6 млн. м3 лай мен тасты ағызып әкелді.

Сел қаупі күшті өзендерге бөгеттер салу, каналдар қазу, ағаштар отырғызу және алдын-ала болжау, халыққа хабарлау жұмыстарын ұйымдастыру сел апатының зардабын кемітетін шаралар. Алматы қаласын сел апатынан қорғау үшін 1966 жылы Медеу шатқалында дүние жүзінде алғаш рет тауды бағыттап қопару әдісімен Медеу бөгеті салынды. Ауданы 40 мың км2 жерге селге қарсы ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкциялық жұмыстар кешені жүргізілді. Селдің алдын алу мақсатында Қазақстанда “Қазселденқорғау” мекемесі құрылып, сел мониторингі ұйымдастырылған.

11. Беткейлердің өзгеру үрдістері .


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!