Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу



Жоспар

Кірісп.. 2

 

1) ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚЫЛМЫС ЕКЕНІН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАР ТҮСІНІГІ 3

 

2) Іс-ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚЫЛМЫС ЕКЕНІН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАР ТҮРЛЕРІ 4

 

3) ШЕТ ЕЛДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚТЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІН ЖЯТЫН МӘН ЖАЙЛАР.................................................................17

ҚОРТЫНДЫ..........................................................................................................24

 

КІРІСПЕ

 

ҚазКСР Қылмыстық кодексінде әрекеттің қылмыстылығын жоятын екі-ақ мән-жайлар ғана көрсетілген. Олар « Қажетті қорғану (13- бап) мен « аса қажеттілк» (14- бап). Сондай – ақ мұндай мән- жайлар қол сұғушылық істеген адамды ұстау кезінде зиян келтіру де жатқызылады. Тек бұл мән жайлар Қылмыстық заңда емес, КСРО Жоғарғы Соты Пленумның 1972 жылғы 16- қазандағы « Бұзақылық туралы істер бойынша соттық тәжірибе туралы» қаулысында көрсетілді.

Сөйтіп, әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән- жайлар қылмыстық заңмен емес, өзгедей заңи актілермен реттелген жағдай қалыптасты. Мұндай жағдай, сөзсіз, құқық қолдану тәжірибесіне жағымсыз әсер етеді. Мұндай қайшылық Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Пленумының 1995 жылғы 21- шілдеде « Бұзақылық туралы істер бойынша соттық тәжірибе туралы» қаулысын қабылдаумен жойлды. Онда қолсұғушылық істеген адамды ұстау кезінде зиян келтіру сияқты әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән- жайлар болмаған еді. Әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән- жайларды реттеуге Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16 – шілдесінде қабылданған Қылмыстық кодексі елеулі үлес қосты. Жоғарыда айтылғандай ҚР ҚК 32-37 баптарында мұндай мән – жайлардың жеті түрі қаралатын болды.



Қылмыстық құқық теориясында әрекеттің қоғамдық қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын басқа да мән- жайлар бар. Оларға мыналар жатады:

1) өзінің құқығын жүзеге асыру;

2) жәбірленушінің келісімі;

3) спортпен айналысу;

4) құқықтық міндеттерін орындау;

5) бұйрық пен өкімді орындау;

6) кәсіби қызметін орындау;

7) құқықтық міндеттерін орындауға мәжбүр ету;

8) міндеттердің қарама- қайшылығы;

9) ең соңғы амал;

10) өкіметтің заңды қызметін атқару;

11) бағынуға мәжбүр ету;

12) рұқсат етілген өзіне көмек:

13) балаларға қатысты ата-ана билігін жүжеге асыру;

14) дәгерлік араласу

Байқасақ, аталған және өзге де осындай әрекеттердің осы толымсыз тізімі олар (осындай әрекеттер) Қылмыстық заң қорғайтын игіліктерге зиян келтірумен байланысты бола тұрып, шынайы болмыста айтарлықтай кең тарағанын көрсетеді.

Заң әдебйеттерінде әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән – жайлардың төмендегідей белгілері қарастырылады:

1) олар қылмыстың сыртқы белгілеріне жататын әрі осыған белгілі бір



негіздер болғанда істелетін адамның саналы және ерікті қылығы болып табылады;

2) Өзінің әлеуметтік-саяси мазмұны бойынша олар қоғамдық пайдалы немесе әлеуметтік мүмкін әрекеттер;

3) Олар қылмыстық заңнамаларда қарастырылған;

4) Олар құқыққа сай болып саналады.

Осы белгілерді ескере отырып, әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-

жайлар ұғымының мазмұныны төмендегіше болып көрінеді: Бұл қылмыстық заңнамалармен қарастырылған және сырт қарағанда белгілі бір негіз болғанда істелетін, қоғамдық қауіптілік пен әрекеттің заңға қайшылығын, сол сияқты келтірген шығын үшін қылмыстық жауаптылық болмайтын қоғамдық пайдалы (әлеуметтік жағынан орынды ) және заңды.

Сөйтіп, адамның белгілі бір қылығын әрекетте қылмыстылық болдырмайтын мән-жайлар деп тану үшін осы қылықты әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың тиісті белгілермен салыстыру қажет. Егер олардың арасында қайшылық болмайтын болса онда ол әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайларға жатады.

 

 

Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың түсінігі.

 

Қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтың жолын кесу, сондай –ақ басқа көздер тарапынан келетін қауіпті болдырмау басқа біреуге, қоғамға немесе мемлекеттке іс жүзіндегі жіне материалдық зиян келтіруі мүмкін. Мұндай әрекеттер формальді түрде ҚР ҚК Ерекеше бөлімінде қарастырылған нақты бір қылмыстардың белгілеріне жатады. Дегенімен белгілі бір жағдайлар болғанда мұндай қылмыстардың бойында қылмыстың міндетті белісі-қоғамғамдық қауіптілік болмағандықтан қылмыс деп саналмайды. Оның үстіне қоғамдық қатынастарға қатысты қауіптің бетін қайтару қоғамға пайдалы іс болып табылады, өйткені ол зияннің келуіне тосқауыл жасап, тойтарыс береді.

Әрбір азаматтың конституциялық борышы — қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға, мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материалдық, моральдық және басқа да зиян келтірілуі мүмкін. Мұндай әрекеттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материалдык белгісі болып табылатын басты белгі — қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады.

Қылмыстың белгілеріне формальді түрде енетін ірекеттер қылмыстық құқық теориясы мен құқық қолдану саласында бір топқа біріктіріліп «Әрекеттеің қылмыстылығын жоятын мән жайлар» деп аталған. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға:

1. Қажетті қорғаныс (ҚР ҚК 32-бабы).

2. Қолсұушылық істеген адамды ұстау кезінде зиян келтіру (ҚР ҚК 33-бабы).

3. Аса қажеттілік (ҚР ҚК 34- бабы).

4. Орынды тәуекел ету (ҚР ҚК 35-бабы).

5. Күштеп немесе психикаліқ мәжбүрлеу (ҚР ҚК 36- бабы).

6. Жедел- іздестіру шараларын жүзеге асыру (ҚР ҚК 34-1- баба).

7. Бұйрықты немесе өкімді орындау (ҚР ҚК 37- бабы).

Айта кететін бір жай, ҚР ҚК 34-1- бабымен жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру деген мән - жайлар кейін енген, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16- наурыздағы « Ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері бойынша ҚР кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 163 Заңымен енгізілді

Аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай қылмыс белгілеріне ұқсағанымен, оларда қоғамға қауіптілік болмағандықтан, қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар қоғамға пайдалы іс-әрекеттер қатарына жатады. Енді осы мән-жайларға талдау жасайық.

 

 

ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚЫЛМЫС ЕКЕНІН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАР ТҮРЛЕРІ

 

Ажетті қорғану

 

Қылмыстық заңға сәйкес барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті кол сүғушылықтан кұтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады. (32-бап, 2-бөлік) . Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды делінген (32-бап, 1-бөлігі) .[1.11б].

Барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқықығы бар. Бұл құқық адамға қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мелекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады.

Бұл жерде мемлекеттік қоғамдық мүдделерге қорғанушының өзіне, басқа адамның заңды құқықтарына, құқықтық тәртіпке тікелей қауіп төндіріп тұрған істі тоқтату мақсатымен соны төндірушіге зиян келтірушілік қылмыстық құрамда көрсетілген белгілерге дәл ұқсағанымен қылмыс болып саналмайды делініп отыр.

Қажетті қорғану — әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықгары, өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т. б. басқада игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті қорғану қылмыстылыкты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы күресудің пәрменді құралы болып табылады.

Сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың аса маңызды сақтаңдырушылық мәні зор. Өйткені, қиянат келтірүшінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс берілетінін сезінуі оны көп жағдайларда қылмыс істеуден тартындырады.

Міне, осыған байланысты қажетті қорғану Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі, қоғамға пайдалы әрекет деп саналады.

Мұндай жағдайда қиянат жасаушының өмірі, денсаулығы, меншігі оның қылмыс Істеуіне байланысты қылмыстық заңның қорғануынан тысқары қалады. Қажетті қорғану жағдайында оған зиян келтіру қылмыстық құқылық әрекетпен заң қорғайтын объектіге қол сұғушылық болып табылмайды. Қажетті қорғану қиянат жасауды тыюдың, оған тойтарыс берудің белсенді нысаны болып табылады. Бұл шабуыл жасаушыға қарсы істелген тікелей әрекет болып саналады. Сол себепті де мемлекет заңда белгіленген тәртігтпен кейбір тәртіп сақшыларына мұндай реттерде қару қолдану құқығына да жол береді.[5.118б].

Қылмыстық заңға сәйкес адам басқа қоғамға қауіпті қол сұғушылыктан құтылу немесе мемлекет органдарынан көмек сұрауға мумкіндігі болғаиына қарамастан қажетті қорғануды қолдануға құқылы.

Көмек сұрау мүмкіндігіне қауіпті қиянаттан қашып кету, жасырынып қалу, жұлқынып шығу, қиянат жасаушыға басқадай бөгеттер жасау, айғайлап көмекке шақыру, телефонмен құқық қорғау органдарына, туысқандарына, көршілеріне, таныстарына хабарлау сияқты әрекеттер жатады. Заң бойынша барлык азаматтар — кәсіби немесе өзге де даярлығын, қызмет жағдайына қарамастан қажетті қорғануды жүзеге асыруға бірдей негізде құқылы. Заңда лауазым адамдары немесе басқадай құқық қорғау органдары үшін қажетті қорғануды қолданудың ерекше талаптары белгіленбеген. Көптеген азаматтар үшін қажетті қорғануды қолдану олардын жеке құқығы болып табылады.[5.120б].

Қажетті қорғануды пайдаланудан бұлтарған немесе бас тартқан адамдар тек қана моральдық жағынан айыпталады. Керісінше заңға, уставка, басқадай нормативті актілерге сәйкес қажетті қорғануды жүзеге асырмаса оның әрекеті қылмыстық немесе тәртіптік жауаптылыққа жатады. Мысалы, милиция қызметкері Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының “Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы арқылы” 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 қаулысын Қылмыстық кодекстің тиісті бабына сәйкес қажетті қорғану құқығы азаматтардың өмірін, денсаулығын, арын, беделін, сондай-ақ мүлкін қоғамдық қауіптерден қорғаудағы конституциялық құқығын жүзеге асырудың ең бір кепілі екендігіне соттардың назарын аудару керек .

Азаматтар заңға сәйкес шабуылдан қашып қорғанудан немесе басқа амалдар қолданудан тыс, заңға сәйкес қоғамға қауіпті шабуылға қарсы залал жасау жолымен белсенді шараларды қолдануға қақысы бар. Мұндай кезде олар қоғамға қауіпті шабуылдан қорғану жағдайында келтірілген залалы үшін жауап бермейді, деп атап көрсетілген. [7. 128б].

Қажетті қорғануды жүзеге асырудың негізгі шарттары бар.

Қиянатқа байланысты қажетті қорғануды қолданудың заңға сыйымдылык шарттары: оның біріншісі қиянат қоғамға қауіпті болуы керек, яғни қиянат арқылы заң қорғайтын мүдделерге тікелей зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болады.

Қоғамға қауіпті қол сұғушылық жоқ болса, қажетті қорғану да жоқ. Қол сұғушылықтың түрлері Қылмыстық кодекстің 32-бабында қорғанушылықты немесе басқа адамның жеке басына тікелей төнген қауіпті қиянаттан болған әрекеттердеп көрсетілген. Бұл әрекеттер шабуыл арқылы жүзеге асырылады. Шабуыл — бұл ашықтан-ашық кенеттен пайда болған зорлық әрекет. Өмірге қауіпті зорлық өлімге әкеліп соғуы, ал өмірге қауіпті емес зорлық денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Зорлық көрсетемін деп қорқыту өмірді жоюға немесе денсаулыққа зақым келтіруге нақгы бағытталуы мүмкін. Қажетті қорғану қауіпті тудыру ошағына арналғандықтан, оны кім немесе не төндіргеніне қарамайды. Қорғаныс заңсыз істеудің нәтижесінде заң қорғайтын мүддеге қауіп төндіретін лауазымдық жағдайын пайдаланушыға да, жасы қылмыстық жауаптылыққа толмағандар мен есі дұрыс еместерге, қорғаудың шегінен асып кетушілік әрекеттеріне және жалған қорғануға қарсы қолданылуы мүмкін. Заңда бұларды бір сөзбен айтқанда, қауіпті қиянатты төндіруші деп айтады. Қауіпті төндірушілерге заң бойынша жоғарыда айтылған іс-әрекетті істегендердің бәрі жатады. [4.205б].

Қажетті қорғануды заңды әрекетке қолдануға болмайды, сол сияқты қажетті қорғануды қандай да бір әрекетінде қылмыстың формальдык жағынан белгілері бар, маңызы шамалы әрекет немесе әрекетсіздікке қолдануға болмайды. Мұндай әрекеттерге өте арзаң заттарды ұрлау, жасөспірімдердің бау-бақшадан жеміс-жидек ұрлауы сияқты әрекеттері жатады. Адам мұндай іс-әрекеттері арқылы зиян келтірсе, онда олар жалпы негізде жауаптылыққа тартылады.

Қажетті қорғану әкімшілік теріс қылыққа да қарсы қолданылуы мүмкін. Мысалы, ұсақ бұзақылыққа қарсы. Қажетті қорғануды қолдануда негіз болатын қоғамға зиянды қасақана әрекеттің (абайсызда емес) өмірге, денсаулыққа, бостандықка, меншікке, басқа да құқықтарына, қоғам немесе мемлекет заңды мүдделеріне, қоғамдық тәртіпке дереу зиян келтірілуі мүмкін болғанда ғана қолдануға болады, Мысалы, кісі өлтіруге, әйелді зорлауға, ұрлыққа, тонауға оқталу. Егер қиянаттың қоғамдық қатынастарға дереу, тез зиян келтіруге қабілеті болмаса, онда ондай әрекеттерге қарсы қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Мұндай жағдайда төнген залалды тойтару басқа жолмен жүзеге асырылады.

Қажетті қорғануды қарсы әрекетке ғана қолдануға болады. Құқылық міндетін орындамаған әрекетсіздікке қажетті қорғануды қолдануға негіз жоқ. Мұндай құқылық міндетті орындамаушылық орын алған жағдайда оған зиян келтірмей-ақ, оны зорлап орындатушылық орын алады. Заңда көрсетілген қылмысты қиянатпен қол сұғу қасақана болуы қажет, абайсыздықпен қол сұғу басқа жолмен тоқтатылады.[2. 100б].

Қажетті қорғануды қолданудың екінші шарты — қорғану қол сұғушылық нақты бар болғанда ғана қолданылады. Қол сұғушылықтың объективтік категория ретінде басталуы және аяқталуы болады. Нақтылы төніп тұрған қол сұғушылық деп заң қорғайтын объектіге зиян келтіруге кірісуді бастағалы жатқан немесе кіріскен әрекетті айтамыз. Яғни, қол сұғушылықтың кірісуі деп қоғамға қауіпті әрекеттің басталған уақытын айтамыз. Қасақана қылмыстар үшін қол сұғушылықтың бастамасы болып қылмыс істеуге оқталғандық әрекеті айтылады. Ал қол сұғушылықтың аяқталуы болып іс-әрекеттің нақты біткен, шын мәнінде оның доғарылған уақыты саналады. Қол сұғушылық алға қойған мақсатқа жетуге немесе одан ерікті түрде бас тартуга байланысты доғарылуы мүмкін. Егер де қол сүғушылық бітіп кетсе, оған қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Өйткені қажетті қорғанудың мақсаты — болатын, орын алатын зиянды тойтаруға, оны болғызбауға бағытталған, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы “Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы” қаулысында қажетті қорғану құқығы тек қоғамға қауіпті қол сұғушылық сәтінде ғана емес, шабуыл жасау қаупі анық төнген кезде қолданылатынын көрсеткен . Яғни, қажетті қорғануды нақтылы қауіп төніп тұрған тұрған қол сұғушылыққа ғана қолданады. Нақтылы төніп тұрған қаупі біткен қылмысқа оны қолдануға болмайды. Осыған орай, кейде қажетті қорғануды қолданушы қылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырата алмаудан қолдану жағдайлары да кездесуі мүмкін. Жоғарыда аталған Жоғарғы Сот Пленумы қаулысының 21-тармағына сәйкес мұндай реттерде “Шабуыл аяқталғаннан кейін, бірақ істің мән-жайларына сәйкес қорғанушы үшін оның бітіп қалу сәтінің түсініксіз жағдайына сәйкес қылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырата алмай біткен қылмысты бітпеген қылмыс деп ұғып, қажетті қорғануды қолдаса, ол әрекетті қажетті қоргануға жатқызуы керек” делінген. Егер қорғанушы қауіптің біткенін біле тұра қажетті қорғануды қолданса, ондай әрекет қорғану шегінен шығып кеткен деп есептеледі. Қауіпті емес әрекетті оның қауіпті екендігін білуге мүмкіндігі болмай шынымен қауіпті іс деп санап, қажетті қорғану қолданылса, ол үшін қажетті қорғануды қолданушы жауапкершілікке жатпайды.

Егер қорғанушы іс-әрекеттің қауіпті емес екендігін байқауға мүмкіндігі болып тұрып, қорғануды қасақана емес күйде жүзеге асырса, бұл жағдайда ол абайсыздық түрінде істелген әрекет үшін қылмыстық жауаптылыкка тартылады.

Қажетті қорғанудың үшінші бір шарты — қоғамға қауіпті қол сұғу айқын, шын мәнінде, яғни қоғамдық қатынастарға анык зиян келтіретін болуы керек. Адамның санасында ғана елестетілетін қиянаттың зиян келтірумен ешқандай байланысы жоқ. Елестетілетін қиянаттан қорғануды жалған қорғану дейміз.[3. 95б].

 

Аса (мәжбүлік) қажеттілік

 

Осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажетті шектен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды (34-бап, 1-бөлігі) .

Төнген қауіптің сипаты мен дәрежесіне және қауіптің жойылған жағдайына сөзсіз сәйкес келмейтін зиян келтіру заңмен қорғалған мүдделерге оларды сақтап қалғаннан гөрі көбірек зиян келуі аса қажеттіліктің шегінен шығуы болып табылады. Мұндай шектен шыққан зияндылық үшін тек қасақана әрекеттерде ғана жауапқа тартылады. Осы заңнан туатын қорытынды: аса қажеттілік деп біріншіден заң қорғайтын мүдделерге төнген қауіпті жоюға бағытталған әрекет, екіншіден осы төнген қауіпті басқа амалдармен жоюға болмайтындай болса, үшіншіден заңмен қорғалған мүдделері сақтап қалу үшін келтірілген зиян болғызылмаған зияннан кем болуы, төртіншіден бұл істелген әрекет аса қажеттіліктің шегінен шығып кетпесе, онда істелген әрекет қылмыс болып табылмайды. [1. 12б].

Аса қажеттілікте қауіп құқықтық норма қорғайтын белгілі бір мүддеге немесе мүдделерге төнеді. Осы мүддеге немесе мүдделерге төнген зиянды немесе қауіпті заң қорғайтын басқалай мүддеге зиян келтіру жолымен ғана тойтаруға болады. Мұндай жағдайда келтірілген зиянның мөлшері тойтарылған зиян мөлшерінен кем болуы керек. Аса қажеттілікте қылмыстық заң қорғайтын екі мүдденің қақтығысы орын алады. Мұндайда біреуі жойылмайынша, екіншісін сақтауға мүмкіндік болмайды. Мысалы, тұрғындарды тасқын су басып кету қаупі болғанда оны болдырмау үшін үйіп қойған ұнтақ тастарды рұқсатсыз алып пайдалануды айтамыз. Бұл жерде елді мекенді су алып кетпеу үшін рұқсатсыз ұнтақтасты алып пайдалану аса қажеттіліктен туып отыр. Жайшылықта осы ұнтақ тастарды рұқсатсыз алу, рәсуә ету, заңды бұзушылық болып табылар еді. Ал көрсетілген жағдайда аса қажеттіліктен туындайтын осы әрекетті істеу қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені келтірілген зиян тойтарылған зияннан анағұрлым кем. Аса қажеттілік кейбір жағдайларда екі бірдей міндеттілікті қатар орындау қақтығысы жағдайында да болуы мүмкін. Мысалы, екі бірдей ауру дәрігерді бір мезгілде көмекке шақырса, дәрігер ауыр сырқатқа алдымен жәрдем көрсетіп, жеңілірек аурумен ауырған адамға кешігіп келеді. Сөйтіп, ол ауыр қауіпті бұрынырақ тойтарады.

Объективтік жағынан алғанда аса қажеттілік көп жағдайларда әрекет арқылы, кейбір уақыттарда әрекетсіздік арқылы істелуі мүмкін. Мысалы, әрекетсіздікке жоғарыда айтылған екі бірдей ауру адамның, ауыр науқаспен ауырғанына барып, жеңілірек ауруға бармай немесе оған кешігіп келуін айтамыз.[7. 209б].

Аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекет заң қорғайтын кез келген мүддеге келтірілетін зиянды тойтару арқылы жүзеге асырылады. Аса қажеттілікті сылтау етіп, өзінің заңсыз, заңға қайшы мүдделерін заң қорғайтын басқа мүдделерге зиян келтіру жолымен жүзеге асыруға болмайды. Аса қажеттілікті қолдану жеке адамның немесе басқа адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті тойтару үшін қолданылады. Іс-әрекет аса қажеттілік жағдайында болуы үшін бірнеше шарттардың жиынтығының болуы қажет.

Бірінші шарт: нақтылы қауіп қылмыстық заң қорғайтын мүддеге тікелей төнеді. Бұл қылмыстық заңның өзінде тап осы адамның немесе басқа адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына және заңмен қорғалатын мүдделеріне, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті жою үшін істелетін әрекет деп көрсетіліп отыр. Ол қауіп стихиялық апаттардан, машиналар мен механизмдердің ақауынан, хайуанаттардың шабуылынан, адам организмінде болатын физиологиялық өзгерістерден, басқа да бір адамның тарапынан орын алған тікелей төнген қауіптен болуы мүмкін.

Табиғат апаттары (су тасқыны, жер сілкіну, көшкін жүру, өрт шығуы), машиналар мен механизмдердің ақауы (әуе ұшағының двигателінің істен шығуы, жүріп келе жатқан автокөліктің тежегішінің істемей қалуы), хайуанаттар шабуылы (сүзеген бұқадан қашып, адамның басқа үйдің шарбағын бұзып, ішке кіруі немесе сүзеген бұқаны мерт ету) адам организмінде болатын физиологиялық өзгерістер (ауру болуы, аштыққа ұшырауы, жаралануы) қауіп төндірудің көздері болып саналады. Мысалы, тұңғиық орман ішінде адасқан адамның аңшылар үйінде қалған азық-түлікті өз пайдасына тұтынуы. Ауру адамды ауруханаға жеткізу үшін тіл алмаған адамның машинасын иесінен тартып алып, ауыр науқасты ауруханаға жеткізу.[5.125б].

Аса қажеттілік актісін қолдануға адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасауы да негіз болады. Егер адам заң қорғайтын белгілі бір мүддені қорғауда қиянат жасаушыға зиян келтіру жолымен жүзеге асырса, бұл сөз жоқ қажетті қорғану болады. Мұндай жағдайда аса қажеттілік жоқ. Себебі бұл жерде зиян тікелей қиянат жасаушыға келтіріліп отыр. Егер тікелей төнген қауіпті тойтару үшін зиян үшінші бір жаққа келтірілсе, онда ол аса (мәжбүрлі) қажеттілікке жатады. Мысалы, “Просвещенец” демалыс үйінің жүргізушісі Д. тынығушыларды демалыс үйінен Медеу мұз айдынына автобуспен апара жатып, шұғыл бұрылыстан өзіне қарама-қарсы жолмен жол жүру ережесін өрескел бұзып келе жатқан автокөлікті көріп, қарсы келе жаткан машинамен соғысып қалмау үшін, өзі жүргізіп келе жатқан автобусты жалма-жан сол жаққа бұрып үлгереді. Нәтижесінде автобус аударылып, 3 жолаушы орта дәрежелі жарақат алған. Д. аса қажеттілік халінде әрекет жасау арқылы үлкен зиянның алдын алған, өйткені екі машина бетпе-бет келіп соғысса, орасан зор зиян орын алуы, адам шығыны болуы сөзсіз еді. Бұл жерде аз зиян келтіру арқылы, ірі зиянға жол берілмеді. Осы мысалда қауіп тудырудың көзі болып қарсы келе жатқан автокөлік жүргізушінің қоғамға қауіпті іс-әрекеті болып отыр. Заң бойынша тікелей төнген қауіпті жою осы мерзімде басқа бір заң қорғайтын мүддеге зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады. Болашақта болжанатын қауіпті нәрселерге аса қажеттілікті қолдануға болмайды. Сол сияқты өтіп кеткен қауіпке де аса қажеттілікті қолдануға болмайды.

Аса қажеттілікті қолданудың екінші шарты: заң қорғайтын мүддеге зиян келтіру арқылы ғана жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда ондай зиян, залал келтірмей оны тойтару ешбір мүмкін емес. Заң қорғайтын басқа мүддеге зиян келтірмей-ақ қауіпті тойтаруға болатын жағдайлар аса қажеттілікке жатпайды. Мұндай жағдайларда мүддеге зиян келтіру кінәлі жағдайда зиян келтіру деп саналып, ол үшін қылмыстық жауаптылық белгіленеді.

Үшінші шарт: Аса қажеттілік болу үшін келтірілген зиянның мөлшері тойтарылған зиянның мөлшерінен кем болуға тиіс. Келтірілген зиян тойтарылган зиянмен бірдей болса да, іс-әрекет аса қажеттілік жағдайында істеледі деуге болмайды. Ол туралы заңның өзінде “Құқық қорғау мүдделеріне алды алынғанға тең немесе одан гөрі елеулі зиян келтірілген, төнген қатердің сипаты мен дәрежесіне және қатар жойылған жағдайға көрінеу сәйкес келмейтін зиян келтіру аса қажеттілік шегінен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады” делінген (34-бап) . Сондықтан да өз өмірін сақтап қалу үшін басқа біреудің өмірін қиып жіберу аса қажеттілікке жатпайды, оның шегінен шығу болып табылады. Аса қажеттілікті қолданып көп адамның өмірін сақтап қалушылық қылмыс болып табылмайды. Мысалы, қатты жүріп келе жатқан поездың ен даладағы күзетілмейтін, өтуге рұқсат етілмеген жолында көлденең түрған машинаны шұғыл тежеп, тоқтатпастан, ақырын тежеп келіп, соғып, машинаны және оның жүргізушісін таптап өтуі, соның нәтижесінде поездағы азаматтардың өміріне зақым келмеуі аса қажеттілік жағдайында жасалған деп саналады. Сол себепті поезд жүргізушінің іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмайды. [5.126б].

Келтірілген зиянның сақтап қалынған зияннан азырақ екендігі нақты жағдайларға байланысты шешіледі. Бұл жерде тікелей төнген қауіп қандай мүддеге бағытталады, ол мүдденің маңыздылығы, қауіп төнген жағдай, тойтарылған зиянның мөлшері т.б. мәселелер еске алынады. Кейбір жағдайларда зиянды тойтарған адам, өзінің келтірген зиянын сақтап қалынған зияннан азырақ деп ойлайды, ал іс жүзінде оның іс-әрекеті қоғамға қауіпті болады да, мұндай жағдайда аса қажеттілік актісі бұл жерде қолданылмайды. Бірақ та мұндай жағдайда аса қажеттілік шегінен шығып кеткен адам шын қателесіп, өзінің тойтарылған зиян мен келтірілген зиянның ара қатынасы жөніндегі қателіктерге ауыр жан күйзелісі үстінде немесе басқадай негізді себептермен кінәсіз түрде жол берсе, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Аса қажеттілікті қолдануда әр түрлі тәсілдер арқылы келтірілген зиян сақтап қалынған зияннан азырақ болуы негізгі шарт болып табылады.[7. 222б].

Абайсыздық пен аса қажеттілік шегінен шығушылық қылмыс болып табылмайды.

Аса қажеттілік те қажетті қорғану сияқты заңды және қоғамға пайдалы іс-әрекет болып табылады. Бірақ та бұл екі институттың өзара өзгешеліктері бар. Қажетті қорғануда қауіпті қиянаттың көзі болып әр уақытта да адамның қоғамға қауіпті іс-әрекеті болады. Аса қажеттілік жағдайын қолдану адамдардың ғана іс-әрекетінен емес, сондай-ақ табиғат апаттарынан, міндеттер қайшылықтарынан да туындайды. Тіпті, қиянат жасаушыдан қашып құтылуға, басқадай көмек сұрау мүмкіндігі бола тұра қажетті қорғануды қолдану заңды болып табылады. Ал аса қажеттіліқ төнген қауіпке зиян келтіру тәсілін қолданбаса жүзеге аспайды.

Қажетті қорғануда қиянат жасаушыға келтірілген зиян, тойтарылған зияннан көп болуы мүмкін. Аса қажеттіліктің бұдан өзгешелігі сол, ол тойтарылған зиян болғызылған немесе орын алған зияннан гөрі көбірек болғанында ғана заңды болып саналады. Қажетті қорғануда зиян тек қиянат жасаушыға келтіріледі, ал аса қажеттілікте мұндай зиян бөтен, тікелей төнген қауіпке қатысы жоқ үшінші жаққа келтіріледі.[2. 129б].

 

Орынды тәуекел

Қылмыстық кодекстің 35-бабында әлеуметтік пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел кезінде заңмен қорғалған құқықтық мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды делінген . Бұрынғы Қылмыстық кодексте мұндай ұғым болмаған еді. Сондықтан да бұл қылмыстық заңдағы жаңа институт болып табылады. Егер әрекеттер қазіргі ғылыми-техникалық білімдерге сәйкес келсе, ал қойылған мақсатқа тәуекелге байланыссыз әрекеттерсіз жетуге мүмкіндік болмаса және тәуекелді пайдаланған адам заң қорғайтын мүдделерге зиян келтірмеудің барлық мүмкін шараларын қолданса, тәуекел орынды деп танылады.

Егер ол адамдардың өміріне, денсаулығына көрінеу қатер төндіретін, экологиялық апатқа немесе өзге де зардаптарға апарып соқтыратын болса, тәуекел орынсыз деп танылады.[1. 12б].

Заңға сәйкес орынды тәуекелге байланысты әрекеттер екі түрлі шартқа байланысты қылмыс болып табылмайды. Бұл шарттарды екі түрлі топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа тәуекел әрекеттерін қолдануға негіз болатын шарттар, ал екінші топқа сол әрекеттің өзін сипаттайтын шарттар жатады.

Тәуекел әрекеттерін қолдануға медицина, ғылым, техника, мәдениет, шаруашылық саласы қызметінің тиімділігін жетілдіру қажеттілігі негіз болады.

Қажеттілік қоғам, мемлекет алдына қойылған маңызды міндеттерді шешуден де туындайды. Ғылым, техника, өнер саласында жаңалықтар ашу көп жағдайда әр түрлі тәжірибелерді игеру нәтижесінде жүзеге асырылады. Мұндай кәсіптік қызметті іске асыруда зиянды зардапқа әкеліп соғатын қажеттіліктердің де болуы мүмкін. Творчестволық кәсіптік немесе шаруашылық қызметінде орын алатын осындай қажеттіліктерге жол бермеу орын алса, онда ғылым мен техниканың дамуы да болмас еді. Мұндай тәуекелге барудың негізгі мақсаты сол арқылы тиімді жетістіктерге жету, тәуекелсіз алға қойылған мақсаттың орындалуы жүзеге аспайтындығы болып табылады. Осыған байланысты мұндай әрекеттерден туындайтын теріс зардаптар орынды тәуекел күйінде келтірілген деп саналып, ол қылмыс қатарына жатқызылмайды.

Тәуекел әрекеттері кейде кездейсоқ жағдайларға байланысты да қолданылады. Мысалы, соқырішекпен ауырған адамға операция жасау үшін оны 120 шақырым жердегі ауруханаға жеткізу қажет болды. Оған жеткенше жолдың кедір-бұдырына байланысты аурудың жағдайы өте қиынға соғуы

мүмкін. Жергілікті дәрігер жағдайды жан-жақты есепке алып және аурудың көлікке отыруға жарамайтынын, оның ауыр жағдайын ескеріп, қажетті жағдайлардың жоқтығына қарамастан операцияны өзі жасауға шешім жасауға тәуекел еткен. Нәтижесінде ауру адам қаза болған. Мұндай жағдайда адам өмірін құтқарып қалуға байланысты әрекет орынды тәуекел күйінде жасалған деп танылды. Яғни, осыған сәйкес қажеттілік орынды тәуекелділікті қолданудың бірінші негізі болып табылады. Орынды тәуекелді қолданудың екінші негізі болып алға қойған мақсатқа тәуекелге байланыссыз әрекеттерсіз жетуге мүмкін болмаған талаптан туындайтындығы болып табылады. Алға қойған мақсатқа жету қолданылып жүрген технологиялық әдістердің, ғылыми эксперименттердің, нұсқаулықтарда, ережеде көрсетілген талаптардың шеңберінде жүзеге асырылмайтын болса, онда орынды тәуекелді қолданудың да негізі жоқ.[7.316б ].

Қылмыс болып табылмайтын тәуекелді қолдануға байланысты шарттар да теорияда бірнеше түрге бөлінеді. Оның бірінші шарты — кәсіптік тәуекелді жүзеге асыру, яғни кәсіпке байланысты дәрігерлік, ғылыми, технологиялық, техникалық қызметтерге байланысты жұмысты жүзеге асыру. Екінші шарт — орынды кәсіби тәуекелді қолдану арқылы заң қорғайтын мүдделерге зиян келтіру. Үшінші шарт, орынды тәуекел ақталған болуы керек. Орынды тәуекелде құқық қорғайтын мүдделерге зиян келтірілуі мүмкін. Кәсіпкер тәуекелді қолдана отырып оның зияндылығын сезеді және одан болатын жалпыға қауіпті зардапты болжайды. Сөйте тұра тәуекелге бел буады, бұлай етпейінше ол алға қойған мақсатына жетпейді. Сондықтан да тәуекел жай емес — ақталған, орынды болуы қажет. Егер әрекеттер қазіргі ғылыми-техникалық білімдерге және тәжірибелерге сәйкес болса, тәуекел орынды деп танылады. Осы шартқа сәйкес осындай тәуекелге барған адамның теориялық білімге және іс-тәжірибелік істерге негізделген жеткілікті кәсіптік сауаты болуы қажет. Мұндай біліктілік белгілі бір әрекетті білгірлікпен жүзеге асыруға, жаңалықтар табу арқылы алға қойған мақсатына жетуге мүмкіндіктер туғызады.

Егер тәуекел күні бұрын экологиялық қауіптің болуына немесе адамдардың өміріне, денсаулығына қатер туғызатын болса, онда ол орынды тәуекелге жатпайды.

Төртінші шарт, тәуекелді қолданған адам заң қорғайтын мүдделерге зиян келтірмеудің барлық шараларын қолданса ғана ол орынды тәуекел болады. Осы шартқа байланысты адам тәуекелге байланысты әрекеттерді істегенге дейін мүмкін болатын барлық кедергілерді күні бұрын қарастырып, оны жоюдың амалдарын ойластырып, одан туындайтын қоғамға зиянды нәтижелерді болдырмаудың барлық шараларын қолдануы қажет.

Бесінші шарт, орынды тәуекел алға қойған мақсатқа тәуекелге байланыссыз әрекеттерсіз жетуге мүмкін болмаса ғана қолданылады. Яғни, орынды тәуекелдің алға қойған мақсаты қоғамға пайдалы нәтижеге жету болып табылады. Олар ғылымда, техникада жаңалық ашу, жаңа технологияны өндіріске енгізу, жана материалдар, шикізаттар жасап шығару, ауруға қарсы тиімді емдер табу т.б. Жоғарыда айтылған шарттардың біреуі жоқ болған жағдайда тәуекел орынды деп саналмайды, кінәлі адам жалпы негізде жауапқа тартылады.[5. 134 б] .Аса қажеттілік пен орынды тәуекелдің бір-бірімен ұқсастығы, сондай-ақ өзара айырмашылықтары да бар. Бұларға тән ортақ белгілер: екеуінің де құқықтық және әлеуметтік мәні бірдей, екеуі де құқық қорғайтын мүддеге зиян келтірумен байланысты. Аса қажеттілік құқық қорғайтын мүддеге табиғат күштерінің биологиялық процестердің, адамдардың қоғамға зиянды әрекеттері арқылы қауіп төндіруі жағдайы негізінде пайда болады. Орынды тәуекел мұндай қауіппен байланысты емес. Аса қажеттілікте адамның әрекеті зиянды тойтаруға бағытталған. Орынды тәуекелде әрекет қоғамға пайдалы жаңа жетістіктерге немесе қолда барды жақсартуға бағытталған. Аса қажеттілік жағдайында зиян үшінші жаққа келтіріледі. Ал орынды тәуекелде зиян тек қана бейтарап немесе үшінші жаққа келтіріледі. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайында қауіпті тойтару арқылы сақтап қалған мүдделерге азырақ зиян келтіріледі, ал орынды тәуекелде зиянның көлеміне ешқандай шек қойылмайды.[7. 229б].

 

Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.

 

Жаңа Қылмыстық кодекстің 36-бабының 1-бөлігіне сәйкес егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды делінген . Бұрынғы қолданылған қылмыстық заңдарда мұндай ұғым болған емес. Ұзақ жылдардағы сот тергеу тәжірибесі көрсеткендей, күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам қоғамға қауіпті іс-әрекет жасап, азаматтар мен ұйымдардың заңды мүддесіне зиян келтіреді. Жаңа Қылмыстық кодекстегі арнаулы норма күштеп мәжбүрлеудің салдарынан болған әрекеттің заңдылық салдарына баға берген. Осы нормаға сәйкес мұндай жағдайда істелген іс-әрекет қылмыс болып табылмайды деп тура көрсетілген. Мысалы, далада келе жатқан жүргізушіні қарақшы тоқтатып, көліктен алдап сыртқа шығарып, ұрып-соғып, қорқытып ұрланған бір жылқының етін қыстаққа апаруға бұйырған. Немесе бір топ бандиттер сақтық банкісіне шабуыл жасап, күзетшіні атып өлтіріп, кассирге пышақ кезеу арқылы қорқытып, сейфтегі ақшаны тонап кетеді. Міне, осында келтірілген мысалдардағы жүргізушінің немесе кассирдің әрекеті қылмыс болып табылмайды, өйткені олар іс-әрекетті күштеп мәжбүрлеу салдарынан өз еріктерінен тыс, іс-әрекеттерін басқара алмайтын жағдайда істеп отыр.[5 . 136б].

Күштеу — бұл белгілі бір әрекетті істеуге мәжбүрлеу. Мұндай ретте жәбірленушіге күш қолданылып, оның жанын қинайтын, сөйтіп оның еркінен айыратын әрекеттер орын алады. Күштеу тойтарылатын немесе тойтарылмайтын болып екі түрге бөлінеді. Қылмыстық кодекстің 36-бабының 1-бөлігінде көрсетілген күшпен мәжбүрлеу тойтарылмайтын жағдайда ғана орын алады. Тойтарылатын күштеуде жәбірленушінің белгілі бір әрекетті істеу мүмкіндігі сақталады. Сондықтан тойтарылатын күшпен мәжбүрлеуге жол бергенде, адамға 36-баптың 1-бөлігі қолданылмайды.[1. 20б].

36-баптың 2-бөлігінде мәжбүрлеудің екі түрі — психикалық мәжбүрлеудің, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіргені үшін соның салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне басшылық жасау мүмкіндігін сактаған жағдайда қылмыстық жауаптылық туралы мәселе айтылған. Мұнда сөз тойтарылатын психикалық және күштеп мәжбүрлеулер туралы болып отыр . Мұндай реттерде адамның белгілі бір ерікті таңдай алу мүмкіндігі бар, яғни қылмысты істеуге немесе істемеуге. Мәжбүрлеудің осы екі түрі бойынша адам қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірген жағдайда олардың әрекеті келтірілген зиян тойтарылған зияннан көп болған жағдайда ғана қылмыс болып табылады, ал зиян аз болса, ондай іс-әрекетке Қылмыстық кодекстің 34-бабында көрсетілген аса қажеттілік ережесі қолданылып, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі жойылады.[5. 140б].

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!