Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Халықаралық теңіз құқығының ұғымы,қайнар көздері және қағидалары



Халықаралық теңіз құқығы халықаралық құқықтың негізгі саласының бірі болып табылады. Сондықтан халықаралық қатынастарды реттейтін қазіргі халықаралық құқықтың көпшілікке танылған қағидалары мен нормалары, сондай-ақ Әлемдік мұхит кеңістіктері мен ресурстарын игеру процесіндегі мемлекеттердің қатынастары мен қызметтері – құқықтық реттеудің негізі болады.

ХХғ. бірінші жартысына дейін халықаралық теңіз құқығы жөнінде мемлекеттердің көпшілік-құқықтық қатынастарын реттеу ережелері негізгі әдеттік-құқықтық және көбінесе теңіз кеңістіктерінің құқықтық мәртебесіне, теңізде жүзу және балық аулаудың нақты тәртібін белгілеудің анықтамаларына шоғырландырылған болатын. Сол уақытта теңізде жүрудің бөлек арнайы мәселелері жөнінде мемлекеттер халықаралық келісімдер жасасты. Бұл жасалғандарға ХVІІІғ. Ресейдің басқа елдермен Ашық теңізде салют болдырмау жөніндегі келісімдері, 1780ж. “Қарулы бейтараптық жөніндегі” Декларация, 1856ж. “Теңіз соғысы жөніндегі” Декларация, 1884 ж. “Су асты телеграф кабельдерін қорғау жөніндегі” Конвенция, 1888ж. “Суэц каналының режимі жөніндегі” Конвенция жатады. Алайда халықаралық әдет-ғұрыптарды барлық мемлекеттер тани білмейді, соның салдарынан осы немесе басқа да халықаралық-құқықтық норма жалпы міндеттеме ретінде бар ма деген мәселеге мемлекеттер арасында жиі дау туып отырған.

Сондықтан халықаралық теңіз құқығының әмбебап деңгейдегі нормаларын бір жүйеге түсіру қажет болды. Әсіресе мұндай қажеттілік ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңінде жетілді, теңіз шаруашылығында жаңа технология пайда болғанда теңіз ресурстарын және кеңістіктерін жан-жақты және кешенді игеруге өту үшін дәйекті талаптар құрылды, бұлар Әлемдік мұхитта мемлекеттер қызметінің жаңа түрлерін қамтыды, яғни ғылыми зерттеулер, барлау және мұнай мен газды пайдалану мақсатында бұрғылау, іздеулер және теңіз түбінің пайдалы қазылған терең аудандарын өңдеу, мұхиттық экспедициялық барлық кәсібі және т.с.с. Барлық осы мәселелер халықаралық деңгейде егжей-тегжейлі құқықтық тәртіп белгілеуді керек етті.



Алғашында теңіз құқығы жай нормалар нысанында құрылған; оның кодификациясы ХХ ғасырдың ортасында жүргізілді. 1930ж. Ұлттар Лигасының қамқорлығымен құрылған Гаага конференциясында басталған іспен, аймақтық сулардың құқықтық режиміне қатысты нормаларын бірінші жүйеге келтіруге әрекет, теңіздік ірі мемлекеттердің алауыздықтарынан табысты аяқталмады. Келешекте қайта қарап талқылауға Конвенцияның жобасы ғана дайындалды.

28 жыл өткен соң Женевада БҰҰ-ның І Конференциясы барысында 86 елдің қатысуымен теңіз құқығы бойынша бірінші рет теңіз құқығының әмбебап деңгейде барлық маңызды әдетті құқықтық қағидалары мен нормаларын жүйеге келтіруге мүмкіндік туды. Теңіз құқығының дәстүрлі нормаларымен қатар, “Континенттік қайраң” деген жаңа құқықтық ұғым, оның режимінің толық тәртіп белгілеуімен енгізілді.



Нәтижесінде 1958ж. БҰҰ І Конференциясында 4 Конвенция қабылданды: “Аймақтық теңіз және іргелес аймақ жөніндегі” Конвенция; “Ашық теңіз жөніндегі” Конвенция; “Балық аулау және ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау жөніндегі” Конвенция; “Континенттік қайраң жөніндегі” Конвенция.

Конференцияда тағы да, Ашық теңізде ядролық қаруды сынақтан өткізу жөнінде, Теңіздің радиоактивтік қалдықтармен ластануы жөнінде, Балық аулау жөнінде, Тарихи сулар жөнінде қарарлар мақұлданды.

БҰҰ теңіз құқығы жөніндегі І Конференциясының нәтижесі халықаралық теңіз құқығы конвенциялық құқық болуымен қорытындыланды. Халықаралық теңіз құқығының негізгі қайнар көзі конвенциялар болып табылады. Халықаралық теңіз құқығы біржолата халықаралық құқықтың ерекше саласы болып қалды.

Сол уақытта Конференцияда жағадағы мемлекеттің тірі ресурстарға қатысты құқықтарын жүзеге асыра алатын аймақтық сулар және тікелей оған жанасатын ерекше аймақтардың сыртқы шегі жөнінде мәселелерді шеше алмады. Бұл сондай-ақ, аймақтық су ені және балық аулау заңдылығының аймағы 12 мильден аспайтын жай нормалардың тууына әкеліп соқты. Мемлекеттердің біржақты тәжірибесінде алалық болды.

Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу үшін арнайы құрылған БҰҰ-ның 1960ж. ІІ Конференциясы нәтижесіз аяқталды. Бұдан басқа, 1958ж. Женева Конвенциясын өңдеуге қатыспаған көптеген дамушы мемлекеттер Әлемдік мұхиттың барлық режимдерін қайта қарауды талап етті.

Осы мақсатпен БҰҰ Бас Ассамблеясы 1970ж. 17 желтоқсанда №2570 С (ХХҮ) қарар қабылдады. Ол 1973ж. БҰҰ-ның барлық теңіз кеңістіктерінің жаңа құқытық режимін өңдеу мақсатында теңіз құқығы бойынша ІІІ Конференциясын шақырту жөнінде шешім шығарды. БҰҰ-ның ІІІ Конференциясы 1973 жылдан 1982 жылға дейін созылды және 1982ж. жаңа халықаралық-құқықтық акт - “Халықаралық теңіз құқығы жөніндегі” БҰҰ-ның Конвенциясына қол қоюмен аяқталды. Бұл Конвенция халықаралық теңіз құқығының, оның ішінде бұрын 1958 ж. Женева Конвенциясында бекітілген, барлық жалпы танылған қағидалар мен нормаларды жүйелендірді және жетілдірді. Мұнымен қоса, “ерекше экономикалық аймақ”, “архипелагтық сулар”, “аудан” және басқа жаңа ұғымдар, институттар өңделіп қосылды.

1994ж. 16 қарашада БҰҰ-ның Конвенциясы күшіне енді (2000 жылдың бірінші қаңтарынан ҚР осы Конвенцияның қатысушысы емес), сонымен бірге БҰҰ-ның 1982ж. 10 желтоқсандағы Теңіз құқығы бойынша Конвенциясының ХІ бөлімін жүзеге асыру жөніндегі Келісімі күшіне енді.

1982ж. БҰҰ Конвенциясы және 1958 ж. Женева Конвенцияларымен бірге қазіргі уақытта 40-қа жуық Конвенциялар өз күшінде, бұл арнайы көпжақты және екіжақты Конвенциялар. Оларға жататындар теңіздік орта және биоресурстарды қорғау, теңізде адам өмірін қорғау, халықаралық кеме қатынастарын жеңілдету бойынша, кемелердің теңізді ластамауы және басқа да мәселелер бойынша. Олардың ішінде Қазақстан мынадай конвенциялар-дың толық құқықты қатысушысы болып табылады: “Мұнаймен ластаудан залалға азаматтық жауапкершілік жөніндегі” халықаралық Конвенция 29.11.1969 ж., “Кемелердің теңізді ластауын жою жөніндегі” Конвенция 17.02.1978 ж., хаттамамен өзгертулер енгізілген; “Теңізде кемелер тоғысуының алдын алудың халықаралық ережелері жөніндегі” Конвенция; 20.10.1972 ж., “Теңізшілерді дипломдау және вахтаны түсіруге дайындық жөнінде” халықаралық Конвенция 07.07.1978 ж., “Теңізде адам өмірін қорғау жөнінде” халықаралық Конвенция 01.11.1974 ж. және 05.04.1966 ж. “Жүкті маркалар жөнінде” халықаралық Конвенциялар Қазақстанда 1994 ж. 5-7 маусымда бекітілді.

Сонымен бірге, қазіргі халықаралық теңіз құқығын халықаралық құқық субъектілерінің қатынастарын әлемдік мұхиттағы қызметтері бойынша реттейтін заңдылық қағидалар мен нормалардың жүйесі ретінде сипаттауға болады.

Халықаралық теңіз құқығы жалпы халықаралық құқықтық жүйенің құрамдас бөлімі болғандықтан, жалпы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын басшылыққа алады. Бұл қағидалар: өзара күш қолданбау, қорқытпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, мемлекеттердің қызметтестігі, барлық халықтар теңдей өз тағдырын өздері шеше алады, мемлекеттердің егемендігі бірдей, барлық мемлекеттер өздеріне алған міндеттерді ойдағыдай орындауға тиісті.

Өз мәні бойынша әмбебап және барлық мемлекеттерге кез келген қызметтер де міндетті, соның ішінде, әлемдік мұхитты зерттеу және пайдалану жөнінде мемлекеттердің қызметтері, олар барлық халықаралық құқықтық қатынастарда болатын негізгі заңды ережелер мен нормалардан тұрады.

Халықаралық теңіз құқығында сонымен бірге өзіндік негізгі қағидалар, оған сипатталатын халықаралық құқықтың жалпы жүйесінің бір саласына ғана жататындар кіреді.

Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары қатарына жататындар: ашық теңіз бостандығы; теңіз ресурстарын сақтау және орынды пайдалану; теңіздік ортаны қорғау; әлемдік теңіздерді бейбіт мақсатта пайдалану.

Ашық теңіз бостандығы қағидасы – халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидасы болып табылады. Ашық теңіз бостандығы қағидасына сәйкес, аумақтық теңіздің сыртқы шекарасына теңіз кеңістіктері ашық және қандай да бір мемлекеттердің егемендігіне жатпайтын барлық мемлекеттерге белгіленген халықаралық құқық пен жағдайына байланысты берілген.

1958ж. “Ашық теңіз жөніндегі” Женева Конвенциясы бірінші рет осы қағиданы 2-бапта: “ашық теңіз барлық ұлттарға ашық және ешқандай мемлекет өз егемендігіне қандай да бір бөлігін бағындыруға қақысы жоқ” деп, жариялай отырып, шарттық негізді бекітті.

Ашық теңіз бостандығы қағидасы – теңізде жүзу еркіндігін, ашық теңіздің әуе кеңістігіндегі ұшу еркіндігін, су асты кабельдері мен құбырлар салу еркіндігін, жасанды аралдар тұрғызу еркіндігін, балық аулау еркіндігін және ғылыми зерттеулер жүргізу еркіндігін білдіреді.

Жоғарыда көрсетілген еркіндіктер ашық теңіз еркіндігінің туынды элементтері болып табылады, сондай-ақ, теңіз құқығының бөлек қағидалары ретінде өзіндік мәндерге болады. Теңізде жүзу немесе кеме қатынасы бостандығы - әрбір мемлекеттің, жағадағы не болмаса жағадан тыс мемлекеттің ашық теңізде өз жалауымен еркін жүруі болып табылады.

Ұшқыш аппараттардың ұшу бостандығы қағидасы (азаматтық, әскери) ХХ ғасырдың бірінші жартысында құрылды. Осы қағидаға сәйкес, барлық мемлекеттер ұйымдарға, азаматтық және әскери ұшқыш аппараттардың ұшуын жүзеге асыруға; олардың көмегімен ғылыми зерттеулер жүргізуге; радиотехникалық құралдарды пайдалануға; теңіз жағдайындағы сауда, әскери, кәсіптік, ғылыми-зерттеу кемелерінің мүдделерін әуеден бақылап, теңізде көмек көрсетуге бірдей құқықтарға ие.

Теңіз кеңістігін қорғау қағидасы.Теңіз кеңістігін қорғау қағидасы ірі сипаттағы сипаттағы жалпы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының бірі – қоршаған ортаны қорғау қағидасының құрамдас бөлігі болғандықтан, теңіз кеңістігін қорғау жалпы мемлекеттердің халықаралық қызметтестік мәселелерінде шешілуі қажет.

БҰҰ-ның 1982 ж. теңіз құқығы жөніндегі Конвенциясы бұл қағиданы теңіз кеңістігін қорғау жайындағы мемлекеттердің жалпы халықаралық міндеті ретінде бекітті. Конвенцияның 192-бабына сәйкес “Мемлекеттер теңіз кеңістігін қорғауға және сақтауға міндетті”.

Теңіз кеңістігін қорғау қағидасын жасаудағы үлкен рөлді осы мәселенің әр түрлі аспектілері бойынша теңіз кеңістігін қорғауға шақыратын көптеген халықаралық конвенциялар атқарады. Оларға жататындар: 1954 ж. Теңіздердің мұнайдан ластануын болдырмау жөніндегі халықаралық Конвенция және 1973 ж. Теңіздердің кемелермен ластануын болдырмау жөніндегі халықаралық Конвенция (07.06.1994 ж. Қазақстан осы Конвенцияның қатысушысы); 1972 ж. Теңіздердің қалдықтар мен басқа да материалдарды тастаудан ластануын болдырмау жөніндегі Конвенция; 1969 ж. Мұнайдан ластануға алып келетін апат жағдайында Ашық теңізде араласу жөніндегі халықаралық Конвенция және т.б.

Теңіздің тірі ресурстарын сақтау және орынды пайдалану қағидасытеңіз кеңістігін қорғау және балық аулау бостандығымен тығыз байланысты. Бұл қағиданың өзгешілігі кез келген мемлекеттің теңіз ресурстары ауланған түрлерінің қорларын сақтау есбімен Әлемдік мұхиттың тірі ресурстары кәсібіне құқығы бар екендігінен тұрады.

1958 ж. “Балық аулау жөніндегі” және “Ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау жөніндегі” Женева Конвенциялары және 1982 ж. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясы теңіздік биоресурстар кәсібін тиімдірек ету және тәртіпке салудағы объективті қажеттіліктерді бекітті. БҰҰ Конвенциясының 177-бабына сәйкес “Барлық мемлекеттер Ашық теңіздің тірі ресурстарын сақтау үшін қажетті шаралар қолданады немесе өз азаматтарына қатысты қабылданған осындай шаралары бар басқа мемлекеттермен қызметтеседі”.

Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану қағидасы.Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану және толық қарусыздандыру режимін бекітуді қамтитын 1959 ж. Антарктика жөніндегі шарттың, 1971 ж. Теңіздер және мұхиттар түбіне және рның қойнауына ядролық қарулар мен жаппай қарулардың басқа да түрлерін орналастыруға тыйым салу жөніндегі шарттың және 1963 ж. “Ауада, ғарыш кеңістігінде және су астында ядролық қаруды сынақтан өткізуге тыйым салу жөніндегі” шарттардың маңызы зор. Қазіргі уақытта бұл қағиданың бөлек нормативтік мазмұнын ашатын жалпы түсінік шығарылған жоқ. Бірақ әлемдік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану қағидасының мазмұны – сөзсіз мемлекеттердің Дүниежүзілік мұхитты пайдалану жөніндегі қызметтерін күшпен немесе күш қаупімен іске асыруды болғызбаудан тұрады.

1982ж. БҰҰ Конвенциясының кіріспесінде осының көмегімен “теңіздер мен мұхиттарды бейбіт мақсатта пайдалануға жәрдем беретін” Дүниежүзілік мұхитта құқықтық режим бекітілетіні жарияланған.

Бұл қағиданың мазмұнын ашатын жалпы тұжырымды айтылған қорытынды бойынша, 301-бапқа сәйкес қатысушы мемлекеттер күш қаупінен немесе кез келген мемлекеттің аумақтық тұтастығы және саяси тәуелсіздігіне қарсы қолданудан немесе БҰҰ жарғысында іске асырылған халықаралық құқық қағидаларына сыйыспайтын басқа да түрлерден тыйылады.

Ішкі және территориялық сулар ұғымы.Аймақтық теңіз – бұл жағалаудағы мемлекеттің ішкі теңіз суларына немесе аймақтық құрлығына жанасатын ені 12 теңіз миліне дейінгі теңіз белдеуі. Өзінің құқықтық мәртебесі бойынша аймақтық теңіз жағалауындағы мемлекет аймағының бөлігі ретінде танылады, ол өзінің егемендігін аймақтық теңіз суларына ғана емес, сонымен бірге оның түбіне, әуе кеңістігіне, аймақтық теңіз түбі мен қойнауына да жүргізе алады. Аймақтық теңізде мемлекеттік шекара оның теңіз сулары шегіндегі сызығымен ғана емес, сонымен бірге осы сызықпен өтетін вертикальды қабатымен, оның түбі мен қойнауы, әуе кеңістігін белгілейтін қабатымен де анықталады.

БҰҰ-ның теңіз құқығы жөніндегі ІІІ Конференциясы аймақтық теңіздің ең жоғарғы енін 12 теңіз милі ретінде Конвенциялық ережені бекітті. 1982 ж. БҰҰ теңіз құқығы бойынша Конвенциясының күшіне енгенінен кейін аймақтық теңіздің енін 12 теңіз милінен жоғарылатуды ұсынған бірқатар мемлекеттер өз заңдарын Конвенцияға сәйкестіндірді.

БҰҰ Конвенцияға сәйкес, аймақтық суларды есептеудің 3 негізгі тәсілдерін қарастырды:

— судың ең көп қайту сызығынан жағалаудағы мемлекеттің жағасын бойлай;

¾ егер жағалаулық сызық қатпарлы, жырымдалған немесе жағалауға жақын жерде аралдар тобы болса, онда тікелей бастапқы сызық әдісі қолданылуы мүмкін, яғни теңіздегі мейлінше шығып тұрған аралдардың жене жағалаудың нүктесі;

—ішкі теңіз суларынан.

Балық аулау кәсібі, аумақтық теңіз шеңберіндегі тірі ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелерін жағалау мемлекеті өз қалауы бойынша шешеді. Аумақтық суда шетелдік кемелердің кәсіпшілік қызметіне жол бермейтіндіктен, жағалау мемлекеті кәсіпшілік үшін лицензия бepyi мүмкін. Әдетте, қызметтің мұндай тәртібіне екіжақты келісім негізінде жол беріледі.

БҰҰ конвенциясы шетелдік кемелердің аумақтық теңіз арқылы бейбіт түрде жүріп өту құқығын бекітті, бұл бұрыннан пайда болған және халықаралық әдет-ғұрып ережесі ретінде дамыды. Теңіз дауылы кезінде кемелердің шығанақтарға, койнауларға және өзге де қауіпсіз жерлерге тағалауына мүмкіндік беретін қауіпсіз теңіз жолдары және мейлінше ыңғайлы жолдар мемлекеттердің жағалауында орын алады.

Халықаралық құқықтың дамуы, сонымен қатар теңізде жүзу жетістіктері және оның жүзеге асырылу жағдайлары ескеріле отырып, кейін олар толықтырылып, нақтыланып 1982 жылғы теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясының негізгі бөлігіне айналды.

Бейбіт түрде жүріп өту жылдам және үздіксіз болуы қажет. Егер ол жүзудің әдепкі жағдайларымен немесе апатпен, сонымен 6ipгe қауіпті жағдайда қалған аумақтық теңізде апатқа ұшыраған адамдарға, кемелерге және ұшу аппараттарына көмек көрсету қажеттігімен байланысты болса, онда тоқтауға да болады.

1982 жылғы Конвенцияға сәйкес, барлық мемлекетердің кемелері (жағалаулық және теңізге шықпайтын) аумақ­тық теңіз арқылы бейбіт түрде өту құқығын пайдаланады. Мұндай құқық Конвенция ережелерін сақтаған жағдайда беріледі.

Мынадай жағдайларда жүзіп өтуді жүріп өту деп түсінеді:

a) Ішкі суларға кірместен немесе рейдте, портта тоқтамастан, теңізді кесіп өту;

ә) Ішкі суларға ену немесе шығу, портта, рейдте тоқтап тұру.

Егер жүзіп өту кезінде тыныштық, тәртіпжәне жағалау мемлекеттің қауіпсіздігі бұзылмаса, ол бейбіт түрде өту деп саналады. Конвенцияның 19-бабы бойынша жүзіп өту бейбіт түрде деп саналмайды, егер жүзіп бара жатқан кеме "жүзіп өтуге тікелей қатысы жоқ" кез келген кызметті жүзеге асырса, күшпен қорқытса немесе жағалау мемлекеттіңегемендігіне, саяси тәуелсіздігіне, аумақтық біртұтастығына қарсы күш қолданса немесе қандайда 6ip өзгеше түрде БҰҰ Жарғысында бекітілгенхалықаралық құқықтың қағидаттарын бұзса, жағалау мемлекеттің қауіпсіздігінезиян келтіре отырып ақпарат жинасанемесе маневрлер жасаса, аумақтық теңіз арқылы өтуді жүзеге асырып жатқан әp6ip кеме, әp6ip әскери кеме аталмыш белгілерді жан-жақты ескерулері қажет, әрине олар ең алдымен жағалау мемлекеттің қауіпсіздігін, егемендігін қорғауға бағытталған және аумақтық теңіз арқылы бейбіт түрде өту кезінде шетелдік кемелер тарапынан жасалуға жол берілмейтін ic-әрекеттер туралы айқьн түсінік береді.

Сонымен, шетелдік кемелер бейбіт түрде өту кезінде жағалау мемлекеттің заңдарын және ережелердің сонымен қоса теңіздегі қақтығыстардың алдын алуға қатысты жалпыға танымал ережелерді сақтауға міндетті.

1958 және 1982 жылғы Конвенциялар шетелдік әскери кемелердің бейбіт түрде өту құқығын қарастырады.

1982 ж. Конвенцияның арнайы бөліміндеәскери кемелерге және коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланылатын өзге де шетелдік кемелерге колданылатын ережелер белгіленген. Конвенцияның 29-бабы әскери кеме ұғымына анықтама береді. Сонымен, әскери кеме дегеніміз "белгілі 6ip мемлекеттің қарулы күштерінің құрамына кіретін, ұлттығын ажырататын сыртқы белгілері бар, аты-жөні әскерилердің тізіміліне сәйкес енгізілген сол мемлекеттің офицері басқаратын және жүйелі әскери тәртіпке бағынатын экипажы бар кеме". Сүңгуір кемелер және өзге де су асты көліктері су бетіне көтеріліп, өздерінің жалауларын көтеруі керек.

Егер шетелдік әскери кеме өту кезінде жағалау мемлекеттің заңдарын және ережелерін сақтамаса, онда мемлекет аталмыш кеменің аумақтық теңізден кетуін талап етуге құқылы.

Барлық әскери кемелер жағалау мемлекеттің азаматтық және қылмыстық юрисдикциясынан иммунитет иеленеді. Юрисдикциядан иммунитет коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланатын мемлекеттік кемелер де пайдаланады.

Белгілі бір жағдайларда,жағалау мемлекет аумақтық теңізарқылы өтіп жатқан шетелдік:кеме ішінде өзінің азаматтық және қылмыстық юрисдикдиясын жүзеге асырады (27, 28-баптар). Мысалы, 27-бапта жағалау мемлекет өзінің қылмыстық юрисдикциясын жүзеге асыратын негіздер көрсетілген, нақты айтар болсақ:

а) егер қылмыстың зардабы жағалау мемлекетке тараса;
ә) егер қылмыс елдегі тыныщтықты бұзатындай немесе аумақтық теңіздегі бейбіт тәртіпті бұзатындай сипатта болса;

б) егер капитан кемесі дипломаттық агент немесе
жағалау мемлекеттің лауазымды тұлғасы жергіліктібилік
өкілдерінен көмек сұраса;

в) егер мұндай шаралар есірткінің немесе есеңгірететін заттардың заңсыз саудасының алдын алу үшін қажет болса.

1982 ж. Конвенцияның 27-бабының 2-тармақшасы жағалаудағы мемлекеттің төмендегідей құқығын сақтайды, яғни ішкі судан шығып, аумақтық теңіз арқылы өтіп бара жатқан кемені қамауға алу және тергеу құқығы. Аталған екі кеңістік те жағалау мемлекеттің егемендігінде болғандықтан, мұндай құқық негізделген болып табылады.

Аумақтық теңіздегі шетелдік кемеге қатысты, жағалау мемлекеттіңазаматтық юрисдикциясы да шектеулі: аумақтық теңіз арқылы өтіп бара жатқан шетелдік кемені тоқтатуға немесе оның ішіндегі тұлғаға қатысты азаматтық юрисдикцияны жүзеге асыру мақсатында оның жүріс бағытын өзгертуге тыйым салынады. Жағалау мемлекет мұндай кемеге қатысты жазалау шарасын немесе қамауды, тек оның міндеттемелері бойынша немесе аумақық теңізден өтуі үшін осы кеме өзіне қабылдаған жауапкершілігі негізінде ғана қолдана алады.

Іргелес аймақ дегеніміз, аймақ суына жанасып жатқан аудан. Іргелес аймақтың ені, аймақ суының ені өлшенетін бастапқы сызықтан бастап 24 теңіз миль шегінен аспауы керек.

Іргелес аймакты жағалау мемлекеті өз ішкі теңіз суларында және аймақ суларында шетел кемелерінің кедендік, фискальдық, иммиграциялық және санитариялық ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін құрады. БҰҰ Конвенциясының 33-бабы бойынша, жағалау мемлекеті оның аймақтық суына жанасып жатқан іргелес аймақта мынадай мақсаттармен бақьлауды жүзеге асыра алады:

а) өз аймағы немесе аумақ суының шегінде кедендік, фискальдық, имиграциялық және санитариялық заңдар мен ережелердің бұзьлуын болдырмау;

ә) өз аймағы немесе аймақ суының шегінде жоғарыда аталған заңдар мен ережелерді бұзғаны үшін жазалау.

Осылайша, іргелес аймақты, аймақ суы енінің бастапқы сызығын есептегенде 24 теңіз мильден аспайтын ені бар және аймақ суына жанасып жататын, ашық теңіздің бөлігі болып табылатын, сонымен қатар сол бөліктің шегінде жағалау мемлекетіне жеке арнайы қарастырылған салалар бойынша бақылау жүргізу кұқығын беретін теңіз ауданы ретінде анықтауға болады.

Іргелес аймақ пен аймақ суының басты айырмашылығы мынада, аймақтық суы бойынша жағалаудағы мемлекетке оның үстінен толық өкілеттік беріледі, ал іргелес аймақ бойынша тек шектеулі және арнайы құқықтар беріледі.

Сонымен қатар, ашық теңіз ауданының бөлігі ретіңде іргелес аймақта, жағалау мемлекеттің өзі белгілеген белгілі бір ережелердің сақталуын қадағалауға және ол ережелерді бұзуға байланысты мәжбүрлеу шараларын қолдауға жол беріледі.

Іргелес аймақта жағалаудағы мемлекет өз мүддесін қорғай отырып, осы аймақты қорғау үшін белгіленген зандар мен ережелерді бұзғаны үшін жазалау жөне тоқтату, тексеру жүргізу құқығын иеленеді. Оған қоса, жағалау мемлекеті осы ережелерді бұзғаны үшін ізіне түсу құқығын да иеленеді. Мұндай ізіне түсу іргелес аймақта, егер қудаланушы кеме жағалаудағы мемлекеттің аймағында немесе аймақ суының шегінде іргелес аймақты қорғау үшін сол мемлекеттің белгіленген заңдары мен ережелерін бұзған жағдайда басталады.

Қазіргі уақытта жағалаудағы мемлекетке мынадай іргелес аймақтар белгіленген:

— кедендік аймақ. Ол контрабандамен күрес мақсатында белгіленеді;

— фискальдық (қаржылық аймақ). Ол қаржылық заңдар мен ережелердің бұзылуын болдырмау мақсатында белгіленеді. Кейбір мемлекеттер кедендікке ұқсас фискальдық аймақты белгілейді;

— иммиграциялық аймақ жағалаудағы мемлекеттің шетел азаматтарының кіруі және шығуына байланысты өз зандары мен ережелерінің сақталуын қадағалауы үшін белгіленеді;

— санитариялық зона теңіз шекарасы арқылы эпидемиялар мен жұқпалы аурулар таралуын болдырмау мақсатында жағалаудағы мемлекетпен белгіленеді.

Ашық теңіз ұғымы.Аймақтық суының сыртқы шекарасында орналасқан теңіз және мұхит кеңістігі ашық теңіз деп аталады.

Ашық теңіз ұғымының анықтамасы 1958 ж. Ашық теңіз туралы Женева Конвенциясында бекітілген.

Осы Конвенцияның 1-бабына сәйкес, ашық теңіз дегеніміз аймақтық суы мен кез келген мемлекеттің ішкісуларына енбейтін теңіздің барлық бөлігі. Сонымен қатар,Конвенцияның 2-бабына сәйкес, ашық теңіз барлық ұлттар үшін ашық және ешқандай мемлекет оның кез келген бөлігін өз егемендігіне бағындыруды талап етуге құқығы жоқ. ашық теңіз бостандығы халықаралық құқығының нақты баптары және басқа да нормаларымен анықталған жағдайларда жү­зеге асырылады. Жекелеп алғанда, олар жағалаудағы және жағалаудағы емес мемлекеттер үшін:

1) кеме қатынасы бостандығы;

2) балық аулау бостандығы;

3) су асты кабельдері және құбырлар қондыру бостандығы;

4) ашық теңіз үстінен ұшу бостандығынан құралады.

БҰҰ-ның теңіз құқығы туралы Конвенциясының жаңа редакциясына, қазіргі талаптарға жауап беретін Ашық теңіз туралы Женева Конвенциясының ережелеріне кейбір толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. БҰҰ Конвенциясының 89-бабы ешқандай мемлекет ашық теңіздің кез келген бөлігін өз егемендігіне бағындыруды талап етуге құқылы емес деген дәстүрлі ережені бекітеді. 87-баптың 1-тармағы ашық теңіз бостандықтарына кеме қатынасы, ұшу, су асты кабельдері мен құбырларын орнату бостандығы және оған жасанды арал және құрылғылар салу, ғылыми зерттеулер жүргізу құқықтары туралы жаңа ережелермен толықтыру арқылы Конвенцияның 2-бабын жаңғыртты.

Ашық теңізде кез келген мемлекеттің жағалауда орналасуына немесе теңізге шыға алмайтынына қарамай, ашық теңізде өз кемесінің туымен жүзуіне құқығы бар. Тумен жүзуге құқығы бар кеме, сол туға ие мемлекеттің ұлттығын иеленеді. Мемлекет пен кеме арасында нақты байланыс болуы тиіс. Сонымен қатар, халықаралық шарттарда тікелей көзделген немесе туымен жүзіп жүрген мемлекеттің айрықша құзіретіне бағынуы туралы БҰҰ Конвенциясының ережелерін қоспағанда, барлық кемелер бір мемлекеттің туымен жүзуі тиіс. Барлық кемелер меншік құқығының басқаға анық түрде өтуін немесе тіркеуінің өзгеруін қоспағаңда, жүзу немесе тоқтау, портқа кіру кезінде өз туын қолдануға құқылы емес.

Конвенцияның 92-бабының 2-тармағында, егер кеме екі немесе одан да көп мемлекеттің туымен жүзіп, оны өз қажеттігіне қарай пайдаланса, басқа мемлекеттерде бірде-бір тиісті ұлттығын тануды талап ете алмайды және ұлттықты иеленетін кемелерге теңестірілмейтіні туралы қатаң түрде айтылған. Мемлекеттермен қатар, Конвенция кемелердің БҰҰ-ның, оның мамандандырылған мекемелерінің және Атомдық энергия жөніндегі халықаралық агенттігінің туларымен жүзетінін белгілеген.

Ашық теңізде әскери кемелер туға ие мемлекеттен басқа, кез келген мемлекеттің құзыретіндегі толық иммунитеттерді иеленеді. Сонымең қатар, әскери кемелердің, басқа мемлекеттерге ашық теңіз бостандықтарын занды негіздерде пайдалануға кедергі жасауға және мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқығы жоқ. БҰҰ Конвенциясы әскери кемелерге, теңізде және мүхитта халықаралық құқықтық тәртіпті сақтау және олар бүзылған жағдайда араласу үшін ерекше өкілеттіктерді бөлді.

Кез келген кемені ұстау және тексеру құқығы жеткілікті негіздер болған жағдайда беріледі. Ол негіздер төмендегідей:

а) кеме қарақшылықпен айналысса;
ә) кеме құл сатумен айналысса;

б) кеме рұқсат етілмеген хабарларды жеткізумен айналысса;

в) кеме ұлттықты иеленбесе;

г) кемеде шетел туы көтерілгенімен, ол кеменің ұлттылығы әскери кеме ұлттылығымен бірдей болса. Кейбір жағдайларда халықаралық шарт негізінде әскери кемелер кеменің туына құқығын тексере алады. Осы мақсатта, әскери кеме офицер басшылығымен күдікті кемеге қайық жіберуі мүмкін. Құжаттар тексерілгеннен кейін күдік сейілмесе, арықарай
әскери кеме бүкіл кемені тексере алады.

Осы жоғарыда аталған күдік негізсіз болса жөне тексерілген кеме осы күдікті дәлелдейтін ешқандай әрекет жасамаған жағдайда ұсталса, кемеге кез келген келтірілген залал немесе зиян өтелуі тиіс.

Әскери кемелермен қатар, тексеру кұқығын әскери ұшқыш аппараттар және мемлекеттік қызметте тұрғанын дәлелдейтін айқын анықталған белгілері бар уәкілетті кеме жүзеге асырады.

Ашық теңіздегі кез келген мемлекеттің құзыретіндегі толық иммунитетті әскери кемелермен бірге, мемлекетке тиісті және тек коммерциялық емес мемлекеттік қызметте тұрған кемелер пайдаланады.

Халықаралық құқыққа сәйкес, заңсыз есірткі немесе психотроптық заттармен сауда жасау немесе оларды тасымалдау халықаралық қылмыстарға жатады. Соңдықтан кез келген мемлекет туының астында жүзіп жүрген кеме есірткі немесе психотроптық заттармен заңсыз сауда жасайтынын білсе, басқа мемлекетке осындай заңсыз сауда жасауды жою мақсатында қызметтесу туралы ұсыныс жасауы мүмкін.

Рұқсат етілмеген хабарларды жеткізу, апатқа байланысты сигнал беруді қоспағанда, ашық теңізде орналасқан халықты тыңдауға арналған кемеден немесе құрылғыдан, дыбыстық радио немесе теледидар бағдарламаларының халықаралық ережелерін бұзуға хабар беруді білдіреді.

Конвенцияда ашық теңізден рұқсат етілмеген хабарларды жеткізуге қарсы барлық мемлекеттердің бірігіп қызметтесу міндеті бекітілген. Ашық теңізде рұқсат етілмеген хабарларды жеткізу жүргізіліп жатса, осындай құқыққа қайшы әрекеттерге қарсы қызмет жасайтын кез келген тұлғаның немесе кеменің оны қамауға алуға құқығы бар және жеткізуші аппаратты тәркілей алады.

Ашық теңіздің құқықтық режимін қамтитын нормалар мен ережелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Конвенция кемені тексеру құқығымен қатар, жағалау мемлекеті өзінің кұқықтары мен ережелерін бұзғаны жөнінде жеткілікті негіздер болса, шетел кемесінің ізіне түсу құқығын қарастырады. Егер шетел кемесі іздеуші мемлекеттің ішкі аймақ немесе архипелагтік суларында немесе іргелес аймағында орналасса, кеменің ізіне түседі және олардың шегінен тыс жерлерде, ізіне түскен жағдайда ізіне түсу жалғасады. Құқық бұзушы кемені көруге немесе естуге мүмкіндік беретін ара қашықтықта тоқтап, дыбыс немесе көрінетін сигнал берілгеннен кейін, кеменің ізіне түседі. Осындай кұқық бұзушыға тоқтауға бұйрық беретін кеме кез келген орында, сонымен қатар ашық теңізде тұруы мүмкін. Бірақ іргелес аймақта және экономикалық аймақта немесе континенттік қайраңда тұрған кеменің ізіне түсу, осы аймақтарды қорғау мақсатында қабылданған зандар мен ережелерді бұзған жағдайда басталады. Мысалы, осы аймақтарда шетел кемесінің заңсыз балық аулауы. Мұндай ізіне түсу құқығы, қудаланып жатқан мемлекет өзінің аймақ суына немесе кез келген басқа мемлекеттің аймақтық суына кірген кезден тоқтайды. Ізіне түсу құқығы тек әскери немесе үкімет қызметінде тұрған өкілетті теңіз және әуе кемелері арқьлы жүзеге асырылады. Кемені аймақтық суынан тыс, жеткіліксіз негіздерде ұстағаны үшін келтірілген зиянмен шығын өтеледі.

Кез келген мемлекет өз туының астында жүзіп жүрген кеменің капитанына теңізде өлім қатері төніп тұрған кез келген тұлғаға көмек көрсету міндетін жүктейді. Дәлелді себептерсіз теңізде кез келген тұлғаға көмек көрсетпеген капитан халықаралық құқық нормалары бойынша жауапқа тартылады.

Жағалауындағы аймақ және құрлықтық қайраң ( континенталдық шельф). Құрлықтық қайраң дегеніміз (ағьлшын тілінен аударғанда сөре, шығыңқы жер, саяз жер), теңіз түбі тігінің кенеттен ұлғаюы белгіленетін, жағалау сызығынан тереңдігіне дейін жайылып жататын материктер айналасындағы су асты жазығы.

Материктің су асты шетінің құрамдас бөлігі ретінде континенттік қайраңға: континенттік құрлықтық қайраң және континенттік (құрлықтық) тұғыр жатады.

1982 ж. Конвенция жағалаудағы мемлекеттің континенттік қайраңын, оның аймақ суынан тыс жайылып жатқан құрлықтық аумағының табиғи жалғасуынан материктің су асты шетінің сыртқы шекарасына дейін немесе бастапқы сызығы 200 теңіз миль ара қашықтықта созылып жатқан теңіз түбі және суасты аудандарының жер қойнауы деп анықтайды.

Сонымен қатар, Конвенция жағалаудағы мемлекеттің өз континенттік қайраңының сыртқы шекарасын, аймақ суының ені өлшенетін бастапқы сызықтан 200 теңіз миль шегінде белгілей алатынын қарастырған. Бүл ережеге материктің су асты шеті 200 теңіз мильден асатын жағдай да енгізілген, бірақ континенттік қайраңның сыртқы шекарасы аймақ суының ені өлшенетін бастапқы сызықтан бастап 350 теңіз мильден асып кете алмайды (76-баптың 5-тармағы).

Мүндай континенттік қайраңның ені 200 және 350 теңіз милі болатын екіжақты қүқықтық режимнің басты ерекшелігі, Конвенцияның 82-бабында көзделген 200 теңіз миль континенттік қайраңды өңдеуге байланысты бөліп шығару және төлем төлеу қызметін атқарады.

Бастапқы сызықтан 200 теңіз миль шегіндегі континенттік қайраң туралы көрсеткіштерді, тиісті жағадағы мемлекет өз континенттік қайраңының сыртқы шекарасын белгілеуге қатысты мәселелер бойынша оларға ұсыныс беретін Континенттік қайраң шекарасы жөніндегі комиссияға береді. Комиссия ұсыныстары негізінде белгіленген жағалаудағы мемлекеттің континенттік қайраңының шекарасы түпкілікті және барлығы үшін міндетті болады.

1958 ж. Конвенция және 1982 ж. Конвенция да жағалаудағы мемлекеттің қайраңға қүқығы - қайраң бетін жабатын судың жөне сол сулардың үстіндегі әуе кеңістігінің күқықтық мәртебесін қозғамайтыны туралы ережелерден тұрады. Жағалаудағы мемлекетке континенттік қайраңның ресурстарын барлау жөне оның табиғи ресурстарын өндеу мақсатында егеменді құқық беріледі. Бұл құқықтар, егер жағалаудағы мемлекет континенттік қайраңға барлау жүргізбесе және оның ресурстарын өндемесе ерекше болып табылады, ешкім мұндай жұмыстарды жағалаудағы мемлекеттің белгілі бір келісімінсіз жүргізе алмайды.

Жоғарыдағы құқықтар олардың қайраңды тиімді немесе жалған басып алуына не сол туралы тікелей жариялауына тәуелді емес.

Жағалаудағы мемлекеттің континенттік қайраңда егеменді қүқықтарын жүзеге асыруы кеме қатынасына, балық аулауға жөне Конвенцияда көзделген басқа құқықтар мен бостандықтарға шек қоймауы немесе кез келген дәлелсіз кедергілерге, олардың жүзеге асуына соқтырмауы тиіс.

Жоғарыда айтып өткендей, континенттік қайраңның бетін жабатын сулардың мәртебесі ашық теңіз суының бөлігі болады және сол бөлікте ашық теңіз қүқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Бүл бостандықтарға кеме қатынасы, балық аулау, ұшу, су асты кабельдері мен құбырларын жүргізу, жасанды арал және құрылғылар салу бостандықтары жатады.

БҰҰ Конвенциясы бойынша, жағалаудағы мемлекеттерге жасанды арал жасауға рұқсат беру және оның қызметін реттеу, сонымен қатар пайдалану және қолдану, континенттік қайранда экономикалық мақсаттарға қажетті құрылғылар мен жабдықтар орнатуға айрықша құқықтар беріледі.

Бұл құқықтар экономикалық аймақтағы режимдер үшін берілетін құқықтармен пара-пар. Осы мақсатта Конвенцияның 80-бабы бойынша экономикалық аймақтағы жасанды аралдар, құрылғылар мен жабдықтарға, континенттік қайраңдағы жасанды аралдар, құрылғылар мен жабдықтарға mutatis mutandis колдану туралы 60-бапта көрсетілгеніндей ережелерден құралады.

Барлық мемлекеттердің континенттік қайраңда су асты кабельдері мен құбырларын қондыру құқығы бар, бірақ мұндай құбырларды қондыру үшін қажетті жолды анықтау жағалаудағы мемлекеттің келісімімен жүргізіледі. Жағалаудағы мемлекеттің мұндай жолдарды анықтауға қатысуы бірінші кезекте олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Осылайша жасанды аралдар жасай отырып, континенттік қайраңда барлау жүргізуге қажетті қүрылғылар мен жабдықтарды және ресурстарды өндеу барысында жағалаудағы мемлекет қажетті анықтама беруге жөне осы объектілердегі ескерту құралдарының түрақты жүмыс істеп тұруы үшін қолдау көрсетуге міндетті. Қажет болған жағдайда жағалаудағы мемлекет осындай объектілердің айналасында қауіпсіздік аймақтарын белгілей алады. Мүндай шаралар жасанды аралдардың, қүрылғылар мен жабдықтардың, кеме қатынасының қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді.

Барлық кемелер осы қауіпсіздік аймақтарын құрметтеуге, сонымен катар, осындай аймақтарға жақын жұмыс істейтін кеме қатынастарына қатысты жалпыға бірдей халықаралық стандарттарды сақтауға міндетті.

Жасанды аралдар, құрылғылар мен жабдықтар және қауіпсіздік аймақтары халықаралық теңіз қатынастарына үлкен септігі тиіп отырған халықаралық теңіз жолдары болып табылған аймақта қолданылмайтынын атап айту керек.

Жағалаудағы мемлекеттің осындай жасанды аралдарға, құрылғылар мен жабдықтарға айрықша құзыреті жүреді, оның ішінде кедендік, фискальдық, санитариялық және иммиграциялық заңдар мен ережелер, сонымен қатар қауіпсіздікке байланысты заңдар мен ережелердің орын-далуын талап ету құзыреті де кіреді, бірақ мүндай объектілер аралдық мәртебеге ие бола алмайды, олардың барлығы теңіздің, экономикалық аймақтың және континенттік қайраңның шекарасын анықтауға септігін тигізе алмайды.

246-бапқа сәйкес, қайраңдағы ғылыми зерттеу жұмыстары тек жағалаудағы мемлекеттің келісімімен жүргізіледі. Теңізде ғылыми зерттеу жүмыстарын жүргізуге келісім алу үшін жағалаудағы мемлекетке зерттеу жүмыстары жүргізілерден алты ай бұрын қажетті ақпарат толық көлемде ұсынылуы тиіс (248-бап). Мұндай ақпараттар қандай да бір басқа келісім - шарт болмаған жағдайда ресми орындарға жіберіледі (250- бап).

Жағалаудағы мемлекет 253-бап ережесінің негізінде қайрандағы зерттеу жүмыстары 248-бапқа сәйкес жүргізілмеген жағдайда немесе 249-бапта қаралған шарттар орындалмаған жағдайда барлық зерттеу жүмыстарын тоқтатуды талап етуге қүқылы. Жағалаудағы мемлекеттің мүндай шешімі Конвенцияда қаралған дауларды реттеу рәсіміне сәйкес талқылауға және қайта қарауға жатпайды.

Ерекше экономикалық аймақ.Ерекше экономикалық аймақ дегеніміз аумақ суы жөне аумақ суының енінен өлшенетін бастапқы сызықтан бастап ені 200 теңіз милін қосып есептегендегі аудан.

Жағалаудағы мемлекетке ерекше экономикалық аймақта барлық табиғи ресурстарды барлау, өндеу және аяқтау мақсатында егеменді қүқықтар беріледі. Мұндай табиғи ресурстарға судағы тірі жөне тірі емес, теңіз түбінде тұнып жатқан ресурстар және теңіз түбінің қойнауы жатады. Бұл жағалаудағы мемлекетке барлық тірі және минералды ресурстарға егемендік емес, жоғарыда көрсетілген егемендік құқық береді.

Ешқандай мемлекеттің шекарасына және егемендігіне жатпайтын теңіз бен мұхит аудандарында, ешбір мемлекет сол аудандағы табиғи ресурстарды иемденуге құқық бермейді.

Жағалаудағы мемлекет ерекше экономикалық аймақта барлау жүргізу, пайдалану, тірі ресурстарды сақтау және оларды басқару барысында, өзінің егемендік құқығын жүргізуде БҰҰ Конвенциясына сәйкес, қабылданған заңдар мен ережелерді сақтауды қамтамасыз етуге қажетті тексеру, инспекциялау, қамау және соттың істі қарауы сияқты шараларды қолдануға құқылы.

Бірақ БҰҰ Конвенциясы жағалаудағы мемлекеттің экономикалық аймақта заңдар мен ережелерді бұзғандарға қолданылатын мәжбүрлеу шараларының шегін белгілейді. Мысалы, қамауға алынған кеме мен экипаж қажетті кепіл берілгеннен кейін немесе басқа да қамтамасыз ету шараларынан кейін тез арада босатылуы тиіс. Ерекше экономикалық аймақта балық аулау ережелерін бұзған адамға, мүдделі мемлекеттер арасында жеке адамды жазалау туралы келісім-шарт болмаған жағдайда жағалаудағы мемлекеттің оны түрмеге қамауға құқығы жоқ. Ал шетелдік кемені қамауға алған жағдайда сол кемеге жағалаудағы мемлекеттің қолданған шаралары және кез келген жазалары туралы кемедегі жағалаудың иесі болып табылатын мемлекетке тиісті арналар арқылы хабар беруге міндетті.

Конвенцияның 61-бабына сәйкес, жағалаудағы мемлекет ерекше экономикалық аймақтағы тірі ресурстарды аулауға шек қоя алады. Сонымен қатар, Конвенцияға сәйкес жағалаудағы мемлекеттің өзі де ерекше экономикалық аймақтағы тірі ресурстарды пайдалану мүмкіндігін белгілейді.

Егер жағалаудағы мемлекет қажетті аулау кезінде белгіленген жоспардан аз мөлшерде атқаратын болса, келісім-шарт бойынша қалған бөлігін басқа мемлекеттің аулауына мүмкіндік береді.

Конвенцияның 62-бабының 4-тармағы ерекше экономикалық аймақта басқа мемлекеттің балық кәсібін жүргізетін азаматтары, жағалаудағы мемлекеттің заңдары мен ережелерінде бекітілген қорғауға байланысты шараларды және басқа ережелер мен талаптарды бұзбауы тиіс. Ол ережелер мен зандар БҰҰ Конвенциясына сәйкес болуға міндетті, жекелеп алғанда олар томендегі жағдайларды қозғауы мүмкін:

а) жинақ және басқа да төлемдердің түрлерін төлеуді қоса алғанда, балықшыларды, балық аулайтын кемелерді және жабдықтарды лицензиялау;

ә) ауланатындардың түрлерін анықтау жөне нақты қорларға немесе қор топтарына қатысты квотасын белгілеу;

б) балық кәсібінің маусымын және ауданын, аулау құралының түрлерін, мөлшерін және санын, сонымен қатар пайдаланылатын балық аулау кемелерінің түрін, көлемін және санын реттеу;

в) балықтың және ауланатын басқа түрлерінің жасы мен көлемін белгілеу;

г) ауланған балық және кәсіптік тырысушылықтың статистикалық көрсеткіштерін қоса алғанда, балық аулау кемесінен талап етілетін мәліметтерді анықтау және кеменің түрған орны туралы хабар беру;

д) орындалуын қамтамасыз ететін рәсімдер. Жағалаудағы мемлекет тірі ресурстарды қорғау және оларды басқару женіндегі заңдар мен ережелер туралы мүдделі мемлекеттерге хабарлауы тиіс.

Жағалаудағы мемлекеттің көптеген жылдардан бері алыс теңіз аудандарына орын ауыстырып, өздері туылган түщы суға қайта оралатын балықтардың анодрамдық (өтпелі) түрлеріне қүқығы туралы БҰҰ Конвеницясының 69-бабы Қазақстанды көбірек қызықтырады.

Балықтың мұндай түрлеріне Каспий теңізінің бекіре тектес балықтары жатады. Қазақстан аймағында орналасқан Орал, Ембі, Қиғали өзендерінде қазіргі уақытта олардың негізгі ұдайы өндірісі өрбіп жатыр, осылай біздің республикамыз балықтың анодрамдық түрлері пайда болған мемлекет болып табылады. Конвеницяның 66-бабына сәйкес, өзенінде анодрамдық түрлердің қоры пайда болған мемлекет, бірінші кезекте сол қорларға қызығушылар ең бірінші жауап береді.

Анодрамдық түрлердің қоры пайда болған мемлекет жағадан өзінің ерекше экономикалық аймағы және балық көсібінің сыртқы шекарасындагы барлық судағы балық кәсібін реттеу бойынша тиісті шаралар қабылдау жолымен оларды қорғайды.

Анодрамдық түрлердің қоры пайда болған мемлекет, осы қорлармен кәсіп жүргізетін қызығушы мемлекеттерден кеңес алғаннан кейін, өз өзеніндегі пайда болған қорларға байланысты ауланатын балықтың жалпы көлемін белгілейді. Осылайша Конвенция балықтың анодрамдық түрлері пайда болған мемлекеттің мүдделерін белгілеп бекітеді.

Осы жалпы танылған Конвенциялық нормаларға сүйене отырып, Қазақстан өз аумағындағы пайда болған анодрамдық түрлердің қорын қорғау және пайдалану туралы басқа Каспий жанындағы елдермен бір келісімге келгені дұрыс болар еді.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!