Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Халықаралық құқықтың негiзгi салалары



 

Глосарий (анықтама, сөздік)

 

Халықаралық қылмыстық құқық - бұл жалпы сипаттағы қылмыспен күресу, халықаралық сипаттағы қылмыстармен, сонымен қатар халықаралық қылмыстармен күресу бойынша мемлекеттердің ынтымақтастығын реттейтін халықаралық құқықтың саласы.

Халықаралық сипаттағы қылмыстар -терроризм, ұшақтарды айдап кету, нашақорлықты дамыту, контрабанда, қарақшылық, ядролық материалдарды ұрлау және т.б. жатады. Осы қылмыстардың халықаралық, «шетелдік» элементпен, және де солар үшін жауапкершілік халықаралық келісімдер де қарастырылғандығы олардың халықаралық сипатта болатындығын білдіреді. Солармен күресу мемлекеттердің ынтымақтастығының маңызды бағыттары болып табылады

Халықаралық терроризм (терроризм латынның «terror»-қорқыныш деген сөзінен шыққан) Дипломатиялық сөздікте мынандай анықтама берген: «Адамдардың орынсыз өліміне әкеп соғатын, мемлекеттер мен олардың өкілдерінің қалыпты дипломатиялық қызметін бұзатын және халықаралық байланыстардың, кездесулердің, сондай-ақ, мемлекеттер арасындағы көлік байланыстарының жүзеге асуын қиындататын халықаралық көлемдегі қоғамға қауіпті әрекет

Қылмыскерлерді ұстап беру (экстрадиция) – бұл аумағында қылмыскер бар мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған немесе қылмыскер азаматы болып табылатын екінші мемлекетке қылмыскерді қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе күшіне енген үкімді орындау мақсатымен беруі

халықаралық экономикалық құқық – бұл халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы сыртқы экономикалық байланыстар мен сауда, көлік және кеме жүзу, қаржы, несие және шикізат қорлары мен тауарлар бағасын реттеу, ғылыми-техникалық ынтымақтастық және әртүрлі экономикалық көмек көрсету облысындағы туындаған қатынастарды реттейтін қағидалар мен нормалардың жиынтығы



 

13 тақырып Консулдық құқық

Мақсаты: студенттерді консулдық құқық ұғымымен таныстыру, консулдық өкілдіктің функцияларымен, мақсатымен, консулдық округ, консулдық патент, консулдық экзекватура сияқты ұғымдардың мазмұнымен таныстыру

 

Консулдық құқық.Елші және консул әріптестер, себебі екеуі де СІМ жұмыс істейді. Екеуі де артықшылықтар мен қорғаншылықтарды пайдаланады және мемлекеттің шет елдегі сыртқы қатынас органында жұмыс стейді. Екеуінің айырмашылықтары: елші – саяси тұлға, ал аккредиттелген мемлекеттің кез келген бөлігінде өз мемлекетін білдіреді; консул – ол жіберілген елдің барлық масштабында өз мемлекетін білдіре алмайды, ол тек консулдық округ шегінде ғана жұмыс істейді. Елші- жалпы саяси міндеттерді атқарса, консул экономикалық, сонымен қатар құқықтық қызмет көрсету бойынша функцияларды атқарады. Осыған байланысты консулдарды шет елге Әділет министрлігі жібереді.

Консулдық құқықтың қайнар көздері:



1) ХХғ. әдет-ғұрыптарға негізделген;

2) 1911ж. консулдық функциялар туралы Каракасс Конвенциясы;

3) 1928ж. консулдық шенеуніктер туралы Аймақтық Гавана Конвенциясы;

4) 1963ж. консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясы;

5) екі жақты консулдық конвенциялар;

6) кез келген мемлекеттің ішкі заңнамасы.

СІМ және консулдық қызмет. Консулдық қызметті әр елде консулдық бөлім немесе СІ ведомствосының консулдық басқармасы басқарады.

ҚР СІМ консулдық басқармасы оның ірі бөлімі болып табылады және Қазақстанның барлық консулдық қызметін, шел елдердегі Қазақстанның консулдық мекемелерін басқарады және күнделікті практикалық көмек көрсетеді,олардың қызметінің құқықтық негіздерін қамтамасыз етеді және әзірлейді.

Консулдық басқарманың басты мақсаты:Қазақстанның шет мемлекеттермен консулдық қатынастарын кеңейту және шет елде ҚР құқықтары мен мүдделерін консулдық қорғау.

Басқарма, сонымен қатар Қазақстандағы шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің қызмет етуіне тиісті жағдайларды қамтамасыз етуге және олармен іскерлік қарым-қатынас жасауға міндетті. Басқарма визалық сұрақтар бойынша ұсыныстар дайындайды, шет мемлекеттердің визалық саясатына талдау жүргізеді, Қазақстанның консулдарына патенттерді рәсімдеу және оның территориясындағы шетелдің консулдарына экзекватураны беру кіреді. Басқарма азаматтылық, виза беру, құжаттарлы талап ету және оны жүзеге асыру, мұрагерлік сұрақтар бойынша әртгрлі ұйымдармен хат алысу, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының басқа да мүліктік құқықтарының сұрақтарымен айналысады.

Консулдық қатынастарды орнату және тоқтату.Консулдық қатынастарды орнату үшін келісім беру әртүрлі нысанда жүзеге асырылады. Дипломатиялық қатынастарды орнату сонымен бір уақытта консулдық қатынастарды орнатуды да білдіреді және нотамен алмасу жолымен жүгізіледі.

Кейбір жағдайда, консулдық қатынастарды орнату дипломатиялық қатынастарды орнатудың алғы шарты болып табылады. Сондықтан дипломатиялық қатынастар үзілгенде консулдық қатынастар сақталады.Консулдық қатынастарды орнату екі құжатқа негізделеді: консулдық патент және консулдық экзекватура.

Консулдық мекемелерді ашу үшін қабылдайтын мемлекеттің алдын-ала келісімі қажет. ҚР консулдық мекемесі қабылдайтын мемлекеттің келісімімен ҚР Үкіметінің шешіміне сәйкес ашылады.

Консулдық қатынастарды тоқтату мынадай жағдайларда мүмкін болады:

1) консулдық қатынастар үзілгенде;

2) біржақты актіні қабылдау нәтижесінде және тараптар арасындағы тиісті келісім нәтижесінде;

3) мемлекет құлағанда;

4) консулдық округтың үшінші мемлекеттің құрамына өткенде.

Консулдық өкілдік – бұл мемлекеттің шет елдегі сыртқы қатынас органы және баратын мемлекеттің келісімі бойынша сол елдің территориясында орналасады. 1963ж. Вена Конвенциясына сәйкес консулдық өкілдіктер мынадай функциялар атқарады:

1) өз мемлекетінің, оның заңды және жеке тұлғаларының мүдделерін қорғау;

2) өз мемлекеті мен қабылдаған мемлекеттің арасында экономикалық, мәдени, ғылыми және өзге де қатынастарды орнатуға және дамытуға ықпал ету;

3) консулдық округтың өмірі туралы әртүрлі ақпараттарды заңды құралдармен жинау және осы мәліметтерді өз мемлекетінің тиісті ведомстволарына хабарлау;

4) консулдық округ шегінде тұратын өз елінің азаматтарын тізімдеу және оларға қатысты нотариалдық және әкімшілік функцияларды атқару;

5) консулдық округ территориясына келген әуе, теңіз және басқа да транспорт түрлеріне қатысты бірқатар міндеттерді атқару;

6) виза мен куәліктер беру.

1963ж. Вена Конвенциясына сәйкес консулдық өкілдіктердің функциялары мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1) тараптардың келісімі бойынша округта консулдық мекемелерді жапқанда;

2) екі елдің арасында әскери қақтығыстар туындағанда;

3) консулдық округ тұрған мемлекет территориясының бір бөлігі басқа мемлекеттің құрамына өткенде;

4) консул кері шақырылып алынғанда немесе консул отставкаға шыққанда, оны басқамен ауыстырғанда немесе консулды персона нон грате деп жариялағанда.

Консулдық өкілдіктердің түрлері:

1) бас консулдық – ас консул басқарады;

2) консулдық – консул басқарады;

3) вице - консулдық – вице консул басқарады;

4) консулдық агенттіктер – консулдық агенттер нақты қалаларға, белгіленген округтың консулының тапсырмасын орындайды және соған бағынатын, сол округтегі порттарға тағайындалады.

Осы консулдық мекемелердің атауы сәйкес консулдықты басқаратын консулдардың кластарына сәйкес келеді.

Көбінесе елшіліктерде консулдық бөлімдер ашылады.

Консулдарды тағайындау және кері шақырып алу.Мемлекет өз дипломатиялық өкілдігі арқылы алдын ала келісім сұрайды және қабылдайтын елдің СІМ консулдық патент немесе консулдық мекеменің басшысын тағайындау туралы өзге де құжаттарды жібереді. Консулдық патент дипломатиялық өкілдіктердің сенім қағаздарына ұқсас. Консулдық паентті мемлекет басшысы және СІМ береді. Келесі кезең консулдық экзекватураны алу. Вена Конвенциясының 12б.: консулдық мекеменің басшысы өз функциясын атқаруға баратын мемлекеттің рұқсатымен ғана жіберіледі және ол экзекватура деп аталады.

Егер де ұсынатын мемлекеттің баратын елде дипломатиялықөкілдігі жоқ болса, онда консулдық дауазымды тұлға қабылдайтын мемлекеттің келісімімен нақты дипломатиялық актілер жасай алады.

Консулдық лауазымды тұлғалар (ереже бойынша) ұсынатын мемлекеттің азаматы болуы қажет, бірақта баратын мемлекеттің азаматтары да болуы мүмкін. Бұндай жағдайда міндетті шарт баратын мемлекеттің нақты көрсетілген келісімі болуы тиіс, бірақ бұл келісім Вена Конвенциясының 22б. бойынша кез келген уақытта күші жойылады.

Қабылдайтын мемлекет (ереже бойынша) кез келген уақытта жіберетін мемлекетке консулдық лауазымды тұлғаны қалаусыз тұлға деп жариялауы мүмкін. Бұндай жағдайда ұсынған мемлекет ұсынған мемлекет оны кері шақыруға немесе консулдық мекемеде оның қызметін тоқтатуға міндетті.Егер де ұсынушы мемлекет осы міндеттемені орындамаса, қабылдаған мемлекет осы тұлғаға берілген консулдық экзекватураның күшін жоюға немесе оны консулдықтың қызметкері деп санауды тоқтатуға құқылы.

Консулдық өкілдікті консул басқарады. Консул – бұл өз мемлекетінің, оның заңды және жеке тұлғаларының экономикалық және өзге де мүдделерін қорғау мақсатында шет мемлекетке тағайындалатын лауазымды тұлға.

Консул – бұл нақты бір округта өз елінің заңды және экономикалық мүдделерін, оның заңды және жеке тұлғаларының заңды мүдделерін қорғау, ұсынушы және қабылдаушы мемлекеттердің арасында әртүрлі байланыстардың дамуына ықпал ету мақсатында қабылдаушы мемлекеттің келісімімен сол мемлекеттің территориясындағы нақты пунктке келетін бір мемлекеттің лауазымды тұлғасы.

Консулдық бөлімді басқаратын консулдық лауазымды тұлғаның құқықтық мәртебесін сипаттайтын болсақ, консулдық қызметкердің осы санаты үшін консулдық патент және экзекватура қажет емес, себебі олар елшілікте жұмыс істейді және соның күшінде тиісті мәртебесі болады.

Консулдық мекеменің қызметкері – консулдық мекемеде әкімшілік немесе техникалық міндеттерді жүзеге асыратын немесе консулдық мекемеге қызмет көрсететін тұлға.

Консулдық округ – консулдық мекеменің өз функциясын атқару үшін берілген, қабылдаған мемлекеттің ауданы.

Консулдық корпус – нақты консулдық округтегі барлық шетелдік консулдық лауазымды тұлғалардың, консулдық мекемелердің басшыларының жиынтығы.

Консулдық корпусқа штаттық, құрметті (штаттан тыс) консулдар, дипломатиялық өкілдіктің консулдық қызметкерлері де кіреді.

Консулдық округтердің саны бір мемлекеттегі консулдық корпустардың санын анықтайды. Консулдық корпусты ақсақал басқарады, яғни бір консулдық округтың шегінде әртүрлі мемлекеттердің консулдарымен салыстырғанда рангісі бойынша ең үлкені болып табылатын бір мемлекеттің консулы, сонымен қатар басқаларынан бұрын консулдық экзекватураны алған консул болуы мүмкін. Оның міндеті жаңадан келген консулдарды қабылдаған мемлекеттің салт-дәстүрімен таныстыру, консулдық корпустың мүшелерінің құқықтарын қорғау.

Консулдық артықшылықтар мен қорғаншылықтар – бұл консулдық өкілдіктерге, консулдық лауазымды тұлғаға қабылдайтын мемлекетте өздерінің консулдық функцияларын кедергісіз атқару үшін берілетін жеңілдіктер мен артықшылықтар.

1) қабылдаушы мемлекет консулдық мекемелерге орын беругеі және олардың тұрған жеріне қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етуге міндетті;

2) қабылдайтын мемлекет консулдық мекемені әртүрлі басып кіруден, зиян келтіруден қорғау үшін шаралар қабылдауға міндетті;

3) консулдық тұрғын үй, ғимарат, мүліктері, оның көлік құралдары қорғаныс немесе қоғамдық мұқтаждықтың пайдасына, әртүрлі реквизиция түрлерінен қорғалады;

4) әртүрлі салықтардан босатылады;

5) консулдық архивтерге, құжаттарға кез келген уақытта және олардың тұрғын жеріне байланыссыз қол сұғылмайды;

6) байланыс жасау бостандығы – бұл қабылдайтын мемлекет консулдық мекемеге ресми мақсатына жету үшін байланыс қатынасына курьер,кодталған және шифрланған депешаларды, вализаларды (почталық корреспонденцияларды) пайдалана алуы;

Вена Конвенциясы қабылдайтын мемлекетке міндеттемелер жүктейді: ұсынатын мемлекетке осы мемлекеттің азаматының өлімі туралы; кәмелетке толмағандарға қамқорлық пен қорғаншының қажеттілігі туралы, кемелер мен ұшақтардың апаты туралы хабарлауға міндетті.

1963ж. консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясы штаттағы консулдық лауазымды тұлғаларға және консулдық мекеменің өзге де қызметкерлеріне артықшылықтар мен қорғаншылықтар береді:

-қабылдаған мемлекет олардың жеке басына, ар-намысына, бостандығына қол сұғушылықтан қорғау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдауы және оларға құрметпен қараулары тиіс.

-консулдық лауазымды тұлға қамауға алынбайды. Олар ауыр қылмыс жасағанда сот қаулысы болғанда ғана қамауға алынады.

- консулдық лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалса, онда осы лауазымды тұлға құзырлы органдарға келуге міндетті. Консулдық өкілдік қызметкерлерін сот және әкімшілік істерді қарағанда куә ретінде шақыруы мүмкін және олар жауап беруі тиіс. Егер ол жауап беруден, түсінік беруден бас тартса, онда оны мәжбүрлеуге немесе жазалауға болмайды. Консулдар өздерінің ресми функцияларына қатысты сұрақтар бойынша жауап беруге, ресми құжаттарын көрсетуге міндетті емес.

- салық төлеуден, кедендік салықтардан және әртүрлі алымдарды төлеуден босатылады; бұндағы бір ерекшелік консулдар қабылдаған елдегі қозғалмайтын жеке мүлкіне салынатын салықтар мен жинаулардан, жеке табысына салынатын салықтардан және жинаулардан, қосалқы салықтардан, мұрагерлікпен алынған мүліктерге салынатынг салықтардан, сот, тіркеу салықтарынан, гербтік, ипотекалық жинаулардан босатылмайды;

- қызмет көрсетуші персонал еңбек ақысына салынатын салықтан босатылады;

- консулдық артықшылықтардың бірі кедендік тексеруден және кедендік баж салығынан босатылады; қабылдағн елде консулдықөкілдікте ресми пайдалану үшін арналған заттар әкелуге, консулдардың және олардың отбасы мүшелерінің жеке пайдалаатын заттарын әкелуге рұқсат беріледі және олар кедендік салықтан босатылады.

Консулдық өкілдіктің қызметкері қабылдаған мемлекеттің территориясына кірген сәттен бастап артықшылықтар мен қорғаншылықтарды пайдаланулары басталады; егер де олар осы территорияда болған болса, онда консулдық міндеттерді атқаруға кіріскен сәттен басталады. Ал оның отбасы мүшелеріне артықшылықтар мен қорғаншылықтар оған осы режим берілген сәттен бастап таралады, консулда тоқтатылған тоқтайды.

 

Бақылау сұрақтары

 

1) Консулдық құқыққа түсінік беріңіз

2) Консулдық құқықтың қайнар көздерін атаңыз

3) Консулдық өкілдік пен консулға қандай артықшылықтар мен қорғаншылықтар берілген?

4) Консулдық өкілдік пен консулдың артықшылықтары мен қорғаншылықтарының дипломатиялық өкілдік пен дипломатқа артықшылықтар мен қорғаншылықтарынан қандай айырмашылықтары бар?

 

 

Әдебиеттер:

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б.

2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с.

3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б.

5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008.

Қосымша әдебиеттер:

8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987.

9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987.

10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987.

11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986.

12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978.

13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985.

14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974.

15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992.

16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы,

17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с.

18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с.

19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ, 1998.-416с.

14 тақырып Халықаралық қауіпсіздік құқық

Мақсаты: халықаралық қауіпсіздік құқығының түсінігі мен қайнар көздері туралы білімдер жүйесін беру

 

Негізгі сұрақтар

 

1) Халықаралық қауіпсіздік құқығының түсінігі.

2) Жалпы қауіпсіздік.

3) Аймақтық қауіпсіздік.

4) Қарулы күштерді қарусыздандыру және қысқарту.

5) Сенімділікті нығайту бойынша шаралар және халықаралық бақылау.

 

Соғыс пен бейбітшілік проблемалары ежелде-ақ, орта ғасырларда да, сондай-ақ бүгін де өзекті мәселелердің ірі болып келеді. Ғалымдардың санауы бойынша, жер шарымызда 5 550 жыл ішінде 14 513 ірі және шағын соғыстар болып, 3 640 млн. адам қайтыс болған. І Дүниежүзілік соғысты жүргізу үшін112 млд. долл., ІІ Дүниежүзілік соғысты жүргізу үшін 664 млрд.долл., ал Кореядағы соғысқа – 164 млрд. Долл., ал Въетнамдағы соғысқа – 362 млрд. долл. жіберілген. Осыған қарап ойлануды және болашақта соғысқа жол бермеу шараларын қабылдауды қажет етеді.

Соғыс және бейбітшілік мәселелері Аристотельдің «Афиндік саясат», Платонның «Мемлекет» сияқты шығармаларында қарастырылған. Осы мәселелерді шешуде өз үлесін қосқан чех королі Иржи Подебрад (Еуропада бейбітшілік орнату мақсатында Еуропалық монархтардың одағының проектісі), француз аббаты Сен-Пьер (Европада мәңгілік бейбітшілік орнату проектісі), Э.Кант (халықаралық келісімшарт көмегімен халықтар арасында бейбітшілік орнату қажеттілігі).

Соғыс пен бейбітшілік проблемаларын шешу ісінде 1899ж. әлемнің Гаага конференциясы үлкен рөл атқарды. Бұл конференция өз мақсатына жетпегенімен, оның мәні – көпжақты дипломатияның негізінде қарусыздандыру мәселелерін шешуге қадам жасау болды.

Ұлттар Лигасы соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешуге тырысты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – жер шарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша және соғыстың алдын алу бойынша халықаралық ұйым құрылды.

Ұжымдық қауіпсіздік –бейбітшілікке төнген қауіпті жою, агрессия актілерінің алдын алу және тоқтату мақсатында жер шарының барлығы дерлік мемлекеттерінің немесе қандайда болмасын географиялық аймақтағы мемлекеттердің қолданатын іс-шараларының жүйесі.

Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің негізінде әлемнің бөлінбеуі қағидасы қаланған. Бұл дегеніміз кез келген, тіпті ең кішкентай конфликттің өзі аумақтық шектелген іс-әрекет емес, керісінше, жалыға ортақ қауіпсіздік пен бейбітшілікке қауіп төндіретін акт ретінде қарастыру дегенді білдіреді. Бұндай ұйғарым кіші-гірім конфликттің өзі бірден ғаламдық катастрофаға айналып кететін қазіргі ядролық қаруланған заманда өте әділетті.

Ұжымдық қауіпсіздік универсалды және аймақтық болып бөлінуі мүмкін. БҰҰ Жарғысы - ұжымдық универсалды қауіпсіздіктің, аймақтық ұжымдық қауіпсіздіктің құқықтық іргетасын Африкандық Бірлік Ұйымының Хартиясы, Араб мемлекеттерінің Лигасының Жарғысы, ТМД Жарғысы және т.б. құрайды.

БҰҰ ұжымдық универсалдық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз етуі үшін және қызмет етуі үшін арнайы құрылған. Халықаралық тыныштықты қорғау БҰҰ басты міндеті болып табылады. Осыған байланысты БҰҰ Жарғысында мәжбүрлеу шаралары қарастырылған: бейбітшілікті бұзуды тоқтату шаралары; қарулы күштерді қолданбай шаралар қабылдау; қарулы күштерді қолдану шаралары. 1970ж. «Халықаралық қауіпсіздікті нығайту туралы» Декларацияда әскери одақ құрусыз дүниежүзілік ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің қызметін қамтамасыз ету органы ретінде Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысының тиімділігін арттыру қажеттілігі атап көрсетілген.

ҚР Президентінің БҰҰ-да сөйлеген сөзінде еуроазиялық қауіпсіздік құрылымы туралы идеяны айтып өткен.

Аймақтық халықаралық ұйымдар планетамыздың жекелеген жерлерінде немесе нақты географиялық аймақтарда ұжымдық қауіпсіздік қамтамасыз етуге арналған. Мысалға, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Кеңестің Қорытынды Актісі жалпы еуропалық қауіпсіздіктің құқықтық негізі болып табылады. Бұл Актінің маңыздылығын кейіннен осы Актінің ережелері Еуропаның әртүрлі қалаларында болған

 

Бақылау сұрақтары

 

1) Халықаралық қауіпсіздік құқығының түсінігін беріңіздер

2) Ұжымдық қауіпсіздікке сипаттама беріңіздер

3) Аймақтық қауіпсіздік шараларына сипаттама беріңіздер

 

 

Әдебиеттер:

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б.

2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с.

3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б.

5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008.

Қосымша әдебиеттер:

8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987.

9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987.

10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987.

11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986.

12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978.

13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985.

14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974.

15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992.

16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы,

17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с.

18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с.

19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ, 1998.-416с.

 

15 тақырып Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық

 

Мақсаты: халықаралық қылмыспен күресу құқығы туралы, қылмыспен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы, халықаралық қылмыспен күресетін халықаралық ұйымдар туралы түсініктер беру

 

Негізгі сұрақтар:

 

1) Халықаралық қылмыспен күресу құқығының түсінігі

2) Қылмыстықпен күресудегі халықаралық ынтымақтастығының қажеттілігі.

3) Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымақтастығының салдары.

4) Халықаралық терроризм

5) Жалған ақша немесе ақша белгілерін қолдан жасау.

6) Әуе кемелерін басып алу және айдап кету.

7) Есірткі құралдарымен және психотропты заттармен заңсыз операциялар жасау.

8) Қылмыстылықпен күрестегі халықаралық ұйымдар.

9) Халықаралық криминалогиялық қоғам.

10) Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы «Интерпол». Интерполдың негізгі мақсаттары.

11) Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және қылмыскерлерді беру.

 

 

Халықаралық қылмыстық құқық - бұл жалпы сипаттағы қылмыспен күресу, халықаралық сипаттағы қылмыстармен, сонымен қатар халықаралық қылмыстармен күресу бойынша мемлекеттердің ынтымақтастығын реттейтін халықаралық құқықтың саласы.

Жалпы қылмыстық істермен мемлекеттер өздерінің егемендіктерінің шегінде ұлттық-құқықтық құралдарды негізге ала отырып күреседі. Бірақ мемлекет жалғыз өзі өз аумағынан тыс жүрген, қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты жзалаудың болмай қоймайтындығы қағидасын жүзеге асыра алмайды.

Халықаралық сипаттағы қылмыстарға терроризм, ұшақтарды айдап кету, нашақорлықты дамыту, контрабанда, қарақшылық, ядролық материалдарды ұрлау және т.б. жатады. Осы қылмыстардың халықаралық, «шетелдік» элементпен, және де солар үшін жауапкершілік халықаралық келісімдер де қарастырылғандығы олардың халықаралық сипатта болатындығын білдіреді. Солармен күресу мемлекеттердің ынтымақтастығының маңызды бағыттары болып табылады.

Қазіргі уақытта қылмыстың алдын алу бойынша, онымен күресу бойынша және қылмыскерлерді ұстау бойынша халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі нысандары бар. Ол екі жақты, аймақтық және универсалды деңгейде жүзеге асырылады.

Қылмыспен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастықтарының негізгі нысандары болып мыналар табылады:

а) қылмыскерлерді ұстап беру (экстрадиция) және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмектер көрсету;

б) ішкі мемлекеттік ғылыми және практикалық тәжірибелермен алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу проблемаларын талқылау;

в) мемлекеттерге олардың қылмыспен күресуде кәсіби және техникалық көмектер көрсету,

г) бірнеше мемлекеттерді қамтитын қылмыстармен күресуді үйлестіру.

Келісімшарттарда экстрадицияның, алдын ала ұстаудың процедураларын анықтайтын ережелер, сондай-ақ өз азаматтарын бермеу және өзара көмек қағидалары да бектілген.

ХІХ ғасырдан ХХғ. 30-шы жылдарының аяғына дейін бірқатар мемлекеттердің мүдделерін қамтитын қылмыстармен күресуді шарттық- құқықтық үйлестіру сияқты халықаралық ынтымақтастықтың бағыты қалыптасты. Бұл кезеңде басқа да бағыттар да жетіле бастады: келісімшартқа отыру және қылмыстың алдын алу проблемаларымен айналысу үшін арнайы құрылған халықаралық органдар мен ұйымдар құрылды. 1872 жылдан 1950 жылға дейін Халықаралық қылмыстық және пенитенциарлық комиссия жұмыс істеді, кейіннен оның функциялары БҰҰ өтті. 1888ж. неміс криминалисті Франц фон Листтің инициативасы бойынша Халықаралық криминалистикалық қоғам құрылды, ол нақты халықаралық іс-шаралардың көмегімен халықаралық қылмыстарды зерттеуге және күресуге шақырды. 1923ж. құрылған Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы алдына мынадай мақсат-міндеттер қойды:

а) қатысушы – мемлекеттерде әрекет ететін заңдардың шегінде мемлекеттерде полиция органдары арасында іскер байланыстар орнатуға жәрдемдесу;

б) қылмыспен күрес жүргізуге арналған ұлттық мекемелер құру және олардың табысты жұмыс істеуіне жағдайлар жасау.

Егер де қылмыс жасаған адам сұралынып отырған елдің азаматы болса, онда қылмыскерді беруден бас тартылуы мүмкін, сондай-ақ осы мемлекеттің заңнамасы бойынша ескіру мерзімі өтіп кетсе; осындай тұлғаға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы шығарылған үкім немесе қаулы да қылмыскерді бермеу негіздері болып табылады.

Қазақстанның басқа елдермен екі жақты ынтымақтастығының мысалы болып азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Монғолиямен жасасқан Шарты (1944ж. 22 маусымда ратификацияланған), қылмыс жасаған адамды беру, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе үкімнің орындалуын қамтамасыз ету туралы Шарт (1994ж. 12 шілде).

Халықаралық құқықта қылмыспен күресуде көптеген мемлекеттердің бірлескен күш салысуларын белгілейтін қол қойылып ратификацияланған көп жақты конвенциялар мен шарттар бар. Бұл 1961ж. 30.03. есірткі заттары туралы Бірыңғай Конвенция, 1971ж. 21.02. психотропты заттар туралы Конвенция, 1971ж. 23.09. азаматтық авияцияның қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз әрекеттермен күрес туралы Монреаль Конвенциясы.

Халықаралық сипаттағы қылмыспен күрес бойынша көпжақты конвенциялар ынтымақтастықтың мынадай нысандарын қарастырады:

а) көптеген немесе бірқатар мемлекеттер үшін қауіп төндіретін қылмыстарды саралаумен байланысты мәселелерді келістіру;

б) халықаралық сипаттағы қылмыстардың алдын алу және тоқтату бойынша мемлекеттердің бірлескен күштерін үйлестіру;

в) қылмыскерлер мен қылмыстарға қатысты юрисдикцияны белгілеу;

г) жасаған қылмысы үшін жазаның болмай қоймайтындығы қағидасын қамтамасыз ету;

д) қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету.

1973ж. 14.12. халықаралық қорғауды пайдаланатын тұлғаларға, соның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды жою туралы Конвенция диплматтарды, консулдарды, халықаралық ұйымдардағы мемлекет өкілдерін қорғауды қамтамасыз етеді. Осы Конвенцияның 2б. халықаралық қорғауды пайдаланатын тұлғаларға қарсы қылмыстардың тізімін белгіледі: өлтіру, ұрлау немесе шабуыл жасау, ресми, тұрғын немесе тұрғын емес ғимараттарға немесе көлік құралдарына шабуыл жасау; осы аталған қылмыстарға қатысу.

Нақты бір мемлекеттің территориясында осындай қылмыстар жасалған кезде өзінің территориясында қылмыс жасаған тұлғаны өзінің материалдық және іс жүргізу заңнамасының негізінде қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін қажетті шаралар қабылдауы қажет. Егер де сезікті адам басқа мемлекеттің территориясында жүрсе, онда сол мемлекет тиісті шаралар қабылдауға міндетті және олар туралы БҰҰ Бас Хатшылығы арқылы территориясында қылмыс жасалған мемлекетке хабарлауы тиіс.

Конвенцияға сәйкес мемлекет-қатысушылар қылмыс жасаған тұлғаларды ұстап беруі тиіс. Ұстап беруді осындай өтініш жасап отырған мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Осы Конвенция баспана беруге қарсы емес, өйткені саяси баспана қылмыскерлер мен әскери қылмыскерлерге берілмейді.

Конвенцияның 13б. Конвенцияға түсінік берумен және қолданумен байланысты мемлекеттер арасындағы дауларды қарау мүмкіндігін қарастырады.

1961ж. 30 наурыздағы есірткі заттары туралы Бірыңғай Конвенция.Осы Конвенцияға қатысушы-мемлекеттер есірткі заттарын

Интерпол. 1914ж. сәуірде Монакода халықаралық деңгейде қылмыспен күрес жүргізетін ұйым ретіндегі Интерполға бастама болған қылмыстық полиция Конгресі өтті.

Ұйым ретінде Интерпол 1923ж. 7 қыркүйекте рәсімделді. Осы кезде ғана Венада 20 елдің 138 өкілі жиналып Қылмыстық полицияның Халықаралық Комиссиясының Жарғысы қабылданған болатын. Комиссия алдына мынадай міндеттер қойды:

а) жекелеген елдерде әрекет ететін заңдардың шегінде қауіпсіздік органдары арасында өзара қызметтік көмек көрсету практикасының қалыптасуына ықпал ету;

б) қылмыспен күрес жүргізуге арналған барлық мекемелердің құрылуына және табысты қызмет етуіне ықпал ету;

Ұйымның қайта құрылуы 1956ж. болды, өйткені бұл кезде жаңа жарғы қабылданған болатын. Интерполдың тұрғылықты жері – Лион қаласы (Франция).

Интерпол – БҰҰ арнайы мекемелеріні құрылымы сияқты халықаралық ұйым. Оның пленарлық органы – Бас Ассамблея мен Атқарушылық Комитеті бар, оны Бас Хатшы басқарады. ИНтерполдың құрылымының ерекшелігі – ондағы ұлттық орталық бюролардың болуы, ондағы мүше-мемлекеттердің ұлттық полиция жүйелерінің құрамында бола отырып, сонымен біруақытта Интерполдың құрылымдық бөлімі болып табылады.

Интерпол – қылмыскерлерді халықаралық тіркеу орталығы және қылмыскерлерді халықаралық іздестіруді үйлестіруші.

БҰҰ қылмыспен халықаралық күресуге қатысуы. БҰҰ 1950ж. бастап қылмыспен халықаралық күресу проблемаларымен тікелей айналысады. Осы уақыттан бастап БҰҰ осы сферадағы халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі бағыттары мен нысандарының дамуына жәрдемдеседі, үйлестіреді, қолдайды;

Бірінші дүнежүзілік соғыстан кейін бейбітшілікке, әскери қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар және адамзатқа қарсы қылмыстар жасаған тұлғаларды ұстап беру туралы мәселе алғаш рет көтерілген болатын.

Версаль Шартының 227-229б. негізінде Германияның кайзерінің бұйрығы бойынша немесе оның бұйрығының соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзған тұлғалар жеңіске жеткен – елдерге берілуі тиіс. Елден қашып кеткен кайзердің өзі немесе өзге де тұлғалар берілмеді.2-ші дүниежүзілік соғыстың барысында Біріккен Ұлттардың коалициясының рәсімдеу процесінде осындай қылмыскерлерге экстрадицияны қолдану мүмкін болды.

Ұстап берудің екі институты қалыптасқан:

1) қылмыскерлерді беру;

2) халықаралық қылмыс жасағандарды.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!