Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Цефотаксимнің микробтарға қарсы әсерінің механизмі



Кесте 1

Деңгей Әсер ету нүктесі Әсерлері
1. Молекулалық-клеткалық    
2. Тіндік не мүшелік    
3. Жүйелік не организмдік    

 

Ципрофлоксациннің микробтарға қарсы әсерінің механизмі

Кесте 2

Деңгей Әсер ету нүктесі Әсерлері
1. Молекулалық-клеткалық    
2. Тіндік не мүшелік    
3. Жүйелік не организмдік    

 

Бисептолдың микробтарға қарсы әсерінің механизмі

Кесте 3

Деңгей Әсер ету нүктесі Әсерлері
1. Молекулалық-клеткалық    
2. Тіндік не мүшелік    
3. Жүйелік не организмдік    

 

6.Әдебиет:

Негізгі:

1.Харкевич Д.А. Фармакология: ОқулықАлматы. «Эверо». 2009.- 605 бет.

2.С.Б. Сламжанова «Жалпы рецептура» : - Алматы. «Эверо». 2009.- 112 бет.

Қосымша:

1.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД».2010- 486с.

2.Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2008. -591 с.

3.Аляутдин Р.Н. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2009- 391с.

4.Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.)- Санкт-Петербург, 2007, т. 1 .

5.Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса./- М.: медицина, 2009, 528с.

6.Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2011.-1206 с.

7. БАҚЫЛАУ:

І. Білімнің бастапқы деңгейін

Жазбаша бақылау түрінде жүргізіледі. Әр студентке билет беріледі. Билетте үш ситуациялық тапсырма берілген: 1 және 2 – қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып рецепт жазу, 3 – дәрінің әсер ету механизмін не классификациясын сипаттау. Рецепттерде жазылатын препараттар сабақтыңМАҚСАТЫ бөлімінде берілген препараттарға сәйкес болуы керек (Дағдыларды бекітубөлімін қараңыз).

Бастапқы білім деңгейін бақылауға арналған тапсырмалар:



І. Қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып дәрігерлік рецепт түрінде ЖАЗУ:

1.Гемолитикалық стрептококқа иммунды аллергиялық реакция нәтижесінде шақырылатын гломерулонефритті емдеу үшін қолданылатын бета-лактамды антибиотик.

2.Ішке қолданылатын, кең спектрлі, жартылай синтетикалық бета-лактамды антибиотик.

3.Ұзақ әсерлі макролидті антибиотик.

4.Негізінен грамм-оң микроорганизмдермен шақырылатын инфекцияларда белсенді макролид.

5.ІІІ – қатар цефалоспориндері тобынан кең спектрлі антибиотик.

6.Бүйректен өзгермеген түрде бөлінетін 8- оксихинолин туындысы.

7.Бүйрек түтікшелеріне фильтрациясы кезінде өз белсенділігін сақтайтын, баяу ацетилденетін сульфаниламид.

8.Микробқа қарсы әсері микроорганизмдердің дигидроптероатсинтетаза ферментін конкурентті тежеуге негізделген препарат.

9.Микробқа қарсы әсері микроб жасушасының нуклеин қышқылдарының синтезін біртіндеп тежеуге негізделген үйлесімді препарат.

10.Тек зәр шығару жолдарының инфекцияларын емдеу үшін қолданылатын хинолон туындысы.

11.Кең спектрлі хинолонның фторланған туындысы.

12.Pseudomonas aeruginosa шақырылатын инфекцияларды және зәр шығару жолдарының асқынған инфекцияларын емдеу үшін қолданылатын кең спектрлі хинолонның фторланған туындысы.

II. СИПАТТАУ:

1.Сульфаниламидтердің микробқа қарсы әсерінің механизмі.



2.Бисептолдың микробқа қарсы әсерінің механизмі.

3.Фторхинолондардың микробқа қарсы әсерінің механизмі.

4.Бета-лактамды антибиотиктердің микробқа қарсы әсерінің механизмі.

5.Макролидтердің микробқа қарсы әсерінің механизмі.

 

 

ІІ. Білімнің қорытынды деңгейін

Студенттердің сабақтың тақырыбы бойынша алған білімдері мен меңгерген дағдыларын бағалау үшін сабақтың соңында тест түрінде жүргізіледі.

 

Микробтарға қарсы заттар
Benzylpenicillinum-natrium Фл. 250 000, 500 000, 1000 000 ӘБ
Amoxicillin Капс. 0.25.
Cefotaximum Фл. 0.5; 1.0; 2.0
Erythromycinum Табл. 0.1; 0.25; май 1%
Аsitromycinum 0,25 капс., ұнтақ 0,1/5 мл; 0,2/5 мл суспензия үшін per os
Ofloxacinum Табл.0,2
Cyprofloxacinum Табл. 0,25; 0,5; 0,75; 0,2%; ерітінді 50; 100 мл 1% ерітінді 10 мл.
Acidum nalidixicum Капсула не таблетка 0,5
Nitroxolinum Табл. 0,05
Urosulfanum Табл. 0,5
Aethazolum Ұнтақ, табл. 0,25; 0,5
Biseptolum Ерітінді 5 мл (480 мг), табл. 0,48; 0,24; 0,12

 

 

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

 

Мамандық: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА

Пән: ФАРМАКОЛОГИЯ

Кафедра: ЖАЛПЫ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯ

ІІІ курсы

Тақырып: «Гломерулонефриттің әр түрлі түрлерін дәрімен емдеудің қағидалары»

 

 

Құрастырушы:

Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының

доценті, м.ғ.к., __________________Сеилханов С.К.

 

Қазақ тіліне аударған:

Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының

оқытушысы__________________ Қожекенова Л. Ғ.

 

Семей – 2009 ж.

 

1.ТАҚЫРЫП:«Гломерулонефриттің әр түрлі түрлерін дәрімен емдеудің қағидалары»

2.МАҚСАТЫ:

Үйрету:

· тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу

· тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңда

· оқытылатын препараттардың әсерін олардың әсер ету механизмі мен локализациясы, фармакологиялық қасиеттердің жиынтығы негізінде сараптау.

· оқытылатын дәрілік заттарды организмнің мүшелері мен жүйелерінің қызметін белгілі бір бағытта өзгерту үшін таңдау

· сырқаттар мен синдромдарды білу, науқастың жеке ерекшеліктерін есепке алу, дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық сипаттамаларын білу негізінде препараттарды таңдау

· патологиялық синдромға сәйкес оқылатын препараттарды тиімді қолданудың қағидалары және ережелерімен (мөлшерлеу реті) таныстыру

3. ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

Студент білуі тиіс:

· оқытылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары

· оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуі

· оқытылатын дәрілік заттардың әсер ету механизмдері

· оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою

Студент істей алуы тиіс:

· оқытылатын дәрілік заттардың әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу: (нефритикалық және нефротикалық синдромдарда қолданылатын – антиагреганттар (дипиридамол), антикоагулянттар (гепарин), глюкокортикоидтар (преднизолон, дексаметазон), цитостатиктер (циклофосфамид, циклоспорин), микробтарға қарсы заттар (бензилпенициллин, амоксициллин, цефотаксим, эритромицин, азитромицин))

· дәрілік заттарды тиімді таңдау мен дұрыс мөлшерлеу

· оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу

· оқытылатын препараттардың енгізілу жолдарын таңдау

· оқытылатын препараттардың жағымсыз әсерлерін түзету қағидаларын білу және олрды улануларлы емдеуде қолдана білу

· жеке препараттардың жағымды әсерлерін күшейту не жағымсыз жақтарын жою үшін дәрілерді тиімді үйлестіру

· ғылыми әдебиетті пайдалану және фармакологияның аталған бөлімі бойынша өз бетімен білім алу дағдыларын меңгеру

· алынған білімді келешек кәсіби қызметте пайдалану

 

4. ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

1.Нефрологияда қолданылатын, қанның ұю жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар.

2.Тура әсерлі антикоагулянттар ( гепарин ), антиагреганттар ( аденозиндезаминаза ингибиторы - дипиридамол ). Әсер ету механизмі, қолданылу көрсетімдері, қолдануға қарсы көрсетімдері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолданылу ерекшеліктері.

3.Глюкокортикоидтар ( преднизолон ) және цитостатиктермен ( циклофосфамид, хлорамбуцил, циклоспорин ) иммуносупрессивті терапия. Пульстерапия туралы ұғым, қолданылу көрсетімдері.

4.Глюкокортикоидтар мен цитостатиктерді бірге қолдану. Әсер ету механизмі, қолданылу көрсетімдері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолданылу ерекшеліктері.

5.Созылмалы гломерулонефритті үйлесімді емдеу. Үш компонентті ( цитостатиктер не глюкокортикоидтар, антиагреганттар, гепарин ) және төрт компонентті (глюкокортикоидтар, цитостатиктер, антиагреганттар, гепарин және кейін фенилин ) нұсқаларды тағайындау.

6.Нефрологияда қолданылатын микробқа қарсы заттар. Нефролитикалық синдромды емдеу үшін қолданылатын микробқа қарсы заттарды таңдау критерийлері.

7.Гломерулонефритті емдеу үшін қолданылатын микробқа қарсы заттардың әсер ету спектрі, фармакокинетикалық қасиеттері және жанама әсерлері.

 

5.САБАҚ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ:

· гломерулонефриттің әр түрлі түрлерін дәрімен емдеуде қолданылатын препараттарға рецепттер жазу

· гломерулонефриттің әр түрлі түрлерін дәрімен емдеудің тиімді жолын таңдау бойынша жағдайлық есептерді шешу

· дискуссия ־ ауызша талдау

· тест тапсырмаларын орындау

· кіші топтарда жұмыс істеу

· РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау

· Фармакотерапиялық алгоритмдерді құру:


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!