Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ақпараттық жүйенің құрылысы



Тулепбаева Нурила скс 242

Ақпараттық жүйенің құрылысы

Тезистер

 

Ақпараттық жүйенің классификациясының құрылымдық қасиеті туралы түсінік.

 

Ақпараттық қамтамасыз етілудің мінездемесі

 

Ақпараттық жүйенің құрылысы

 

Ақпараттық жүйенің құрылысын жүйешелер деп аталатын бөлек құрамдар құрайды.

 

Жүйеше – белгілі бір қасиетімен ерекшеленген жүйенің бөлігі.

 

Классификацияның құрылымдық қасиеті. Ақпараттық жүйенің жалпы құрылысын пайдалану сферасынан тәуелсіз жүйешелердің құрамы ретінде қарастыруға болады. бұл жағдайда классификацияның құрылымдық қасиеті туралы айтылады, ол жүйешелерді қамтамасыз етушілер ретінде қарастырады. Осылайша, кез-келген ақпараттық жүйенің құрылымы өзін құрайтын жүйешелермен таныстырылуы мүмкін. (6.1 сурет)

 

Көбінесе қамтамасыздандырушы жүйешелердің ішінде бөліп қарастырылатындары: ақпараттық, техникалық, математикалық, бағдарламалық, ұйымдастырушылық және құқықтық.

 

Жүйешелердің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін дұрыс ақпараттың берілуі мен уақытында құрастырылуы болып табылады.

 

Ақпараттық қамтамасыздандыру – ақпаратты топтастыру мен кодтау жүйесінің,құжаттаррдың унификацияланған жүйесі, ұжымда айналысқа түсетін ақпараттық ағымдар кестесінің, берілгендер базасының әдістемелік құрамының жиынтығы.

Құжаттың унификацияланған жүйесі мемлекеттік, республикалық, аймақтық және салалық дәрежелерде жасалады. Басты мақсаты – қоғамдық өндірістің тұрлі салаларының көрсеткіштерінің байланысты болуын қамтамасыз ету. Талаптары белгіленген стандарттар жасалынды, онда:



§ Құжаттаманың унификацияланған жүйесі;

§ Басқарудың түрлі дәрежесіндегі құжаттар үлгілерінің унификациялануы;

§ Көрсеткіштер мен реквизиттер құрылысы мен құрамы;

§ Құжаттарға унификацияланған үлгінің тіркелуі, енгізілуі, кірістірілуі;

Алайда, құжаттың унификациялық жүйесінің бар болуына қарамастан, көпшілік ұйымдарды зерттеу барысында үнемі қарапайым кемшіліктердің толық комплексі байқалады:

· Қолмен өңдейтін құжаттардың көлемінің шамадан тыс болуы;

 

· Әр түрлі құжаттарда бір көрсеткіштердің қайтаалып кездесуі;

 

· Құжаттардың шамадан тыс көлемі мамандарды нақты тапсырмаларды орындауға кедергі етеді;

 

· Жасалған, бірақ пайдаланысқа түспейтін көрсеткіштердің болуы және т.б.

 

Сондықтан ақпараттық қамтамасыздандыру жасалған кездегі басты мақсат осы көрсетілген кешіліктерден арылу болып табылады.

 

Ақпараттық ағымдардың схемасы ақпараттың көлемі мен қозғалу бағыттарын, алғашқы ақпарат пайда болған орын мен нәтижелі ақпаратты пайдалануды көрсетеді. Осындай схемалардың анализдерінің көмегімен барлық басқару жүйесінің жақсарту шараларын жасауға болады.



 

Апарат ағымының қарапайым үлгісі ретінде бұйрықтың шығуы мен қызметшінің жұмысқа қабылдану кезіне дейін қызметтік хаттамалардың барығы көретілген схемасын келтіруге болады.

 

Ақпарат көлемі мен оның бөліктік анализін көрсететін ақпараттық ағымдардың кестесін құру төмендегідей қамтамасыздандыруларды береді:

· Пайдаланбайтын және қайталанған ақпараттан арылу;

 

· Топтастыру мен аймақтың ақпараттық түсінігі.

 

Бұл жағдайда басқару дәрежесіне байланысты ақпарат қозғалысының байланыстары жөнінде сұрақтар толығымен қарастырылуы қажет.

 

Бөліп айтатын жайт, басқару шешімдепін қабылдау үшін қандай көрсеткіштер қажет, қандайы қажет емес. Әрбір орындаушыға түсетін ақпарат тек пайдаланылатын ақпарат болуы керек.

 

Берілгендердер базасының құрылу әдісі олардық жобалануында теориялық негіздерге саяды. Әдістеменің концепциясын дұрыс түсіну үшін, тәжірибеде жүзеге асатын екі бөлім ретінде алып қарастырайық:

 

1 кезең – фирманың барлық қызметтік бөлімшелерін зерттеп қарау қажеттіліктері:

· Қызметінің құрамы мен өзгешеліктерін түсіну;

· Ақпараттық ағымдардың кестесін құру;

· Құжат айналымының жүйесін анализдеу;

· Мақсаты мен құрамын сипаттайтын ақпараттық объектілер мен реквизиттердің қатысты құрылысын (параметрлер, мінездемелер) анықтау.

2 кезең – 1 кезеңдегі қызмет саласын зерттеу үшін берілгендердің концептуалды ақпараттық-логикалық моделін құрастыру. Бұл модельде объектілер мен олардың реквизиттері арасындағы байланыстардың қондырылуы мен оңтайландырлуы болу керек. Ақпараттық-логикалық модель берілгендер базасы жасалған фундамент қызметін атқаруы қажет.

 

Аймақтың заттық объектілерінің ара қатынасы мен қасиеті туралы логикалық түсіндірілімдер сыртқы және ақпараттық-логикалық, берілгендерлің физикалық орналасуынан тәуелсіз модельдің құрылуымен анықталады. Мұндай модельде объектілер жазбалардың үлгісімен көрсетіледі, қасиеті – жазба параметрлерімен, ал қатынастар – жазбалардың типтері мен аясының байланыстары арқылы. Логикалық модельдің бейнеленуі екі тәсілмен жүзеге асады: графикалық, яғни жазбалардың типтері мен басқа байланыстардың шыңдаыр арқылы графа сызу арқылы кесте құру жолымен жасалады, екіншісі – кесте, яғни жазбаның (объектінің) әрбір типіне көптеген жазба бағандары ба кесте құру арқылы.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!