Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






ЫЗЫЛИЕК ПЕН ПАРОДОНТТЫҢ АУРУЛАРЫ



Бұл аурулар тобының даму барысын дұрыс ұғыну үшін пародонттың құрамына тісті қоршаған тіндер – қызылиек, альвеолалық сүйек, периодонт кіретінін ескеру қажет.

Стомотологтар ғылыми қоғамының XVII пленумы (1983) қабылдаған классификация бойынша, пародонт ауруларына мыналар жатады: гингивит, пародонтит, тістің тұңба қатпары, пародонтоз, идиопатиялық өршімелі пародонтолиз және пародонтомалар.

 

 

Гингивит

 

Гингивит– қызылиектің шырышты қабықшасының қабынуы; тіс-қызылиекаралық байлам зақымдалмайды. Оның локальді және жалпы нысандары мен жедел және созылмалы нысандары болады.

Этиологиясыменпатогенезі. Басты себебі – тістің тұңба қатпарларындағы микроорганизмдер (көбіне қауымдасқан стрептококктар). Локальді (бір немесе бірнеше тісті қамтыған) гингивитке қызылиектің механикалық, физикалық немесе химиялық жарақаттары себеп болады. Жалпы гингивит, әдетте, инфекциялық және эндокриндік сырќаттармен ауру немесе организмде зат алмасу үдерісі бұзылған балалар мен жастарда байқалады.

Патологиялық анатомиясы. Морфологиялық тұрғыдан, гингивит: қатарлы, ойықты- жаралы, гипертрофиялық нысандарѓа жіктеледі. Қабыну үдерісінің көлеміне қарай, ол: тісаралық қызылиек (бүртік) қана зақымдалатын – жеңіл гингивитке және қызылиектің бүртігі мен жиегі, альвеолалық бөлігі де зақымдалатын -ауыр гингивитке бөлінеді.

Катарлы және ойық-жаралы гингивит жедел де, созылмалы ағымды да болады, ал гипертрофиялық гингивит катарлы гингивиттен туындап, тек қана созылмалы ағымды. Гипертрофиялық созылмалы гингивит кезінде қызылиектің тінін лимфоциттер мен плазмоциттер жайлап, коллаген талшықтары мен жамылғылық эпителийдің жасушалары көбейеді, гиперкератоз бен акантоз байқалады. Гингивит қайта қаулаған кезде, нейтрофилдер көбейіп, тоқ (тучные) жасушалар шоғырланады.



Асқыну зардаптарыменақыры. Себебі жойылса, науқас жедел локальды гингивиттен толық айығып кетеді. Туындатқан себептен толық айықса, жедел ағымды жалпы гингивиттің зардабы да ізсіз жойылады. Созылмалы катарлы, ойық жаралы гингивит пен гипертрофиялыќ гингивиттің біразы пародонтитке ұласады.

 

Тістіњ тұнба қатпарлары (тұнбалар)

Тіске ақ түсті жұмсақ бөгде заттар тұнса, тістің тұнба қатпары (зубной налет) пайда болѓыны, ал тұздар шөксе, ізбесті қатты зат - тістің тасы (зубной камень) түзілгеніі. Тістің тұнба қатпарының құрамына шырыштық жіпшелер, тағам қалдықтары, т.б. заттар кіреді, сондықтан микробтардың тіршілігіне өте қолайлы жағдай туып, кариестің өрши түсуіне себеп болады. Кальций фосфаты шµккен тістің тұнба қатпары тістің тасы деп аталады. Тастар көбінесе тістің мойын тұсы мен қызылиектік қалташада (қызылиек астылыќ тастар) қалыптасып, тіс түбірінің өне бойын қуалап ±лѓаяды. Тастар тығыздығы мен реңіне қарай ақ, қоңыр, бозғылт жасыл (әсіресе, өте қатты) түрге бөлінеді. Тісте қалыптасса, қызылиек қабынып, периодонтит пен пародонтит дамуы да мүмкін.

 

 

Пародонтит

Пародонтит -периодонтит пен тіс ұясының сүйегі қабынып, қызылиектік және пародонттық қалташалар қалыптасатын ауру.



Үдерістің көлеміне қарай, ол локальды және жалпы пародонтитке жіктеледі.

Локальды пародонтит жедел немесе созылмалы ағымды болып, адамның жас шағымен байланысты емес.

Жалпы пародонтит созылмалы дамиды, көбіне 30-40 жастан асқандарда байқалғанмен, одан жастау адамдарда басталады. Пародонттық қалташаның тµреңдігіне қарай, пародонтит жеңіл (тереңдігі 3,5мм-ден аспайтын), орташа (5мм-ге дейін) және ауыр (5мм-ден артық) нысандарѓа бөлінеді.

Этиологиясыменпатогенезі. Даму себебі мен механизмдері әр текті пародонт аурулары мен оған қатысты пародонтит те ондаған жылдар бойы зерттелуде. Олардың патогенезі жайлы бірқатар (ќан тамырлары өзгерісі тұрғысынан пайымдайтын, неврогендік, аутоиммундық, т.б.) теориялар ұсынылғанымен, еш қайсысы бұл аурулардың даму барысын жан-жақты қамти алмады. Дұрысы, бұл аурудың этиологиясы мен патогенезін бірқатар жергілікті және жалпы факторлармен сабақтастыра пайымдаған.

Жергілікті факторларғамыналарды жатқызған жөн: тістердің дұрыс қалыптаспауы (шоғырлануы, дистопия) мен дұрыс түйіспеуі (прикус); ауыздың жұмсақ тіндерінің дұрыс қалыптаспауы (кіреберісінің тайыздығы, ерін үзбесінің қысқа болуы немесе дұрыс бекімеуі, т.б.).

Жалпы факторларғабірқатар жүйелік аурулар жатады: эндокриндік (қантты диабет, Иценко-Кушинг ауруы, жыныс мүшелерінің аурулары) және жүйке жүйесінің (олигофрения) аурулары; ревматизмдік аурулар; асқорыту (ойық жаралы ауру, созылмалы гепатит) және жүрек-тамыр жүйелерінің (атеросклероз, гипертония ауруы); зат алмасу үдерісімен байланысты аурулар мен гиповитаминоздар. Жергілікті және жалпы факторлар сабақтасып, тістің тұнба қатпары мен тасында қауымдасқан микроорганизмдердің кеселді әсеріне жағдай туғып, гингивит пен пародонтиттің бастапқы кезеңіњ өрістеуіне себеп болады. Сонымен қатар, сілекей мен ауыз сұйықтығының сапасы (тұтқырлығы, бактерияға әсері) өзгеріп, тісте тұнба қатпар мен тас қалыптасу үшін қосымша жағдай туады. Пародонтиттің дамуына әр түрлі аурулардан (жалпы факторлардан) туындаған микроангиопатияның да маңызы зор екені күмәнсіз, өйткені басқа тіндер сияқты пародонт та кейде гипоксияға ұшырап, тінінде трофика бұзылып, регенерация дұрыс жүрмейді.

Пародонт ауыр зақымдалған кезде оның құрамындағы сүйек тіні көбіне қабынып, бүлінеді, себебі бұл үдерістің барысында биологиялық әсерлі заттар, - әсіресе, түрліядролы лейкоциттердің лизосомалық ферменттері мен иммундық жүйенің эффекторлық жасушаларыныњ медиаторлар көп түзіледі.

Бір ескертетін жайт, :пародонтит локальды болса, жергілікті факторлардың маңызы артып, жалпы болса, жалпы факторлар мен жергілікті факторлар сабақтасып әсер етеді.

Патологиялық анатомиясы.Алдымен қызылиек қабынып, созылмалы катарлы немесе гипертрофиялық гигивит дамиды. Қызылиектің жүлгелеріне базофильді жұмсақ заттыњ едєуір жиналып, қызылиектің асты мен үстінде тұнба қатпарлар түзіледі. Олардың құрамында микроб шоғырлары, сыдырылған эпителийлік жасушалар, аморфты өлексе мен лейкоциттер болады. Тіс тасы да қалыптасады. Қызылиектің жиегіндегі эпителий баллонды дистрофия мен некрозға ұшырап, нашар жаңғырады, оны ауыз қуысының эпителийі ығыстырады. Дәнекер тін мукоидты және фибриноидты ісініп, васкулит дамиды. Қабыну үдерісі қызылиектің альвеолалық бөліміне де өрістейді. Тіс-қызылиекаралық байлам қабынып, тістің айналасындағы байлам толық б±зылып, тіс-қызылдиектік қалташа қалыптасады. Микробтар мен олардың уы периодонттық саңылауды да жайлап, ол да қабынады. Периодонттық саңылау кеңиді. Пародонтиттің алғашқы кезеңінде-ақ пародонттағы сүйек еріп, ыдырай бастайды. Бұл үдерістің 3 нысаны бар: кеуектене сорылу (пазушное рассасывание), тегіс сорылу (гладкая резорбция) және ойыстана сорылу (лакунарное рассасывание). Көбіне ойыстана сорылу орын алады. Ол тіс ұясының жиегінен басталып, ол жердегі ойыстарда остеокласттар пайда болады. Тіс ұясының өскіні көлденең бағытта ыдырап, кемиді. Сүйек тік бағытта ыдырап кему үшін остеокласттар мен сорылу ошақтары тісаралық перденің өне бойын қуалап, пародонт жақта жайғасады. Бұнымен қоса, жақ сүйегінің денесіндегі сүйек табақшалары да лакуналы сорылып, сүйек кемігінің кеңістіктері кеңиді. Сөйтіп, пародонттық қалташа қалыптасады.

Пародонттық қалташаға біртекті өлексе мен микробтар, тағам қалдықтары мен өлі лейкоциттер жиналады. Үдеріс өршісе, қалташа тереңдей түседі; оның тереңдігі пародонтиттің даму дәрежесіне сәйкес болады. Қалташаның сыртқы қабырғасы мен түбі грануляциялық тіннен қалыптасып, көпқабатты жайпақ эпителийлі жолақтар оның үстін жауып, қалың қабатын да жайлап кетеді. Эпителий тіпті тіс түбірінің ұшына дейін жайлайды. Грануляциялық тінде нейтрофилдер мен плазмоциттер, макрофагтар мен лимфоциттер көп. Ауру қайталанған сайын ірің жиналады (альвеолалық пиорея). Біраздан кейін жақсүйегінің альвеолалық өскіндерінде айќын рентген бейнелі остеопороз дамиды.

Жақсүйегін рентген єдісімен зерттеу нєтижесінде тіс ұясыныњ сорылып кемуніњ 4 дәрежесі аныќталѓан.

Оның І дәрежелі кезінде тіс ұясының қыры тіс түбірі ұзындығының ¼-не ғана аласарса, ІІ дәрежелі кезінде - тіс ұясының қыры тіс түбірінің ортасына дейін кемиді, ІІІ дәрежелі кезінде - тіс ұясының қыры тіс түбірінің ұзындығының 2/3-сіне сәйкес болады, ал ІV дәрежелі пародонтит кезінде тіс ұясының сүйегі толық ыдырап бітеді де, тіс түбірінің ұшы пародонттың жұмсаќ тіндерінде жайғасады. Тіс өзін бекітіп тұратын құрылымдарынан айрылып, біртіндеп қалыпты орнынан ығысып, түсіп қалады.

Пародонтиттен тістің цементі де сорылып кемиді, цементте және цемент пен дентиннің арасында ұңғылар (нишалар) қалыптасады. Сонымен қатар, жаңа цемент (гиперцементоз) түзіліп, жаңа сүйек те өседі. Тістің ұлпасында салдарлық үдерістер (дистрофия, атрофия) өрістейді.

Асқыну зардаптары.Пародонтиттен тістер босап, түсіп қалады. Альволалық өскіні семген тістің орнына жасанды тіс қою қиын. Пародонттағы іріңдіктер сепсистің көзіне айналып, септикопиемия дамуы да мүмкін («Сепсисті» қара).

 

 

Пародонтоз

Пародонтоз- созылмалы ағымды пардонттық ауру; әдетте, дистрофиялық үдерістен басталады. Оның үлесіне пародонттық аурулардың 4-5%-ы тиеді. Көбінесе тістің қатты тіндерінің бейкариестік зақымдарымен (кіреукенің эрозиясы, сынатәрізді ақау) бірге дамиды.

Пародонтоздың себебі әлі белгісіз. Ол да пародонтитті туындататын аурулармен сабақтас.

Гингивит пен пародонтит дамымай тұрып, пародонтозға ұшыраған қызылиек бүрісіп (ретракция), алдымен тістің мойны, кейін түбірі де ашылып қалады. Көбіне күректістер мен иттістер зақымдалады. Альвеолалық сүйек баяу жаңғырып, сүйек табақшалары қалыңдап, остеондардың аралық жігі айшықтала түседі, кей жерлері қалыңдап (эбурнация), енді бір жерлері жұқарып (остеопопороз), сүйектің жалпы құрылымы қалпынан таяды; тегіс резорбция басым болады. Микроциркуляциялық арна да зақымдалып, ұсақ тамырладың қабырғасын склероз бен гиалиноз шарпып, саңылауы тарылып немесе мүлде бітеледі; капиллярлар жүйесі кері дамып, кемиді. Дәнекер тінде дистрофия байқалады.

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!