Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Эпидемиялы бөртпе сүзек



Эпидемиялы бөртпе сүзек(thyphicus exanthematicus) - жедел ағымды қалтырау тән риккетсиоз; ұсақ тамырлар мен ми зақымдалып, уытты әсер (токсикоз) байқалып, бүкіл денені розеола-петехийлы бөртпе жайлайды. Бұл ауру жасы 20-40-тар шамасындағыларда жиірек, егде адамдарда сиректеу, ал балаларда өте сирек байқалады. Ер адамдар жиірек ауырады.

Этиологиясыменпатогенезі.Эпидемиялы бөртпе сүзекті Провацек-да Роха-Лима риккетсиясы қоздырады. Риккетсияның жұғатын көзі де, резервуары да науқас адам, ал оны науқастан сау адамға киім (кейде бас) биті тасымалдайды. Қоздырушы битке ауру адамнан жұғады. Бит шаққан кезде денесін тырнап, жарақаттаса, биттің нәжісіндегі риккетсия сау адамға дариды. 10-12 күнге созылатын инкубациялық мерзімнен кейін аурудың қалтыраулы кезеңі басталып, уытты-параличті әсерден бүкіл микроциркуляциялық арна зақымдалады. Әсіресе сопақша ми ауыр зақымдалып, артериялық қысым күрт төмендейді. Риккетсиялар ұсақ тамырлардың эндотелийіне қоныстап, көбейіп, жалпы васкулит өрістетіп, орталық жүйке жүйесін, сопақша ми мен теріні ауыр зақымдайды. Қалтыраулы кезең меңдей келе (аурудың 2-3 аптасында), сопақша ми қатты зақымдалып, науқас кейде дұрыс жұтынып, тыныс ала алмай да қалады. Организмді кең қамтыған васкулиттен және жүйке жүйесінің трофиканы реттейтін қызметі бұзылып, тіндердің төзімділігі төмендейді, аз уақыттың ішінде некрозды ошақтар мен жауыр аймақтар пайда болады. Симпатикалық жүйке жүйесі мен бүйрекүсті бездері зақымдалып, гипотония үдей түсіп, жүректің жұмысы әлсіреп, науқас қайтыс болуы да мүмкін.

Патологиялық анатомиясы. Бұл ауруға тән өзгерістерді тек микроскоппен ғана анықтауға болады. Мәйітті аутопсиялыќ тәсілмен ғана зерттеп, бөртпе сүзек ауруын дәл анықтау қиын. Теріде дақ тәрізді немесе қоңыр және қызыл түсті нүкте сияқты бөртпелердің нышаны ғана болады. Аурудың 2-4-ші аптасында үнемі конъюнктивалық бөртпелер пайда болады. Мидың тіні толыққанды, ал оның дµңес бетіндегі жұмсақ қабықша көмескілеу келеді (ұйымалы менингит). Талақ ұлғайып, салмағы 300-500 г жетіп, жұмсарады, толыққанды пульпасының бетінен шамалы ғана ќырынды алынады. Басқа мүшелерді дистрофия шарпиды.



Мүшелерді,әсіресе ОЖЖ мен теріні, микроскоппен зерттегенде олардың капиллярлары мен артериялары зақымдалып, осы ауруға тән бөртпе сүзектік васкулит өрістегені анықталады. Алдымен тамырлардың эндотелийі ісініп, бүлініп, сыдырылады, ќабырѓасында тромбылар түзіліп, кейде саңылауын бітейді. Кейін эндотелий мен адвентициялық және периадвентициялық жасушалар көбейіп, тамырлардың төңірегіне лимфоциттер мен бірен-саран лейкоциттер жиналады, некрозды ошақтар қалыптасады. Ұсақ тамырлар ќабырѓасындаѓы жасушалардың көбею қарқыны, некроз бен тромбоз үдерістерінің арақатынасы әр түрлі болады. Сондықтан бөртпе сүзектік васкулиттер де сүйелді эндоваскулитке, пролиферациялы васкулитке және некрозды васкулитке жіктеледі. Көбінесе деструкциялы-пролиферациялы тромбылы эндоваскулит өрістейді. Тамырлардың іші мен сыртына шоғырланған жасушалардан түйіншектер түзіледі. Бұл түйіншектерді алғаш рет 1875 жылы Л.В.Попов ОЖЖ-дан тауып, сипаттаған-ды. Кейін олар бөртпе сүзекке тән құрылымдар деп танылып, Поповтың бөртпе сүзектік гранулемасы деп аталды.



Бөртпе сүзектік гранулемалар бауыр мен талақтан, лимфалық түйіндер мен сүйек кеміктерінен басқа барлық жүйелер мен мүшелерде болады. Гранулемалардың құрылысы мен васкулиттің сипаты әр мүшеде әр түрлі. Мысалы, мидағы гранулемалар көбейген микроглиялық жасушалармен қоршалса(тамырдың глиогранулематозы), терідегі гранулеманың құрамына капиллярлардың эндотелийі мен перителийі, артериолалар мен венулалардың аба (адвентициялық) жасушалары, тамырдың төңірегіне жиналған лимфоциттер мен бірен-саран нейтрофилдер кіреді. Ми мен теріде қалыптасқан гранулемалардың орталығын көбейген жасушалар жайлап, ондағы тамырдың саңылауы кейде әэер көрініп, кейде мүлде көрінбей қалады. Симпатикалық жүйке жүйесіндегі гранулемалардың құрылысы да тап мидағыдай.

Осы сүзектің бөрітпелері (экзантемалар) аурудың қалтыраулы кезеңінің 3-5 тәулігінде теріде пайда болады. Олардың морфологиялық бейнесін микроциркуляциялық арна мен ұсақ артерияларда өрістейтін, жоғарыда сипатталған өзгерістер мен гранулемалар құрайды. Васкулит некрозды болса, қанды дақтар (петехийлер) пайда болып, әдетте ауру ауыр ағымды келеді.Мида гранулемалар көбінесе аурудың 2-аптасында қалыптасып, 6-аптаның бас кезінде жойылады. Түйіншектер мидың көпірі мен ми бағанында, ми қыртысының астындағы ганглийлерде, сопақша мида (көбінесе төмеңгі бадамша тұсында), гипофиздің артқы бөлімінде түзіледі. Үлкен ми сыңарларының ақ затында түйіншектер болмайды. Түйіншектермен қатар, ми тінінде толыққандылық және стаз байқалып, тамырлардың (әсіресе веналардың) төңірегін плазмоциттер қапталдап (муфта), микроглиялық жасушалар шоғырланады. Жүйке жасушаларында альтерациялы үдерісс онша өрістей қоймайды. Аталған өзгерістерге сүйене отырып, мида бөртпе сүзектік энцефалит пен ұйымалы менингит орын алады деп пайымдауға әбден болады.

Симпатикалық жүйке жүйесі қабынады, түйіншектер түзіліп, лимфоциттер шоғырланып, толыққандылық байқалады; жүйке жасушалары да едәуір бүлінеді (бөртпе сүзектік ганглиолит). Шеткері жүйке жүйесі де қабынып, неврит орын алады.

Бөртпе сүзек үнемі жүректі де зақымдайды. Миокардта дистрофия мен интерстицийлік миокардит дамып, плазмоциттер, лимфоциттер стромасында ошақты, кейде диффузды сіңбелер мен түйіншектер түзеді. Миокардиттің айқындығы әр түрлі болады. Бөртпе сүзек ірі, орташа және ұсақ тамырларды (артерияларды) жиі зақымдайды. Тамырлардың эндотелийін некроз шарпып, бұлшықетті қабатта да кейде сегментті некроз байқалады, соның салдарынан тромбылар түзіліп, сол аймақта қанайналымы бұзылады: қол мен аяқта гангрена, ми мен көздің торлы қабықшасында некроз ошақтары пайда болады.

Эндокриндік бездер деәр түрлі өзгереді. Қалқанша безде аралық қабыну дамыса, бүйрекүсті бездерінде бөртпе сүзекке тән эндо- және периваскулит, тромбылы эндоваскулит өрістейді. Бүйрекүсті бездерінің ұлпасында некрозды ошақтар байқалып, милық қабатына қан құйылады. Басқа мүшелердің аралық ұлпасына гистиоциттер мен лисмфоциттер және плазмоциттер жиналып, кейде қанды ошақтар ұшырасады.

Асқыну зардаптары.Олар алуан түрлі және тамырлар мен жүйке жүйесіндегі өзгерістерге негізделген. Көбінесе трофика бұзылады. Сол себепті терінің шамалы қысым түскен жерлерінде некрозды ошақтар, ал дененің шығыңқы жерлерінің терісі жауыр болады. Мойынның симпатикалық ганглийлері зақымдалса, сілекей бездері сөлді аз бөліп, ауыз құрғап, қосымша инфекцияға қолайлы жағдай туады: іріңді паротит пен отит дамып, кейде сепсиске ұласады. Дәрі еккен жерлердің шел майында некрозды ошақтар пайда болып, олегранулема қалыптасады (май ұлпасында өздігінен де дамуы мүмкін). Қанайналымы бұзылып (васкулиттерден), жүректің қызметі (миокардиттен әлсірейтіндіктен, бронхит, певмония өрістейді.

Бөртпе сүзектен аурутар жүрек қызметі жеткіліксіздігінен немесе аурудың басқа да зардаптарынан өледі. Әсіресе 40 жастан асқандардың арасында өлім-жітім көбірек. Бұл ауру балаларда жеңіл ағымды, сондықтан оларда өлім-жітім де өте аз.

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!