Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ



17.1. Электр энергиясын есепке алу ЕҚҚЕ мен ВҚН59—88—ның 1.5 және 1.7—тарауларының талап­тарына сәйкес жасалуы керек.

17.2. Электр энергиясының есептік санауыш­тары энергиямен жабдықтау ұйымдарымен баланс­тық шектеу нүктесінде орнатылуы керек:

17.2.1. кірме—тарату құрылғысында (КТҚ);

17.2.2. бас тарату қалқанында (БТҚ);

17.2.3. ТҚС күштік трансформаторларының тө­мен­гі кернеулі кірмелерінде.

17.3. Әкімшілік—шаруашылық қатынаста оқшау­ланған бірнеше тұтынушыларды жалпы кірмеден қоректендіргенде, жалпы есептік бір санауыш орна­туға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда әрбір тұтынушы­ның (субабоненттің) кірмесінде негізгі абонентпен есеп­тесу үшін бақылау санауышы орнатылуы керек.

 

КЕРНЕУІ 110—35 кВ ЖӘНЕ ОДАН ЖОҒАРЫ ТОРАПТАР.

ЭЛЕКТР ТОРАПТАРЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ОРЫНДАЛУЫ

18.1. Кернеуі 110—35 кВ және одан жоғары электр берілісі желілерінің құрылымдық орындалуын таңдау жергілікті жағдайды, ЕҚҚЕ талаптары және кернеуі 35кВ және одан жоғары әуе желілерінің электр берілісін технологиялық жобалаудың норма­ларын есепке ала жасалады.

18.2. Кернеуі 110, 35 кВ және одан жоғары әуе желілерін, қағида бойынша, негізінен қоныстық ау­мақтан тыс, екітізбекті етіп желілерді қала аумағында бекітілген дәлізге орналастыру арқылы орындау керек.

18.3. Аса ірі және ірі қалалар үшін, кернеуі 110 кВ және одан жоғары электр берілісі желілерін қоныстық аумақ шегінде төсеу қажет болғанда, май толтырылған кабель желілерін, сондай—ақ пласт­массалық оқшауламасы бар кабельдерді қолдану ұсынылады.

18.4. Кернеуі 110 кВ және одан жоғары кабель желілерін төсеу көшенің жүргінші бөлігіндегі бөлу белдеуінде жасалуы керек.

Кабель желілерін төсеу мынандай жағдайларда рұқсат етіледі:

қазіргі бар аудандарда көшелердің жүргінші бөлігінің астында;



басқа жерасты коммуникацияларымен бірге ар-найы канализация мен коллекторларда осы тектес имараттарға қойылатын қазіргі талаптарды есепке ала.

18.5. Кернеуі 110—35 кВ және одан жоғары стан­циялардың құрылымдық орындалуын таңдау жергі­лікті жағдайлардың, ЕҚҚЕ талаптарының, жоғары кернеуі 35—750 кВ қосалқы станцияларды техноло­гия­лық жобалаудың нормасын есепке ала жасалады.

18.6. Қуаты 25000 кВА және көбірек трансфор­маторлары бар кернеуі 110 кВ және одан жоғары терең кірмелі қосалқы станциялар, сонымен бірге тікелей қоныстық аумақта орналастырылатын әуе желілерін көрсетілген кернеулі кабель желілеріне ауыстыратын орындарды жабық типте қарастыру керек.

18.7. Кернеуі 110—35 кВ және одан жоғары қо­сал­қы станциялардан тұрғын және қоғамдық ғима­рат­­тарға дейінгі қашықтықты тұрғын аудандар шекара­сындағы шудың рауалы деңгейін қазіргі бар нормативтерді қамтамасыз етуін есепке ала, қажет болғанда, қосалқы станцияда оны азайтатын лайық­ты шараларды қарастырып, қабылдау қажет.

18.8. Өнеркәсіптік кәсіпорындар аумағында ор­наластырылған және сонымен бірге, қала аудан­дарын электрмен жабдықтауға арналған қосалқы станциялардан кабель желілерін төсеу үшін дәліздер және олардың аумағына өздігінше өтетін жол қарас­тырылуы керек.



18.9. Кернеуі 110—220 кВ жақындатылған кірмелі қосалқы станциялардың құрылымдық орындалуы зауытта дайындалған сериялы жинақы жабдықтарды пайдаланып, типтік шешімдерге негізделуі керек. Қосалқы станцияның құрылыс бөлімін құрастырмалы темірбетонды қолдану арқылы қарастыру ұсыныла­ды.

18.10. Қала аумағындағы 110—35 кВ және одан жоғары қосалқы станциялар мен өту орындарының кіре берісінде әуе және кабель желілерін кіргізу және шығару үшін техникалық дәліздер мен белдеулер қарастыру қажет.

Қажет болғанда, кабель желілерін көрсетілген кіре берісте төсеу үшін канализациялық имаратты қарастырған жөн.

Кернеуі 0,4—10 кВ тораптар.

18.11. Қалалар мен кенттердің қоныстық аума­ғында кернеуі 10 кВ дейінгі (қоса санағанда) электр тораптары биіктігі 4 қабат және одан жоғары ғи­мараттары бар құрылыс аудандарында, қағида бо­йынша, кабельмен, ал 3 қабатқа дейінгі құрылыс аудандарында әуе желілерімен орындалуы керек.

18.12. Кернеуі 1000 В дейінгі әуе желілерінің сымдары, қағида бойынша, сыртқы жарықтандыру­дың сымдарымен ортақ тіректе орналасуы керек.

18.13. Кернеуі 10 (6) кВ тарату тораптарында алюминий талсымды кабельдердің қимасын, оларды жердегі орда төсегенде 35 мм2 кем емес қабылдау керек.


18.14. Кабельдер тікелей жерге, орға төселуі керек. Техникалық—экономикалық негіздеу бар бол­ғанда кернеуі 0,4—10 кВ кабельдерді каналдарда, блоктарда, коллекторларда және тоннелдерде, ал транзиттік кабельдер тұрғын және қоғамдық ғимарат­тардың үйасты қабаттары мен техникалық еден-астыларында тұрғын ғимараттардың электржабдық­тарын жобалаудың нұсқауларының және жаппай салынатын қоғамдық ғимараттардың электржабдық­тарын жобалаудың нұсқауларының талаптарын есеп­ке ала төселуі рұқсат етіледі.

18.15. ҚО—нан ТО—на дейінгі кабель желілерін оларды жерде төсегенде, қағида бойынша, әртүрлі трассада төсеу керек. Ерекшелік ретінде, ортақ трассада, бірақ әртүрлі орда төсеуге рұқсат етіледі.

18.16. Жетілдірілген жабуы бар жолдар арқылы өту, тереңдігі 1 м—ден кем емес тікелей жерге төселе­тін негізгі желілердегідей қималы кабельдермен қарас­тырылуы керек. Жолдың жабуын ашпай кабел­дерді ауыстыру үшін кабельдермен бір орда, тесік аузы тығыз жабылған резервтік құбырлар (кабел­дердің резервтік кесіндісінсіз) төсеуді қарастыру керек (кабельдер саны үшке дейін болғанда — бір құбыр, ал кабельдер саны үштен көп болғанда — екі құбыр).

18.17. Кернеуі 0,4—10 кВ әуе желілері үшін темір­бетонды тіректер қолданылуы керек. Бір ұйыммен қызмет көрсетілген жағдайда, кернеуі 0,4 кВ және 10 кВ сымдарды бірге ортақ тірекке іліп қолдану рұқсат етіледі.

18.18. Қосалқы станциялар (ҚО); ТҚС, ТО, соны­мен бірге барлық кернеулер үшін әуе желілерінің тіректері, белгіленген тәртіп бойынша бекітіл­ген, тип­тік болуы тиіс.

18.19. Қалалық электр тораптарында кірпіштен, панельден, блоктан және басқадан жасалған ТҚС—мен қатар заводта жасалған ЖТҚСС (жинақы транс­форматорлық қосалқы станция, сыртқы) кеңінен қол­дану ұсынылады, әуе тораптары бар аудандарда діңгектік ТҚС қолдануға рұқсат етіледі.

Негізделген жағдайда ғимараттарға жапсарлас салынған ТҚС және жерасты ТҚС мен ТО қолдануға рұқсат етіледі. Қоғамдық ғимараттарда ТҚС орналас­тырған кезде жаппай салынатын қоғамдық ғимарат­тардың электржабдықтарын жобалаудың нұсқау­ларының талаптары сақталуы тиіс.

18.20. 10 (6) кВ кернеуге РАҚ құрылғысын жүк­теме ажыратқыштарын пайдаланып орындау рұқсат етіледі.

18.21. Жерде төселетін барлық кернеулер үшін кабель желілеріндегі (металл қабықшалы және болат сауытты) кезбе токтардан болған тоттануды бақылау үшін бақылау—өлшеу орны орнатылуы жөн.

Кабель желілерін тоттанудан қорғау шарасы МСТ 9.602.—89 (Тоттану мен тозудан Қорғаудың бірыңғай жүйесі. Жерасты имараттары. Тоттанудан қорғаудың жалпы талаптары) талаптарына сәйкес қарастырылуы керек.

 


1-қосымша


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!