Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






КЕРНЕУІ 110/35 кВ ЖӘНЕ ОДАН ЖОҒАРЫ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ТОРАПТАРЫНЫҢ СҰЛБАЛАРЫ



8.1. Электрмен жабдықтау тораптарының оңтай­лы сұлбаларын таңдау техникалық-экономикалық есептеу негізінде, қалалардың мөлшерін, келешек­тегі өркендеуін, қазіргі электр тораптарын, қоректен­діру көздерін және де басқа жергілікті жағдайларды есеп-ке ала жасалуы керек.

8.2. Iрі және аса ірі қалаларды электрмен жаб­дықтау сұлбаларын жасағанда, қағида бойынша, мыналарды қарастыру керек:

8.2.1. кернеуі 110 кВ және одан жоғары төмен­деткіш қосалқы станциясы бар сақиналы магис­ траль тораптарын жасау. Айналмалы тораптарды қоректендіру энергия жүйесінің бұдан көбірек жоғары кернеулі қосалқы станцияларынан іске асырылуы керек, сонымен бірге қалалық электр станциялары­нан да.

8.2.2. тапсырыс кернеуі айналмалы тораппен қамтылмаған қаланың жекелеген (орталық) аудан­дарын қоректендіру үшін кернеуі 110 кВ және одан жоғары жақындатылған кірме орнату. Жергілікті жағ­дайға байланысты жақындатылған кірмелі қосалқы станцияны қоректендіру бір немесе әртүрлі тіректік қосалқы станцияның әртүрлі бөліктерінен қарас­тырылуы керек, сонымен бірге сақиналы тораптан тармақтау арқылы да.

8.2.3. қаланың өркендеуіне және оның электр жүктемесінің өсуіне қарай, өркендеудің бірінші кезең­інде қабылданған сақиналы торап, одан жоғары кернеулі сақиналы торапты жасай отырып тарату торабына түрлендірілуі керек.

8.3. Кернеуі 110—220 кВ тораптарды тармақтау арқылы екіден көп емес қосалқы станция қосуға болады. Электрмен жабдықтау сенімділігінің талабы­на сай қалалық қосалқы станцияларда бөлектеуіш пен қысқа тұйықтауышты қолдануға рұқсат етілмей­ді.

8.4. 110/35 кВ және одан жоғары қосалқы стан­цияның салу орны, қуаты, қосу сұлбасы техни­калық-экономикалық есептеу негізінде, негізгі тұтыну­шы­лардың жүктемесі мен өркендеуін, энергия жүйе­сінің 110 кВ және одан жоғары тораптарын және қаланың (ауданның) 10 (6) кВ тарату тораптарын дамытуды есепке ала анықталуы керек.



8.5. Өнеркәсіптік тұтынушыларды электрмен жабдықтау үшін орнатылған қосалқы станциялар сонымен бірге қалалық тарату тораптарының қорек-тендіру орталығы ретінде қолданылуы керек.

8.6. Қалалық 10 (6) кВ тораптарды қоспай өнер­кәсіптік тұтынушыларды өздігінше электрмен жаб­дықтау үшін110 (35) кВ және одан жоғары қосалқы станцияларды салу техникалық-экономикалық негіз­деу боғанда ғана рұқсат етіледі.

8.7. Кернеуі 110—220 кВ жақындатылған кірмелі қосалқы станцияны мына сұлба бойынша:

екі блок ажыратқыштарымен және желі жағынан автоматты емес мойнақты немесе – желі (трансфор­матор) тізбектерінде ажыратқышы бар көпірше және желі (трансформатор) жағынан жөндеу мойнақты етіп орындау қажет.

8.8. Біртрансформаторлы қосалқы станцияны қолдану тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың талап етілген сенімділігін қамтамасыз еткенде ғана рұқсат етіледі.

8.9. Екі трансформаторды орнатқан кезде және кернеуі 10 (6) кВ тораптардан резервтеу жоқ болған­да кернеуі 110—220 кВ жақындатылған кірмелі қосал­қы станцияның трансформаторлар қуатын олардың қалыпты режимдегі жүктемесін есептік мерзімде номиналь қуаттан 70% деп есептеп алу керек.



Мұндай қосалқы станциялардың трансформато­рлары КР (кернеулі реттеуіш) құрылғысымен жаб­дықталуы керек.

8.10. Аумақты электрмен жабдықтау алаңына, жүктеме тығыздығына, тұтынушылар құрамына және басқа жергілікті жағдайларға байланысты ірі және аса ірі қалаларда қосалқы станциялардың трансфор­маторларының қуатын былай қабылдау керек:

8.11. Егер, тұтынушыларды электрмен жабдық­тау сенімділігінің талаптары орындалатын болса, кернеуі 110—220 кВ қосалқы станцияларда бірінші кезекте аз қуатты трансформаторларды немесе бір трансформаторды орналастыру рұқсат етіледі.

8.12. Кернеуі 110 (35) кВ және одан жоғары қосалқы станцияларда, кернеуі 10 (6) кВ тораптарда сыйымдылық токтарының жерге тұйықталуын қарым­талау қажет болғанда, жерлендіруші доға сөндіргіш реакторды орнатуды қарастыру керек.

8.13. Қала аумағында өндіру көзі болғанда, жылу электр станцияларын технологиялық жобалау Ережелеріне және энергия жүйесін дамытуды жоба­лау нормативтері мен жетекші нұсқауларын басшы­лыққа ала отырып генераторлық кернеумен қуат беруді қамтамасыз ету керек.

8.14. Кернеуі 10 (6) кВ ҚО жинақтаушы шина­ларының қысқа тұйықталу қуаты 350 (200) МВА аспау керек.

8.15. Қысқа тұйықталу қуатын келтірілген мөл­шерден төмен шектеу қысқа тұйықталу қуатын шек­теу шығыны мен кабельдердің жобаланған қимасын үлкейтуге және қазіргісін ауыстыруға кеткен шығын­дарды салыстырып техникалық-экономикалық есеп­теу негізінде жүзеге асуы керек.

8.16.Тораптар шарты бойынша релелік қорға­ныстың уақыт ұстамын төмендетудің барлық мүмкін­діктерін пайдаланып болғанда кабельдердің термия­лық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін олардың қимасын қыздыруды есептеуге қарамай үлкейтуге рұқсат етіледі.

8.17. ҚО 10 (6) кВ шиналарында қысқа тұйық­талу қуатын шектеу қажет болғанда тарамдалған орамалы трансформаторды пайдалануды немесе трансформаторлардың кірме тізбектерінде токшек­теуіш реакторларды орнатуды қарастырған жөн. Шектеу тәсілі техникалық-экономикалық есептеу негізінде таңдап алынады.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!