Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ СЕНІМДІЛІГІ



 

7.1. Қалалық электрқабылдағыштарды электр­мен жабдықтау сенімділігі ЭҚКЕ—ге сәйкес болуы керек, соған байланысты электрқабылдағыштар үш санатқа бөлінеді.

7.2. 1—санатқа электрмен жабдықтау үзілісі:

адамдардың өміріне қауіп тудыратын, халық ша­руашылығына елеулі зиян келтіретін, негізгі қым­бат жабдықтар бүлінетін, өнімдер жаппай жарамсыз бо­латын, күрделі технологиялық процес бұзылатын, коммуналдық шаруашылықтың аса маңызды бөл­шектерінің іс—қимылдары бұзылатын жағдайға әкеле­тін электрқабылдағыштар жатады.

1—санатты электрқабылдағыштар құрамына мы­налар кіреді:

7.2.1. үзіліссіз жұмысына аурудың (операция жасайтын бөлме, босандыратын бөлімше, анастезио­логия мен реанимация бөлімшелері, лапараскопия және бронхоскопия кабинеттері) өмірі тікелей тәуелді емдеу—сауықтыру мекемелерінің электрқабыл­дағыш­тары;

7.2.2. ауруханалар мен диспансерлердегі неме­се олардың үлкендерге арналған 400—ден көбірек төсек орынды (балаларға 250—ден көбірек төсек орынды) бөлек корпустарындағы, ауысымда 600—ден көбірек келушілері бар емханалардағы өртке қарсы қондырғылардың электрқозғалтқыштары мен басқа электрқабылдағыштары;

7.2.3. дербес резервтік жылу көзі жоқ бірінші санат­­ты тұтынушыларды қамтамасыз ететін, жылу­мен жабдықтау жүйесінде жалғыз жылу көзі болып табылатын бірінші санатты қазандық;

7.2.4. жеке өнімділігі 10 гкал/с—дан жоғары су ысытқыш қазандықтары бар екінші санатты қазан­дықтардағы тораптық үстеме қорек сорғысының электрқозғалтқыштары;

7.2.5. тұрғындар саны 50 мың адамнан көбірек қалалардағы суқұбыры сорғы станциясы, апаттық түсірмесі жоқ немесе келісілген түсіру ұзақтығы 2 сағат­тан кем емес апаттық үісірмесі бар канализа­циялық сорғы станциясы.



7.2.6. биіктігі 17 қабат және одан жоғары тұрғын ғимараттар мен жатақханалардағы өртке қарсы құрылғылардың электрқозғалтқыштары мен басқа электрқабылдағыштары, лифтілер, апаттық және көшіру жарықтандыруы, жарықпен шектеу шамдал­дары.

7.2.7. биіктігі 17 қабат және одан жоғары қоғам­дық ғимараттар мен қонақ үйлер, 1000—нан көбірек орынды қонақ үйлер және қабатына қарамай бір ғимаратта 2000—нан көбірек адам жұмыс істейтін меке­мелер, қаржыландыру, несие беру және мем­лекеттік сақтандыру мекемелері, 1000 мың және одан жоғары сақтау бірлігі бар мұрағаттар мен кітап палаталарындағы, кітапханалардағы өртке қарсы құрылғылардың электрқозғалтқыштары мен басқа электрқабылдағыштары, лифтілер, күзеттік сигнал­дау;

7.2.8. мемлекеттік мұражайлар мен көрмелер;

7.2.9. мұражайлар мен көрмелердегі өртке қар­сы құрылғылардың электрқабылдағыштары мен күзеттік сигналдау;

7.2.10. оқушылар саны 1000—нан көбірек адам болатын жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік—техникалық училищелер, арнаулы орта және жоғары оқу орындарындағы өртке қарсы құрылғылардың электрқозғалтқыштары мен басқа электрқабыл­дағыштары;



7.2.11. жалпы сыйымдылығы 800 орыннан көбі­рек көріністік және спорттық жабық кәсіпорындардың өрт сорғыларының электрқозғалтқыштары мен өртке қарсы құрылғылардың басқа электрқабылдағыш­тары, апаттық және көшіру жарықтандыруы;

7.2.12. сауда алаңы 2000 м2 көбірек магазиндер, сонымен бірге отырғызатын орын саны 500—ден жоғары асханалар, кафе мен мейрамханалардағы өртке қарсы құрылғылардың электрқозғалтқыштары мен басқа электрқабылдағыштары және күзеттік сигналдау;

7.2.13. орталықтандырылған электрмен жабдық­тау жүйесіндегі тартымдық қосалқы станция;

7.2.14. негізгі электрқабылдағыштары бірінші са­натқа жататын, халықшаруашылығындағы проблема­ларды және жеке салалардағы басқару міндеттерін кешенді шешетін, сонымен бірге технологиялық про­цестерді қадағалайтын ЭЕМ есептеу орталығы;

7.2.15. қалалық электр тораптары, жылу торап­тары, газбен жабдықтау тораптары, суқұбыры—кана­лизация шаруашылығы мен сыртқы жарықтандыру­дың орталықтандырылған диспетчерлік орны;

7.2.16. орталықтандырылған күзет орны;

7.2.17. биіктігі 17 қабат және одан жоғары ғима­раттарға қызмет көрсететін орталық жылу орны;

7.2.18. қосынды жүктемесі 10000 кВА көбірек қалалық ҚО(ТО).

7.2.2; 7.2.3; 7.2.6; 7.2.10; 7.2.11; 7.2.12; 7.2.14—тармақшаларда тізбектелген тұтынушылардан басқа барлық электрқабылдағыштар екінші санатқа жата­ды.

7.3. Екінші санатқа электрмен жабдықтау үзілісі өнімдерді жаппай жеткізбей шығаруға, жұмысшылар­дың, механизмдердің, өндірістік көліктердің жаппай тұрып қалуына, қалалық және ауылдық тұрғын­дардың елеулі санының қалыпты тіршілігінің бұзы­луына әкелетін электрқабылдағыштар жатады.

II санатты электрқабылдағыштар құрамына мыналар кіреді:

7.3.1. электр тақтасы бар тұрғын үйлер, бір—сегіз-пәтерлік үйлерді шығарып тастағанда;

7.3.2. газ тәріздес және қатты отынды тақта­лары бар 6 және одан жоғары қабатты тұрғын үйлер;

7.3.3. жалпы сыйымдылығы 50 адамнан жоғары жатақханалар;

7.3.4. жұмыс істейтіндер саны 50—ден 2000 адам­­ға дейінгі мекемелер ғимараттары;

7.3.5. балалар мекемелері;

7.3.6. медициналық мекемелер, дәріханалар;

7.3.7. залдағы орын саны 300—ден 800—ге дейінгі көріністік және спорттық жабық кәсіпорындар;

7.3.8. 20 және одан көбірек қатарлары бар, жа­санды жарықтандырылған ашық спорттық имарат­тар;

7.3.9. отырғызатын орын саны 100—ден 500—ге дейінгі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны;

7.3.10. сауда алаңы 250—ден 2000 м2 дейінгі ма­га­зиндер;

7.3.11. қалалық көліктерге қызмет көрсетуші кәсіпорындар;

7.3.12. тұрмыстық қызмет көрсету комбинат­тары, шаруашылық блоктары мен саны 50—ден көбі­рек жұмыс орны бар ательелер, саны 10 және одан көбірек жұмыс орны бар шаштараз—салондары;

7.3.13. химиялық тазарту мен кір жуатын үйлер (өнімділігі ауысымда 400 кг және одан көбірек киім);

7.3.14. тұрғындар саны 500—ден 50 мың адамға дейінгі қалалар мен кенттердегі суқұбыры сорғы станциясы, келісілген жинау ұзақтығы бір тәуліктен кем апаттық түсірмесі бар канализациялық сорғы станциясы, суқұбыры және канализациялық тазарт­қыш имараттар;

7.3.15. оқушылар саны 200—ден 1000 адамға дейінгі оқу орындары;

7.3.16. жергілікті мәні бар мұражайлар мен көр­мелер;

7.3.17. орын саны 200—ден 1000 дейінгі қонақ үйлер;

7.3.18. қоры 100 мыңнан 1000 мың бірлікке дейін сақтайтын кітапханалар, кітап палаталары мен мұра­ғаттар;

7.3.19. 7.3.14—т. көрсетілмеген есептеу орталық­тары­ның, бөлімдер мен зертханалардың ЭЕМ;

7.3.20. 7.2.17—т. көрсетілмеген ықшамаудандар­дағы орталық жылу орны;

7.3.21. тұрғын аудандар мен ықшамаудандар­дағы диспетчерлік орындар;

7.3.22. қалалық көлік және жаяу жүретін тоннел­дердегі жарықтандыру қондырғылары, көшелер, жол­дармен «А» санатты алаңдардағы жарықтандыру қондырғылары;

7.3.23. осы нұсқаулардың 7.2—т. тізбектелген электрқабылдағыштар болмағандағы қосынды жүкте­месі 400—ден 10000 кВА дейінгі қалалық ҚО (ТО) және ТҚС.

7.4. I және II санат анықтауына сай келмейтін басқа барлық электрқабылдағыштар III санатқа жатады.

7.5. I санатты электрқабылдағыштар электр эн­ергиясымен тәуелсіз, өзара резервтелген екі қорек­тендіру көзінен қамтамасыз етілуі керек және бір қоректендіру көзінің электрмен жабдықтауы бұзыл­ғанда олардың электрмен жабдықтау үзілісі қорек­тендіруді тек автоматты түрде қалпына келтіру уақытына ғана рұқсат етіледі.

7.5.1. Қалада (кентте) екі тәуелсіз қоректендіру көзі болмағанда, екінші қоректендіру көзі пайда бол­ғанша 7.2.2; 7.2.6; 7.2.7; 7.2.8; 7.2.9; 7.2.10; 7.2.11; 7.2.12; 7.2.13; 7.2.14; 7.2.16; 7.2.18 және 7.3.т.т. тізбектелген электрқабылдағыштарды (тұтынушы­ларды) уақытша бір қоректендіру көзінен электрмен жабдықтауға рұқсат етіледі.

7.5.2. Электрмен жабдықтау жүйесінің бір бөл­шегінде резервтеудің уақытша жоқ болуы электр­қабылдағыштардың санатына байланысты сенімділік талабын ескере отырып жүйенің қалған бөлшегіндегі резервтеу талаптарын орындаудан босатпайды.

7.5.3. Әкімшілік ғимараттарда, телеорталықта, елшіліктерде және т.б. осы қатарлас орындарда адамдар өміріне қауіпті болдырмау, жарылыс, өрттен және қымбат тұратын негізгі жабдықтарды бүлінуден сақтау мақсатында өндірісті апатсыз тоқтатуға қажетті үзіліссіз жұмыс істейтін электрқабылдағыш­тардың ерекше тобы 1 санатты электрқабылдағыш­тар құрамынан бөлінуі керек. Бұл электрқабыл­дағыштар тобын электрмен жабдықтау сенімділігі туралы сұрақ бұл нұсқауларда қарастырылмайды және ол электрмен жабдықтау ұйымы арқылы анық­талуы керек.

7.6. II санатты электрқабылдағыштарды электр энергиясымен тәуелсіз, өзара резервтелген екі қоректендіру көзі арқылы қамтамасыз ету ұсыны­лады.

7.6.1. II санатты электрқабылдағыштар үшін электрмен жабдықтаудың бір қоректендіру көзінің бұзылуынан болған электрмен жабдықтау үзілісі, кезекші қызметкердің немесе жедел шығу бригада­сының резервтік қоректендіруді қосу үшін қажет уақытқа рұқсат етіледі.

7.6.2. II санатты электрқабылдағыштарды бір ӘЖ (әуе желісі) арқылы қоректендіруге рұқсат етіледі, сонымен бірге кабельдік қыстырғы арқылы, егер бұл желідегі апаттық жөндеу жұмысын жүргізу мүмкіндігі 1 тәуліктен аспайтын уақытта қамтамасыз етілсе. Бұл желідегі кабельдік қыстырғылар екі кабельмен орындалуы керек және олардың әрқай­сысы ӘЖ ең үлкен тогымен таңдап алынуы керек. II санатты электрқабылдағыштарды бір ортақ аппарат­қа екіден кем емес кабельден тұратын, бір кабель желісі арқылы қоректендіруге рұқсат етіледі.

7.6.3. Орталықтандырылған резервтік трансфор­матор болса, және бұзылған трансформаторды 1 тәу-ліктен көп емес уақыт ішінде ауыстыру мүмкіндігі болған кезде II санатты электрқабылдағыштарды бір трансформатордан қоректендіруге болады.

7.7. III санатты электрқабылдағыштар үшін электрмен жабдықтауды, егер электрмен жабдықтау жүйесіндегі бұзылған бөлшекті ауыстыру немесе жөндеуге қажет электрмен жабдықтау үзілісі 1 тәу­ліктен аспаса бір қоректендіру көзінен орындауға болады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!