Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тұрғын ғимараттардың жүктемелері



4.21. Тұрғын ғимараттардың жалпы үйлік бөлме­лерінің (баспалдақ алаңдарының, техникалық қабат­тардың, еденасты, үйасты қабаттарының, шатырлар­дың, бесік—арба бөлмесінің), сонымен бірге жатақ­ха­налардың тұрғын бөлмелерінің топталған торап­та­ры­ның есептік жүктемелерін сұраныс коэффи­ци­енті 1—ге тең деп жарықтық техникалық есептеу арқылы анықтау керек.

4.22. ТҚС 0,4 кВ тарату құрылғысының шиналар­ын­да, кірмелерде және қоректендіру желілерінде пәтер электрқабылдағыштарының есептік жүктемесі мына формуламен анықталады:

 

Рпәт = Рпәт.мен. х П,

 

мұнда: Рпәт.мен. – пәтер электрқабылдағыш­тарының меншікті есептік жүктемесі, 2—қосымша, 2.1—кестеден ТҚС желісіне қосылған пәтерлер саны­на, ас бөлме плитасының түріне және тұрмыстық ауа бап­тағыштың бар болғандығына байланысты қабыл­да­нады. Бұл жағдайда жүктеменің есептік біркелкілігі оны үшфазалы төртсымды желілер және кірмелер арқылы таратуда 15%—тен аспайды деп қабылдана­ды.

П – желілерге (ТҚС) қосылатын пәтерлер саны.

Ескерту: Ауабаптағыштарды орналастыру керек деп есептелген климаттық аймақтарда ТҚС транс­фор­матор­лары мен кірме қоректендіру желілерінің параметрлерін таңдауға керек есептік жүктемелерді ең үлкен қыстық және жаздық максимуммен қабыл­дау керек.

4.23.Қоректендіру желісіндегі, кірмелердегі жә­не ТҚС 0,4 кВ—ТҚ шиналарындағы есептік жүктеме дәліз типті жатақханаларды жалпы жарықтандыру­дан, шамдардың төменде келтірілген белгіленген қуаттарына байланысты қабылданған сұраныс коэф­фициентін есепке ала орындалады:

5 кВт—қа дейін .............................................. — 1

5—тен 10 кВт—қа дейін ................................. — 0,9

10—нан 15 кВт—қа дейін ............................... — 0,85



15—тен 25 кВт—қа дейін .............................. — 0,7

25—тен 50 кВт—қа дейін ............................... — 0,65

50—ден 100 кВт—қа дейін ............................ — 0,6

100—ден 200 кВт—қа дейін .......................... — 0,55.

4.24. Дәліз типті жатақханалардың розетка­ла­рына қосылатын электрқабылдағыштар­дың қорек­тендіру және топталу желілерінің есептік жүктемелері (Ре.) мына формуламен анықталады, кВт:

 

Ре.= Рмен. х Пр х Кб.м.

 

мұнда: Рмен – 1—розетканың меншікті қуаты, 100—ге дейінгі розетка санында 0,1 деп қабылда­нады, 100— ден жоғары – 0,06 кВт;

Пр – розеткалар саны;

Кб.м. – розетка тораптары үшін бірмезгілдік коэффициенті, розеткалар санына байланысты анық­талады:

10 розеткаға дейін ..................................... — 1

10—нан 20 розеткаға дейін ......................... — 0,9

20—дан 50 розеткаға дейін ......................... — 0,8

50—ден 100 розеткаға дейін ....................... — 0,7

100—ден 200 розеткаға дейін ..................... — 0,6

200—ден 400 розеткаға дейін ..................... — 0,5

400—ден 600 розеткаға дейін .................... — 0,5

650 және одан жоғары ................................ — 0,35

4.25.Жатақханалардағы тұрмыстық еден үсті электр тақталарының қоректендіру желісіндегі, кір­мелердегі және ТҚС 0,4кВ—ТҚ шиналарындағы есеп­тік жүкте­месі (Ре.пл):

 

Ре.пл.=Рпл х Ппл х Кс.пл.,

 

мұнда: Рпл – электр тақтасының белгіленген қуаты, кВт



Ппл. – электр тақтасының саны;

Кс.пл. – қосылатын электр тақталардың саны­на байланысты анықталатын сұраныс коэффициенті, былай қабылдануы тиіс:

1 тақта…..... ............................................ — 1

2 тақта ....................................................... — 0,9

20 тақта........................................................ — 0,4

100 тақта...................................................... — 0,2

200 тақта...................................................... — 0,15

Ескерту: Сұраныс коэффициенті төрт қақпақты электр­тақтасы үшін берілген. Үш қақпақты тақталар­дың сұраныс коэффициентін анықтау үшін тақталар­дың белгі­ленген са­ны­на 0,75 коэффициентін, ал екі қақпақтыға — 0,5 коэффи­циентін есепке алған жөн.

 

4.26. Кірмелердегі және ТҚС 0,4 кВ шиналарын­дағы есептік жүктеме, олардан дәліз типті жатақ­ханалардың жалпы жарықтандыру, розеткалар, ас бөлме электр тақталары және қоғамдық міндеттегі бөлмелер аралас қоректенген кезде қоректендіру желілері есептік жүктемелерінің қосындысын 0,75—ке көбейту арқылы анықталады. Бұл кезде жалпы үй бөлмелерін жарықтандыруды қоректендіру желісінің есептік жүктемесі 2—қосымша, 2.1—кестеге ескертуді есепке ала анықталады.

4.27. Лифт қондырғыларын қоректендіру желісі­нің есептік жүктемесі (Ре.л.) мына формуламен анық­талады, кВт:

 

Ре.л.=Кс.л. х Рп1.

 

мұнда: Кс.л. – сұраныс коэффициенті, 2—қосым­шаның кестесі бойынша (2.3—кесте) қоректендіру же­лісіндегі лифт қондырғыларының санына байла­ныс­ты анықталады.

Рп1 – бір лифт электрқозғалтқышының төл­құжаты бойынша белгіленген қуаты, кВт.

4.28. Санитарлық—техникалық құрылғылардың электрқозғалтқыштарын қоректендіру желісінің есеп­тік жүктемесі олардың белгіленген қуатына 2—қосым­ша, 2.4—кестеден қабылданатын сұраныс коэф­фи­циен­тін есепке ала анықталады.

4.29. Резервтік электрқозғалтқыштардың, сон­дай­—ақ өртке қарсы құрылғылардың және жинаушы механизмдердің электрқабылдағыштарының қуаты қоректендіру желілерінің және ғимараттарға кірме­лердің есептік электрлік жүктемелерінде, қорғаныс аппараттарын және өткізгіштердің қимасын анықтау­ға керек жағдайды қоспағанда есепке алынбайды. Бір мезгілде жұмыс істейтін өртке қарсы құрылғылар электрқабылдағыштарының қоректендіру желісін есеп­теу үшін Кс 1—ге тең деп қабылданады.

Бұл жағдайда, бір бөлікте орналасқан бір мез­гілде жұмыс істейтін түтін шығарғыш және ауа қысу желдеткіштерін есепке алу керек.

4.30. Тұрғын үйдің (пәтер және күштік электр­қабылдағыштардың) есептік жүктемесі (Ре.т.ү.) мына формула бойынша анықталды, кВт:

 

Ре.т.ү.=Рп + 0,9 Рк

 

мұнда: Рп – пәтердегі электрқабылдағыштар­дың есептік жүктемесі, кВт,

Рк – күштік электрқабылдағыштардың есептік жүктемесі, кВт.

4.31. Ауылдық жердегі сыртқы электр торап­та­рының қайтақұрылымын жобалаудағы есептік жүк­те­мені олардың келешек өсімін 30%—ке дейін деп есеп­теп алып дұрыс деректер негізінде қабылдау керек.

Бұл жағдайда қосынды есептік жүктемелер осы нұсқаулардың талабына сәйкес анықталатын мәннен аспау керек.

4.32. Тұрғын ғимараттардың қоректендіру желі­сін есептеу үшін төменде қуат коэффициенттері кел­тірілді:

электр тақталы пәтерлер ........................... — 0,98

сол тәрізді, тұрғын ауабаптағыштары бар.. — 0,93

қатты отын және табиғи, сұйытылған

газ тақталы пәтерлер ......................................... — 0,96

дәліз типті жатақханалардағы

жалпы жарықтандыру ......................................... — ,95

шаруашылық сорғылары, желдеткіш

қондырғылары және басқа санитарлық—

техникалық қондырғылар ................................... — 0,8

лифтілер ..................................................... — 0,65

Ескертулер:

1.Бір қозғалтқышты қоректендіретін, тарату же­лі­сінің қуат коэффициентін оның каталогтік деректері негізінде қабылдау керек.

2. Разрядты шамдармен жарықтандырудың топ­талған желілерінің қуат коэффициентін 4.50-т. бойынша қабылда­у керек.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!